Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория гос и право.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
251.67 Кб
Скачать

Тақырып  1. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдісі



Мақсаты  заң ғылымының жалпы  сипаттамасын беру,  мемлекет және құқық теориясы  түсінігі мен  басқа қоғамдық ғылымдармен байланысын, мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесінде алатын орны анықтау, қалыптасуы мен дамуын зерттеу.

Түйін сөздер: мемлекет, құқық, құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субьектісі, жалпы әдістер, жеке ғылыми әдістер, заң ғылымдары, теория, әдістеме.

1.  Мемлекет және құқық теориясы түсінігі. Мемлекет және құқық теориясының пәні.

2.  Мемлекет және құкық теориясының әдістемесі.

3.  Мемлекет және құқық теориясының қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.

4.  Мемлекет және құқық теориясының заңдық ғылымдар жүйесіндегі орны.

1. "Теория" термині гректің "қарастыру","зерттеу" деген сөздерінен шықкан. Қазіргі уакытта теория екі түрлі негізгі мағынаға ие болады. Кең мағынасында қоғамның жалпы заңдылықтары мен мәнді байланыстарына біртұтас көрініс беретін ғылымның бір нысаны. Осы көзкарас бойынша теориялык білім дегеніміз - үйреншікті, женіл-желпі білімге де, адам қызметі ретіндегі тәжірибеге де карама-қарсы болатын кез келген ғылыми жүйе және терендетілген білім. Ал тар мағынасында теория дегеніміз - белгілі бір білім саласындағы негізгі идеялардың, заңдардың және түсініктердің жүйесі. Нақты өмірде барлык айқындалған құбылыстар тобына тән, жалпы объективті зандылыктар әрекет етеді. Соларды білмей тұрып, кұбылыстарға негізгі зерттеу жүргізу мүмкін болмайды. Осы айтылғандар заң ғылымына да қатысты болады, яғни жалпы барлық заңдық байланыстар мен қатынастарды танып болмай, өз пәніне салалык заң ғылымдары арқылы терең зерттеу жүргізу қиынға түсетін еді. Сонымен, мемлекет пен құқык теориясы дегеніміз - қоғамның жалпы заңдылықтарын, құқықтық өмірді ұйымдастырудың принциптерін және теориясын анықтайтын болжайтын белгілі бір жүйедегі қоғамтану ғылымы.

Кез келген ғылымның өз пәні, өзі зерттейтін зандылықтарының анықталған шеңбері болады. Зандылықтар дегеніміз белгілі бір құбылыстардың маңызын білдіретін шынайы тұрақты қатынастар. Мемлекет пен кұкық теориясының пәнін мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтары құрайды. Мемлекет пен құқық теориясы өз міндеті ретінде мемлекет пен кұқықтың қызмет етуінің барлық емес, тек аса манызды жалпы заңдылықтарын зерттеуді алады. Басқа заң ғылымдарынан айырмашылығы мемлекет пен кұқык теориясы тек бір елдің мемлекеттік-құқықтық құбылыстарын ғана емес, мемлекет пен құқықтың жалпы даму заңдылықтарын зерттейді.

Мемлекет пен құқық өзара тығыз байланыстағы заңдық білімнің бір бөлігі болғандықтан, екеуі де бірге зерттеледі. Мемлекеттік органдар құқықнормаларынан тұратын нормативтік актілер қабылдайды және оларды жүзеге асыру шараларын қолданады. Сонымен, мемлекет қызметі құқықтықүлгіде жүзеге асырылатындығын білеміз. Кейінгі уақытта көптеген ғылыми еңбектерде мемлекет пен құқық теориясы екі үлкен бөлімге бөлініпқарастырылуда: мемлекет теориясы және құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктін пайда болуының және тарихи дамуының жалпы мәселелері, мемлекеттің және мемлекеттік аппарттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал құқық теориясында құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары және жүйесі құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқық бұзушылық, заңдық жауапкершілік, заңдылық және тағы да басқа көкейтесті мәселелер карастырылады. Сонымен, өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет пен құқық теориясына мынандай сипат беруімізге болады:

а) мемлекет пен кұқық теориясы қоғамдық ғылым, себебі ол қоғамдық өмірдің анықталған бөлігі - мемлекет пен құқықты зерттейді;

ә) тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтіндіктен, заңдық ғыльм;

б)      барлық    заңдық   ғылымдарға   қатысты    жалпы   мәселелерді зерттейтіндіктен, жалпы теориялық зандық ғылым;

в)  тереңдетілген байланыстар мен қатынастарды ашудың негізінде басты қорытындыларды жасайтындықтан, негіз салушы (фундаменталды) ғылым;

г)    салалық  заң  ғылымдарымен  өзара  байланысты  бағыт  беруші, әдістемелік мәндегі ғылым;

д)      заңдық ғылым курсына кіріспе ғылым, себебі ол   мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға біртұтас сипаттама беру кезіндегі заңдық түсініктердің негізгі жүйесін қалыптастырады.

2. Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар зерттеу әдістері де болады. Методология дегеніміз - білім алу үшін ғылымда кодданылатын тәсілдер, ережелер және қағидалар жиынтығы. Мемлекет пен құқық теориясының зерттеу әдістері екі үлкен топтан құралады:

-жалпы ғылымдық зерттеу әдістері

- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.

Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері - барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.

Материализм - философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат және болмыс бірінші пайда болған, ол ешкіммен жасалған жоқ және мәңгі өмір сүреді. Әлем материалды, санадан тыс объективті түрде өмір сүреді деп уағыздайтын философиялық бағыт. Материализм адам санасын, ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп карастырып, дүниені, табиғатты, қоғамды танып білуге болатынын дәлелдейді. Диалектика - табиғат, коғам және адам ойы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым. Ол танымның жалпы тәсілі болып табылатындықтан, айнала коршаған ортаны тану процессіндегі құбылыстардың жалпы өзара байланысы мен тұрақты дамуын ескеруді талап етеді. Диалектика мемлекет пен құқықтың өзгеру барысында жоғары қарай дамуын да қарастырады. Диалектикалық әдіс барлық ғылымдарға тән болады. Сонымен, материалистік және диалектикалық көзқарастардың негізінде мемлекет пен құқық дегеніміз - қоғам өмірінің экономикалық, саяси, діни жағдайларымен, адамзат табиғатымен тығыз байланыста өмір сүретін, тұрақты дамуда болатын шынайы, объективті құбылыстар. Жалпы ғылыми әдістерде көрінетін философиялық бағыттар заң ғылымдарының барлық сұрақтарына жауап бере алмайды, тек мәселені шешудің жалпы көзқарастарын ғана көрсетеді. Сондықтан, ғылыми ақпаратты жинау, өңдеу үшін жеке ғылыми зерттеу әдістері деп аталатын әртүрлі тәсілдер қолданылады. Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз - нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.

- Нақты-әлеуметтік тәсілдер негізінен ғылыми ақпарат жинау кезінде колданылады. Оларға жататындар: бағдарлау - мемлекет пен құқық теориясында бағдарлау обьектілеріне заңдық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады. Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. әдістер арқылы субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақгағы нақты әрекеті туралы мәлімет жинауға болады. Мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылымдарға жататындықтан оның пәнін зерттеуде көп жағдайларда абстрактілі ойлау қолданылуы мүмкін. Абстракция әртүрлі операциялар қолдану арқылы қандай да бір зат, құбылыс туралы калыптасатын ой бейнесін көрсетеді.

