
- •1.Қазақстан тарихы пәнінің міндеті мен мақсаты.
- •2. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі.
- •3. Қола дәуірі (б.З.Б. XVIII-X ғғ.). Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
- •3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.
- •4. Сақтар (б.З.Б. VII-III ғғ.): орналасуы, этникалық құрамы, саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •5. Үйсіндер және қаңлылар (б.З.Б. II-б.З.V ғғ.): орналасуы, ру-тайпалық құрылымы, саяси тарихы, көрші мемлекеттермен байланысы.
- •6. Ғұндар: саяси тарихы, әскери жүйесі, шаруашылығы, мәдениеті.
- •7. Түрік қағанаты (552-603 жж.) - Еуразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.): әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы, әлсіреуі.
- •8. Түркеш қағанаты (704-756 жж.): орналасуы, этникалық құрамы, Таң әулетімен, арабтармен күресі.
- •9. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.): орналасуы, тайпалық құрамы, әскери-әкімшілік сипаты, шаруашылығы, мәдениеті.
- •10. Оғыз мемлекеті (IX ғ. Соңы – XI ғ. Басы): саяси тарихы, тайпалық құрамы және этносаяси байланыстары, шаруашылығы.
- •11. Қимақ қағанаты (IX ғ. Соңы – XI ғ. Басы): тайпалық құрамы және орналасуы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •13. XI ғ. Басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті.
- •14. Қарақан мемлекеті (942-1210 жж.): орналасуы, саяси билігі, әскери-тайпалық әкімшілік жүйесі, шаруашылығы.
- •15. Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.): саяси тарихы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы.
- •16. Найман мен керейт ұлыстары (XII ғ. Басы – XIII ғ.): қалыптасуы, территориясы, шаруашылығы, діні.
- •17. Қыпшақ хандығы (XI ғ. Басы – 1224 ж.): тайпалық құрамы, саяси билігі, шаруашылығы, мәдениеті.
- •18. Моңғол мемлекетінің құрылуы (XIII ғ.). Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияны басып алуы. Ұлыстардың құрылуы.
- •19. Алтын Орда (1243-XV ғ. Ортасы): құрылуы, этникалық құрамы, билік жүйесі.
- •21. Моғолстан (XIV ғ. Ортасы –XV ғ. Басы): құрылуы, орналасуы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы.
- •22. «Көшпелі өзбектер» мемлекеті (1428-1468 жж.): орналасуы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы. Хандықтың ыдырауы.
- •23. Ноғай ордасы (XIV ғ. Соңы – XV ғ.): орналасуы, этникалық құрамы. Орданың шекаралас мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы.
- •24. Сібір хандығы (хv ғ. Аяғы – хvі ғ.): құрылуы, территориясы, этникалық құрамы, ішкі және сыртқы саяси жағдайы, шаруашылығы.
- •25. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. Кіші жүздің ру-тайпалық құрамы.
- •26. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы.
- •27. XVII ғ.-XVIII ғ. Басындағы Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •28. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Жеті жарғы».
- •29. Қазақ-жоңғар қатынастары. Бұланты, Аңырақай шайқастары.
- •31. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы.
- •32. Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.) – мемлекеттік, саяси қайраткер және әскери қолбасшы.
- •33. Қазақ даласында Ресейдің отаршылдық саясатының тереңдеуі және оның кезеңдері.
- •34. Абылай хан (1711-1781 жж.) – саяси және мемлекеттік қайраткер.
- •35. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •36. Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңгір хан.
- •37. 1822 Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні.
- •38. И.Тайманов пен м.Өтемісов басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
- •39. Қазақ халқының 1837-1847 жж. Ұлт-азаттық қозғалысы.
- •40. Есет Көтібаров және Жаңқожа Нұрмұхамедов бастаған көтерілістер: аумағы, нәтижесі және маңызы.
- •41. Патша үкіметінің 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалары: мәні және мақсаттары.
