- •Кредиттік оқу жүйесіне сәйкес
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •“Құқық” кафедрасы
- •Оқу - әдістемелік кешені
- •4. Оқу жоспарынан көшірме.
- •Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •“Құқық” кафедрасы
- •Мұсылман құқығының пәні мен түсінігі.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып: 2 Ислам құқығы мен ислам діні
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып: 3 Мұсылман құқығы теория негіздері.
- •Әдебиеттер.
- •Тақырып:4 Мұсылман құқығының тарихы.
- •Мұсылман құқығының жүйесі.
- •Сонымен шариаттың жалпы жүйесі төмендегіше Шариат
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер
- •Мұсылман құқық мектептері.
- •Ислам және отбасы құқығы.
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман азаматтық құқық
- •Әдебиеттер
- •Құқық бұзушылықтың түсінігі мен классификациясы
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман қылмыс құқығы.
- •Әдебиеттер.
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман елдеріндегі шарттар құқығы.
- •Әдебиеттер.
- •Ислам және дипломатия.
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары.
- •Әдебиеттер.
- •Ислам даму банкі.
- •Әдебиеттер.
- •Мұсылман мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығы.
- •Әдебиеттер.
- •10. Сөж - тақырыптары
Әдебиеттер
1. Құран Кәрім. аударған Халифа Алтай
Энциклопедия “Ислам” Бас ред Р.Н. Нұрғалиев Алматы 1995 ж.
“Шариат” Құрастырған Н. Өсерұлы Алматы 1996 ж.
Соңғы Пайғамбар хазірет Мұхамметтің өмір баяны. Қазақшаға аударған Сәуле Дағайқызы Анкара 1997 ж.
Грефскии “Всеобщая история права и государство” Москва 2000 г.
М.А. Сарсенбаев “Мусульманское право и государства” Москва 2000
“Краткии политическии словарь” Колич. Авторов Абаренков В.П. и.др Москва 1988
“Междунородное право” Общая часть М.А. Сарсенбаев Алматы 1999 ж.
9. “Ислам дінінің негіздері” Ауд С. Дағайқызы Анкара 1998
Тақырып: 10
Құқық бұзушылықтың түсінігі мен классификациясы
Жоспар:
Ислам діні бойынша құқық бұзушылықтың түсінігі және сипаттамасы.
Құқық бұзушылықтың классификациясы.
“Хадд” құқық бұзушылықтар.
“Кисас”, “Кавад” және “Дия” құқық бұзушылықтар
Адамзат тарихына көз салсақ, ықылым заманнан бері дінсіз өмір сүрмегенін байқаймыз. Адам және тұлға ретінде де, қоғамдық тұрғыдан да дінге мұқтаж. Өйткені дінге деген сенім оның табиғаты мен жаратылысында бар. Туа біткен қасиет. Дін – оның мына қалтарыс – бұлтарысы мың сан қабат ғұмырында арқа сүйер тірегі, сарқырап аққан өмір - өзендегі қайығының діттеген мақсатына апарар ескегі мен жөн көрсетер темірқазығы.
Жеті қабаттан тұратын ғаламат әлемге бір сәт көз салайықшы! Неткен ғажап жаратылған?! Қандай тіл жетпес жүйе құрылған?! Осы әлемде адамнан басқа әрбір жаратылыс өз қызметін қалтқысыз атқарып, тыныс тіршілігін жасауда. Алдын - ала келісіп қойғандай бірігіп, жұмыла кірісіп, әлемнің тепе-теңдігін сақтап, жағдай жасап, соған бағынуда. Ал адам баласы осынау жеті қабат әлем өзіне бағынса да, бақытты емес. Ол ұзақ уақыт бойы ойланып, бұл ғұмырға неге келгенін, қайда баратынын таба алмауда. Мына әлемнің өзіне не үшін бағынатынын, өзінің кім екенін ұға алмай жүр. Кейде ол өзінің дүниедегі жалғыз ақыл иесі екенін аңғарса да, жақсы ғұмыр сүре алмай жүр. Құс екеш құстың ұясы қараған жанды тамсандырса, адам баспанасын әзер салуда.
Адам - әлемде бірден-бір саналы жан. Бірақ зор тауқыметті де сол санадан көрді. Өйткені санасы өзін қашан да сұрақ қойып мазаласа да, бірақ жауап бере алмайтын.
