Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

publickz94

.pdf
Скачиваний:
152
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.96 Mб
Скачать

4.Ғылыми танымның типологиясы мен əдістер қлассификациясының қатынасын көрсетіңіз.

5.Жалпылогикалық əдістерді көрсетіңіз.

6.Эмпириялық танымның əдістеріне не жатады?

7.Теориялық танымның əдістеріне не жатады?

8.Эмпириялық пен теориялық танымның айырмашылыға неде?

9.Метатеориялық таным дегеніміз не?

10.Метатеориялық əдістерге не жатады?

Қолданылған əдебиеттер:

1.Розин В.М. Философия и методология: традиция и современность // Вопросы философии. 1996. № 11.

2.Гуссерль Э. Философия как строгая наука. Новочеркасск. 1994.

3.Касавнн И. Т. Об эпистемологическом статусе ситуационных

исследований // Смирновские чтения. М., 1999.

4.Рузавин Г.И. Роль и место абдукции в научном исследовании // Вопросы философии. 1998. № 1.

5.Швырев B.C. Теоретическое и эмпирическое в научном познании. М., 1978.

6.Г. фон Вригт. Логико-философские исследования. М., 1986.

3. МƏДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТТЕГІ ҒЫЛЫМ

Дəріс мақсаты: Ғылым мəдениеттің феномені ретінде қалыптасуына тоқтау. Ғылыми танымның өзгешелігін анықтау. Ғылым жəне философия, ғылым жəне өнер, ғылым жəне қарапайым таным салыстырмалы түрде ерекшеліктеріне тоқтау. Өркениеттік дамудың дəстүрлік жəне техногендік типтері жəне олардың негізгі құндылықтарың анықтау. Ғылымдық рационалдықтың құндылығың көрсету.

Негізгі терминдер:

Ғылым – əр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нəтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі:

пəнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дəлел, эмпириялық жəне теориялық дəлел, логикалық дəлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра жəне жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі əлеуметтік жүйе болып табылады.

Мəдениет – құндылық, процесуалдық, пəнділік пен нəтиже түрінде анықталған адамзаттың (əлеуметтік) іс-əрекеті; өндіріс қарулары мен құралдарынан, ғимараттар, əлеуметтік институттар мен саяси мекемелерден бастап тіл, өнер, дін жүйелері мен ғылыми шығармалары, адамгершілік жəне құқық нормаларына дейін адамның бүкіл материалдық жəне рухани мақсатты қызметін қамтиды.

30

Өркениет – қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің бастауында қоғамды өзіндік негізі жəне ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын деңгейі жатыр.

«Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға, қоғамдандыруға, қызметтерінің нəтижелерін өзі анықтауға негіздейтін «өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы жəне еркіндік сəттері дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ыктимал түрінде автономды жəне рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда.

Өркениет пен мəдениеттің бағыттырын ажырата білу қажет. Өркениет – құралды болса /нан, күш/, мəдениет – гуманды /адамгершілік пен ақылдың биіктігі/. Өркениетті - былжырақтық, ал мəдениетті – дүниеқорлық бұзады. Мəдениет – даңққа, өркениет – батырлыққа шақырады. Мəдениет талап етеді, ал өркениет борышын атқарады. Мəдениет рухани маңыздылығымен ұстемді, ал өркениет – материалдылығымен бағындырады. Мəдениет тұтқасы – рухтың мұқияты болса, өркениеттің тұтқасы – ұйымдастыру болады.

Дəстүрлі қоғам /индустриалды қоғамға дейін, примитивті /қарапайым/ қоғам/ - өзінің мағынасында дəстүрлі əлеуметтану мен мəдениеттануда адамзаттың индустриалды даму кезенге дейін даму сатысын мағыналық тұрғыда қамтитын ұғым. Бəріне ортақ дəстүрлі қоғам туралы теория жоқ. Ол туралы түсінік негізінде қазіргі əлеуметтік-мəдени модельге ассиметриялы түсінік болады; яғни, оны индустриалды өндіріспен айналыспайтын халықтардың өмірінің реалдық фактілерін генерализациялау деген түсінік. Д.қ. экономикасына жаратынды өндіріс тəрізді. Заттық қатынас мүлдем жоқ, əлде азғантай əлеуметтік элитаның жіктік қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Əлеуметтік қатынастын құрылысының негізгі принципі қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады, сондай ақ, ол эндогамдық касталардан тұрады. Негізгі əлеуметтік қатынастарды құрастыратын түрі - жабық, бəрінен ақшақталған əлде жабық қауым. Осы жағдаймен мінезқылықтың дəстүрлі нормаларын қатал түрде ұстану түбінде тұлғаның индивидуалды белсенділігі мен құндылығын жояды. Осының салдары: əлеуметтік жинақтың мүмкіндігін жоққа шығарады; саяси билік бір каста, клан əлде жан ұяның қолында жұмылады; жазбаша өнердің жоқтығы, əлде ол нақты жоғары шинеуніктер мен абыздардын артықшылығы. Сонымен қатар, жазу көбінесе қарапайым тілдермен емес, ерекше жоғары тілдермен дамиды /орта ғасыр Еуропада - латын тілі, Тайяу Шығыста - араб тілі, Арғы Шығыста – қытай тілі/. Сөйтіп мəдениетті ұрпақтарға трансляциялау /жеткізу/ вербальды, фольклор түрінде болған; негізгі əлеуметтік институт – жан ұя. Ұлт туралы қазіргі теорияларда д.қ. деген ұғым кездеспейді, оның орнына «аграрлы» əлде «аграрлы жазбаша қоғам» деген ұғымдар кең қолданылады /Э. Гелнер, Б. Андерсон, К. Дойч/.

