5.4 Оқу пәнінің мазмұны
«Этнопедагогика» пәнінің мазмұны әртүрлі этностардың салт дәстүрлері мен әдет ғұрыптары және халықтық педагогикалық ой пікірлері мен рухани мәдени мұралары туралы ғылыми-теориялық, практикалық білімдердің тұтас жүйесін ұсынады. Сонымен қатар болашақ мамандарға халық педагогикасының ғылыми негіздері мен тәлім-тәрбиелік мәнін ғылыми педагогикалық тұрғыда меңгертудің теориясы мен әдіс-тәсілдерін қарастырады. Пән жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері мен психолог мамандарын даярлауға арналған болашақ мұғалім мамандарын даярлауда халықтық ұлттық дәстүрлерінің тәрбиелік маңызын зерделеуді үйретеді.
5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
|
Апта № |
Тақырыптың аты |
Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны |
СӨЖ тапсырмалары |
|
1
|
Этнопедагогика педагогикалық ғылымның құрамдас бөлігі |
Шолу дәріс 1сағ. Семинар – 1сағ CӨЖ- 2сағ |
Этнопедагогика глоссарийін құрастыру. Қазақ этнопедагогикасының пайда болу, қалыптасу, даму кезеңдерінің кестесін құру. |
|
2
|
Этнопедагогиканың ұғымдық-терминологиялық жүйесі |
Дәріс – 1сағ. Семинар– 1сағ CӨЖ- 2сағ |
Этнопедагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесінің байланыс кестесін құрастыру, оларға мазмұндық сипаттама жасау. Этнос субьектісі мәнін талдау |
|
3 |
Этнопедагогиканың зерттеу пәні ретіндегі этностық тәрбиенің мәні |
Дәріс – 1 сағ. Семинар– 1сағ CӨЖ- 2сағ |
Этникалық тәрбиеннің мазмұның талдау жасау, салыстыру
|
|
4 |
Этностық тәрбиенің принциптері |
Дәріс– 1 сағ. Семинар – 1сағ CӨЖ- 2сағ |
Этникалық және көпмәдениетті тәрбиенің байланысын кесте түрінде көрсету |
|
5 |
Этнпедагогика адамды біртұтас биоэлеуметтік жүйе ретінде дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері |
Дәріс-1сағ. Семинар– 1сағ CӨЖ- 2сағ
|
Халық педагогикасындағы жас ерекшеліктерге байланысты ұғымдарға талдау жасау |
|
6 |
Халық идеалындағы “жетілген адам” және оны тәрбиелеу тәжірибесі |
Дәріс-1 сағ. Семинар– 1сағ CӨЖ- 2сағ
|
Кемелденген адам жайлы ғұлама ойшылдардың ой-тұжырымдары. Абайдың «Адам бол» тұжырымдасы.
|
|
7 |
Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізгі өзегі
|
Дәріс-1 сағ. Семинар– 1сағ CӨЖ- 2сағ |
Отбасындағы рухани-адамгершілік, әлеуметтік жағдайлар. Отбасы тәрбиесіндегі әлеуметтік, рухани-адамгершілік тәрбие мәселелері. Кесте құру, сипаттау. |
|
8
|
Этностық тәрбиенің мазмұны. Ақыл-ой тәрбиесінің этнопедагогикалық негіздері |
Дәріс-1сағ. Семинар -1сағ CӨЖ- 2сағ
|
Жүсiп Баласағұнидың “Қутадғу билиг” (Құтты білік) атты еңбегіндегі– ақыл мен білім туралы өсиетін, Қайқауыстың “Кодекс куманикус” атты еңбегінде өнер, бiлiм, саясат ағымдарынна талдау жасау
|
|
9 |
Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Халық педагогикасындағы адамгершілік және патриоттық тәрбие идеялары мен тәжіри-бесі |
Дәріс-1сағ. Семинар -1сағ CӨЖ- 2сағ
|
А.Йассауидің адамгершілік, кісілік, имандылық, тәлімдік-танымдық идеялары. Эссе. Ұлт анықамасына глоссарий құрастыру |
|
10 |
Баланы еңбекке баулу халық педагогикасының негізгі мақсаты |
Дәріс-1сағ. Семинар -1сағ CӨЖ- 2сағ |
Негізгі педагогикалық ағымдар; еңбек мектебі мен азаматтық тәрбие. Баяндама |
|
11 |
Эстетикалық тәрбие халық пе-дагогикасының жетекші бағыты ретінде |
Дәріс- 1 сағ. Семинар- 1сағ CӨЖ- 2сағ
|
С.А.Ұзақбаеваның зерттеулерінде эстетикалық тәрбие мәселелеріне талдау жасау |
|
12 |
Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі мәселелері |
Дәріс- 1 сағ. Семинар 1сағ CӨЖ- 2сағ |
Қазақ ойшылдарының педагогикалық идеяларындағы әлеуметтік мәселелер. Эссе жазу.
|
|
13 |
Этностық тәрбиенің құралдары |
Дәріс- 1 сағ. Семинар- 1сағ CӨЖ- 2сағ |
Республикадағы қайырымдылық қорлар туралы нормативтік құжаттарға шолу жасау. |
|
14 |
Этностық тәрбиенің әдістері мен түрлері |
Дәріс- 1 сағ. Семинар -1сағ CӨЖ- 2сағ |
Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы ой-пікірлерге талдау жасау. Реферат дайындау. |
|
15 |
Этникалық дидактиканың мәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрі, құралдары |
Дәріс- 1 сағ. Семинар -1сағ CӨЖ- 2сағ.
|
ҚР-ғы білім берудегі қазіргі тенденциялары |
