Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
art_753.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
120.83 Кб
Скачать

Баламалы шығындар немес пайдалан алмаған мүмкіндіктердің шығындары - бұл қаулыға жету үшін бас тартуға тура келетін нәрсе.

Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы - ресурстарды толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді. Ол әр түрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетіп, экономикалық мәселенің мәнін бейнелейді.Қисық сызықтың ішіндегі әр бір нүкте ресурстардың толық емес пайдалануын білдіреді. Қисық сызықтан тыс жатқан нүкте мүмкін емес өндірісті, яғни қолма-қол ресурстардың жоқтығын білдіреді. Қисық сызықтың бойындағы нүкте бір тауардың екінші бір тауар өндірумен алмастырылғанын білдіреді. Мұның бәрінде өспелі баламалы шығындар заңы, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, байқалады. Бұл заңның мәні мынада: қандайда бір тауардың қосымша мөлшерін алу үшін қоғам артылып жатқан басақа бір тауар мөлшерінен бас тартуы керек, яғни пайдаланылмаған мүмкіндіктердің артуынан. Экономикалық тиімділік – алынатын нәтижелер мен өндірістік шығындардың қатынасы.

Экономикалық ұйымдастырылу мәселесі әр бір экономикалық жүйеде әр түрлі шешіледі. Экономикалық жүйе – бұл алдында тұрған мәселелерді – не, қалай, кім үшін-шешу үшін қоғамның ұйымдастырылу тәсілі.

ЖЕР

ЕҢБЕК

КАПИТАЛ

КӘСІПКЕРЛІК

Не өндіру керек?

Өндіріс құрал-жабдығының меншік нысаны

Шаруашылық қызметінің ұйымдастырылу тәсілі

Негізгі

экономикалық мүдделер

Пайдаланған әдебиеттер:

В. Крымова «Экономикалық теория». Кестелі оқу құралы. Алматы.

2003ж

ЭКОНОМИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРДІҢ МАҢЫЗЫ

Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі

А.С. Рахимжанова – экономика пән мұғалімі

Экономиканы мектеп бағдарламасы бойынша оқытуда оқушылардың пәнге, ғылымға деген қызығушылығын танытатын, экономиканың тарихи даму кезеңдерінің ерешеліктері. Экономикалық ой – пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Алғашқы қауым адамдарының өндіріс, айырбас, тіршілік игіліктерін бөлу және тұтыну қатынастары жөнінде белгілі бір түсініктері болған.

Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқада ойшылдардың еңбектерінде берілген «экономия»терминін алғаш ұсынған Ксенафонт, мұның мағынасында үй шаруашылығы (ойкос-үй, шаруашылық, номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де негізделді, ол шаруашылықты екі түрге бөледі, экономия және хрематистика пайда болады.

Көп ғасырлар бойы экономика (ойномика) сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыранқылықты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығын жүргізу ережелері емес, жалпы ұлттың мемлекеттік шаруашылығын жүргізу ережелерінің анықталуы қажет етті. Осыған байланысты «экономия» ұғымы жаңа мәнге ие болып «саяси экономикаға» айналды, ол грек тілінде «полис» - мемлекет, «ойкос» - үй шаруашылығы «номос» заң дегенді білдіреді.

«Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш енгізген А.Монкреньтен, ол ғылым ретінде XVI-XVII ғасырлар аралығында пайда болған.

Ғылымның тақырыбы қоршаған дүниедегі зерттелетін құбылыстар шеңберін қамтиды. Экономикалық теория - адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағатандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау жэне тұтыну туралы ғылым. Экономикалық теория зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз - экономикалық құбылыстардың маңызды жакгарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық зандар - бұл экономикалық құбылыстар арасындагы тұрақты, қайталанатын байланыс. Табиғи заңдарға қарағанда экономикалық заңдар тек қана жақындаса келе әрекет етеді; түрлі тенденция мен заңдылықтардың күресі арқылы көрінеді. Қолданылу мерзімі бойынша барлық заңдар жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Экономикалық ғылым шеңберінде талдаудың екі деңгейін бөледі, бұл оның екі дербес бөлімге: микроэкономика мен макроэкономикаға бөлінуін қамтамасыз етеді.

Алғашқы экономикалық теорияның даму кездеріне тоқтала отырып, жалпы экономика сабақтарында оқытылатын «Ақша жүйесі», «Банк жүйесі», «Салық жүйесі», «Нарықтық экономика» т.с.с. көптеген тақырыптарды оқыту барысында оқушылар тарапынан алғаш қайда пайда болған, негізін қалаушы кім, қашан???... деген сұрақтар туындап отырады.

Практикалық сабақтарда оқушылардың рефераттар тақырыбын тандауы, тест сұрақтарының жауабы бүгінгі Қазақстан экономикасының даму кезеңдерімен салыстыруы кез келген сабақтың тақырыбы қоршаған дүниедегі зерттелетің құбылыстар шеңберін қамтиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]