Мемлекет пен құқық теориясында колданылатын негізгі әдістердің бірі -логикалық әдіс. Логика - ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Анализ - теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі обьектілерді талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату. Синтез- сол талданған бөліктерді жинақтап косу арқылы белгілі бір объектіні, затты кұрастыру.

Жеке ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формалды-заңдық, жүйелік, функционаддық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.

Формалды - заңдық әдіс заңдық түсініктерді анықтауға, олардың қасиеттерін ажыратуға, жіктеу жүргізуге, құқықтық нұсқауларды түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жүйелік тәсіл - қоғамдағы мемлекеттік-кұқыктық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.

Функционалдық тәсіл - қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.

Статистикалық   әдіс - заңды   құбылыстардың  санды  деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.

Үлгілік әдіс - болған кұбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.

Әлеуметтік тәсіл - жүйелік, функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.

Салыстырмалы - құқықтық әдіс - бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.

3. Мемлекет пен құқық теориясы пәнінің өзіне тән ерекшедіктерін білу үшін зерттелетін ғылымның баска да қоғамдық және зандық ғылымдармен байланысын қарастыруымыз кажет. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі -мемлекет пен кұкық тек мемлекет пен құқық теориясының ғана емес, басқа да қоғамдық ғылымдардын зерттеу обьектілеріне жатады. Қоғамдық ғылымдарға философия, экономикалық теория, әлеуметтану, саясаттану, тарих, психология, логика және тағы баскалар жатады. Мемлекет пен құқық теориясы өзі зерттейтін мәселелерді аталған қоғамдық ғылымдармен бірлесіп зертттейді.

Философия - адамзаттың дүниедегі алатын орнын анықтап, сонын негізінде адамның дүниеге деген танымдық, құндылық, этикалық және эстетикалық қатынастарын зерттейді. Мемлекет пен құқық теориясында мемлекет пен құқық дамуының жалпы заңдылықтары қарастырыла отырып осы мәселелер бойынша философиялық тұжырымдар жасалады.

Философиямен қатар мемлекет пен құқық теориясы саясаттанумен де тығыз байланыста болады. Саясаттану - саясат деп аталатын саяси әлемнің көп жактарын зерттеумен айналысатын ғылым. Саясатты зерттеушілердің зерттеу аймағына саяси құбылыстардың, институттардың, мекемелердің жалпы даму заңдары, саяси билік, саяси жүйе, саяси идеология, саяси режим, саяси қатынастар және тағы басқа сұрақтар кіреді. Сондықтан, мемлекет пен құқық теориясы саяси белгілерді пайдалана отырып мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды олардың ішкі кұрылымы, нысаны, мәні және мазмұны тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ олардың саяси сипаттағы басқа институттар мен мекемелер жүйесінде алатын орны мен ролі тұрғысынан қарастырады. Мемлекет пен құқық теориясы экономикалық ғылымдармен тығыз байланыста болады. Экономикалық теория - коғамньң экономикалық базисін, өндірістік қатынастарды, өндіруші күштерді, меншік түрлерін зерттеп, олардың қоғам дамуындағы маңызын жан-жақты аныктап отырады. Экономикалық теорияда базис экономикалық қатынастар ретінде қарастырылса, мемлекет пен құқық теориясында базиске сәйкес туындайтын мемлекеттік заңдар жүйесі қарастырылады.

Мемлекет пен құқық теориясының әлеуметтанумен тұрақты байланысы саяси-практикалық мәнге ие болады. Әлеуметтану - қоғамды біртұтас жүйе ретінде қарастыратын және оның жеке кұрамдас бөліктері мен институттарын, әртүрлі әлеуметтік топтарды зерттеумен айналысатын гуманитарлық ғылымдардың бірі. Мемлекет пен құқық теориясы мен әлеуметтану қондырмалық құбылыстарға коғам мүшелерінің көзқарастарын, қарым-катынастарын аныктауға байланысты әрекеттеседі.

Тарих - адамзат коғамының өткен дәуірлерін барльқ кырынан жан-жақты зерттеп, көптеген тәжірибелер жинақтайды. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы және қоғамды баскару заңдылықтары, сондай-ақ мемлекет пен құқықтың негізгі тұжырымдары тарихи материалдар негізінде жасалады. Адамдардың кұкық туралы немесе құқыққа сай және құқыққа қарсы әрекет механизмі туралы көзқарастарын зерттеуде психологияның көмегі қажет.

Мемлекет пен құқық теориясы мен баска қоғамдық ғылымдардың арасындағы байланысты сипаттауда екі түрлі қағида маңызға ие болады. Біріншіден, мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу кезіңде басқа әлеуметтік шынайылықтан алшақ кетуге болмайды. Сондықтан, мемлекет пен құқықты зерттеу кезінде басқа қоғамдық ғылымдардың жеткен жетістіктері міндетті түрде қолданылады. Екіншіден, заңдық шынайылық басқа кұбылыстармен байланысып жатқандықтан, қоғамдық өмірдің басқа салаларын - экономикалық, мәдени, саяси және тағы басқалар зерттеу заң ғылымдарының, соның ішінде мемлекет пен құқық теориясының көмегінсіз толық бола алмайды. Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының баска қоғамдық ғылымдармен байланысы екі түрлі сипатқа ие болады. Бір жағынан, мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланса, екінші жағынан, қоғамдық ғылымдар мемлекет пен құқық теориясының тұжырымдарына сүйенеді. Бұндай қорытынды ғылыми білімнің бірлігі мен өзара байланысы қағидасынан шығады.

4. Заңдық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайылықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады.

Барлық заңдық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады.

Теориялық заңдық ғылымдар мемлекеттік құқықтық құбылыстардың аса манызды жалпы сұрақтарын зерттейді.

Тарихи заңдық ғылымдар мемлекеттік - құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін карастырады.

Салалық заңдық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты зандық мекемелер мен нұскауларды және тиісінше зандық практиканы зерттейді.

Қолданбалы заңдық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін, заңдық мәселелерді шешу үшін қолданылады. Заңдық ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық теориясының алатын орны ерекше. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-заңдық ғылымдардың ұксастығы олардың мемлекет пен құқықты тұтас қарайтындығына байланысты, айырмашылығы тарихи-заңдық ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық нысандарды даму үрдісінде хронологиялық тәртіппен, тарихи әдістерді қолдана отырып зерттейді, теория осы құбылыстарды тұжырымдап, олардың дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға тырысады, логикалық әдісті қолданады. Салалық заңдық ғылымдарға қатысты мемлекет және кұқық теориясы тұжырымдаушы роль аткарады. Ол мемлекет пен құқықтың дамуы мен кызмет етуінің барынша жалпы заңдылықтарын зерттеп қорытындылайды, барлық салалық заң ғылымдарына ортақ мәселелерді қарастырады, әдістемелік, бағыттаушы роль атқарады. Сонымен қатар өзі де салалық заң ғылымдарының жетістіктерінен нәр алады, яғни ондағы фактілі материалдарды өңдеп, қажетіне жаратады. Мемлекет және құқық теориясының өзге заңдық ғылымдармен арақатынасы өзара тығыз байланысты екі жакты қатынас екендігіне көз жеткіздік.

