- •Кредиттік оқу жүйесіне сәйкес
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •“Құқық” кафедрасы
- •Оқу - әдістемелік кешені
- •4. Оқу жоспарынан көшірме.
- •Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •“Құқық” кафедрасы
- •Мұсылман құқығының пәні мен түсінігі.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып: 2 Ислам құқығы мен ислам діні
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып: 3 Мұсылман құқығы теория негіздері.
- •Әдебиеттер.
- •Тақырып:4 Мұсылман құқығының тарихы.
- •Мұсылман құқығының жүйесі.
- •Сонымен шариаттың жалпы жүйесі төмендегіше Шариат
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер
- •Мұсылман құқық мектептері.
- •Ислам және отбасы құқығы.
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман азаматтық құқық
- •Әдебиеттер
- •Құқық бұзушылықтың түсінігі мен классификациясы
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман қылмыс құқығы.
- •Әдебиеттер.
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығы.
- •Әдебиеттер.
- •Ислам және дипломатия.
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары.
- •Әдебиеттер.
- •Ислам даму банкі.
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығы.
- •Әдебиеттер.
- •10. Сөж - тақырыптары
4. Оқу жоспарынан көшірме.
|
№ |
Семестр |
Оқу жүктемесінің жалпы көлемі.
|
Курстық жұмыс |
Қорытын ды бақылау | ||||||
|
|
Апта саны |
Жалпы сағ саны |
Соның ішінде
| |||||||
|
Лекция |
семин |
Лабор |
ОБСӨЖ |
СӨЖ
|
|
| ||||
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
1 |
І |
17 |
90 |
34 |
34 |
|
|
22 |
|
Емтихан |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен
жұмыс істеу қажет.
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды
Анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-
тәсілдерді меңгеруі керек.
СӨЖ студенттің өзіндік ұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Ruies):
Сабаққа кешікпеу керек.
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті
“Заңтану – тарих” факультеті
“Құқық” кафедрасы
Мұсылман құқығы пәні бойынша 050301 “Юриспруденция” мамандығының студенттері үшін
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ
Жетісай 2005 ж.
Тақырып: 1
Мұсылман құқығының пәні мен түсінігі.
Жоспар:
Мұсылман құқығының түсінігі мен пәні.
Мұсылман құқығы пәні, оның зерттейтін аясы
Мұсылман құқығы пәнінің жүйесі.
Мұсылман құқығы мен ислам дінінің ара қатынасы.
І-
Егемендікке қол жеткізуімізбен Қазақстан Республикасының мемлекет болып құрылуы, оның сыртқы саясаты, тарихы, ұлттық мемлекеттілігі зеріттеле бастады. Ислам діні мен мұсылман құқығы түрік тайпаларына, соның ішінде қазақ мемлекетінің орнығуына, пайда болуына, құқықтық мәдениетіне, рухының дамуына өзінің әсерін тигізеді. Ислам діні ХІІ 2-дан астам уақыт өмір сүріп келеді. Меккеге қажылық ету жылдан – жылға өсе түсуде. Әлемнің қырықтан астам мемлекетті ислам дінін тұтынады. Мұның өзі үлкен даму, цивилизация. Осының барлығы мұсылман құқығын зеріттеп білуге, заңды факт. Студенттеріне өте тиімді қажеттілік.
Сонымен қатар мұсылман құқығын зеріттеудің қажеттілігі оның мұсылман елдерінің мұхай заңдылықтарына әсер етуі. Мұның мақсаты осындағы үлкен тәжірибенің біздің республикамыз үшін де қажет еткенін, мұнда мұнай өндіру, мұнай барлау, мұнай өңдеу және мұнай тасымалдау міне осылардың тым қажеттігін жете білу, меңгеру.
Сондай – ақ еліміздің банк істері үшін мұсылман елдеріндегі банк ісі саласындағы тәжірибиесін үйрену оны зерттеп талдау қажет –ақ.
Мұсылман құқығы мен ислам діні деген ұғымдар бір – біріне еттене жақын. Мұның себебі ислам діні бүкіл дүние жүзі мұсылмандары үшін (біркелкі) өмірінің барлық кездеріне арналған құқықтық жиынтық болып есептеледі.
