
KazYaz_0_10
.doc“Ағаштан түйін түйеді” деген тіркестің орысша баламасын табыңыз.$$ Мастер на все руки
«Архитектура» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?$$ құрылысшы
«Бетон» сөзіне тіркес құраңыз.$$ қоспасы
«Ғылыми еңбек» тіркесінің синонимдік қатарын табыңыз.$$ ғылыми жұмыс-ғылыми зерттеу
«Декоративный штукатур» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.$$ сәнді сылақ
«Жеке жай» тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.$$ особняк
«Жобалау» сөзінің аудармасын табыңыз.$$ проектирование
«Ит арқасы қиянда» тіркесіне мағыналас тіркесті табыңыз.$$ Ит өлген жерде
«Кәсіби маман» деген тіркестің аудармасын табыңыз.$$ профессиональный специалист
«Кәсіп» сөзінің синонимін табыңыз.$$ мамандық
«Комплекс» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.$$ кешен
«Көз тоймау» тіркесінің аудармасын табыңыз.$$ Не в силах глаз оторвать
«Көлем» сөзінің синонимін табыңыз.$$ ауқым
«Қала құрылысы» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.$$ градостроительство
«Қоғамдық ғимарат» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.$$ общественное здание
«Қоршаған орта» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.$$ окружающая среда
«Қорытындылау, баяндау, аяқтау» етістіктері қай стильге тән?$$ ғылыми стильге
«Мамандық» ұғымына сәйкес келетін сөздерді белгілеңіз.$$ құрылысшы, сәулетші, дизайнер
«Маңдай терін төгу» тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз.$$ В поте лица
«Нысан, бағана» терминдері қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.$$ сәулет
«Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған» не туралы айтылғанын табыңыз.$$ киіз үй
«Өнер» сөзіне тіркес бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.$$ қағаз
«Проектная организация» тіркесінің аудармасын табыңыз.$$ жобалау ұйымы
«Рационально использовать» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.$$ тиімді пайдалану
«Рельефная композиция» тіркесінің баламасын табыңыз.$$ бедерлі композиция
«Сәулет – сән, ...» деген мақалдың жалғасын табыңыз.$$ дәулет - дән
«Сәулет» сөзіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.$$ - ші
«Сәулет» сөзіне тіркес бола алатын сөзді көрсетіңіз.$$ қиындылары
«Сәулеттік нысан» тіркесінің аудармасын табыңыз.$$ архитектурный объект
«Сәулеттік» қай сөзбен тіркесе алады?$$ жоба
«Сәулеттік» сөзіне тіркес бола алатын сөзді көрсетіңіз.$$ орта
«Сметная стоимость» сөзінің аудармасын табыңыз.$$ сметалық құн
«Составная часть» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.$$ құрамдас бөлік
«Храм» сөзінің қазақша аудармасын табыңыз.$$ ғибадатхана
Актив сөздерге не жатады?$$ күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер
Аннотация дегеніміз не?$$ зерттеу мазмұнының қысқаша түрі
Аннотация дегеніміз не?$$ мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау
Аннотацияның құрылысын анықтаңыз.$$ түпнұсқадан шығатын мәліметтер
Аннотацияның рефераттан айырмашылығын көрсетіңіз.$$ түпнұсқаның тақырыбынан ғана хабар береді
Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.$$ Ағайын бір өліде, бір тіріде.
Астарлы, бейнелі, экспрессивті сөздер қолданылатын стильді табыңыз.$$ көркем әдебиет стилі
Аударма қандай түрге бөлінеді?$$ ауызша және жазбаша
Аяқталмаған сөйлемді табыңыз.$$ Сәулет өнерінің адам мен қоғам өмірінде
Аяқталмаған сөйлемді табыңыз.$$ Сәулет туындылары тіршілік ортасын
Әлемнің жеті кереметінің бірін көрсетіңіз.$$ Эфестегі Артемида ғимараты
Бейтарап лексикаға не жатады?$$ барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер
Берілген сөз тіркесінің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз: «Архитектура и изобразительное исскуство»$$ Сәулет және бейнелеу өнері
Берілген сөйлемдерге мағыналас сөйлемдерді табыңыз: «Қабырғалар ақ мәрмәр ұнтақ қосылып сыланған».$$ Қабырға сылағына ақ мәрмәр ұнтақ қосылған
Берілген сөйлемдерге мағыналас сөйлемдерді табыңыз: «Төрт қабатты имарат негізін тас тіреулер мен бетон тоғыспалардан қаланған қаңқа құрайды»$$ Төрт қабатты имарат негізі тас тіреулер мен бетон тоғыспалардан қаланған қаңқадан құралған.