Техногендік қоғам /батыс өркениеті/- XV-XVII ғғ. Еуропа аймағында пайда болған техногендік қоғамдар. Оның даму жылдамдығы өте жоғары. Негізгі қабылданған ережелерді жаңа түрде құрастыру мен жаңаландыру қабілеті жоғары жəне осы бəрі оның дамуының ішкі негізі болады. Негізгі құндылықтарға инновация

31

мен жаналық жатады. Техногендік қоғамның бейнесі – Гиннес рекордтары туралы кітап. Техногендік қоғамның мəдениет матрицасы үш кезеңен өтеді: индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды. Негізгі қасиеті – техника мен технологияның дамуы. Техногедік қоғамның өмілік уақыты – 300 жыл. Өзінің ішкі мəнінде ол агрессивті жəне мəдениеттің сакраменталды дəстүрін жояды. Дамудың техногендік типі

– табиғи қоршаған ортаның тез өзгеруі жəне адамдардың қоғамдық қатысының трансформациясы. Сыртқы əлем адамның қызмет аренасына айналады. Адам – орталық, активті іс-əрекетті жан, ол өзінің іс-əрекетің сыртқа бағыттайды. Жалпы мəдени қатынастар «күш» категориясы арқылы анықталынады - өндірістік күш, білім күші, интеллектуалдыкүш.

Техника – адамға қажетті фунциялар мен операцияларды атқаратын жүйелердің элементтерінің аралығындағы қатынастарды түсіндіретін заңдар мен қасиеттер туралы ғылыми білімдермен негізделген көп-түрлі материалды объектілер мен жүйелер. Техниканы басқаша ғылымның «темір» түрде іске асуы дейді.

Технология – адаммен келесіде пайдалынатын қажетті жəне пайдалы қасиеттері бар, өнімдерді жарататын материалдық процестер мен операциялардың дəйектілігі.

Рух туралы ғылымдар – универсалды құндылықтар, оның табиғаты мен адам өмірінде көрінісі мен функцияларын, адамдардың индивидуалды жəне коллективті мінез-құлықтарын зерттейтің гуманитарлық пəндер жуйесі. Рух туралы ғылымдарға қатысты: құндылық теориясы, мəдениет тарихы мен теориясы, жалпы тарих, дін тарихы, философия тарихы, өнер тарихы, саяси жəне əлеуметтік тарихы, ғылым тарихы, психология, мінез-құлық туралы ғылым.

Мəдениет туралы ғылымдар – адамзат іс-əрекетін негізгі аспектілерінде: пəндік, мақсаттық, процесуалдық жəне нəтижелік түрде зерттейтің көп-түрлі ғылыми пəндер. Мəдениетті адамның іс-əректінің өнімі бойынша материалды мен рухани деп бөледі; пəндік іс-əрекеті тұрғысында – ол өндіріс, əлеумет, бағдарлама т.б. қамтиды; процесс қасиетіне қарағанда – шығармашылық, репродкутивті, өзгеріс, даму; мақсат тұрғысында – жоғарғы жəне төмен т.б. болады. Өзінің өзгеше аспкетілерінің біртұтастығында мəдениет адамзат өркениетінің құрылысының негізгі жаратушысы /ежелгі мысыр мəдениеті, Ежелгі Үнді мен Ежелгі Қытай мəдениеті мен өркениеті, орта ғасыр еуропа мəдениеті мен өркениеті т.б./. Мəдениет туралы ғылымдар: археология, мəдениеттану, антропология, тарих.