Әлемдегі әркімнің өз қызметі мен мақсаты бар. Бәрінің мақсаты - адамға қызмет ету. Бірақ адам баласының мақсаты не болмақ? Әсіресе оның жанын қатты қинайтыны өлім. Өлімді ойлай бастағанда жүрегінің терең түкпіріндегі мәңгілік өмірге деген сезім, бейне бір жанартаудай атқылап, тұла бойын өртейді. Ол саналы бола тұрып, көбінесе жақсы мен жаманды айыра алмауда. Бүгін жақсы дегені ертең жаман, ал жаман дегені, жақсы болып шығуда. Жанын ең қатты қинағаны, ақыл иесі бола тұра, қауқарсыз, әлжуаздығы. Кейде жауыннан қашып, жапырақты тасалаған көгершінге көзі түсіп, бұл да ғұмырдың зардабынан қашып, құдіретті бір күшті паналап, бой жасырғысы келеді. Әлемнің жалғыз Жаратушысы бар екендігін тапса да, оны тани алмауда.
Адам баласының хал-күйі осылай. Сондықтан ол шеше алмаған жұмбақтың жауабын діннен ғана табады. Ол дін илаһи (құдайлық) болуы керек. Яғни, дін - өзі мен жалпы жаратылысты жоқтан жаратқан Ұлы Жаратушыдан келуі ләзім. Өйткені адамның бақытты өмір сүру жолдары Ұлы Жаратушыға ғана аян. Әркім өзінің жасағанын жақсы білмек. Сол секілді адам да өзін-өзі жасамағаны белгілі. Өзіне қызмет еткен табиғат- әлемде жасауы мүмкін емес. Ендеше оны жаратылыстан тыс біреу жаратқан. Ұлы Жаратушы. Олай болс, адамға не керек екенін, қайдан келгенін, қайда баратынын және бойындағы шексіз сезімдер мен қабілеттерді қалай пайдалану керектігін де бір Аллаһ Тағала ғана біледі. Өйткені Ол – Жаратушы. Аса қадірлі қонағына арнап жеті қабат сарай салып шақырған Сол. Жер – жүзін үлкен дастарқан етіп, оны жүз мыңнан астам тәтті тағамдармен толтырылып, қонағына дәм таттырған
Адам баласы қашанда дінге зәру. Осы иләһи хабардан қалып қойған әрбір адам жаратылысындағы қажеттілікті өзге жасанды діни-сенімдермен толтырады. Дінсіз бұл күнге дейін қоғам, яки жеке тұлға кездескен жоқ. Ұлы Жаратушыға сенбеген адам, әйтеуір бір нәрсені өзіне медет тұтады. Ол ағаш, тас, ай, күн тіпті өзінің нәпсісі болуы мүмкін. Бірақ ақиқат бір-ақ нәрсе. Ол – Ұлы Жаратушыға бас имеген жанның сансыз пұттарға бас июі. Атеистік те жалған дін. Құдайсыздар алдымен аталмыш идеяны жасандарға, содан кейін нәпсісіне табынады. Ібіліс те әуелде Ұлы Жаратушыға мойын ұсынып, содан бері өз нәпсісіне табынумен келеді.
Адам өмірі - күрес. Ол мұнда өмірдің жал-жал толқындарын бұзып- жарып, өзінің кім екендігін көрсету үшін келген. Бірақ ол кейде көксеген мұратына жету жолында қатты шаршап – шалдығып, алдағы үміт отын сөндіру қаупіне ұшырап, өзінің қауқарсыздығын аңғарады. Алдынан қамалап тосқауылдар шыққанда қашан да көмек көрсететін Ұлы Жаратушыға құл болып, иман еткен жан ғана үмітін жоғалтпай алға басып, көкірегін дауылға қарсы тосып, Ұлы Иесінің мұны бір сәтте тастамайтынына бек сенеді. Ол өзі көтере алатын ауыр сын арқылы жақын достығын анықтап жатқанын біледі.
Адамзат өмірге келген мақсаты екі нәрседен тұрады: Аллаһ Тағала иман етіп, берген мол берекесіне шүкірлік етіп, алғыс айту. Сосын Аллаһ Тағала қасиетті хадисте былай дейді: “ Мен бір құпия қазына едім. Танысын деп әлемді жараттым”. Әлем – Оның сипаттарының айнасы. Ал - адам дара айна. Сондықтан адамның мақсаты- Аллаһ Тағаланың күллі сипаттарын танып, оны әлемге паш ету.
Бұл екеуі ғибадатты құрайды.
Адам дінсіз өмір сүре алмайды. Сол діннің қайнар көзі илаһи болуы ләзім. Шынайы дін ғана адамды нұрға бөлейді. Жалған дін жүректі қараңғылықтың қара шәлісімен тұншықтырады. Сөз түйіні, нағыз дін – ақыл иелерін өз еріктерімен ізгілік пен туралыққа жеткізетін иләһи заңдар жиынтығы.