Берілген сөйлемнің мағынасына сәйкес келетін сөйлемді табыңыз: «Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан».$$ Адамзат баласының ертеден шұғылданған кәсібі - құрылыс
Берілген сөйлемнің мағынасына сәйкес келетін сөйлемді табыңыз: «Бүгінгі күні Астана еліміздің ең ірі құрылыс алаңдарының бірі».$$ Бүгінгі таңда Астана еліміздің ірі құрылыс алаңдарының біріне айналды
Берілген фразеологизмнің орыс тіліндегі баламасын табыңыз: «Көздің жауын алады»$$ Глаза разбегаются
Бір компоненті кірме сөзден, екіншісі төл сөзден тұратын терминді көрсетіңіз.$$ автотұрақ
Бір компоненті төл сөзден, екіншісі кірме сөзден тұратын тіркесті терминді көрсетіңіз.$$ гидродинамикалық апат
Бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл қалай аталады?$$ аударма
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылым:$$ терминология
Витрувий кім?$$ римдік инженер және сәулет өнерінің теоретигі
Ғылым саласында қолданылатын стиль түрін табыңыз.$$ Ғылыми стиль
Ғылым саласында қолданылған тілдік бірліктердің тұтас жүйесі:$$ ғылым тілі
Ғылыми еңбекті қысқаша тұжырымдау:$$ тезис, конспект
Ғылыми монолог:$$ реферат
Ғылыми стильге қайсысы тән?$$ монография
Ғылыми стильге тән ерекшелік:$$ тұжырымды, пікірді ғылыми дәлелмен жеткізу
Ғылыми стильде жазылған сөйлемді белгілеңіз.$$ Сөзбе – сөз аудару терминдік лексиканы қалыптастыруға бірден-бір қызмет ететін фактор болып табылады.
Ғылыми стильдегі еңбекке не жатады?$$ монография
Ғылыми стильдің ерекшелігі неге негізделеді?$$ анықтама, дәлелдеме, формулаға негізделеді
Ғылыми стильдің жазбаша түріне не жатады?$$ ғылыми кітаптар, мақалалар
Ғылыми стильдің лексикасына тән ерекшелік:$$ Сөз тек өзінің негізгі мағынасында қолданылады
Ғылыми стильдің синтаксистік ерекшелігі:$$ ой күрделі баяндалып, дәлелдемеге негізделеді
Ғылыми стильдің стильдік ерекшелігі:$$ нақтылық, дәлдік
Ғылыми-бағалау мәтіндері:$$ пікір, сыни-пікір
Ғылымның дамуына байланысты жаңа ұғымдар қалай аталады?$$ неологизмдер
Дұрыс жазылған сөз тіркесін табыңыз.$$ қоғамдық ғимарат
Дұрыс құрастырылған сөз тіркесін табыңыз.$$ жобаны жетілдіру
Дұрыс құрастырылған сөйлем нұсқасын көрсетіңіз.$$ Астана зәулім ғимараттарымен, көркемдігімен барлық әлемнің назарын аударды
Дұрыс құрастырылған сөйлем нұсқасын көрсетіңіз.$$ Құрылыс материалдарын үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланады
Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.$$ Әр халықтың өз дүниетанымына, өз болмысына сай, оның ұлттық ерекшеліктерін айшықтайтын сәулет өнері болған
Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.$$ Бұл ғимаратқа үлкен беріктік берді
Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсетіңіз.$$ Галикарнас кесенесі екінші Артемида ғибадатханасымен бір кезде салынған
Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.$$ Барлық сәулет имараттарының сапаға тән үш тобы болады
Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.$$ Сәулет өнері тасқа жазылған құдіретті музыка
Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.$$ Сәулетшінің эскиз идеясы бойынша қала екі бағытта салынып жатыр
Дұрыс құрастырылған тіркесті табыңыз.$$ ықпал ету
Дұрыс құрастырылмаған сөзтіркесін табыңыз.$$ жасау жоба
Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.$$ Ғимарат сәулеті қатаң да жинақы үлгіде тұрғызылды
Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.$$ Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші
Дұрыс тіркескен қатарды көрсетіңіз.$$ сәулеттік орта, сәулеттік графика, сәулеттік композиция
Екі компоненті де өзге тілден енген терминді көрсетіңіз.$$ монорельс
Жазба тіл лексикасына не жатады?$$ көне дәуір кітаби лексикасы мен қазіргі кітаби лексика
Жалғастырыңыз: «Бөлмеаралық есіктер – ...».$$ үйдің бір бөлшегі
Жалғастырыңыз: «Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументтік құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер...».$$ пайда болды
Жалғастырыңыз: «Жұмыла көтерген жүк ...».$$ жеңіл
Жалғастырыңыз: «Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына... .».$$ түседі
