Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды жмыс1.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
117.79 Кб
Скачать

Жалған кәсіпкерліктің субьективті жағы

Қылмыстың субьективтік жағы дегеніміз – адмамның өзі жасаған іс – әрекетіне және оның зардаптарбына психикалық қатысы.

Қазіргі таңдағы оқулықтардың көбінде субьекивті жақты толық көрсететін әліметтер тым аз. Қазақ тіліндегі мәліметтерді айтпасақ та болады. Заң ғылымдарының ғалымдары көбіне тек қана кінәнің формасымен ғана шектеліп қояде немесе жалпы жағдайларды ғана жазып қояды да нақты осы қылмыс құрамының субьективті жағын көрсетуге келгенде санаулы ғана ғалымдар еңбек жазады.

Біздің ойымызша қылмыстың субьективтік жағының барша белгілерін толыққанды түсіну үшін және кінәнің белгілерін толық түсіну үшін қылмыстық құқық теориясындағы алуан көзқарастарды салыстыра кеткеніміз жөн болар деп есептейміз.

Жалпы алғанда заң ғылымдарында еңбек етіп жүрген ғалымдардың көпшілігі жалған кәсіпкерлік қасақана кінәмен жасалынады деп есептейді. қасақаналықпен жасалынады деп есептейтін ғалымдардың өздерінің ойлары екіге бөлінеді. Бір тарап жалған кәсіпкерлік тек қана тікелей қасақаналық ниетпен жасалынады деп есептесе [17,160], ал келесі тараптағы ғалымдар болса, жалған кәсіпкерлік тікелей қасақаналық кінәмен қатар жанама қасақаналық кінәмен де жасалынуы мүмкін деген секіді көзқарастарды білдіріп өткен [101].

Бірінші тараптағы ғаымдарыдың қатарына Н.А. Лопашенко жатады. Оның пайымдауы бойынша қылмыстың субьективті жағы тек қана қасақаналықпен сипатталынады. айыпкер кәсіапкерлік қызметпен айналысу ниетінсіз комерциялық ұйымды құрып жатқанын түсіне біледі, азаматтарға, ұйымдарға , мемлекетке ірі зардап келеуі және келмей қойматынын сезінеді және солай болуын қалайды деген секілді пікірді білдіріп өтті [17. Б. 176]. Бұл пікір қазіргі аңда пікірталасқа толы болып қала беруде. Егер бұл пікірмен келісер болсақ ҚР ҚК-нің 215-бабы (Жалған кәсіпкерік) бойынша айыпкер азаматтарға, мемлекетке, ұйымға жоспарлы түрде, тікелей қасақаналықпен зардап келтіруді көздесе бұл пікірді дұрыс деп есептеуге болар еді. Бірақ осы арада мынандай түсініспеушілік орын алады. Айыпкер жоғарыда аталған қылмысқа ірі зардап келтіру үшін емес, салықтан босатылу немесе кредит алу мақсатында барады.

Осы ұстанымның тағы бір кемшіл тарапы жалған заңды тұлғаны құрған құрылтайшы заңға қайшы әрекетінен соң қандай «пайда» алатынын көре білмейді. Бұл жағдайда заңды қолданушы тарапынан айыпкердің ірі зардап кетіруді жоспарлағанын анықтауына тура келеді. Бұл жерде субьекті жанама қасақаналықпен жасады десек қателеспеген болар едік. Айыпкер өз әрекетінен соң ірі зардар келуі мүмкін екенін көре біледі. Зардаптың болуын қаламаса да соған саналы түрде жол береді, немесе көңіл бөлмейді.

Біздің ойымызша осы мәселеге байланысты Алиев Р.М. өте мағыналы және қызықты ой жазып қалдырғанын байқауға болады. Оның пайымдауынша жалған кәсіпкерліктің субьективтік жағы қасақаналықпен сипатталынады. Қасақаналық тікелей немесе жанамалықпен де жасалынуы әбден мүмкін. айыпкер жалған комерциялық ұйымды құрып жатқанын түсіне біледі, азаматтарға, ұйымдарға , мемлекеттке ірі зардап келуі мүмкін екенін біледі және сол зардаптың болуын қалайды немесе сол зардаптың болуына саналы түрде жол береді немесе зардаптың болуына ешқандай көңіл бөлмейді деген секілді ойды қалдырып кеткен [162. Б. 33]

Біздің ойымызша осы тақырыпқа байланысты өзгеше ойды жазып қалдырған авторлардың ойларын мысал ретінде келтірсек әділетті болады деп ойлаймыз.

