Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bux.esep.SRO 2.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
42.42 Кб
Скачать

2. Қаржылық есеп берудің негізгі сапалық сипаттамалары және бухгалтерлік есеп стандарттары мен принціптері.

Нарықтық экономиканы қалыптастыру жағдайында кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру бағыттарының бірі оның Есеп пен есеп берудің халықаралық  стандарттарға қарай бағыт алуы болып табылады.

Есептің халықаралық стандартын енгізу есептің, бақылаудың сапасы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, кәсіпорындар есептің неғұрлым негізделген жүйелерін, оның ерекшеліктері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудағы техникасы мен технологиясын көрсету арқылы пайдалануына белгілі бір дебеттік береді.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп бойынша 29 Қазақстандық стандарт қолданылады (1-кесте), олар туралы кейбір ақпараттар мен тізбе төтенде келтірілген.

1-кесте. Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартының тізбесі.

Атауы

Күшіне енген күні

1

2

3

1

Есеп саясаты және оның  ашылуы

1997 ж. 1 қаңтар

2

Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берілудегі негізгі ашылулар

1997 ж. 1 қаңтар

3

Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру

1997 ж. 1 қаңтар

4

Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп беру

1997 ж. 1 қаңтар

5

Кіріс

1997 ж. 1 қаңтар

6

Негізгі құралдарды есепке алу

1997 ж. 1 қаңтар

7

Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу

1997 ж. 1 қаңтар

8

Қаржы инвестицияларын есепке алу

1997 ж. 1 қаңтар

9

Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу

1997 ж. 1 қаңтар

10

Байланыстан тараптар туралы ақпараттың ашылуы

1997 ж. 1 қаңтар

11

Табыс салығы бойынша есеп

1997 ж. 1 қаңтар

12

Күрделі құрылысқа мердігерлік шарты

1997 ж. 1 қаңтар

13

Шоғырландырылған қаржылық есептеме және еншілес серіктестіктерге берілген инвестицияларды есепке алу

1998 ж. 1 қаңтар

14

Тәуелді шаруашылық серіктестігіне берілген инвестицияларды есепке алу

1998 ж. 1 қаңтар

15

Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесін қаржылық есептемеде көрсету

1998 ж. 1 қаңтар

16

Зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған шығындарды есепке алу

1997 ж. 1 қаңтар

17

Жалды есепке алу

1997 ж. 1 қаңтар

18

Инвестициялық қорлардағы есеп

1997 ж .1 қаңтар

19

Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары бойынша есеп және есептеме жасау

1997 ж. 1 қаңтар

20

Мұнайгаз өндіру қызметінің есебі мен есептемесі

1997 ж. 1 қаңтар

21

Банктердің қаржы есебі

1997 ж. 12 желтоқсан

22

Банктердің кірістері мен шығыстары

1997 ж. 12 желтоқсан

23

Шағын кәсіпкер субъектілерінің есебі мен есеп беруі

1997 ж. 12 желтоқсан

24

Бухгалтерлік службаның ұйымдастырылуы

1998 ж. 6 наурыз

25

Зейнетақы активтерін басқару компаниясының есебі және есептілігінің құрылуы

1998 ж. 6 наурыз

26

Брокерлік және дилерлік ұйымдар есебі мен есеп беруі

1998 ж. 6 наурыз

27

Есеп беру мерзімінен соң болған күтпеген оқиғалар мен жағдайлар

1998 ж. 14 шілде

28

Материалды емес активтер есебі

1998 ж. 6 наурыз

29

Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жұмыстар шығыны есебі

1998 ж. 6 наурыз

30

Қаржы есебін беру

2003 ж. 17 қаңтар

31

Мерзімдік таза кіріс немесе зиян, маңызды қателер мен есеп саясатындағы өзгерістер

2003ж. 27 қаңтар

Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етті.

Есеп саясат – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

Кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен мәнін арттыруда аса маңызды болмақ.

Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп іскер адамдарды біріктіре алатын бизнес пен кәсіпкерліктің тілі болып табылады. Бұған қоса, бухгалтерлік есеп макроэкономикалық көрсеткіштердің қалыптасуының жалпы мемлекеттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ал бұның өзі әрбір кәсіпорын мұндай көрсеткіштерді есептеп шығаруға қажетті ақпараттарды әзірлей отырып, бірегей әдістер мен қағидаларға сүйенулері керек. Бұл қағидалар есеп рәсімдерін таңдау мен есеп процесін әзірлеуде  сақталуға тиіс, кәсіпорынның есеп жүйесіндегі бастапқы сәттерді белгілейді.

Олар – кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жүйесін құрудың ірге тасы. Оның мақсаты салыстырмалы ақпаратқа рұқсатты қамтамасыз ету, қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі туралы шынайы ақпаратты тапсыруы болап табылады.

Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылы №234-111 ҚРЗ қабылданған «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» заңына сәйкес есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай принциптерін сақтау керек:

  1. Есептеу – кәсіпорынның  кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

  2. Үздіксіз, яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуы немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтажы да жоқ деп болжанады.

  3. Түсініктілік принциптері – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.

  4. Маңыздылығы, пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.

  5. Мәнділік, ақпарат мәні болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.

  6. Шындық, ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған сене алады.

  7. Бейтараптық, қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.

  8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылданбаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.

  9. Аяқталғандық – растық қастамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталған болуы тиіс.

  10. Салыстырмалылық – қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.

  11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістер, объетілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолданылуы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайға түсіндірме жазулар болуға тиіс, біз оларды негіздеуге тиіспіз.

  12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі, ақша қаражатының қозғалысы туралы күмәнсіз және риясыз көзқарас туғызуы керек.

Бұл принциптер кәсіпорынның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау кәсіпорынның мүліктік және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Оның қызметінің нәтижесі бухгалтерлік есепті жүргізбеу  ретінде бағалауы керек. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады. Олар шаруашылық операцияларын, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелер мен шаруашылық қызметінің нәтижелерін көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсынады.

Есеп саясаты қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістердің беруін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіреді. Есеп саясатын қалыптасуына кәсіпорынның  басшысы жауап береді.

Есеп саясатының ашылуы – бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазудағы неғұрлым елеулі аспектілерге сипаттама беру.

Қаржылық есептеменің деректері бойынша кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) үрдістер және т.б. көрсеткіштер белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]