3.1 Ғылым əлеуметтік-мəдени феномен ретінде

Ғылым өзі көп анықтамалардын иесі, бірақ үш ипостась /қырында/ көрінеді: қызмет түрінде, пəндік сфералардың жүйесі, əлде əлеуметтік институт ретінде. Бірінші түрінде, ол қоршаған ортаның заттары мен құбылыстардың байланысын логикалық тұрғыда тануға бағытталған. Қызмет əлде іс-əрекет түрінде, ғылым мақсаттылық пен шешім қабылдау, тандау, жауапкершілік атқару аланына кіреді. Осы жағдайға В.И. Вернадский назар аударған: «ғылымның негізгі мағынасы тірі адамдардын ғылыми жұмысынан тұрады».

32

Өзінің екінші мағынасында, ғылым білім жүйесі болып, объективтіліктің өлшеміне сай, шындық пен ақиқаттын көрінісі, автономды позицияны алуға тырысады, саяси жəне əлеуметтік өмірден өзін босатуға тырысады. Ақиқат – ол ғалымдардын арманы да, мақсаты да, өмірлерінің мəні де, ғылымды құрастыратын элемент жəне оның негізгі құндылығы.

Үшінші, институционалдық түсінігі бойынша, ғылымды қоғамдық сананың бір түрі деп түсінеді, басқа қоғамдық саналармен /дін, саясат,құқық, өнер т.б. / тығыз қатыста.

Ғылым əлеуметтік институт жəне қоғамдық сананың түрі ретінде ғылымитехникалық білімді өндіреді жəне ғылыми ұжымдар мен ғылыми қоғамдар, жүйе нормалар мен құндылықтар арасындағы байланысты қамтиды. Тек 20 ғ. шіркеу мен заңгер кəсібіне тең ғалым кəсібіде дамиды.

Дж. Бернал ғылым туралы ғылымның салушысы ғылымға анықтама беру үшін келесі жақтарға назар аударуға болады дейді:

1)институт ретінде;

2)əдіс;

3)білім дəстүрінің жинағы;

4)өндірістің даму факторы;

5)адамның дүниеге қатысы жəне сенім тудырудын негізгі факторы. Американдық этимологиялық сөздікте ғылымды бақылау, құрастыру, суреттеу,

эксперимент пен теориялық анықтамаға қарап бағалайды /бұл операционалдық

подход/.

Э. Агаццидің пікірінше, ғылымды нақты объектілердің аймағы туралы теория деп түсіну керек; бұл ғылыми жəне қарапайым білімдерді ажырату болып табылады, теориялық деңгейді талап етеді.

Сөйтіп, ғылым тек фактілер жиынтығы емес, принциптер болмаса ғылым болмас. Бірақ, бұл екі жақты мəселе, себебі, ғылымның көрсеткіші теориялық, концептуалдық деңгейі. Фактілер тек ғылымның бет жағы.

Қазіргі кезде ғылым əлеуметтік-мəдени феномен. Яғни, қоғамдағы көптүрлі күштердің əсерімен компромисстік т.б. позицияларға жақындайды. Сөйтіп, екі ұшстасты позиция айқын: адамзаттың қажеттілігімен пайда болған ғылым өзі қоғамдық өмірдің басқа сфераларына əсер етті, «мəдениет» деңгейіне шықты; екінші жағынан, ғылым мəдениеттің ең тұрақты, нағыз негізі, өзінің бірінші – қызметтік жəне технологиялық түсінігінде. Қоғамдық қатынастар адам жəне заттар туралы қатынастарға қатысты. Ғылым əлеуметтік-мəдени феномен ретінде адамзат қытынастарының бүкіл сфераларына қатысты. Қазіргі технократтық ғылымдардың максимасы: «Бəрі ғылымды болмау керек, тек ғылыммен тексеріліп, дəлелдену керек». Сөйтіп, ғылым мəдениетте қалыптасқан дəстүрлер, құндылықтар мен нормаларға бағынады. Танымдық қызмет мəдениет болмысына кіреді. Осыдан, ғылымның мəдени-технологиялық функциясы анық, адам материалын өндеу.

Ғылымның мəдениеттік функциясы тек нəтижеге емес, мəдениеттің потенциалы болып табылады. Ғылымның мəдениеттік функциясы процесуалдылығымен мықты. Ол адамды қызмет пен танымның субъектісі ретінде қалыптастырады. Индивидуалдық таным өзі мəдениетті, қоғамдық түрде өткізіледі. Индивид социализация процесінде дайын əдістер мен құралдарды қолданады. Тарихи тұрғысында адамзат бəріне ортақ тіл,

33

қарулар мен өзгеше анықтамалар, ұғымдарды қолданады. Ғылыми білім адамның қарапайым өміріне толық кіріп, адамдардың санасы мен көзқарастарын қалыптастырып, сөйтіп, қоғамдықортаның қажетті компоненті, солортада тұлғаның қалыптасуы айқын.