Жалғастырыңыз: «Мәтін композициясы мазмұн элементтерінің жалғасуының ...».$$ түрлі болуына жол береді
Жалғастырыңыз: «Пирамидалар ежелгі Мысыр мәдениетінің символы ...».$$ іспетті
Жалғастырыңыз: «Роман стилінің дамуына Франция көп...».$$ ықпал етті
Жалғау арқылы байланысты көрсетіңіз.$$ сәулетшінің жобасы
Жаңа сөздің жасалу жолын табыңыз.$$ бірігу арқылы
Жатыс септікте тұрған сөзді көрсетіңіз.$$ құрылыста
Жатыс септікте тұрған сөзді көрсетіңіз.$$ сәулетте
Жобалаудағы негізгі мәселелердің бірін атаңыз.$$ қолайлылық
Жұмбақтың шешуін табыңыз: «Төбедегі көзінен күн сәулесі түседі, Бұрышы жоқ төрінен самал еркін еседі».$$ киіз үй
Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.$$ сәулеттік
Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.$$ сәулетші
Кәсіби лексикаға қатысты сөзді табыңыз.$$ сұйық шеге
Кәсіби салада тілдік қызмет көрсететін тілдің ерекше функциональды түрі:$$ кәсіби тіл
Кәсіби салада тілдік қызмет көрсететін тілдің ерекше функциональды түрі:$$ кәсіби тіл
Кәсіби сөздер дегеніміз не?$$ жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер
Келер шақта тұрған етістікті көрсетіңіз.$$ жобалайсың
Конспект дегеніміз не?$$ белгілі бір еңбектің қысқаша, жазбаша мазмұны
Конспект дегеніміз не?$$ кітаптың мазмұнын қысқа баяндау
Көп нүктенің орнына дұрыс келетін сөзді көрсетіңіз: «Жер бедері сәулетшісінің шығармасы мезгілге байланысты ... отырады».$$ өзгеріп
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз: «Адам ... ... үйін ежелгі тас дәуірінің палеолит кезеңінің басында тұрғызған».$$ өзінің бірінші
Көп нүктенің орнына көмекші сөзді қойыңыз: «Ғимарат жоба ... салынды».$$ бойынша
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз: «Бұл құрылыс... сол кездің ұлы сәулетшілері Харсифрон бастап, Метаген, Пеонит жалғастырып, Деметрий аяқтаған».$$ -ты
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз «... - мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы болған».$$ киіз үй
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: «Темір, бетон, шыныдан ... оның аумағы да таңқаларлықтай».$$ жасалған
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Қазақ сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат беру өнерінің ...».$$ ұлттық саласы
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз. «Орталық Қазақстанда палеолит кезеңіндегі алғашқы тұрғын үй құрылыстарының іздері сақталып ...».$$ қалған
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз: «Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанның сәулет құрылысы өзгерістерге ..., жаңа элементтердің елеулі алғышарттары жасалды».$$ ұшырап
Кірме сөзден тұратын тіркесті терминді табыңыз.$$ апсидиалды үй
Кірме сөзден тұратын тіркесті терминді табыңыз.$$ бетон қабырға
Кірме сөзден тұратын тіркесті терминді табыңыз.$$ ландшафт көркемдігі
Қазақ тіліне аударыңыз: «архитектурный проект».$$ сәулеттік жоба
Қазақ халқының ежелгі баспанасы:$$ киіз үй
Қазақша баламасын табыңыз: «декоративный раствор»$$ сәнді ерітінді
Қазақша баламасын табыңыз: «Калькирование является одним из ведущих и продуктивных способов образования новых терминов в казахском языке».$$ Калькалау – қазақ тілінде жаңа термин жасаудың жетекші және өнімді тәсілдерінің бірі болып табылады
Қай сөз тіркесінде қате жіберілгенін анықтаңыз.$$ ғимараттардан сәулеті
Қай стиль түріне жататынын ажыратыңыз: «Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі».$$ ғылыми стиль
Қай стиль түріне жататынын ажыратыңыз: «Көшпенділердің киіз үйі – адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Ол жер сілкіністерге де төзімді».$$ ғылыми стиль
Қаланы көріктендіру немесе жасыл-желек сәулетінің атқаратын қызметіне нелер кіреді?$$ саябақтар, скверлер, бұрқақтар
Қандай тыныс белгі қойылады: «Дольмен қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес».$$ сызықша
Қойылмаған тыныс белгісін табыңыз: «Күрделі терминдер сығу дәрежесі, бұралқы су, құбыр басы».$$ Қос нүкте
Мағыналас сөйлемді табыңыз: «Мемлекеттік туды белгілеу байқауына 600 жоба қатысқан».$$ Мемлекеттік туды белгілеу байқауына қатысқан жоба саны 600.