- •42. Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер. Маңғыстаудағы халық көтерілісі.
- •43. Патша үкіметінің 1886-1891 жылдардағы реформалары. «Далалық Ереже».
- •44. Шоқан Уәлиханов: өмірі мен ғылыми мұрасы.
- •45. Ыбырай Алтынсарин: ағартушы, педагог және қоғам қайраткері.
- •46. Абай Құнанбаев: ағартушы, ойшыл, ақын.
- •47. Хх ғ. Басындағы империялық биліктің Қазақстанға қоныс аудару саясаты. П. Столыпин реформасы.
- •48. 1905-1907 Жж. Бірінші Орыс революциясының Қазақстанға ықпалы. Ресейдің I-III Мемлекеттік Думасының қазақ депуттары.
- •49. Хх ғ. Басындағы қазақ зиялылары (ә.Бөкейханов, м.Дулатов, а.Байтұрсынов, х. Және ж. Досмұхамедовтар, м.Тынышбаев, ш.Құдайбердиев, т.Б.).
- •50. Алғашқы қазақ басылымдары: «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы.
- •53. 1917-1920-Шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар.
- •66. Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері (1941-1945 жж.).
- •67. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).
- •68. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру.
- •70. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •71. Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.).
- •72. 1985-1991 Жылдардағы экологиялық және қоғамдық-саяси бірлестіктердің құрылуы және олардың қызметі.
- •73. Қазақстан Тәуелсіздік жолында. «Қазақ кср-нің Егемендігі туралы Декларация» (1990 ж.).
- •74. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» (1991 ж.).
- •75. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (тмд). Алматы Декларациясы (1991 ж.): мақсаты мен міндеттері.
- •76. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен рәміздері.
- •77. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992 ж.): қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы.
- •79. Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы «Қазақстан - 2030»: бағыттары мен мақсаттары (1997 ж.).
- •80. Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі әлеуметтік - экономикалық қиындықтар және одан өту жолдары.
- •81. «Қазақстан 2050» бағдарламасы: мазмұны, басты міндеттері.
- •82. Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы сыртқы экономикалық байланысы, бағыттары.
- •85. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы (1991-2010 жж.). Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі.
- •86. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты (1991-2013 жж.).
- •87. Президент н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары мен еңбектері (студенттің таңдауы бойынша).
- •2003 Жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
- •90. Президент н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында қойылған міндеттер.
34. Абылай хан (1711-1781 жж.) – саяси және мемлекеттік қайраткер.
Абылай хан – аса көрнекті мемлекет қайраткері, әйгілі қолбасшы, ірі тұлға. 1711 жылы Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Оның шын аты – Әбілмансұр. Қалмақтармен соғыстарда көрсеткен ерлігі үшін халық оны Абылай деп атаған. 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін Абылай хан болды.
Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Зерделі саясаткер, білімді дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның көздеген мақсаты – мемлекетті нығайту, қазақ халқын аман сақтап қалу. Ол дұшпандардан қорғану үшін үш жүздің басын біріктірді.
Абылайдың алыстан болжағыш қасиеті ерекше еді. Ол біртұтас қазақ мемлекетін құрды. Көрші елдермен экономикалық, саяси байланысты да нығайтудың қажет екенін білді.
1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды. Абылай Қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды, Ресеймен, Қытаймен тату қарым-қатынас орнатылды.
1752 жылы жоңғар басшысы Лама Доржы қазақ жеріне шабуыл жасағанда, Абылай хан бастаған қазақ әскері оларға ойсырата тойтарыс береді. Кезекті шабуылдан соң соғыстың айла-тәсілдерін жетік білетін Абылай өзінің бес жүз таңдаулы жауынгерлерін жібереді. Лама Доржыны тұтқындап, дарға асады.