Тақырып  2. Мемлекеттің пайда болуы.  Мемлекет типологиясы



Мақсаты  – мемлекет ұғымын, мәнің, көпқырлылығын, белгілері мен қасиеттерін ашып көрсету, мемлекеттің пайда болуы туралы негізхгі теорияларға сипаттама беру, мемлекеттерді ғылыми саралаудың мәселелеріне назар аудару.

Түйін сөздер: әлеуметтік билік, мемлекет, мемлекеттің пайда болу теориялары, «өндірістің азиялық тәсілі», мемлекеттік билік, тарихи-материалистік теория, мемлекеттілік, мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы, мемлекеттің пайда болуының батыстық жолы, мемлекеттік аппарат. 

1.  Алғашқы қауымдық құрылыс сипаттамасы.

2.  Мемлекеттің пайда болуының экономикалық және әлеуметтік себептері(тарихи-материалистік теория тұрғысынан).

3.  Мемлекет түсінігі және оны алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтікбиліктен ажырататын белгілері.

4.  Құқықтың пайда болуының себептері мен құқық түсінігі және оны алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік нормалардан ажырататын белгілері.

5.  Мемлекеттің пайда болу нысандары.

6.  Мемлекеттің, өкіметтің, құқықтың пайда болуын қарастыратын теориялардың жалпы сипаттамасы: теологиялық (діни), патриархалдық,келісімдік, күш көрсету, психологиялық, тарихи-материалистік.

7.  Мемлекет мәніне қазіргі кезеңдегі көзқарастар.

8.  Мемлекет мәнін аныктайтын теорияларға сипаттама.

9.  Мемлекет функциясы/қызметі/ және оның түрлері.

10.Мемлекет типологиясына қазіргі кезеңдегі көзқарас.

11.Мемлекеттің негізгі тектері /типтері/.

1. Мемлекет пен құқықтың пайда болуын зерттеу мемлекет пен құқықтың әлеуметтік табиғатын. олардың ерекшеліктері мен белгілерін анықтауға. олардың пайда болу және даму себептерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ак, мемлекет пен құқықтың негізгі кызмет бағыттарын, қоғамның саяси жүйесіндегі алатын орны мен ролін анықтауға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жаткан мемлекеттер мен құқықтықжүйелердің мәні мен ерекшеліктерін терең және жан-жақты түсіну үшін осы мемлекеттер мен мемлекеттік кұрылымдардың пайда болу және даму жолдарын зерттеуіміз керек.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ меншікке негізделген және онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған: 1) рецепроктылық - барлық табылған өнім ортаға жинақталған, 2) редистрибуция - ортақ табыс барлығына бірдей тең негізде бөлінген. Көптеген ғасырлар бойы адамдар тек табиғаттың даяр өнімдерін жинап, қорек етіп өмір сүргендіктен еңбек өнімділігі төмен болған. Алғашқы қауымдық қоғам экономикасы өзара байланысты екі бағытта дамыды: еңбек құралдарын жетілдіру және еңбекті ұйымдастыру тәсілдері мен әдістерін жетілдіру. Осылардың барлығы біртіндеп еңбек өнімділігінің артуына әкелді.

Алғашкы қауымдастық құрылыстың әлеуметтік негізі - ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіпжүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. Бұл қоғамда қауымдық билік өмір сүрген. Ру өміріне катысты аса маңызды мәселелердің барлығы ересек ру мүшелері катысатын рудың жалпы жиналысында қаралып, әділ шешімін тауып отырған. Жедел басқаруды жүзеге асыру үшін ру жиналысында көсемді сайлаған. Көсем ру қамын ойлайтьн, басқару қабілеті бар, рудың аса құрметті мүшесі болуы керек болды. Бұл лауазымның сайланбалы ғана емес ауыстырмалы болуы да көсемге ешқандай артықшылықтар берілмегендігін біддіреді. Ол басқалардан өзініңбеделділігімен, ақылдылығымен және әдет-ғұрыптарды білетіндігімен ғана ерекшеленген. Дамудың бертін кезеңдерінде бірнеше ру экономикалық, әскери немесе дипломатиялық мәселелерді шешу үшін бірігіп, бір тайпаны құраған. Тайпа өз руларының атынан өкілдік ететін ақсақалдар кеңесімен басқарылған. Осы кеңес ауыстырмалы лауазымды тайпа көсемін сайлаған.:

 Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған.

Енбек құралдарының нашар дамуы, еңбек өнімділігінің төменгі дәрежесі бірлесіп өмір сүру, өндіріс құралдарына ортақ меншік, жиналған өнімді теңдік негізінде бөлу қажеттігі туындатты. Бұл билік табиғаты мен алғашкы қауымдық қоғам нормаларына мәнді әсер етеді. Сонымен, мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуымызға болады:

әлеуметтік билік тек ру шеңберінде таралып, оның еркін білдіреді және қандас туыстыққа негізделеді;

ә) ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократия, өзін-өзі басқару бастамасында кұрылады;

б) алғашқы қауымдық қоғамның барлық, маңызды мәселелерін шешукезінде билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскерибасшылар танылады.

Ешқандай қоғамдастық өз ішіндегі мүшелеріне қатысты тәртіп ережелерсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан да осындай тәртіп ережелерін бекітетін, өндірістік қатынастарды, отбасылық, туыстық және т.б. қоғамдық байланыстарды реттейтін әлеуметтік нормалар жүйесі қалыптасады. Әлеуметтік нормалар дегеңіміз адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі. Әлеуметтік билік пен мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңнормаларының ерекшеліктері: олар шын мәнінде рулардың, тайпалардың әлеуметтік - экономикалық бірлігін көрсетіп кана қоймай, оларды қамтамасыз өте отырып адамдар өміріне тікелей араласатындығында.

Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың белгілері:

а)                алғашқы қауымдық қоғамдағы катынастар - әдет-ғұрыптармен, яғни тарихи калыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпакқа беріліп, дәстүрге айналғанәрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;

ә) жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір сүрген;

б)                негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу(рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;

в)                барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.

2. Мемлекеттілік рулық-тайпалық кұрылымның орнына келеді. Бұл даусыз ақиқат болса, оның қалыптасу барысының ерекшеліктері әлі күнге дейін толық зерттеліп бітпеген және ортақ келісімге келмеген өзекті мәселелердің бірі болып отырғандығы белгілі. Дегенмен де осы күрделі мәселенің барынша кең таралған көрінісін қарастырып көрейік.

Алғашкы қауымдық ұжымдық өндірістік қатынастар уақыт өте келе өзгеріп, бұзыла бастайды. Қоғам өмірі күрделене берген кезеңде ондағы еңбек түрі де көбейіп, түрлене береді. Ірі еңбек бөліністері (мал шаруашылыгының бөлініп шығуы, колөнердің егіншіліктен ажырауы, сауда-саттықпен айналысатын адамдар тобының калыптасуы), сондай-ак енбек құралдарын жетілдіру мен тәжірибе жинақтау еңбек өнімділігінің артуына әкелді. Бір рудың бір ғана шаруашылық түрімен басьм түрде айналысуы және кұралдардың жетілдірілуі еңбек өнімділігін арттырады. Нәтижесінде артық өнім пайда болады. Рулық қауымда барлық жиналған өнім ру мүшелерінің ортақ меншігі болса, енді еңбек өнімділігінің артуына байланысты пайда болған артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасының меншігіне айнала бастайды. Ақьірында ру қауымының ортак меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің ерекше түрі - жеке меншік қалыптасады.