Осы тақырып бойынша қызықты ойы Ю.П. Кравец жазып қалдырған. Оның пайымдауы бойынша диспозициядаға әрекеттер бойынша тікелей қасақаналықпен жасалынады, ал келген зардаптарға байланысты абайсыздықпен сипатталынады, сонымен қатар арнайы мақсатпен де боуы мүмкін деген секілді ойды бідіріп өткен [140. Б. 94]

ҚР АК-де былай жазылған «Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады» ,- деп жазылған. Осы арада абйсыздық және заңды кәсіпкерлікьің белгілері тәуекел етуі мен жауапкершілігінің арақатынасын қарастыруға тура келеді. Бұндай қызметпен айналысу барысында абайсыздыққа орын жоқ де есептейміз. Кәсіпкерлік – бұл тәуекел. Кәсіпкер дегеніміз бірінші кезекте барлық жасайтын барша іс –әрекетін көре білуі, есепке алуы керек. Тауарды өндіруге , шығаруға байланысты бірінші кезекте жоспарын жасап алуы керек. Біздің ойымызша абайсызда деген ұстанымның бұл арада мүлдем қатысы жоқ.

Жоғарыдағы көзқарастардың негізінде жалған кәсіпкерліктің субьективті жағын тікелей қасақаналықпен қатар жанама қасақаналықпен сипаттайтын Р.М. Алиев, В.П. Верина, Б.В. Волженкина секілді авторлардың ойымен келіскенді жөн санамыз . Біздің пайымдауымызша айыпкер жалған кәсіпкерлікті жасау барысында жалған заңды тұлға құрып жатқанын ұғына біледі, зардаптың болмай қоймайтынын көре біледі, сол зардаптың болуын қалайды ненмесе қаламаса да соған саналы түрде, түйсіне отырып жол береді, немесе болуы мүмкін зардапқа көңіл аудармайды.

Қазақстан Республикасының Қымыстық заңнамасы қылмыстың субьективті белгісі ретінде кінәмен қатар ниет пен мақсатты да қарастырады. Біздің білуіміз бойынша кінә қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Егер кінә болмаса қылмыс құрамы да жоқ деген сөз. Ал ниет пен мақсаттың кінәдән айырмашылығы бұл белгілер кей қылмыс құрамы үшін міндетті болса ал кейбір қылмыс құрамы үшін факультативті болып табылады. Ал біз қарастырып отырған қылмыс бойынша жоғарыда аталған белгілердің кез – келгені міндетті болып табылады.

Тағы бір айта кететін жайыт жоғарыда аталған субьекетивті тараптың белгілері болып табылатын ниет пен мақсат отандық заң ғылымдрында дерлік қарастырылмаған.

Р.М. Алиев былай дейді кез-келген зат қымыстың ниеті болуы мүмкін , бірақ көп жағдайларда қылмыстар пайдакүнемдік ниетпен жасалынатыны жайлы айтып кеткен [162. Б. 33]

Жалған кәсіпкерліктің субьективті жағын сипаттайтын негізгі элементтердің бірі ретінде заңда көрсетілген, қылмыс жасау барысында айыпкердің санасында болатын арнайы белгіледің болуын айтамыз. 215-баптың диспозициясында келтірілген арнайы белгілеррді Н.А. Лопашенконың берген тізімі бойынша келтірсек анығырақ шығады деп есептейміз.