Ғылым этосы: интеллектуалдық жəне əлеуметтік жауапкершіліктер туралы мəселе; моральдық жəне адамгершілік тұрғысында тандау жасау; шешім қабылдауда тұлғалық аспект; ғылыми қоғамда адамгершілік климатты тудыру.

Ғылым қоғамдық процестердің əлеуметтік меңгеру факторы. Осының бəрі білім беру, тəрбие жүйелері арқылы қалыптасады.

Біліммен тек 6-8 % адамдар айналысады; 20 ғ. аяғында əлемде ғалымдардың саны 5 млн. астам болады; 15 мын ғылыми пəндер қалыптасқан; қазір ғылыми интеграция мен пəнаралық тенденциялар үстемді.

3.2 Ғылым дəстүрлі мен техногендік қоғамдарда

Мəдениетті жабық, автономды, тек өзін менгеретін жүйе деп айтуға болмайды, себебі, оның дамуы ішкі жəне сыртқы, мəдениеттану себептермен негізделеді: экономика, мораль, өнер, құқық, саясат арқылы. Мəдениет пен ғылым аралығындығы қатынас туралы тақырып жалпы жəне шексіз, оның көп бөлшекті жағы да бар: ғылым табиғи жəне əлеуметтік өмірдің заңдылықтарын шығарғанда, оларды меңгеретін қажетті негізіне айналады, сөйтіп, қоғамның қажеттіліктеріне əсер етіп, адамзатқа өмірлік стратегияны тандау, мəдени даму жолын іздеуге көмектеседі. Ғылымның осы фунциясын атқару қызметі мүмкін тек негізгі бір себеп арқылы – ғылым мəдениеттін ең жетілген бөлігі болған сон, əлі бəріне жетпеген түрлермен байланысты.

Мəдениеттің ғылымға əсерін дəлелдейтін бір факт бар, əрбір мəдениет ғылымды жаратпайды, мысалы, майя мəдениеті. Ғылымның пайда болуына мəдениеттану негіздер қалыптасқанда қана, мəдениет адамзаттың басқа іс-əрекеттерінің нəтижелерімен қоса /мораль, өнер, дін, техника, экономика т.б./ өзіндік ойлау стильді, дүние бейнесін, танымның стандарттары мен дүниені түсіндіруге ықпал етеді. Мəдениет əр-қашанда ғылымнан объектілердің адекватты /шындық, ақиқат / түрін, деңгейін талап етеді.

Осы нəтижесінде ғылым өзіне деген мəдениеттің əсерін сезеді, қоғамда қалыптасқан мəдени дəстүрге, құндылықтарға, нормаларға арқа сүйейді. Мəдениет ғылымға тікелей емес, астарлы түрде де əсер ету мүмкін.

Мəдениет пен ғылым арасындағы қатынастын механизмі рельефтік түрде техногендік /батыс/ жəне дəстүрлі /шығыс/ өркениеттерді салыстырғанда айқын.

Батыс өркениеті – бірінші түрде, техногенді өркениет, өзінің бастамасын ежелгі антика кезенінде тауып 17-18 ғғ. Еуропада толық қалыптасып, содан Солтүстік Америкаға, Австралия мен Японияға көшті. Осы өркениет үшін табиғаттын байлығы мен күшін меңгеру сипатты: сыртқы əлем адамның ғылыми-техникалық қызметінің аренасы, табиғатты жаулау мен өзгертуі, құбылыстарды тануда дискурсивтік, логикалық-математикалық подходка негізгі акцент жасау.

Батыс мəдениетінің профессионалдық жəне басқа сфераларына «жетістік» этикасы сипат, «Мен» жəне «Мен-еместі» нақты ажырату, тұлғаның индивидуалдылығына, уникалдылығына, қайталанбатындығына акцент жасау. Адам биоəлеуметтік жан, экономикалық жəне техникалық прогресс арқылы хайуандықтан қазіргі постиндустриалдық денгейге дейін бірізгілік қозғалыс жасады.

34

Осының бəрі батыс ғылымының принциптарына, оның бағыттары мен ұстанымдарына əсер еткен: ақиқатқа жету түрінде жаналық пен біртуманың құндылығы, техника мен технологияның ғылыми идеяның материализациясы ретінде даму, қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары мəнгі өзгерісті деген идея, жойылмайтын жаңа фактілер мен ескі заңдылықтар арасындағы қайшылықтар, сол себепте жаңа теориялардын қажеттілігі – осылардын бəрі батыс ғылымның қазіргі

негізгі нормалары.