Осы кезеңнен бастап қоғамда маңызды кызмет түрімен айналысатын, бірақ материалдық өндіріске тікелей катыспайтын адамдар тобын ұстап тұруға мүмкіндік пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі коғамдық өмірді ұйымдастырудың мазмұны мен нысанын өзгертеді. Рулық-тайпалыққұрылым күрделене түседі, әлеуметтік кызмет бөлінісі дамиды. Бір кезде кауымның өмір сүруіне кажетті әрекеттің барлық түрімен айналысқан адамдар ендігі жерде әрекеттің бір ғана түрімен айналыса бастайды. Осындай маманданудың нәтижесінде материалдық құндылықтарды жасауға қатыспайтын адамдардың арнаулы тобы пайда болады. Олар әскери, соттық, полицейлік қызмет атқарумен, яғни мемлекеттік билікке тән қызметтердің түрімен айналыса бастады.

Рулық - тайпалық құрылымдардың теңдік жағдайынан алыстап кетуіне күшейе түскен билікті бір қолға шоғырландыру процесі де әсерін тигізді. Бір жағында қолында құралдар, өндірілген бұйымдар шоғырланған байлар, екінші жағында кедейлер тобы пайда болады. Соның нәтижесінде рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып, оның орнына жеке меншікке негізделген, ерекше екі үлкен топтан тұратын коғам қалыптасты.

Мемлекеттің пайда болуының экономикалық себептерін қысқаша былай көрсетуге болады:

ірі еңбек бөліністерінің болуы

еңбек өнімділігінің артуы

артык өнімнің пайда болуы

жеке меншіктін пайда болуы.

Мемлекеттің пайда болуының әлеуметтік себептеріне келсек, жеке меншіктің ру ақсақалдары, көсемдерінің колына шоғырлануы, тең дәрежеде еңбек еткен руластарының наразылығын туғызады,-- Енді меншік иелері -байлардың баска ру мүшелерімен (кедейлермен) мәселелерді бірлесіп, тең негізде шешуден бас тартуы көтерілістерге әкеліп соғады. Ру ақсақалдары, көсемдері өздерінің экономикалық және саяси үстемдіктерін сақтап калу үшін жаңа жүйе кұруға мәжбүр болады. Мүдде кайшылықтарын бір негізде шешуге арнаулы аппарат қажет болады және құрылады. Ол мемлекет еді.

3. Мемлекет дегеніміз - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйьм.

Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мьнадай негізгі белгілері бар:

1.   Қоғамнан ажыратылатын ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы.Жария билік алғашқы қауымдық қоғамда да танылған, бірақ онын ерекшелігіол қоғамнан ажыратылмаған еді, оны жүзеге асыруға қоғамның барлық мүшелері қатысатын. Ал, кез келген мемлекетте шынайы билік мемлекеттік аппаратпен жүзеге асырылады. Ол адамдардың басқарумен айналысатын ерекше тобынан құралады және қоғамның белгілі бір бөлігінің ғана мүддесін көздейді. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық жәнеәмбебаптық сипатында.

2.                Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы, Мүшелері руға, тайпаға тән болу сипатына қарай бөлінетін алғашқы қауымдық қоғамға қарағанда, мемлекеттілік  тұрғындар белгілі бір аумакта өмір сүру белісінебайланысты бөлінеді. Бұл салықтарды алу қажеттілігіне және басқаруды дұрыс жолға қою шарттарына жауап береді. Себебі, рулық қауымның ыдырауы халықтардың өзара араласуына және көш-қонға әсер еткен еді. Мемлекеттік билік тек мемлекет аумағында өмір сүріп жатқан тұрғындарға ғана тарайды.

3.    Тұрғындардан    салықтарды    жинау.    Салықтар    мемлекетпен қалыптастырылып, мәжбүрлі түрде алынады. Мемлекеттің осындай кірістеріәскерді, мемлекеттік аппаратты, құқық қорғау органдарын және әлеуметтіксалаларды, мемлекеттің өзге де қажетгіліктерін өтеуді қаржыландыруға кетеді.

4.   Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады. Тек қана мемлекетпрокуратура, сот, ішкі істер органдары, қауіпсіздік органдары тәріздес органдар мен материалдық қосымшаларды (әскер, түрмелер және тағы басқа) кұра алады. Олар мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді,қажетгі жағдайларда мемлекеттік мәжбүр ету құралдарын пайдаланады.

5.   Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы. Мемлекет өз елінің барлық тұрғындарына арналған заңдар және басқа да нормативтік актілерқабылдайды.

6. Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі - егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтықерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз максаттарын шешуге құқығы және ерікгілігі.

4. Қандай да болмасын қоғамның өмір сүруінің басты шарты оның мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттеу қажеттілігі болып табылады. Әлеуметтік реттеу екі нысанда кездеседі: нормативті реттеу және жеке реттеу.

Өзара тығыз байланысты әлеуметтік реттеу нысандары адамзат дамуының ежелгі кезендерінен бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыстақоғамдық қатынастарды реттеуші басты құрал әдет-ғұрып болса, мемлекеттік құрылымға ауысқан кезеңде бұл кызметті құқық нормалары атқара бастайды. Мемлекет пен құкьіқ егіз ұғымдар. Олардың жеке дара әрекет етіп, қолданылуы мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы қатар жүретін кұбылыстар. Құқықтын пайда болуының екі түрлі жолы танылады:

1.    Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік нормалар мәжбүр етукүшімен бекітіліп, қүқыққа айналады.

2.    Мемлекет басшыларының құқық  нәтижесінде пайда болады.  Оған  заңдар,  жарлықтар,  өкімдерді  мысалға келтіруге болады.АлғашкьІ жолы мемлекеттік меншік үстемдік ететін мемлекеттерде (ЕжелгіМысыр, Үндістан) адамгершілік-діни ережелерді топтастыру жолымен жүзегеасырылса, екінші жол жеке меншік үстемдік еткен коғамдарда орын алған.Меншік құқығы теңдігін негіздеген қоғам барынша анықталған, әсіресемүліктік қатьнастарды толық реттеуге алатын заңнаманы қажет етті.

Сонымен, құқық дегеніміз - адам мен қоғамның жаратылысымең байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда аныкталған, үстем таптың еркін білдіретін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін нормалар жиынтығы ретінде көрінген.

Құқықты алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік нормалардан ажырататын мынындай белгілері болды:

-  әлеуметтік нормалар барлық қоғам мүшелерінің еркін білдірсе, құқық сол қоғамдағы экономикалық немесе саяси үстем таптың еркін білдіреді;

-  әлеуметтік нормалар саналы түрде өз қажетіне сәйкес орындалатын болса, құқық нормалары мәжбүр ету күшіне байланысты орындалады;

-  құқық жалпыға бірдей міндетті болады;

-  құқық мемлекетпен тағайындалады және қорғалады. Яғни, мемлекеттік органда  заң  қабылданады  немесе  әлеуметтік  нормаға  жалпыға бірдей міндеттілік күшін береді және мәжбүрлеу аппараты арқылы құқықты жүзегеасыруға тікелей атсалысады.