« Тұлға мына мақсаттарды көздеуі мүмкін:

  1. кредит алу;

  2. салықтан босатылу;

  3. өзге де мүліктік пайда алу;

  4. тыйым салынған қызметті жасыру. Тұлғаның әрекеттерінде бір уақытта бірнеше мақсат болуы мүмкін. Заң айыпкер өз алдына қойылған ниетіне жетуін көздемейді» [17. Б.176]

Жоғарыда жазылған мақсаттардың біріншісіне тоқталар болсақ банк мекемесінен шарт негізінде кредит алу мақсатвнда жалған кәсіпкерлік субьектісін құру. Негізінен тәжірибеде өзге жалған кәсіпкерліктің мақсаттарына қарағанда осы кредит алу, жеңілдік алу мақсатында кәсіпкерлік субьектісін құру фактісі көптеп кездеседі екен. Мысалыға мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдауға әртүрлі кәсіпорындарға берілетін кредиттік жеңілдік саласы жалған кәсіпкерліктің өршуіне әсерін тигізуде деуге болады.

Екінші мақсатқа болса белгілі бір кәсіпкерлік ұйымын құрған кезде салықтан босатылу себеп болуы мүмкін. қазіргі таңдағы мемлекеттік заңнамаға сәйкес осы коммерциялық ұйымды құру барысында бклгілі бір салық түрінен азат етіледі. Мысалы: белгілі шаруашылық ұйымы пайда табу мақсатымен кішігірім кәсіпорындарды құрады, бірақ шындығына келгенде ол кәсіпорндарда ешқаандай шаруашылық қызметтері жүзеге асырылмайды. Істелген жұмыстар тек қана бухгальтерлік құжатарда ғана көрсетіліп қояды. Осылайша мемлекетке ірі залал келеді.

Ал үшінші жағдайда яғни өзге де мүліктік пайда алу мақсатында кәсіпкерлік ұйымын құру әрекетімен сипаттаынады, оның атынан қандай да бір операциялар жасалынады. Осы ұйымды құру арқылы салықтан босату, кредит беру,салымшылар тарапынан ауқымды ақша тару мүмкіндіктеріне ие болады. Осыған байланысты мысал келтіре кетсек. РГП басшылары соңғы екі жыл көлемі аралығында тендер жүргізбей 5 милиярд теңгеге татитын мыңға жуық шарттар жасаған. Бқл жағдайда мемлекетке қанша ынңдағын ақша зардап келіп отырғаннан кейін қымыс жалған кәсіпкерлік ретінде сараланады.

Ал тыйым салынған қызметті жасыру барысында қымыстық заңмен тыйым салынған келісімдерді, әрекеттерді, өздері құрған ұйым атыгаг жүзеге асыру мақсаты тұрады. Мысалы ретінде экономикалық контрабанда қылмысын жасыру мақсатында заңды кәсіпкерлік субьектісін құру.

Жоғарыда аталған төрт мақсаттың бірі болмаса онда жалған кәсіпкерліктің қылмыс құрамы бұл жерде жоқ болып есептелінеді. Себебі жоғарыда атап кеткеніміздей жалған кәсіпкерліктің құрамын сипаттау барысында мақсат міндетті түрде болуы керек.

Жоғарыдағы мәліметтермен таныса отырып мынандай қорытынды шығаруға болады.

  1. Жалған кәсіпкерліктің субьективті жағы тікелей және жанама қасақаналақ кінәмен сипаптталынады. айыпкер жалған кәсіпкерлікті жасау барысында жалған заңды тұлға құрып жатқанын ұғына біледі, зардаптың болмай қоймайтынын көре біледі, сол зардаптың болуын қалайды ненмесе қаламаса да соған саналы түрде, түйсіне отырып жол береді, немесе болуы мүмкін зардапқа көңіл аудармайды.

  2. Аталған қоғамға қауіпті әрекет пайдакүнемдік ниетпенен жасалынады

  3. 215-бапқа әйкес жалған кәсіпкерліктің мақсатының төрт белгісі бар, олар: кредит алу, салықтан босатылу, өзге де мүліктік пайда алу, тыйым салынған қызметті жасыру секілді мақсатың белгілерімен сипатталынады.

Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әпекеттер жасаудың обьективтік және субьективтік белгілері

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі қабылданған жаңа Қылмыстық кодексі 1997 жылғы Қылмыстық кодекске қарағанда біршама ауқымды және кең мағынаны қамтитыны көрініп тұр. Себебі жаңа кодексте бұрын қылмыстық жаза қарастырылмаған бірнеше жаңа қылмыстар енгізілген. Алғашқы қабылданған ........

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың обьективтік белгілері

ҚР ҚК-нің 364-бабында орналасқан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың қоғамға қауіптілігі сонда, мемлекеттік билік өкілдерінің абыройына айтарлықтай зиян келтіруінде болып отыр. Мемлекеттік функцияларды басқаруға уәкілеттік берілген адам сонымен қатар осы кәсіпкерлік қызметпен айналысу арқылы өз жұмысына деген салқынқандылықтың кесірінен мемлекет жұмысының сапасының нашарлауына алып келеді. Сонымен қатар уәкілетті адам өз уәкілеттілігін пайдалана отырып кәсіпкерлік саласына да айтарлықтай зардап келтіреді. Бұл қылмысты жасай отырып уәкілетті адам ҚР АК-нің 10-бабының 2-тармағындағы «Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi» деген жағдайға қарсы шығады.

Жоғарыда «тектік обьектіге болса қылмыстық заңмен қорғалатын белгілі бір қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ғана қарастырылады. Жалпы обьектіден айырмашылығы, тектік обьекті жалпылама , кең ауқымда қарастырмайды , белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды қарастырады.»,- деген секілді пікірді жазып қалдырған болатынбыз. Осы анықтаманың неізінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араасудың тектік обьектісі ретінде біздің пайымдауымызша мемекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар танылады.

Бұл жердегі қылмыстың тікелей обьектісін білдіруге байланысты ғылымда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мысалыға отандық ғалымдар – И.И. Рогов пен С.М. Рахметовтың пайымдауы бойынша бұл қылмыс екі обьеттіге залал келтіреді. Аталған қылмыстың тікелей обьектісі ретінде экономика саласын реттеуге байланысты қоғамдық қатынастар табылады. Ал қосымша обьекті ретінде кәсіпкерлікпен айналысу және өзге де заңмен тыйым салынған қызметтер танылады деген секілі пікірді жазып қалдыған [2. Б. 357].

Жоғарыда жазылған түсінікке келісу біраз түсініспеушіліктерді тудырады. Себебі бұл жерде екпін экономика саласына емес мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуына байланысты болғандықтан, біздіңше тікелей обьекті ретінде кәсіпкерлік қызмет саласында бекітілген қоғамдық қатынастар танылуы керек.

Ал рессейлік ғалым А. В. Наумовтың пайымдауы бойынша бұл қылмыстың тікелей обьектісі болып мемлекеттік және аумақтық қызметті функциялауға байланысты бекітілген тәртіптер мен қағидалар және олардың кәсіпкерлік қызметпен қарым қатынастары болып табылады деген секілді қызықты пікір азып қалдырған [98. Б. 642]

Жоғарыдағы екі пікірді салыстыра отырып біздің пайыдауымызша екінші берілген анықтама кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың тікелей обьектісін көрсетуде мағыналы, мәнді ой қалдырып кеткен.

Ал А. Н. Игнатовтың пайымдауы бойынша атаған қылмыстың тікелей обьектісі нақты бір мемлекеттік органның дұрыс қызмет атқаруы және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін – өзі басқару органдарының беделі болып табылатынын айтып кеткен [104. Б.770].

Бұл оймен де ішінара келісуге болады, бірақ толық емес. Себебі мемлекеттік функцияларды жүзеге асырушы уәкілетті тұлға өз әрекетімен өздері үшін тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысу арқылы бірінші кезекте белгіленген тәртіпті бұзып отыр, сосын барып мемлекеттік органның беделіне нұқсан келіп отыр. Демек бұл жерде тікелей обьекті ретінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастар танылса қосымша обьекті ретінде мемлекеттік органның өз қызметін дұрыс атқаруға байланысты қоғамдық қатынастарды тануымыз керек.