Мазмұнына қарай лексика қалай сараланады?$$ есім және шылау сөздер, абстракт сөздер, синонимдер, антонимдер
Макромәтінге анықтама беріңіз.$$ көлемі үлкен шығарма
Мақалды жалғастырыңыз. «Әр елдің салты басқа, ...»$$ иттері қара қасқа
Мақалды табыңыз.$$ Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Мақалды толықтырыңыз «Ата өнері – балаға ... ».$$ мұра
Мақалды толықтырыңыз: «Еңбек – ырыс бұлағы, ...».$$ Еңбек – бақыт шырағы
Мақалды толықтырыңыз: «Өнерді көп білетін дана болар, ...».$$ Өнерсіздің ісі шала болар
Мәтін жанрындағы іскерлік жанрлар түрлерін көрсетіңіз.$$ хаттама, өтініш, іскерлік хат
Мәтін жанрының ғылыми түрі:$$ пікір, рецензия
Мәтін композциясын талдауда маңызды орын алатын мәселені көрсетіңіз.$$ мәтіннің типологиясы
Мәтін құрылымын айқындайтын басты белгілерін табыңыз.$$ жүйелілік және тұтастық
Мәтінге тән ерекшеліктерді атаңыз.$$ реттілік, байланыстылық
Мәтіннің ең кіші бірлігін көрсетіңіз.$$ күрделі фразалық тұтастық
Мәтіннің түрлерін көрсетіңіз.$$ әңгімелеу, сипаттау, пайымдау
Микромәтінге нелер жатады?$$ анықтама, жеделхат, газет мақаласы, хат
Мына сөйлемдердің қайсысы ғылыми стильге жатады?$$ Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік сәулет өнеріне қосқан бір жаңалығы – сәулеттік ордерлер жүйесі
Мына сөйлемдердің қайсысы ғылыми стильге жатады?$$ Күнге бәрінен де жақын бірінші шеңбер жолында Меркурий тұрады
Нақтылық, дәлдік, анықтық сипатқа ие стиль:$$ ғылыми стиль
Нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қай стильге тән?$$ ғылыми стильге
Пассив сөздерге не жатады?$$ қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер
Публицистикалық стильді ғылыми стильге жақындастыратын тәсіл:$$ фактіні толық және жүйелі баяндау
Ресми құжат:$$ автобиография, өтініш
Салалық терминдер мол қолданылатын стиль түрі:$$ ғылым стиль
Сәулет қандай өнер?$$ имараттарды жобалау және салу өнері
Сәулет мамандығына қатысты терминді табыңыз.$$ басты қасбет
Сәулет маманығына қатысты терминді табыңыз.$$ сәнді сылақ
Сәулет өнеріне қатысты емес сөзді табыңыз.$$ әңгіме
Сәулет саласына қатысты термин сөзді табыңыз.$$ алыптас құрылыстар
Сәулеттік стиль түрлерін атаңыз.$$ роман, готика, ренессанс, барокко, классицизм
Синоним болатын қатарды табыңыз.$$ мамандық, кәсіп
Синоним сөздерді көрсетіңіз.$$ кесене, сағана
Синонимдік қатар құрай алмайтын сөздерді табыңыз.$$ тұрақ, тұңғыш, тұрғын
Синонимдік сөз қатарын табыңыз.$$ көлемді, аумақты, ауқымды
Сипаты мен көрінісі жағынан лексика қалай сараланады?$$ омонимдер, омографтар, омофондар, омоформдар
Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.$$ -ырақ, -ірек
Сөздіктерді зерттейтін тіл білімінің саласы:$$ лексикография
Сөздің шығу төркінін қай сала зерттейді?$$ этимология
Сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қай стильде қатаң сақталады?$$ ғылыми
Сөйлемді аяқтаңыз: «Гелиос мүсінін жасауға 12 жыл уақыт ...»$$ кетті
Сөйлемді аяқтаңыз: «Ғимараттардың құрылымында сегіз қырлы барабандар ...».$$ пайда болды
Сөйлемді аяқтаңыз: «Есіктер мен кейбір сәулет бөлшектерінде дәстүрлі қазақ ою-өрнектерінің сарыны ...»:$$ сезіледі