5. Мемлекеттің қалыптасуы әлемнің әр түрлі елдерінде әр килы жолдармен жүзеге аскан күрделі құбылыс. Қазіргі кезеңде мемлекеттің пайда болуының шығыстық және батыстық жолдары ажыратылып қарастырылады. Бірақ бұл атаулардың шартты екендігін атап өткен жөн, себебі мемлекет қалыптасуының батыстық жолы тек Европа елдеріне ғана тән. Бұлай жіктеудің пайда болу себептері шаруашылық жүргізу тәсілдерінің өзгешеліктеріне байланысты. Шығыстық мемлекеттердің (Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан және т.б.) пайда болуындағы ерекшеліктерге тоқталатын болсак, ол "азиаттык өндіріс тәсіліне" негізделген. Бұл мемлекеттердегі басқару нысаны - шығыстык деспотия түрінде болған. Ол дегеніміз елдегі барлық жер, су, мүлік және адамдардың өздері де күкықтық мәртебелерінің өзгешеліктеріне карамастан мемлекет басшысының толық тәуелділігінде болғандығын білдіреді.

Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолының ерекшелігі: саяси үстемдік қоғамдық қызметті атқаруға, қоғамдық лауазымға негізделеді. Мемлекеттің қалыптасуына өмір сүру ортасының географиялық ерекшеліктері де әсер етеді. Қатаң климаттык жағдайда өмір сүру мүмкіндігінқамтамасыз ету үшін бір тайпаның мүмкіндігі аумағынан асып кететін көлемді коғамдық жұмыстар ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Осындай күрделі жүйелерді салу, кұрастыру және оны бірлесе қолдану, сенімді қорғау қажеттігі дербес көпшілік билігінің табиғи негізін қалады. Қауым көлемінде биліктің негізгі міндеті қоғамдық артық өнімнің басты бөлігі шоғырланған ерекше резервтік корларды басқару болып табылады. Бұл қауым ішінен қоғамдық қазынашы, бақылаушы, әкімшілік қызметін аткаратын лауазымды адамдардың арнаулы тобының шығуына себеп болады. Өз жағдайларынан пайда көрген, лауазымдарға ие болған әкімшілік осы мәртебенің өзіне бекітіліп берілуіне мүдделі болады, оны мұрагерлікке берілетін лауазымға айналдыруға тырысады. Сөйтіп, әкімшілік жеңілдіктерге ие болған «тұйық әлеуметтік кұрылымға» ауысады.

Азиаттық тип бойынша мемлекет қалыптастырудың ерекше алғы шарттарының бірі - басқарушы топтардың қалыптасқан басқару аппаратын, экономиканы, саясатты және әскери қызметті бақылауды өз қажеттігіне тиімді қолданғандық болады десек жаңылмаймыз. Экономикалық қажеттілікпен катаң негізделген әкімшілік - мемлекеттік құрылымның пайда болуы жеке меншіктен (басым түрде жерге меншіктен) бұрын қалыптасады. Шығыстық елдерде мемлекет таптық үстемдік құралы ғана емес, тап қалыптастырудың кайнар көзі қызметін атқарды. Шығыста өндіріс құралдарын емес, оларды баскаруды иемденді.

Шығыстык мемлекеттердің экономикасы мемлекеттік және коғамдық меншік үлгілеріне негізделеді. Өндірістің негізгі құралы -- жер, қауым мүшелерінің қолында. Қауым мүшелері басы бос, ерікті адамдар.

Онда жеке меншік те болған, бірақ оның экономикаға тигізетін ықпалы шамалы. Себебі қоғамдық өндіріске шешуші үлес «еркін» қауым мүшелерінің еңбегімен еңгізілген. Әрі жеке меншіктің сипаты да шартты болған. Жоғарғы ие монархтың қаһарына ұшыраған лауазым иесі өзінің жылы орнынан ғана емес, сондай-ақ мал-мүлкінен, кейде тіпті өмірінен де айырылған.

Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы рулық-тайпалық қоғамның мемлекетке бірте-бірте өтуін көрсетеді. Бұндағы мемлекеттің пайда болуының негізгі себептері:

суармалы егістіктің пайда болуына байланысты кең көлемді

ирригациялық жұмыстарды жүргізу кажеттілігі;

осы мақсатта көп адамдар мен үлкен территорияларды біріктіру

кажеттілігі;

бұқара  халықты  біркелкі,   орталықтандырылған  басқарудың

қажеттілігімен анықталады.

Мемлекеттік аппарат рулық-тайпалық бірлестікті баскару аппаратынан келіп шығады. Қоғамнан бастау алғанымен де мемлекеттік аппарат өз мүдделері бойынша оған қарсы тұрады, қоғамнан бөлектене бастайды, қауымдастарының еңбегінің үстінен күн көретін үстем тапка айналады.

Шығыстық мемлекеттерде билік беделі жоғары болды. Онын себебі шаруашылық жүргізудегі жетістік болсын, мемлекет аралық қатынастағы табыс болсын, барлығы да биліктің ұйымдастырушылық қабілетінің жоғарылығымен, жалпы әлеуметтік мүддеге әрекет ететіндігімен түсіндіріліп, оның алдында сөзсіз бас иүге мойынсұндыратын еді. Шығыстағы саяси-құқықтык ойларда билік туралы патерналистік көзкарас кең таралды. Монарх билігі әдет-ғұрыппен, салт-дәстүрмен ғана шектелді. Дегенмен де, бұнда мемлекеттің негізгі мақсаты - ортақ жақсылық, ал патша оның алдында ешқандай талап қоя алмайтын онын қол астындағылардың атасы деген түсінік барлығының санасына жеткізілуге тиісті болды. Билік иесі тәңірдіңжердегі өкілі, көк пен жердің делдалы деп құрметтеп, оның билігін қасиеттендіруге ниеттенетінді. Бұл өкіметтің адамдар алдында емес, кұдай алдында жауаптылығын көрсетті. Шығыстағы саяси ойлар ескі тағайындаулар мен әдет-ғүрыптың даналығы мен жетіктігіне сендіреді және сенеді.

Батыстағы теориялық ойлардың жандануына әсер еткен, жетік мемлекеттік жүйе іздестіруге шақырған қарқынды саяси өмір Шығыс мемлекеттері үшін жат еді. Шығыс ойшылдары бір мәрте тағайьш

Тағайындалған заттар (дүние) тәртібінің тұрақтылығы, бұзылмастығы идеяларын уағыздады. Бұл тәртіп адамдардың тәңір талаптарын сактамағандығьна байланысты бұзылуы мүмкін деп санады. Дүниедегі барлық құбылыстардың негізі, қозғаушы күші -кұдіретті кұдай деген ой негізделді.

Мемлекет коғамда тәңірлік және жердегі тәртіп өкілі қызметін атқарды, қоғамға оның ішкі бірлігі мен сыртқы тұйықтылығын көрсету құралы болды. Ол коғамда өсіп-жетіліп алып, оны өзінің құрылып жатқан мемлекеттік үлгілеріне тартуға тырысады. Нәтижесінде жоғарысында шексіз монарх, орта тұсында оның билігін жүзеге асыруға көмектесетін лауазым иелері, негізінде рулық сипаттарынан бірте-бірте айырыла бастаған қауым мүшелері болатын ерекше құрылым кұрылады. Бұндай мемлекеттер кейінірек «шығыстық» немесе «азиаттық» деген атауға ие болды, бірақ расында бұндай мемлекеттік жүйенің Африка, Америка континенттеріне де тарағаны мәлім.