-ІІ-
Мұсылман құқығы ішкі және халықаралық нормалардан тұрады. Бұл мұсылман құқығы системасын белгілейді. Осы нормаладың негізінде оны шартты түрде: ішкі құқық және халықаралық құқық деп болуге болды.
Ислам құқықтық терминологиясында халықаралық мұсылман құқығы – “сийар” деп аталады.
Мұсылман құқық жүйесі оқу пәні ретінде төмендегідей көріністе болады. “Мұсылман құқық” пәні, “Мұхаммед мемлекеттік қайраткер және пайғамбар ретінде”, “Мұсылман құқық теория негіздері”, “мұсылман құқықтар”, “Мұсылман құқық жүйесі”, “Мұсылман құқық қайнар көздері”, “Мұсылман құқық мектептері”, “Мұсылман – мұсылман азаматтық құқығы”, “Ислам және отбасы құқығы”, “Мұсылман қылмыстық құқығы”, “Мұсылман мемлекеттерінің құқық субьектілігі”, “Ислам, құқық дипломптия”, “Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары”, “Мұсылман мемлекеттерінің шерттар құқығы”, “Мүсылман құқығындағы соғыс және бейбітшілк мәселелері”, “Ислам және адам құқығы”, “Халықаралық ислам банк құқығы”, “Мұсылман құқығының дамуы”.
-ІІІ-
Мемлекеттердің бірігуі және жаулап алудың нәтижесінде Азияда, сондай-ақ Европпада да әскери – феодалдық және әскери – бюрократтық мемлекеттер пайда болды. Осындай жолмен индияда моголдар империясы, қытайда тан династясының империясы т.б. қалыптасты. Күшті интерграциялық рөл Европпада христин дінінде, Оңтүстік – Шығыс Азия мемлекеттерінде будда дінінде, Аравия жарты аралында ислам дінінде болды.
Арабия жарты аралы Иран мен Солтүстік – Шығыс африка аралында орналасқан. 570ж. Мұхаммед пайғамбар дүниге келген кезде ол жерде тұрғындар аз орнасқан болатын. Арабтар көшпелі халық болып, Индия мен Сирия кейіннен солтүстік - Африка мен Европпа мемлекеттері арасында сауда – керуен байланыстарын түйелермен, басқа да жүк көліктері мен қамтамасыз ететін. Мұхаммед пайғамбардың шыққан тегі болып саналатын құрайш тайпасы бірнеше уақыттан бері керуендерің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
Мұхаммед пайғамбарлықты 40 жастан, яғни бірінші рет Влладин уахи келген сәттен бастап жүргізді. Ол адамдарға өз дініне кіру үшін “Алладан басқа тәңір жоқ, мұхаммед оның емшісі” деп айтуды насихат етті. Ол өзінің алғашқы уағызын өзінің туып өскен қаласы Меккеге бастады. Бірақ оның бұл іс әрекеті жергілікті путқа табынушылар тарапынан қуғынға ұшырады. Нәтижеде өзімен пікірлес адамдармен қоңсы медина (бұрынғы ясриб) қаласына көшуге мәжбүр болды.
610-620 жылдар аралығында меккеге жергілікті путқа табынушылар мен жаңа ислам дінінің өкілдері арасында күрестер болып өтті. Ясриб қаласының хазрадж және аус тайпалары пайғамбарға қолғабыс көрсетті. Олар исламды өмірімен қорғауға ант етті. Пайғамбардың соңынан ерушілер меккелік құрайш тайпасынан қысым көрсеткенділіктен, олардан жасырын түрде Ясриб қаласына көшті. Бұл көш 26-шілде 622 (621) жылы болды. Осы кезден бастап ресми мусылман жыл сонауы басталды.
Мұхаммед Пайғамбар өз уақыттың ішінде өзінің ізін (жолын) қууышылар санын молайта түсіп, 630 жылы мекке қаласына қайта оралуға мүмкіндік туды. Сол уақытта мекке қаласына қайта оралуға мүмкіндік туды. Сол уақытта мекке қаласының тұрғындарыда оның дініне кірген болатын. Жаңа дін “ислам”деген атауға ие болды. Ислам – “құдайға берілу”, “құдайға құлшылық ету ” деген мағана береді.