Сөйлемді аяқтаңыз: «Жеке ғимараттардан ансамбль құру мәселесі асқан шеберлікті ...».$$ талап етеді
Сөйлемді аяқтаңыз: «Киіз үй біздің заманымыздың VІІ ғасырында кеңінен пайдаланып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне ...».$$ айналған
Сөйлемді аяқтаңыз: «Мәтін – өте күрделі ...».$$ тілдік құрылым
Сөйлемді жалғастырыңыз: «Қазақ ұлтының киіз үй мәдениетінің тарихы біршама арыдан ...».$$ бастау алады
Сөйлемді жалғастырыңыз: «Мәтін - қарым-қатынастың...».$$ негізгі бірлігі
Сөйлемді жалғастырыңыз: «Түп нұсқалы мәтіндерге: ..., ... жатады».$$ авторлық өмірбаян, жарнамалар
Сөйлемді толықтырыңыз «Ғылыми стильде сөздер...».$$ өздерінің тура мағынасында қолданылады
Сөйлемді толықтырыңыз: «... – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетикалық көркемдік сипат беру өнері».$$ Сәулет
Сөйлемді толықтырыңыз: «Әр халықтың өз дүниетанымына, өз болмысына сай, оның ұлттық ... айшықтайтын сәулет өнері болған».$$ ерекшеліктерін
Сөйлемді толықтырыңыз: «Бұл пирамидалар Ливия шөлдаласының орта шенінен ...».$$ бой көтерген
Сөйлемді толықтырыңыз: «Ғимараттың ...жылтыраған ашық мәрмәрлі тақталармен қапталған».$$ қасбеттері
Сөйлемді толықтырыңыз: «Ғылыми ... деректер толық емес».$$ зерттеуде
Сөйлемді толықтырыңыз: «Ғылыми еңбек мазмұнына берілген ...».$$ аннотация
Сөйлемді толықтырыңыз: «Екінші қатардағы мәтіндерге: ..., ... жатады».$$ пікір, аннотация, түйін сөздер
Сөйлемді толықтырыңыз: «Есіл өзенінің сол жағалауында орын тепкен Қазақстанның жаңа астанасының символына айналған «Бәйтерек» монументінің сәулеті...».$$ аса күрделі
Сөйлемді толықтырыңыз: «Қазақстанда бүгінгі күні құрылыс жұмысы қарқынды жүргізіліп, сәулетті де зәулім ғимараттар күн сайын көптеп...».$$ бой көтеруде
Сөйлемді толықтырыңыз: «Қорқыттың күмбезді мазары жанынан сәулетші Б.Ибраев, физик-акустик С.Исатаевтардың жобасы ... төрт алып қобызды біріктіру арқылы ескерткіш кесене орнатылды».$$ бойынша
Сөйлемді толықтырыңыз: «Мәтін лингвистикасында ең маңызды топтастыру ...».$$ көркем және көркем емес мәтіндер
Сөйлемді толықтырыңыз: «Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен ..., сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды».$$ салынып
Сөйлемді толықтырыңыз: «Монументтік кешен Республика алаңына ...».$$ орнатылды
Сөйлемді толықтырыңыз: «Сәулет адамзат қызметінің ежелгі түрлерінің біріне...».$$ жатады
Сөйлемді толықтырыңыз: «Сөздер стильдік қызметіне байланысты ... деп бөлінеді».$$ бейтарап лексика, сөйлеу тілінің лексикасы, жазба тіл лексикасы
Сөйлемді толықтырыңыз: «Терминологияны толықтыратын, әрі дамытатын – …».$$ салалық терминдер
Сөйлемді толықтырыңыз: «Тымық күмбез үстіндегі террассалар алаңдарында ... бақтар орнады».$$ аспалы
Сөйлемнің дұрыс құрастырылған нұсқасын табыңыз.$$ Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды
Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз. «Маяк Александрияның әрі бекінісі, ...».$$ әрі қарауыл мұнарасы болған
Сөйлемнің қазақ тіліндегі баламасын табыңыз: «Архитектура жилых и общественных зданий».$$ тұрғын және қоғамдық ғимараттар сәулеті
Сөйлеу стилінің қолданылатын орны:$$ адамдардың күнделікті қарым-қатынасында