Әрбір елде саяси идеялардың дамуы өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, сондықтан да олардың барлығын бір жобаға салып қою мүмкін емес. Батыстағы мемлекеттердің пайда болу жолы өзіне тән ерекшеліктерге толы болды. Европа аумағындағы мемлекет құрушы негізгі фактор - қоғамның таптарға бөлінуі болды. Ол өз кезегінде жерге, өндіріс құралдарына (малдар, құлдар) жеке меншіктің белсенді түрде қалыптасуына негізделді. Батыстағы мемлекеттердің пайда болуының негізгі нысандары:

1.           Афин мемлекетінің пайда болуы;

2.           Рим мемлекетінің пайда болуы;

3.           Герман мемлекетінің пайда болуы.

Афин мемлекеті - мемлекеттің пайда болуының ең таза және таптык, классикалық нысаны. Ол ең алдымен тап қайшылықтарынан бастау алады. Бірте-бірте қалыптаса бастаған жеке меншік мүлік иелерінің экономикалық үстемдігін бекітудің түп қазығы ролін атқарды. Бұл көпшілік (жария) билік институттарын иемденуге және оларды өз мүддесін корғау үшін пайдалануға жол ашады. Мемлекет қоғам дамуының нәтижесінде ешқандай қақтығыссыз өз жолымен пайда болады.

Римде мемлекеттің пайда болуы рим руларынан тыс өмір сүрген (кірме), басы бос, бірақ саяси құқықтары жок плебейлер мен ру зиялыларының -патрицийлердің арасындағы текетірестік нәтижесінде өмірге келген. Римдегі рулық қоғамның ыдырауы Афин мемлекетіндегідейқарқынмен өткен, экономикалық үстем топ иемдене отырып, өзіне қажетті органдар қалыптастыру үстінде еді. Бірақ бұл процесске тұрғындардыңүшінші тобы — плебейлер белсенді араласа жөнелді. Экономикалық қуатты плебейлер тобының саяси билікке қол жеткізу максатындағы күресі Римдегі рулық-тайпалық кұрылымды ыдыратуды көтермеледі, мемлекеттілік қалыптастырудың козғаушы күші ролін атқарды.

Герман мемлекетінің пайда болу жолы да өзгеше. Греция мен Римдегі табиғи жағдайлар патриархалды кұрылымды жоюға ықпал етсе, осы табиғи жағдайлар Германияда белгілі бір кезеңге дейін өндіргіш күштердің рулық коғам жағдайында да дамуына мүмкіндік берді. Құл иеленудің аталмыш мемлекеттердегі сипаты Франк мемлекеттері үшін экономикалық жағынан тиімсіз болды. Сондықтан да, кедейленген ру мүшелері құлдыққа емес, байларға барыныштылыққа ауысты. Бұл шаруашылық жүргізудің ұжымдық нысанының ұзақ мерзімге сақталып калуына ықпал етті. Әскери кажеттілік, жартылай көшпенді жер өндеу қоғамдық-шаруашылық ұйымының ұжымдық нысанын сақтап қалуга әсерін тигізді. Бұндағы мүліктік теңсіздік және әлеуметтік жіктелу протофеодалдық қоғамның қалыптасуына әкелді. Екінші жағынан, франктердің Рим империясының қомақты аумағын варварлық жаулап алуы рулық қоғамның оларға үстемдік ете алмайтындығын көрсетті. Мемлекет қалыптастырудың объективті алғы шарттары қалыптасты. Соңғы қарастырылған мемлекет қалыптастырудың үш нысаны туралы Ф.Энгельстің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» атты еңбегінен толығырак мағлұмат алуға болады.

6. Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ішкі дамуымен тығыз байланыстағы құбылыс болғандықтан, ондағы заң, философия және саясаттану ғылымдарының өмір сүру барысында әр түрлі теориялар пайда болған. Сонда да болса мемлекет пен құқық табиғатын, олардың пайда болу себептері мен бастаулары туралы тартыстар әлі де болса жалғасын табуда. Осы сұрақтар төңірегінде адамдар ерте кезден бастап ойлана бастаған. Осындай теориялардың көптігін олардың ізін салушылардың өмір сүрген тарихи жағдайларының ерекшелігімен және өздерінің ұстанған идеологиялық және философиялық бағыттарының әр түрлілігімен түсіндіруге болады.

Діни (теологиялық) теорияның негізін салушылар Августин (354-430жж.) мен Фома Аквинский (1225-1274жж.) болды. Олар дүниені, ондағы барлық жан-жануарларды, адамдарды, өсімдіктер әлемін құдай жараткан, өмірдегі барлық құбылыстар құдайдың құдіретімен пайда болады деп түсіндіреді. Мемлекет - тәңір еркінің жемісі, сондықтан да мемлекеттік билік мәңгі және мызғымас, ол діни ұйымдар мен қайраткерлерге бағынышты.Мемлекет басшысы құдайдың жердегі оң қолы. Әрбір адам мемлекет басшысына бағынуға міндетті. Адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теңсіздік құдай еркімен анықталған, сондықтан оған мойын сұну қажет. Бұндай көзқарастар өз заманында мемлекеттік билікті белгілі бір адамдардың қолында ұстап тұрудың алғы шартын жасағаны түсінікті. Теорияның жағымсыз жақтарын атайтын болсақ, оның мемлекет нысанын жетілдіруге кері әсерін тигізгені белгілі. Сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық және өзге де қатынастардың мемлекетке ыкпалының маңьізын төмендеткен.

Патриархалдық теорияның негізін салушылар ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д 384-322жж.), Михайловский( 1842-1904 жж.) және Фильмер ілімдері бойынша мемлекет тікелей отбасының пайда болу және өсіп дамуы нәтижесінде туындайтын табиғи дамудың өнімі болып табылады. Мемлекеттің құрылуының негізінде адамдардың өзара араласуына деген табиғи талпынысы жатыр. Соның нәтижесінде бірнеше отбасылардан бір ру, ал барлық рулардан мемлекет құрылады. Отбасының басшысы сияқты мемлекет басшысы - монарх болады. Сондықтан атаның билігіне қаншалықты дәрежеде бағынатын болса, мемлекет басшысының билігіне де соншалықты бағыну міндеті жүктелген.

Келісімдік теориясы ХҮП-ХҮІП ғғ. пайда болған. Өкілдері: Г.Гроций (1583-1646жж.), Дж.Локк (1632-1704жж.),Т.Гоббс (1588-1679жж.), Ш.Монтескье (1689-1755жж.), Д-Дидро (1713-1784жж.), Жан-жак Руссо (1712-1778). Бұл теория бойынша адамдар мемлекет қалыптасқанға дейін табиғи жағдайда өмір сүргендіктен, адамдар тағылық дәуірде қауіпті, келіссөз өмірден құтылу үшін өзара ымыраға келіп, шартқа отырады. Соның нәтижесінде ұйым құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады деп түсіндіреді.

