Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Камтамасыздандыру.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
180.27 Кб
Скачать

XDsl Технологиялар:

xDSL технологиялары қарапайым телефон желісінің абоненттік желісінің аналогтықтан сандыққа айналуына негізделеді. (Digital Subscriber Line — сандық абоненттік желі).

ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) – ассиметриялық технология, абоненттік жылдамдығы  (downstream) 6,1 Мбит/с дейін, абоненттен — 16–640 Кбит/с. Жылдамдық абоненттік желі ұзындығына және оның сапасына байланысты.

UADSL технологиясы (Universal ADSL), яғни  DSL Lite, — кішкене жылдамдықтағы ADSL-дің жақсартылған нұсқасы  (желі ұзындығы 3,5 км дейін болса — жылдамдық 1,5 Мбит/с және 384 Кбит/с түрлі бағыттарда; при желі ұзындығы 5,5 км — 640 және 196 Кбит/с). Құрылғылар оңай орнатылады және салыстырмалы түрде қымбат емес.

RADSL (Rate Adaptive Digital Subscriber Line) — желі (линия)  сапасына тәуелді деректерді беру жылдамдығы адаптивті өзгерісті технология.  

HDSL (High Data-Rate Digital Subscriber Line) — жоғары жылдамдықты технология, 1,536 немесе 2,048 Мбит/с жылдамдықпен қамтамасыз етеді. Желі ұзындығы —  3,7 км дейін, төрт сымды желіні талап етеді.

SDSL (Single-Line Digital Subscriber Line) — симметриялы жоғары жылдамдықты (1,536 немесе  2,048 Мбит/с) технология, екі сымды желі, з км-ге дейін.

VDSL (Very High Data-Rate Digital Subscriber Line) — өте жоғары жылдамдықты (56 Мбит/с дейін), симметричная технология. Қашықтық —1,5 км. Дейін. Технология айтарлықтай қымбат, бірақ желіні коллективті түрде қолдануға арналған.

Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған бағдарламалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Бағдарламалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері – желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған бағдарламалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбала р– желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы бағдарламалық кешендер (пошталық бағдарламалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.).

Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:

- жұмыс станциялары;

- желі серверлері;

- қатынастық тораптар.

   Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net - желі,  work - жұмыс)   берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі      немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында   бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы.

    Желіге қойылатын талаптар:

  1.  Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы; 

  2.  Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы; 

  3.  Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы; 

  4.  Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы; 

  5.  Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс. 

    Желілер мынадай қасиеттеріне қарай жіктеледі:

  1.  географиялық қамтылу аймағына қарай;

  2.  өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты;

  3.  топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;

  4.  басқарылуына байланысты.

Географиялық қамтылу аймағына қарай желілер мынадай топтарға бөлінеді:

  1.  Жергілікті (локальный-Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұр-ған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютер-лер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін). 

  2.  Ауқымды, ғаламдық (глобальные-Wide Area Network, WAN) – бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі. 

  3.  Аймақтық, интранет (региональный -Metropolitan Area Network MAN) – бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір компанияға, фирмаға не министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

Өндірістік бөлімдер көлеміне (масштабына) байланысты желілер:

  1.  бөлімдер желісі;

  2.   кампустар желісі;

  3.   корпоративтік желілер     тәрізді топтарға бөлінеді 

Топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай желілердің жіктелуі:

Әр топологияның өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар:

Толық байланысты топология ең қымбаты, бірақ ең сенімді жұмыс істейтін топология, оның бір байланыс арнасы істен шыққанмен, мәлімет басқа арналық жолдармен жеткізіле береді.

Шиналық топология – ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы бағдарламалық жабдықтама жасалуы керек.

Сақина тәрізді топология да қарапайым желі түрі, мұнда информация бір бағытта ғана айна-лыста болады және әрбір компьютер мәліметті қабылдап алып ары қарай жөнелтіп отырады. Желінің компьютерлер арасындағы бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмыс істей алмай қалады.