Сөйлеу тілінің лексикасына не жатады?$$ тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу лексикасы
Стиль түрін ажыратыңыз: «Қазақ тілінде калька жолымен жасалған терминдер қатары екіге бөлінеді: дара терминдер және күрделі терминдер»$$ Ғылыми стиль
Стиль түрін анықтаңыз: «Барлық сәулет имараттарының сапаға тән үш тобы болады: функционалдық, конструктивтік, эстетикалық».$$ ғылыми стиль
Стильдің түрін анықтаңыз: «Сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері».$$ ғылыми стиль
Сұрақтың дұрыс жауабын беріңіз: «Сәулет өнері қандай өнер?»$$ құрылысты жобалау, оған көркемдік бейне беру
Т.К.Басенов кім?$$ сәулетші
Тақырып дегеніміз не?$$ мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні
Тек тақырыпқа байланысты деректі қамтитын реферат:$$ индикативті
Термин сөздер дегеніміз не?$$ Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласына қатысты қолданылатын сөздер
Термин сөздерді табыңыз.$$ күмбез, құрылыс
Термин сөзді анықтаңыз.$$ ұстын
Термин сөзді қатарды табыңыз.$$ Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды
Термин сөзді қатарды табыңыз.$$ Қазақтың халықтық сәулет өнерін дамытуда ескерткіштің маңызы орасан зор болды
Термин сөзді табыңыз.$$ ғимарат
Термин сөзді табыңыз.$$ жоба
Термин сөзді табыңыз.$$ нақыштау
Термин сөзді табыңыз.$$ іргетас
Термин тіркесті табыңыз.$$ ордерлік жүйе
Терминдердің қай салаға қатысты екенін табыңыз: «көркемдік бейне, ордер».$$ сәулет
Терминдердің қай салаға қатысты екенін табыңыз: «тұрғын үй, зәулім ғимарат».$$ сәулет
Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз: «күмбез, қорған, мұнара»$$ сәулет
Терминді табыңыз.$$ кесене
Терминді табыңыз.$$ күмбез
Терминді табыңыз.$$ іргетас
Терминжасамда жиі кездесетін жұрнақтарды көрсетіңіз.$$ -лық; -лік; -дық; -дік; -тық; -тік
Терминжасамда жиі кездесетін жұрнақтарды табыңыз.$$ -ғыш; -гіш; -қыш; -кіш
Терминжасамда жиі кездесетін жұрнақтарды табыңыз.$$ -шы; -ші
Терминология дегеніміз не?$$ бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдерді түгелдей жинақтап, жүйелейтін ғылым
Тиісті тыныс белгісін қойыңыз: «Терминдер ... дегеніміз өнеркәсіпке қатысты белгілі ұғымды білдіріп, оны тілде бейнелейтін арнаулы сөздер мен сөз тіркестері».$$ сызықша
Тура мағыналы сөзді табыңыз.$$ жақсы маман
Туынды сөздерді көрсетіңіз.$$ өнерпаз, сәулетші, әнші
Туынды түбірлерді анықтаңыз.$$ өнім, іргетас
Туынды түбірлерді көрсетіңіз.$$ бөлшек, өндіріс
Тұрақты сөз тіркесі қатыстырылған сөйлемді табыңыз.$$ Керамикалық қыш кірпіш тақталарымен безендірілген ғимарат қабырғалары көздің жауын алады
Тұрақты тіркесті табыңыз.$$ көзге оттай басылу
Тұрақты тіркесті табыңыз.$$ қолы-қолына жұқпады
Тұрақты тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз.$$ Ол өз ісін бес саусақтай біледі
Түбірдің ережесін анықтаңыз.$$ Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі
Түйіндеме дегеніміз не?$$ белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі
Тілдің лексикасында ғылым мен техниканың алуан түрлі саласында қолданылатын сөздер:$$ термин сөз
Шығу тегі жағынан қазақ лексикасы қандай сөздерден тұрады?$$ төл сөздер мен кірме сөздерден