Психологиялық теорияның негізгі өкілдері Г.Тард және Л.И.Петражицкий (1867-193 Іжж.)- Олар мемлекет пен құқықтық пайда болуының негізгі себептерін айнала қоршаған экономикалық, әлеуметтік және басқа саладан емес, адам психикасы, көңіл-күйінен іздейді, яғни бағыну қажеттігі, еліктеу, алғашқы қауымдық қоғам зиялыларына бағынышты болуды сезіну, анықталған әрекеттердің әділеттілігін сезіну және т.б. Олар адамдардың қоғамөмірі жағдайларында ғана емес, сондай-ақ мемлекет пен құқық құру кезінде де негізгі рольге ие болады. Әлеуметтік заңдылықтар адам әрекеті және қызметі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да адам психикасы қасиеттері осы заңдылықтардың жүзеге асырылуына өз әсерін тигізеді деп санаған. Дегенмен де, бұл әсердің шешуші ролі болмайды, екінші жағынан - адам психикасы экономикалық, әлеуметтік және т.б. сырткы жағдайлардың әсерінен калыптасатындықтан осы жағдайлар бірінші кезекте есепке алынуы тиіс.

Органикалық теорияның негізін салушылар ежелгі грек философы Платон мен ағылшынның ғалым-философы Г.Спенсер (1820-1903жж.). Осы теория бойынша мемлекет адам организмімен, ал мемлекет заңдары - адам психикасы процесстерімен теңестіріледі. Осы теорияға сәйкес адамзат жануарлар әлемінің төменнен жоғарыға өрлеуінің нәтижесінде пайда болады. Ары қарай даму адамдардың табиғи сұрыпталу, көршілермен соғыстар процессінде біртұтас ағзаға - мемлекетке бірігуіне әкеледі. Ондағы үкімет ми кызметін атқарып барлық ағзаны құқық - ми импульстары арқылы басқарады. Төменгі таптар ішкі қызметтерді, өмірлік кызметті қамтамасыз етуді, ал үстем таптар сырткы қызметтерді - корғану, басып алу жүзеге асырады. Бұл теорияның мәнін бағаласақ, барлық тірі әлем әртүрлі сана, өмір сүру денгейінде болғандықтан, әрқайсысынын даму деңгейі өзіне тән заңдармен анықталады. Сондықтан да жануарлар әлемін физика және химия заңдарымен түсіндіру мүмкін болмайтындығындай, адамзат коғамының дамуына да биологиялық заңдарды тарату мүмкін емес.

Күштеу теориясы батыста көп тараған теориялардың біреуі. Бұл теорияның көрнекті өкілдері неміс философы және экономигі Е.Дюринг(1833-1821), ЛГумплович (1838-1909), К.Каутский (1854-1939) және тағы басқалар. Осы теория мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізгі себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы және таптардың пайда болуында емес, бір тайпалардың басқаларды жаулап алуы, күш көрсетуінде деп уағыздайды. Күштеу теориясының ұзақка созылған тарихы бар. Оның бастаулары ежелдегі сопылардың алғашқы және кейінгі ұрпактарының шығармаларында кездеседі. Осы теория өкілдерінің ілімдерінде мемлекет тек күштілердің мүддесіне арналған мекеме, ал құқық - қоғамның бір топтарының екіншілерді жаншу құралы деп қарастырылады. Жаулап алған тайпаларды басқару үшін мемлекеттік аппарат құрылып, кажетті заңдарқабылдаған. Сонымен, мемлекеттің пайда болуы әлсіздердің күштілерге бағыныштылық заңдылығын жүзеге асыру деп қарастырылады. Осы теория өкілдері өз уағыздарында ежелгі герман, венгр тағы басқа мемлекеттердің бір халықтарды екіншілерінің жаулап алуы нәтижесінде құрылу тарихына сүйенеді. Бұл теорияны бағалайтын болсақ, мемяекеттің пайда болуы үшін қоғамның мемлекеттік аппарат ұстай алатындай экономикалық даму деңгейі кажет. Осьндай деңгейге жетпей, ешқандай жаулап алушылықтар мемлекеттің пайда болуына әкелмейді. Ал мемлекет жаулап алу нәтижесінде пайда болуы үшін, сол кезеңде герман, венгр мемлекеттеріндегідей ішкі жағдайлар пісіп-жетілуі керек.

Тарихи материалистік теорияның ізін салушылар К. Маркс, Ф. Энгельс, Морган. Олар мемлекет пен құқықтың пайда болуын әлеуметтік-экономикалық себептермен түсіндіреді. Яғни, қоғамдық еңбектің бөлінуі, артық өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның карама-қарсы таптарға бөлінуі, кайшылық күресінің басталуы. Бұл теорияның мағынасы бойынша мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстың табиғи жолмен дамуының нәтижесінде пайда болады. Бастапқы орынға экономикалық фактор қойылады, ол қоғамның әлеуметтік жаңаруының негізі деп саналады. Бұл теория екі бағытқа бөлінеді: 1. Басты орында таптардың пайда болуын және олардың арасындағы қақтығыстарды негіздейді. 2. Мемлекет экономикалық дамудың нәтижесінде немесе қоғамның өндірістік және бөлуші аймақтары күрделене түскенде пайда болады деп санайды. Бұның барысында баскаруды жетілдіруді, яғни мемлекетті қалыптастыруды қажет етеді. Мемлекет қоғамнын көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген ұйым. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективті факторлар құрастырады: биологиялық, психологияық, эконбмикалық, әлеуметтік. діни, ұлттык т.б. құбылыстар. Мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін - тарихи материалистік теория.

Мемлекет мәні - оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жагына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.

Мемлекет жоғарыда карастырылғандай, экономиканың дамуы белгілі бір деңгейге жеткенде, ғасырлар бойы қалыптасқан коғамдық өнімді тендей бөлісу жүйесінің объективті тиімсіздігі аныкталғанда және қоғамды әрі қарай жетілдіру үшін басқарумен айналысатын белгілі бір үстем топты ажырату қажеттігі қалыптасқанда • пайда болғандығы белгілі. Бұл топ «шығыстық» қоғамда саяси аймақты басқаруға машықтанса, Европада саяси және экономикалық аймақтарды басқарумен айналысқан. Бұл қоғамның әлеуметтік жіктелуіне әкеліп соқты, бұрындарда қоғамның барлық мүшелеріне тән болған билік саяси сипатқа ауыса бастады, басым түрде үстем тұрған топтың, таптың мүддесін жүзеге асыра бастады. Алайда. әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуы объекгивті түрде прогрессивті сипатқа ие болды: әлі де болса төмен еңбек өнімділігі жағдайында күнделікті ауыр күймен тірліктен босауына мүмкіндік жасалынды. Бұл әлеуметтік басқарудың жақсаруына ғана әкеліп койған жок, сонымен қатар ғылым мен өнердің дамуына, қоғамның экономикалық және әскери қуаттылығының артуына негіз болды. Сонымен, мемлекеттің пайда болуы көпшілік билігі сипатының өзгеруімен, оның саяси билікке ауысуымен байланысты. Саяси билік, алғашқы қауымдық коғамдағы әлеуметтік билікке қарағанда, қоғамның үстем тобының мүддесін іске асырады. Сондықтан да таптық көзқарас саяси биліктің сипатын талдау барысында, оның мәнін аныктауда ерекше орынға ие болады.