Жалпы ғылым адамдары үшін, тек техногендік қоғамның адамдары ғана үшін емес шығармашылық пен индивидуалдылықтың идеалы, иілмелі динамикалық ойлауда сипатты, өзінің ғылыми жəне қарапайым сананың рефлексиялығы мен бағытында ашық. Батыстын ғылыми ойлауының классикалық түрі бірізгілік, бірсызықты, бинарлық логикамен негізделген, яғни қайшылықты жəне оның шешімінің бар екенің мойындамау деген.

Түбінде, батыс ғылымының даму тенденциялары оны постнеклассикалық деңгейіне əкелді; яғни, дүниенің ізгіліксіз бейнесіне. Мысалы, плазмадағы ізгіліксіз толқындар, сұйықтық пен газдағы турбуленттік, үлкен ұжымдардың мінез-құлықтары т.б.

Сөйтіп, батыс мəдениетінің ғылымының дамуы қоғамдақ сананың келесі типтерінің бір-бірін ауыстыруы, кезеңдерге бөлінеді: магиялық, этникалық, полистік, діндік, ғылыми, қалыптаса кележатқан, постғылыми. Жаһандау мəселелерге қарамастан техногендік мəдениеттің болашағы ғылыми-техникалық

жаналықтармен байланысты.

Шығыс мəдениетінің дамуы – ол үнді-буддалық /б.д.д. 7-6 ғғ./, арабо-исламдық /7 ғ. б.д./, қытай-конфуцийшылдық /6 ғ. б.д.д./ дүниегекөзқарастар. Келесіде осы мəдениеттерге тəрізді қоғамдар дəстүрлі қоғамдар деп аталады.

Ежелгі шығыс көзқарастары бойынша əлем түсінігіне келсек, табиғаты біртұтас, тірі, бір-бірімен байланысты, өзі арқылы жетілген организм, адам соның бір бөлігі деген түсінікке негізделген; будда көзқарасында дүние бір түрлі, оны құрастыратындардын бəрі бір деңгейде, əр зат, құбылыс басқа зат пен құбылысқа тəуелді, өзінің жағдайымен байланысты. Сөйтіп, табиғатты өзгертпей сақтау қажет; мысалы, қытайда жетілген дао /табиғат синонимы/, алғашқыда болған, енді жетілмеген келешегі мен қазіргі жағдайында бар.

Батыстан тыс, өзгеше ғылымның идеалы қалыптасқан. Шығыс көзқарасында əлем – ғарыш, ал адам соның бөлігі. Шығыс мəдениетінде де табиғат пен мінезқұлықтарды меңгеру мақсат қойылады. Шығыста адамның бостандыққа жолы – жаңа жолды іздеу емес, ол бар болмыстан бет бұру.

Өмір принціпінің бірі - əрекетсіздік /у-вей/, дегеніміз іс-əрекетті жоққа келтіру емес, табиғи жолды бұзбау, адамның органдарының арасындағы жəне табиғатпен үйлесім ырғағы. Табиғи процестердің жағдайын адам өзінің дүрыс емес істерімен бұзады. Сөйтіп, қытай философиясының бағыттарымен мектептері жалпы жəне ортақ рухани негізден – Дао мəденитін тамыр қылып алады, өзі ол ғарыштың гармониялық құрылысы мен өмір мəнің, инь жəне ян ырғағымен сақталады. Олардың ырғағы мен байланысы табиғат пен Ғарыштын, Əлемнің қозғалыс себебінің өзгерісі.

Сөйтіп, шығыс ойлауында дəстүр мен нақты қалыптасқан үлгілерге мəн беріп, жана білімге ешқандай құңдылық бермейді. Шығыс ғылымы нақтылықтан