Абылай хан жоңғарларды жеңіп, Қытай және Ресеймен терезесі тең мемлекет орнатуды көздеді. Осы мақсатта ол Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген сынды батырлармен қалмақтарға шабуылды күшейте түсті. 200 жылға созылған ойраттар мен қазақтар арасындағы сұрапыл соғыста қазақ халқы жеңіске жетті.
Бұл жеңіс көршілес Қытай мен Ресей үшін қолайсыз болып, 1756 жылы Қазақ хандығы мен Қытай мемлекеті арасында соғыс өрті тұтанды, ол 1757 жылға дейін созылды. Бұл қақтығыс та Абылай ханның арқасында бейбіт жолмен шешілді.
1763-1770 жылдары Абылай хан қырғыз ұлысына қарсы жорыққа шығып, жеңіске жетеді. 1771 жылы Еділ қалмақтарын басып алады.
Абылай хан ел билеген кезде қазақ халқының рухы көтеріліп, мерейі үстем болды.
35. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі.
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б.
Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. Патша казак әскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр және басқа орта буынға жататын ру билеушілері. Алайда ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық танысған басшысы Байбақты руынан шыққан старшыны, батыр Сырым Датұлы болды. 1778 жылғы мәліметтерге қарғанда Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырымның балалары қайтыс болды.
Бірақ ол кезде Сырым Датұлы патша үкіметіне қарсы күреске белсене араласпады: Сырымның Орал казак әскерлерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды 1783 жылы желтоқсанда кездейсоқ қапаста қалған казактардың тұтқынынан 1784 жылы көктемде Нұралы хан босаттырған батыр ұсақ топтардың басын қосып ірі әскери қол ұйымдастыруға тырысты. Сырымның Орал казак әскерлерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты. Старшындар Барақ, Тіленші, Оразбай, сұлтан Жантөре бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісімен Елек қалашығының маңайына шоғырланды. 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті. Патша үкіметіне қызмет еткен Нұралының көтерілісшілерімен қатынасын суыту Орынбор билеушілері тарапынан әскери шаралар қолдануға түрткі болды.
1785 жылы 17 ақпанда көтерілісшілерге қарсы генерал-майор Смирнов басқарған 237 казак, 2432 башқұрттан құралған әскерін жіберді. Бірақ күннің суығынан олар Кіші жүз даласына тереңдеп ене алмай, қазақ ауылдарын тонап, қазақтарды тұтқындап әкетті. 1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды. 1787 жылдың наурызында өтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерлерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруінен мұндай табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады. Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды. 1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады.
Патша әміршісімен де арасы суыған, беделінен айырылғын Нұралы қашып, кейін Ұлпаға жер аударылып 1790 жылы қайтыс болады. Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О. А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді. Сырым Датұлы реформаны алғашқыда қолдады, себебі оның көздегені хандар арқылы іс жүзіне асырылып отырған үстемдікке соққы беру болатын. Алайда көп кешікпей паша үкіметінің өзі хандық биліктің мүддесіне қайшы келетініне көзі жетті. Ресейдің өз ішіндегі Романовтар әулетіне қарсылық реформаның тоқталуына себеп болды. 1790 жылы казак әскерлерінің атаманы Д. Донсков қазақтарға қарсы қимылы көтерілістің қайта өрлеуіне түткі болады. 1791 жылы Нұралының өліміне байланысты, Ералының хан болып сайлануы, Сырымның жаңа ханды мойындамауы қазақ сұлтандары мен старшындары арасында жік туғызады. Осыдан кейін Сырымның екі жақты – Орал казактарымен өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді. 1794 жылы Ералы ханның өлімі,1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі — Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті.
Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасап, Есім ханның өлтірілуімен тынды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі — Нұралы ұлы Қратай хан сайланса, екіншісі Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. Оның құрамына Нұралы ханның ұрпағые кіргізген жоқ, себебі осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысты. Бірақ олар қателесті. Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті.1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы белгісіз себептермен Сырым Хиуа хандығында дүние салды.