Біздің ойымызға ұқсас ойды Н. А. Бодубаев білдіріп кеткен. Оның пайымдауы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың тікелей обьектісі ретінде мемлекеттік қызметті жүзеге асыру уәкілеттілігі берілген лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар танылады деген секілді ой қалдырып кеткен [106. Б. 590].

Жоғарыдағы айтылған пікірерді сараптай отырып біздің пайымдауымызша кәсіпкерлық қызметке заңсыз араласудың тікелей обьектісі ретінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті адамдарға қатысуға тыйым салынған кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қатынастар танылады. Ал қосымша обьекті ретінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын оргындардың дұырыс қызметі мен беделі танылады.

Ал енділікті кезекте кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың обьективті жағына тоқтала кететін болсақ тағы да осы арада алғашқлардың бірі болып қымыс құрамын зерттеген А. Н. Трайниннің ойына тағы бір мәрте тоқталып өткенді жөн көрдік « қылмыс құрамында емес қылмыстағы обьект және обьективті жақты ,субьекті, субьективті жақты айыра білуіміз керек» деген секілді пікірді жазып қалдырған. Бір қарағанда бұл екеуінің арасында ешбір айырмашылық жоқ секіді болып көрінуі мүмкін. Бірақ әлеуметтік тұрғыдан қарағанда екеінің айырмашылығы жер мен көктей. « қымыстың обьективті жағы» түсінігі қылмыс құрамының обьективті жағына қарағанда әлде қайда кең мағынада екенін жоғырғы бөлімдерде жазып өттік.

Қылмыстық кодекстің 364-бабының диспозициясында былай делінген: «. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзі немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер бұл іс-әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса» деп жазып кеткен. Осы баптың диспозициясы бойынша сараптама жүргіземіз.

Отандық ғалым А. Н. Ағыбаевтің пайымдауы бойынша кісіпкерлік қызметке заңсыз араласудың обьективтік жағы келесідей әрекеттермен сипатталынады деінген « кінәлі адам өзінің атқарып отырған қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып кәсіпкерлік қызметті асыратын ұйымды құрады, не осындай ұйымға өзі немесе өз адамы арқылы басшылық етуге қатысады. Әрекеттің қайсы нысаны болмасын, кінәлі адамның оған заңмен берілген лауазымдық өкілеттіікті пайдалануы арқылы жасалынады. Ия бұл пайымдаумен келісуге болада. Бірақ бұл мәліметті жаза отырып автор бірінің үстіне бірін жағастырып жаза бергендіктен біраз түсініксіздеу болып қалған [8. Б. 365].

Ал Л. Д. Гаухман, Л. М. Колодкин, С. В. Максимов аталған қылмыстың обьективті жағын былай көрсеткен.

  1. Уәкілеттілік берілген адамның кәсіпкерлікрен айналысатын ұйымды құруы;

  2. Уәкілеттілік берілген адамның өзі немесе сенім білдірген адамы арқылы кәсіпкерлік қызметке қатысуы; [5. Б. 686]

Біздің пайымдауымызша жоғарыдағы екі пікірді салыстыра отырып, жоғарыда аталған Л. Д. Гаухман, Л. М. Колодкин, С. В. Максимовтердің пайымдамасын анығырақ деп есептейміз. Және қосыма ретінде кісіпкерлік қызметпен заңсыз айналысатын уәкілеттілік берілген адам тағы бір обьективті жақтың міндетті белгісін жасайды, яғни өз уәкілеттіліген пайдалана отырып кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Атаған қоғамға қауіпті әрекет үшін қылмыстық жауаптылық кәсіпкерлік субьектісіне жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы жақтаушылыққа байланысты болса ғана туындайды. Егер осы аталған белгілердің біреуі бомаса онда қылмытық жауаптылық туындамайды. Теке тәртіптік жаза ғана тағайындалуы мүмкін.