35

абстракциялануға тырыспайды, құбылыс пен, фактілермен жалпы заңдылық арасында шекара жасамайды. Батыс ғылымында ақиқатты тану ол жалпылықты білу, ал Шығыста нақты мен жалпының арасындағы тендік пен үлесімділікті қажет етеді. Солай, танымның субъектісі мен объектісін қарама-қарсы қою жоқ. Практикалық ғылым қалыптасқан Шығыста əлеммен бір болмысты болуды қалайды. Шығыс пен Батыс мəдениеттері өздерінің айырмашылықтарына қарамай бір-бірімен сұхбатқа тырысады. Осы жағдай ғылымға да қатысты. Осыған дəлел ғарыш, табиғи, əлуметтік процестер туралы түсініктерінің нəтижелері. Шығыста ойлаудын ерекшелігі бірізгіліксіздік, ол жетілгендік пен сұхбаттылықтын көрсеткіші жəне шығармашылық хаостын аланынын себебі деген ой. Осы тұжырымға қазіргі ғылым өзінің классикалық емес жəне постнеклассикалық кезеңдерінде жетті. Мысалы, үнді философиясындағы адам организімінің түпкі мүмкіндіктері туралы білімдер қазіргі медицина мен биологияда жаңа түрде қарастырылып жатыр. Осы батыс рационализімі мен шығыс данышпандығының интеграциясы. 20 ғ. шығыс психомəдениеттерінің /даосизм, буддизм, дзен-буддизм/ медиативтік тəжірибелерін батыс ғылымы пайдаланады /интуитивтік əдісті құбылысты тануда қолданады/. Сөйтіп, үнді физик Б. Бозе, пакистан физигі А. Салам деген жаңа аттар туылды.

Қорыта айтқанда, 20 ғ. сонында – 21 ғ. басында адамзат өмірді сақтау стратегиясын тандауында шығыстың дəстүрлі нəтижелерімен, техногендік өркениеттің төнірегінде пайда болған құндылықпен, көзқарас мағыналарымен келісім түріне жетті. Батыс пен Шығыс арасындағы сұхбат конструктивті жəне шексіз, солай, адамзат жаһандау мəселерінде шеше алу мүмкін дейміз.

Бақылау сұрақтар:

1.Ғылым əлеуметтік-мəдени құбылыс ретінде қандай функция атқарады?

2.Ғылым этосы дегеніміз не?

3.Ғылымның дəстүрлі қоғамда қалыптасуының ерекшелігі?

4.Ғылымның техногендік қоғамда қалыптасуының позитивті жəне негативті жақтары?

5.Неге батыс мəдениетін техногендік қоғаммен теңдейді?

Қолданылған əдебиеттер:

1.Вернадский В.И. Проблема биохимии. М., 1988.

2.БернарДж. Наука в истории общества. М., 1956.

3.Холтон Дж. Что такое антинаука//Вопросы философии. 1992. №2.

4.Агацци Э. Моральное измерение науки и техники. М., 1998.

5.Федоров Н.Ф. Сочинения. М., 1982.

6.Агацци Э. Указ. соч. М., 1998.

7.Торосян В.Г. Концепции современного естествознания. Краснодар. 1999.

8.Горохов В.Г., Розов М.А. Философия науки и техники. М., 1999.

9.Введение в философию: В 2 ч. М., 1989. Ч. 2.

10.Швырев В.С. Научное познание как деятельность. М., 1984.

11.Əлемдік философиялық мұра. XX ғасырдағы тарих философиясы. Жиырма томдық. 16 – том. Алматы: Жазушы, 2007. – 544 б.

36

12. Əлемдік философиялық мұра. XX ғасырдағы мəдениет философиясы. Жиырма томдық. 17 – том. Алматы: Жазушы, 2007. – 512 б.

4. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМНЫҢ ӨЗГЕШЕЛІГІ

Дəрістің мақсаты: Ғылымның дүниегекөзқарастық аспектерін көрсету. Ғылымның гуманистік көкжиегін анықтау. Ғылым жəне адамгершілік қандай қатынасты көрсету. Ғылымның аксиологиялық статусын анықтау. Ғылымдағы тұлға мəселесін белгілеу. Ғылым мен философияның ерекшеліктерін салыстырмалы түрде көрсету. Ғылымның философиялық негіздерін анықтау.

Негізгі терминдер:

Философия – қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мəдениетінде басқа көзқарас түрлерімен бірге дамиды /қарапайым, дін, аңыз, өнер жəне жартылай ғылым/. Көзқарастың негізгі мəселесі – адамның қоршаған ортаға қатынасы болып табылады /табиғатқа, қоғамға, басқа адамдар мен өзіне/. Осы қатынастардың негізінде жеке адам мен əлеуметтік қоғамда қалыптасқан құндылық жүйесі жатыр /игілік пен зұлымдылық, ақиқат пен жалған, үйлесімдік пен үйлесімсіздік /гармония мен дисгармония/, борыш пен ісшексіздігі, махаббат пен кек алу, үміт пен үмітсіздік, пайда мен зияндылық, белсенділік пен қабілетсіздік т.б. Осы дүниегекөзқарастардың барлық түрлері /қарапайым түрінен басқа/ өзгеше қасиеттерге ие, яғни мəселелерді шешуде өзге тіл мен əдістерді қолданады. Философияға келсек оның теориялық қасиетін айтып кетуге болады. Əр-түрлі дүниегекөзқарас мəселелердің шешімінде /онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, эстетикалық, экзистенциалдық, праксеологиялық т.б./ ол ақылға, анықтамалық ойлауға, дəлелге арқа сүйейді. Осы оның басымдылығы да кемшілігі де деп айтуға болады. Себебі, əр-түрлі құндылыққа қатысты мəселелердің шешімі логика заңдылығына бағымбайды. Философия өзінің жалпылыққа жақын табиғатымен бүкіл эмпириялық материалдардың жəй жиынтығы емес, керісінше соларды рационалдық тұрғыдан схемамен көрсетеді, талдау, салыстыру арқылы жүйелендіреді. Жəне өзінің табиғатының ерекшелігімен ол плюралсыз да болалмайды. Бірақ осы қасиетінің жақсы ұтымды жағы бар: 1. адамзат ұжымы көптүрлі жəне қайшылығы мол болған сон, оларға ортақ рационалды түсінік мүмкін емес; 2. реалды тарихқа қарағанда философияның плюралдылығы адамзатты болашақта күтіп тұрған əр-түрлі мəселелердің шешімін схема əлде басқа рационалды түрмен көрсете алады.

Ғылым – əр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нəтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі:

пəнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дəлел, эмпириялық жəне теориялық дəлел, логикалық дəлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра жəне жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі əлеуметтік жүйе болып табылады.

37

Философия мен ғылымның қатынасы туралы трансценденталдық концепция – тарихи тұрғыдан алғашқы, антика кезеңінен бастап біздің ғасырға дейін ұзақ эволюциядан өткен, 19 ғ. бірінші жартысына дейін мəдиниетте үстемді орын алған, философияның /метафизика, натурфилософия/ нақты ғылымдарға қарағанда гносеологиялық пен əлеуметтік-гуманитарлық үстемділігін дəлелдеп тұжырымдаған концепция. Осы концепцияның мағынасы келесі формула түрлерімен көрсетіледі: «Философия – ғылымның ғылымы» əлде «Философия – ғылымдардың патшасы». Тəжірибе тұрғысында нақты ғылымдарға болмыс пен танымды философиялық схемалар арқылы түсіндіру, түбінде 19 ғ. ортасында ғылымның дамуын тоқтатуға əкелді. Осы концепцияны ұсынғандар: Аристотель, Фома Аквинский, Спиноза, Гегель, Шеллинг, диалектикалық материализімнің ортодоксалдық өкілдері т.б. Қазіргі кезеңде де осы концепцияның ұстанушылары философиялық білімнің жоғары деңгейі мен жалпы мəдени қажеттілігін қолдайды /Тейяр де Шарден т.б./

Философия мен ғылымның қатынасы туралы позитивистік концепция – 19

ғ. 30-шы ж. /О.Конт, Г. Спенсер, Дж.Ст. Милль/ шыққан, келесі де философия мен ғалымдар ортасында кең таралған концепция. Ол нақты-ғылыми танымды дəстүрлі философияға қарағанда үстемділігін жариялайды. Философия позитивистері айтуынша өтірік білім, спекулятивті, оймен тану теорияландыру, қазіргі ғылым үшін пайдасы жоқ, себебі, ол тек өтірік білім вирусымен «жұқтырады». Табиғат, қоғам мен танымды ғылыми əдістермен зерттеу үшін философияға ғылыми əдістерді қолдану қажет /бақылауды, жалпылау мен заңдылықтардың математикалық дəлелдемесін/. «Ғылым өзі үшін философия» /О.Конт/, «Физика метафизикадан байқа!» /И. Ньютон/ - позитивистік концепцияның формулалары. Бірақ, позитивистердің ғылыми философияны құрастыру мақсаты – дүниенің ғылыми бейнесі /Г. Спенсер/, ғылым методологиясы /Дж. Ст. Милль/, ғылыми қызметтің психологиясы /Э. Мах/, ғылыми тілдің логикалық-математикалық талдауы – М. Шлик, Б. Рассел, Р. Карнап, ғылыми білім даму туралы теория – К. Поппер жəне ғылымның лингистикалық талдауы сəтсіздікке əкелді. Ғылым принципиалды түрде метафизикалық философиялық ережелерден бос емес, себебі, адамның санасының қызметінің тұтастығымен жəне оның барлық когнитивтік құрылыстырының ішкі байланысымен негізделеді.