Дегенмен де мемлекетгік биліктің сипаты барлық уақытта бірдей болмайтындығы да белгілі. Құл иеленуші және феодалдық коғамдардағы әлеуметтік теңсіздік және мемлекеттік биліктің таптык (әулеттік) тиесілігі дау туғызбаса, буржуазиялық мемлекеттердегі билік сипатын анықтау біраз қиындық туғызатындығы анық. Ерте буржуазиялық қоғамда әртүрлі декларациялар мен конституцияларда барлық адамдардын заң алдындағы теңдігі, тең құқықтарға ие екендігі формалды түрде бекітілсе де, заңдар адамдардың сайлау құқығын мүліктік, білімділік және өзге де негіздермен (өлшемдер) шектеп отырғандығы. яғни биліктің экономикалық үстем тап -бүржуазияға тиесілігін қаматамасыз етіп отырғандығы белгілі. Ал, шығыстықмемлекеттерде билік бюрократиялық шенеуніктік аппараттың колында болғандығы аян. Бұнда да билік қоғамның барлық мүшелерінің мүддесін емес, билік басындағы тиісті әлеуметтік топтың мүддесін көздейді. Көп жағдайларда әлеуметтік топтар таптарға айналады. Ол екі түрлі фактормен анықталады: І.Қоғамдық өнімді бөлісу жүйесінде өзіндік орынға ие болады, оның маңызды бөлігін өзіне иемдене алады. 2.Өндіріс күралдарына ерекше қатынасымен сипатталады, шындығында оның шынайы кожасына айналады, сол арқылы өндірушілердің өзін формалды түрде олардың басы бос, меншік иесі деп танылған күннің өзінде «ұжымдық құлдықта» ұстайды.

Сонымен таптық қөзқарастың мемлекеттің маңызды ерекшеліктерін, ондағы әлеуметтік қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік беретіндігіне көз жеткіздік. Дегенмен де, мемлекеттік биліктің таптык сипатын тағайындау мемлекет мәнін толық анықтауды біддірмейді. Сондықтан да, әрбір мемлекеттің атқаратын жалпы әлеуметтік мәселелеріне де назар аудару қажет. Қоғам әрқашанда біртұтас екендігін естен шығармауымыз керек. Сол себепті, әрбір мемлекет коғам бірлесуінің құралы. жақындасуының тәсілі де болып табылады. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік ролі де оның мәндік ерекшелігі бола отырып, мемлекет мәнінің екінші жағын сипаттайды. Мемлекетте үстем таптың еркі мен жалпы қоғам мүддесі ұштасып жатады. Мемлекет мәнінің көрсетілген жақтарының арақатынасы әртүрлі тарихи кезеңдерде әртүрлі дәрежеде болады. Олардың біреуінің басым түсуі екіншісінің әлсіреуіне әкеліп соғады. Мемлекет әрекетінің жалпы әлеуметтік жағының маңызы коғам құл иеленушіліктен феодалдыққа, феодализмнен капитализмге ауысқан сайын, одан әлеуметтік мемлекетке қадам басканда бірте-бірте ұлғая түседі. Қазіргі кезеңдегі батыстық қоғамда мемлекет мәнінің жалпы әлеуметтік сипаты басым түрде орын алып отырғандығын атап өтуге болады. Әртүрлі әлеуметтік бағдармалардың кең түрде таралуы, еңбек жағдайын мемлекеттік реттеу, кәсіпқойлыққа салынатын салықтардың жоғарғы деңгейі мемлекеттің әлеуметтік сипатын анықтай түседі, оның қоғам мүшелеріне бет бұрғандығын дәлелдейді. Бұл коғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етеді де, есесіне мемлекеттің таптық сипатының ролі төмендейді.

Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптык және жалпы әлеуметтік көзкараспен катар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттык және нәсілдік көзқарастары да танылған. Баскаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.

2. Қазіргі кезеңде калыптасқан мемлекет теорияларын шартты түрде төрт топқа бөлуге болады: мемлекет мәні туралы, оның максаты мен міндеті туралы, әрекетінің кұралдары мен әдістері туралы, әрі карай даму жолдары мен болашағы туралы теориялар. Қоғамдық құбылыстарды осыған дейін бір өзі ғана шексіз үстемдік құрған маркстік-лениндік теорияның көлемінде карастырудың жеткіліксіздігі танылып отырған кезеңде мемлекет мәнін аныктайтын өзге де теорияларға токталудың маңызы ерекше.

Элита теориясы. Бұл теория XX ғасырдың басында В.Парето, Г.Моски еңбектерінде калыптасты да, ғасырдың ортасында Х.Лассуэл, Д.Сартори, Т.Дай еңбектерінде жалғасын тапты. Оның мәні бұкара халық мемлекетті басқаруға қабілетсіз, басқару коғамның жоғары тұрған бөлігімен, оның элитасымен жүзеге асырылады дегенге саяды. Элита әр түрлі касиеттерге: шығу тегіне, білімділігіне, тәжірибесіне, қабілеттілігіне байланысты калыптасады. Әрі ол бұқара халықтың барынша қабілетті өкілдерімен толығып отырады. Бұл теорияның қазіргі кездегі жактаушылары коғамда билік үшін өзара таласта болатын бірнеше элита болады деп санайды, халық сайлау құқығы арқылы олардың арасындағы бәсекелестікті реттеп отырады деп есептейді. Аталған теориясының кем соғар тұстарымен қатар (халықтың биліктен шеттетілуі, биліктің таптық сипатын жоққа шығару), жағымды жақтары да бар. Билікті жүзеге асыру қай заманда болмасын адамдардың белгілі бір аз ғана тобымен жүргізілетіндігі аян. Маңыздысы халық қалаулылары мен өкілдерінің халықтың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауы болып табылады.

Технократиялық теория. Бұл теория біздің ғасырымыздың 20-шы жылдары пайда болып, 60-70-ші жылдарда барынша кең тарала бастады. Оның жактаушыларының қатарында Т.Веблен, Д.Барнхейм, Г.Саймон, Д.Беллді атауға болады. Бұл элита теориясының қазіргі замандағы интерпретациясы десек жаңылмаймыз. Технократиялық теория өкілдерінің көзқарасы бойынша, қоғамды басқару арнаулы мамандардың - менеджерлердің үлесіне тиюі қажет. Олар қоғамның шынайы қажеттіліктерін, оның дамуының тиімді жолдарын, кажетті құралдарын анықтауға қабілетті. Соның нәтижеснде басқару ғылыми негізде жүзеге асырылады да, қоғамның прогрессивті дамуын қамтамасыз етеді.

Плюралистік демократия теориясы. XX ғасырда өмірге келген бұл теорияның өкілдері ретінде Г.Ласки, М.Дюверже, Р.Дарендорф, Р.Дальді атауға болады. Бұл теориянын негізгі ойы - қазіргі қоғамда таптар жойылған, сондықтан биліктің таптық сипаты да тарихи аренадан кеткен дегенді білдіреді. Қоғам адамдардың әлеуметтік бірлестіктерінің жиынтығын (страт) көрсетеді. Страттар әр түрлі белгілерге: жасына, кәсібіне, тұрғылықты жеріне, кызығушылықтарына байланысты калыптасады. Әрбір адам әртүрлі страттарға мүше болады да, олардың негізінде мемлекет органдарына ықпал ететін және сол арқылы мемлекеттік саясатты бағыттап отыратын саяси және қоғамдық ұйымдар қальптасады. Сөйтіп, әрбір адам, әрбір бірлестік мемлекеттік биліктің бір бөлігін иемденеді, мемлекетті басқаруға катысады. Мемлекет бүкіл қоғамның мүддесінің, жалпы еріктің көрінісі болып табылады. Бұл теорияның жағымды жағы шынайы демократиялық сипатында, барлық азаматтарды мемлекеттік баскару ісіне қатыстыруды негіздеуінде болып табылады.