Осыған байланысты С.М. Рахметов пен И. И. Роговтың паймдауынша дә дәл осындай түсінік берілген. Оның пайымдауынша Аталған қылмысқа байланысты жауаптылық біріншіден заңда тыйым салынғанына қарамастан жасалынса ( мұндай тыйым ҚР-ның 1999 жылғы 23-шілдедегі «мемлекеттік қымет туралы» заңының 10-бабының 3 тармағында көрсетіген), екіншіден уәкілеттілік берілген тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысуы артықшылықтар мен жеңілдіктер және де өзге де жақтаушылықтар жасауға байанысты болса ғана қылмыстық жааптылықтарға тартылады. Аталған әрекетте атаған шарттардың болмаы қылмыстық жауаптылыққа алап кемейді тек тәртіптік жауаптылыққа алып келетінін айтып кеткен.

Бұдан түсінуге болатыны уәкілетті тұлға тек қана кәсіпкерлік ұйымын құрумен ғана шектеліп қана қалатын болса онда әкімшілік жауапқа тартылады деп түсінуге болады.

Тікелей өзі немесе сенім бідірілген адам арқылы қатысатын болса да онда мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын адамның кәсіпкерік қызметке қатысуы деп түсініледі

Жеңілдік дегеніміз – құқықтық тұрғыдан қарастырғанда мүлік сатып алудағы, салық салу барысындағы, шикізат немесе өзге де заттарды, мекемені жалға алу және т.б. жеңілдіктерді кәсіпкерлікпен айналысу үшін ұйымдастыру шарасы.

Ал артықшылық дегеніміз – Дайын өнімді өндіру барысындағы, мүлік сатып алу барысындағы, қызмет көрсету, конкурстағы артықшықар секілді ерекше құқықтарды кәсіпкерік субьектісіне жасап беруді айтамыз. Көптегнен сөздіктер артықшыық дген түсінікті өзге біреумен салыстырғанда ерекеше құқығының болуы деп түсіндіреді [117. Б. 581; 181. Б. 1058; 119. Б. 399;].

Өге де түрдегі жақтаушылықтар дегеніміз – белгілі бір кәсіпкерлік ұймына өз қызметіндеге жағдайын пайдалана отырып қолайлы жағдай жасап беруін айтамыз (мысалыға әртүрлі амал – тәсілдерді пайдалана отырып бақылаушы органдарды тексере шараларына қатыстырмау, өзге де мемлекеттік органдардан сол ұйымның мүдделерін қорғау).

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлер педогогикалық жәе өзге де шығармашылық қызметтен басқа кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы емес, құқықтық- ұйымдастырушылық түріне қарамастан егер сол ұйымды басқару онық қызметіне кірмесе сол ұйымды басқара да алмайды деген секілді ерекшеліктері аталып өткен.

Борчашвили И. Ш. Түсіндірмесіне сәйкес қылмыс формальдік сипатқа йе яғни жасалған сәтінен бастап аяқталған болып есептелінеді[11. Б. 756]

Осыған байланысты отандық ғалымдар С. М. Рахметов пен И. И. Рогов та аталған қылмыс құрамын формальді құрам деп көрсетеді[3. Б. 631]

Жоғарыда ек пайымдауды салыстыра отырып біздің пайымдауымызша да аталған қымыс құрамы формальді құрам болып есептелінеді. Демек қылмыс зардабы боуы міндетті емес жасалса боды қылмыстық жауаптылық бар деген сөз.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субьективтік белгілері

Обективті белгілерді қарастырып болғаннан соң иіндетті түрде субьективті бегілерге де тоқталып өткеніміз жөн болады. Жоғарыда атап кеткеніміздей субьективтң белгілер мен обьективті белгілердің өзара қатынасының, бір мақсатқа бірігуінің нәтйжесінде белгілі бір қоғамға қауіпті әрекет жасалынады.

Қылмыс құрамының міндетті бегісі ретінде өзі жасаған әрекеттерге жауап бере алатын жеке тұлға субьекті деп танылады.

Қылмыстық заңнама тұлғаны қылмыс субьектісі деп тану үшін қажеті жалпы және арнайы субьектілердің белгілерін көрсетіп кеткен.