Философия мен ғылымның қатынасы туралы диалектикалық концепция

философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы ілім, сапалық белгілер бойынша олар өзгеше, бірақ ішкі мəнінде бір-бірімен байланысты жəне де дамуларында бір-бірінің когнитивтік ресурстарын қолданады. Оның дəлелі – олардың дамуы мен байланысы. Нақты түрде дəлелдеріне жатады: фундаменталды ғылыми теориялардың философиялық негіздерінің бар екендігі; нақты ғылыми білімдердің философиялық аргументтері мен құрылыстарды қолдануы. Олардың арасындағы шекара тарихи тайыз жəне ықтималды. Философия нақты ғылымдарға қатысты интерпретативтік, бағалау, жалпы мəдени роль атқарады. Себебі, ғылым мəдениеттің органикалық бөлігі, философия арқылы мəдениет өзін тұтас жəне өзінің негізін рефлексияландырады. Тағы бір байланысты дəлелдейтің «кентавр» сияқты

38

білім аймағы – « ғылым философиясы». Осы концепцияның дамуына үлес қосқандар: Платон, Аристотель, Декарт, Спиноза, Лейбниц, Гегель, Кант, Рассел, Пуанкаре, Гильберт, Бор, Гейзенберг, Пригожин, Моисеев т.б.

Антиинтеракционизм – философия мен ғылым өзара қатынасы туралы концепция бойынша, философия мен ғылым мақсаттары, пəндері, əдістер тұрғысында сонша өзгеше жəне бір-біріне ұқсамайды, сөйтіп олар арасында ешқандай ішкі байланыс мүмкін емес /экзистенциализм, мəдениет философиясы, құндылық философиясы, өмір философиясының өкілдері т.б/. Осы білім түрлерінің əр қайсысы өзінің ішкі логикасы бойынша дамиды, философияның ғылымға əсері керісінше ғылымның философияға тек сырттай, иррелевантты түрмен болады. Антиинтеракционизмнің кредосы - «Философия ғылымды емес те, ғылым философиялы емес те».

Метафизика – екі мағыналы философиялық категория: 1. жалпы, синтетикалық априорлы білім /философия рационалды əлде метафизикалық деген синонимдарға тең/; 2. философия жалпы мен қажетті жəне бүкіл құбылыс пен процестердің /материалды жəне рухани/ дамуы деген идеядан дүниеге көзқарастың теориялық модельдерінен абстракциялау. Екінші мағынада Гегель өзінің философиялық ойларында қолданған жəне келесі де маркс-лениндік жəне басқа бағыттар /неогегельяндар/. Метафизика ұғымынын, оның бірінші мағынасында бинарлық оппозициясы «априорлы білім» əлде «нақты-ғылыми білім» болады. Метафизика ұғымынын екінші мағынасында бинарлық оппозициясы - жалпы даму теория, Гегель мен марксистер оны жалғыз ақиқатты философия жəне ойлаудын жалпы əдісі деп түсінген «диалектика» термині болып табылады.

Ғылыми көзқарас - өзінің құрылымында нақты ғылымдарға негізделетін, əсіресе олардың мазмұны философиялық онтология шеңберінде жалпылау мен интерпретация жасауға кең қолдаланылады. Ғылым өзі қазіргі түсінігі бойынша, яғни əр-түрлі объектер мен реалды құбылыстарды тəжірибелік /эксперимент/ жəне теориялық /математикалық/ тұрғыдан зерттеу; оның бүгінгіі жағдайда көзқарасқа қатысы жоқ: 1. ғылым адамның дүниеге қатынасын емес объективтік реалдылықты зерттейді; 2. əр дүниегекөзқарастын түрі сананың құндылық түрі болып табылады, ал ғылымға келсек, ол – оның когнитивтік сферасын іске асырады, яғни өзгеше объектілер туралы нақты білім шығару. Ғылыми көзқарас үшін тарихи, əлеуметтік жəне мінез-құлық зерттейітін ғылымдардын білімдердін нəтижесін қолдану маңыздылылау, себебі бүкіл сферадағы адамның дүниеге қатынасының реалды түрлері мен механизімдері соларда аккумуляцияландырылады /жиналады/.

Ғылымның философиялық негіздері – ғылымда когнитивтік реалды,

адамзат қызметі, өзгеше əлеуметтік институт ретінде əлде ғылыми теорияларды, ғылыми бағдарламалар мен ғылыми бағыттарды дəлелдеу үшін ғалымдармен қолданылынатын философияның көп түрлі онтологиялық, гносеологиялық, методологиялық, логикалық, аксиологиялық ұғымдары мен ережелері.

Ғылымның философиялық мəселелері – философиялық жəне тұтас, нақты ғылымдар мен ғылыми теориялардын негіздеріне қатысты мəселе; логикалық-

39

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]