Басқару тәсіліне қарай желілер былай жіктеледі:

  1.  БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІ,  МҰНДА БІР КОМПЬЮТЕР-СЕРВЕР  ЖЕЛІ  ЖҰМЫСЫН  БАСҚАРАДЫ. Сервер – арнайы бағдарламалық жабдықтама орналасқан дискілерінің көлемі үлкен, әрі қуатты компьютер. Желідегі басқа қарапайым компьютерлер жұмыс станциялары деп аталады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады.

  2.  БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ  (БІР РАНГІЛІ) – МҰНДА ЖЕЛІНІ БАСҚАРУДА БАРЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛЕР ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ. Басқаша айтсақ, кез келген машина мәлімет алмасу үшін  бір-бірімен сәйкес келетін бағдарламалармен  жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады.

Бір орталықтан басқарылатын жергілікті компьютер желісі

(шиналық топология) :

Мұнан әрбір компьютердің (жұмыс станцияларының) тек сервер арқылы ортақ принтерді пайдаланып, ортақ дискідегі мәліметтерге қол жеткізіп, басқа желілермен байланыса алатынын көреміз.

Желілік технология – компьютерлік желі құруға қажетті стандартты протоколдар мен солардың жұмысын жүзеге асыратын бағдарламалық-аппараттық құралдар жиыны.

Протоколдар (хаттамалар) – мәлімет тасымал-даудың алдын ала бекітілген заңдылықтары мен ережелері жиыны, яғни мәлімет беру/алу кезінде екі компьютер арасында тағайындалған келісімдер жиыны.

Желілік технологиялардың кең тараған түрлері:

  1.  Arcnet (Attached ResourceComputer NETWork); 

  2.  Ethernet; 

  3.   Token Ring. 

Arcnet – арзан, қарапайым сенімді жұмыс істей-тін технология. Мұнда “шина” және “жұлдыз” топологиялары қолданылады. Мұнда маркерлік шина (Token bus) арқылы басқару тәсілі қолда-нылады, яғни бір компьютер маркер жібереді. Сол маркер алынған соң, желідегі құрылғылар-дың тек біреуі ғана мәлімет  жібере алады. Ол маркерге өз мәліметін және адрестерін қосып ары қарай жөнелтеді.

Бұл технология бойынша мәлімет тасымалдау жылдамдығы – 2,44 Мегабит/сек, тасымалдау үшін коаксиальды кабель, есілген қоссым, оптоталшықты кабельдердің бірі пайдаланыла береді.

Бұл технологияның өз желілік адаптері болады. Адаптердің кабель қосылатын разъемы – ажыра-тып/қосқышы бар. Әрбір адаптердің осы желіге арналған өзіндік нөмірі (0-255) болады.Адаптер орнатылғанда сол нөмірді де сәйкестендіріп қою керек. Мәлімет беру қашықтығы 6 км, бірақ жылдамдығы төмен (2,44 мбит/с).

Ethernet технологиясында шиналық топология-ны қолданып, мәліметті бірден барлық желі компьютерлеріне (станцияларына) береді. Бірақ оны адресіне сәйкес тек біреуі ғана қабылдайды. Бұл технология желіге компьютерлерді біріктіріп тұратын концентраторларды және интерфейстік желі тақшасын керек етеді, олар бірігіп орнала-сады. Көбінесе арнайы кабельдер және телефон арналары қолданылады. Мәлімет тасу жылдам-дығы 10 мегабит/c, бірақ жаңа мүмкіншіліктер пайда болуына байланысты (оптоталшық)  жыл-дамдығын өсіруге болады.

Token Ring технологиясын IBM фирмасы ұсынған. Мәлімет тасу орталығы – есілген қоссым және оптоталшықты кабель. Мәлімет тасу жылдамдығы – 4 Мбит/с және 16 Мбит/с. Мәлімет тасымалдауда маркерлі сақина қолданылады. Топологиясы - сақиналы не жұлдыз. Мәлімет тасу қашықтығы -  120 м (бір ғимаратта).

Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар

  1.  Байланыс арналары мен интерфейстер 

  2.  Желілік карта (Сетевая карта)

  3.  Трансивер (transceiver)

  4.  Қайталауыш (Repeater)

  5.  Концентратор (Hub)

  6.  Көпір (Мост-Bridge)

  7.  Коммутатор (Switch)

  8.  Маршрутизатор (Router)

Байланыс арналары