Жапы лалпы субьектілерге тән белгілер:

  1. Адам болуы керек;

  2. Есі дұрыс болуы керек;

  3. Заңмен көрсетілген жауаптылық жасына толуы керек (14-бап, 1-бөлік)

Ал арнайы белгілерге жалпы белгілермен қатар өзге де қылмыстық заңнамада бекітілген белгілер тән болуы керек. Мысалы ретінде ерекше қызметтік ( мемекеттік қызметтерді орындау функциясы берілген уәкілетті тұлға) немесе өзге де жеке қасиеттері бойынша ерекшелінетін тұлғалыр.

Ал біз қарастырып отырғанымыз ол – кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың тұлғалары болып отыр.

Заңсыз кәсіпкеріктің субьектісі сыбайлас жемқорлық қылмыстары секіліді арнайы болып есептелінеді.

2003 жылғы 25 қыркүйектегі « Жемқорлықпен күресу туралы заңнамалық актілерге өзгерістер мен тоықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес субьектіері мыналар бола алады:

  1. Мемлекеттік қызметтерді орындау уәкілеттілігі берілген тұлға;

  2. Мемлекеттік функциясын орындау берілген тұлғаға теңестірілген тұлға;

  3. Лауазымды адам.

Мемлекеттік функцияларды орындау уәкілеті берілген тұлға. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексінің 3-бабының 27-тармағына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты жатады. Енді осы анықтамадан келіп шыққан халде заңсыз кәсіпкеріктің субьектілерін көрсететін боламыз.

Ал мемлекеттік қызметші туралы Қазақсатан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі заңының 1-бабының 12-тармағындағына сәйкес «мемлекетік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында бегіленгег тәртіппен республикалық және жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасының Ұлттвқ банкінің қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіліктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Міне жоғарыда атап өткен тұлғалар мемлекеттік функцияарды орындау уәкіеттілігі беріген тұлғалар қатарына жатады.

Мемлекеттік функциясын орындау берілген тұлғаға теңестірілген тұлға. Қазақсан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жоғарыда аталған тұлғаларға мынандай анықтама берілген «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлғада басқару функцияларын орындайтын адам; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері».

Біздің ойымызша осы тізімді жеке-жеке бөліп қарастырған дұрыс деп есептейміз.

  1. жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам;

  2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат;

  3. жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметші;

  4. мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлғада басқару функцияларын орындайтын адам;

  5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері;

Біздің райымдауымызша осылай бөліп қарастырғанымыз түсінікті әрі жеңіл деп есептейміз.

Лауазымды адам. Қазақстан Респубикасының Қылмыстық кодексінде лауазымды адамдарға мынандай анықтама берілген: «лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлi функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам»,- деп жазылған (ҚК.1-бап,26-т)

Жоғардағы аталған анықтамаларды ескере отырып кәсіпкерлікке заңсыз араласудың субьектісі арнайы субьекті деп есептейміз, оның ішінде мына аталған арнайы тұлғалар:

  1. Мемлекеттік қызметтерді орындау уәкілеттілігі берілген тұлға;

  2. Мемлекеттік функциясын орындау берілген тұлғаға теңестірілген тұлға;

  3. Лауазымды адам;

Осы осы аталған үш нысанның біренде мемлекеттік қызметші кәсіпкерік қызметке заңсыз қатынасатын болса онда қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Жоғарыда аталған үш нысанға басымдылық беріп отырған себебіміз, тұлға аталған үш нысанның бірде – біріне сәйкес келмесе онда қылмыстық жауаптылық та болмайды деген сөз.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субьективтік жағы.

Қылмыстың субьективтік жағы дегеніміз – адмамның өзі жасаған іс – әрекетіне және оның зардаптарыеа психикалық қатысы.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субьективті жағы тіккелей қасақаналықпен сипатталалыды. Отандық ғалымдардың көпшілігі бір ауыздан жоғарыда аталған қылмыс тікелей қасақналықпен жасалатыны жайлы айтып кеткен [3. Б. 631,11. Б. 582].

Осы ойлаармен санаса отырып біздің пікірімізше кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың обьектісі тек қана тікелей қасақаналықпен сипатталады, және бұл қылмысты жасаған адам сол қылмысқа саналы түрде бара отырып, болашақта келетін зардабін көре біледі, және со зардаптың болуын қалайды.