Мұхаммед Пайғамбар қайтыс болған сәтте барлық Арабия оның билігінде болатын. Оның алғашқы орынбасарлары – абу Бапр, Омар, Осман, Али, Әділ халифтер деген атқа ие болды. “Халиф”-“ізбасар, орынбасар” деген мағана береді.
Омар халифтің тұсында (634-644) бұл мемлекетте Дамаск, Сирия, Палестина және Финикия, ал кейіннен Египет қосылды.
Араб державасының шығыс жағы Месопатамия және Дерсия есебінен кеңейді. Ал келесі жүз жылдықта арабтар Солтүстік Африка мен Испанияны жаулап алды.
IV
Мұхаммед – исламның негізін қалаушы, Аллаһтың емшісі Мұхаммед Пайғамбар біздің жыл санауымыздың 570 жылы дүниеге келген. Мұхаммед 40 жасқа келгенде діни ойларға шомыла бастады, оның ішкі күш қуаты шарықтау шегіне жетті. Оны қандайда бір көріністер дауыстар баулап алды. Мекке жанындағы Хира тау үңгірінде ол өз діни нанымымен жете қалатын. Ол онда періштені көрді (Жабрайл) Періште оған Алла әмірін жеткізуді сұрады.
Мұхаммед пайғамбар, Алла емшісі ретінде алғашқыда оның жақын туысқандары, кейінен меккелік атақты саудагер Абу- Бакір, кейін Осмен, тальха ж. б.б. мойындады. Мұхаммед жолын ұстанушылар алғашқыда елу шақты болған, олар жергілікті мекке қоғамымен, әсіресе “құрайым ” тайпасынан көп қарсылықтар көрді. Олар 622 жылы меккені тастап Ясриб қаласына көшуге мәжбүр болды. Ясриб қаласы кейіннен медина (пайғамбар қаласын ) деп аталды.
Мединада 53 жасар мұхаммед – пайғамбар мәртебесін ресми алып, мұсылман әдеп – ғұрып, заңдарын үйрете бастады. Мұхаммедтің жолын қууышылар, оның жанына бірігіп умма атты қоғам құрды. Бұл қоғамның мәні енді қоғамға мүше болушылар туыстық белгілері бойынша емес, исламға мүшелігіне байланысты жүргізілді. Уммаға кез келген исламды мойындаған адам мүше болуға мүмкіндік болады. Көп ұзамай мединелік пұтқа табынушылар ислам дінін мойындайды.
Хижраның 2- ші жылы мұхаммед мұсылмандарға иерусалимға қарап (намаз) емес, ал меккеге қарап, яғни меккелік кааба қарап намаз оқуды бұйырды. Нәтижеде құбыла өзгерді.
Хижраның 626 жылы меккеліктер мен мединеліктердің күштері тең болды, тараптар келіссөзге мәжбүр болды. Дәл осы тұста Мұхаммед пайғамбардың дипломатиялық қабілеті көрінді. Худайбли жерінде қол қойылған жазбаша келісім шартқа сәкес: меккеліктер мединалық мұсылмандарды кабаға жіберуге міндеттеледі және осы уақытта (3 күн) меккеліктер қолда болмауға уәде берді. Ал өз кезегінде мединеліктер меккеліктердің керуендеріне тиіспейтін болды.
630 жылы мекке соғыссыз мединеліктерге берілді. Мұхаммед меккені жаңа – ислам дінінің орталығына айналдырды. Каабада ашық тұрде пұттар мен пайсимволдар жойылды және баба хан соларын орындау мұсылмандардың бас парызының біріне айналды.
631 жылы, яғни хажраның 9 жылды тарихшылар “елшілік жылы” деп атады. Меккеліктердің билігінде болған Бедуин тайпасы Мұхаммед пайғамбарға өзерінің дінге кіретіні жайлы елшілер жіберді.
Хажыраның 10 жылы Мұхаммед өзінің отбасымен бірге меккеге ұлы хатшы сапарын жасады. Бұл хаж тарихта “аль – хаж альакбар” деген атпен енді. Осы хаждан соң 3 айдан кейін пайғамбар дүниеден өтті.
