Тест тарих 500
.docҚазақстан тарихы пәнінен сұрақтар үлгілері
1 |
Адамзат тарихында қай кезең ең ежелгі деп есептеледі? тас ғасыры |
2 |
Жер бетінде алғашқы адам қашан пайда болды? 2,5-2 жыл бұрын |
3 |
1927 жылы жердің қай аймағында синантроп табылды? Қытайда |
4 |
Тас ғасыры тарих дәуірінің қай кезеңіне жатады? Ежелгі |
5 |
Қазақстан террриториясын ежелгі адамдар қай уақыттан бастап қоныстанды? Б.з.д. 800-700 жыл бұрын |
6 |
Қазақстаннның қай аймағынан адамдардың ең ежелгі тұрақтары табылды? Қаратау жотасынан |
7 |
1958 ж. қай облыста Х.Алпысбаев жетекшілігімен ең ежелгі палеолит тұрақтары табылды? Жамбыл |
8 |
Қаратау тауларында Х.Алпысбаев жетекшілігімен ашылған ежелгі палеолит тұрақтары қалай аталды? Бөріқазған, Тәңірқазған |
9 |
«Экзогамия» термині нені білдіреді? өз қауым топтарының арасында некелесуге тиым салу |
10 |
Палеолит кезеңіндегі адамдардың ең негізгі шаруашылығы: терімшілік, аң аулау |
11 |
Матриархат термині нені білдіреді? әйелдердің қоғамдағы дәрежесінін жоғарылауы |
12 |
Микролит дегеніміз не? Мезолиттегі құрал тас пластина |
13 |
Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, кесуді, тесуді қай кезеңде үйренді? Неолит |
14 |
Өндіруші шаруашылық қашан пайда болды? Неолитте |
15 |
Қай дәуірде матриархат орнына патриархат келді? Неолит |
16 |
«Патриархат» термині қандай мағынаны береді? Еркектер беделінің өсуі |
17 |
Қазақстанда қола дәуірінің хронологиялық шеңбері: б.з.д. XVIII-VIII ғасырдың басы |
18 |
«Андронов мәдениеті» атауы қайдан шыққан? Оңт. Сібір Ачинск қаласы, Андронов селосы |
19 |
Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанға қандай мәдениет таралды? Беғазы Дәндібай |
20 |
Қола неден құралады? Мыс пен қалайы қоспасынан |
21 |
Көшпелі мал шаруашылығына өтуде малдың қай түрі басым болды? Жылқы мен қой |
22 |
Қазақстанның қай аймақтарында ежелгі металлургия дамыған? Орталық Қазақстан |
24 |
Андронов мәдениеті қай аймақтарға таралды? Қазақстан, Сібір, Орта Азия |
25 |
Қазақстан территориясында қай тайпалар алғашқы бірлестіктерді құрды сақ |
26 |
Сақ тайпалық бірлестігінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: б.з.б. VII-IV ғасырлар |
27 |
Сақ тайпаларының орналасу ареалын көрсетіңіз:Қазақстан, Орта Азия |
28 |
Б.з.д. 1-ші мыңжылдықтың ортасында сақтардың территориясынан өткен керуен жолын мамандар қалай атайды? Дала жолы |
29 |
Б.з.д. 1-ші мыңжылдықта сақтардың жерінен өткен Дала жолы материктің қай аймақтарын байланыстырды? Қытай мен Қара теңіз жағалауы |
30 |
Қазақстанның қай бөлігінде сақ-парадарайа тайпалары мекен етті? Сырдария мен Арал теңізі |
31 |
Қай тайпаларды шошақбөріктілер деп атады? Сақ тиграхаудалар |
32 |
Сақ-тиграхауда тайпалары Қазақстанның қай бөлігін мекендеді? Жетісу |
33 |
Ежелгі авторлардың қайсысын «Тарихтың атасы» деп атайды? Герадот |
34 |
«Тарих» атты 9 томды еңбектің сақтарға арналған 4-ші томын ежелгі грек авторларынан кім жазды? Герадот |
35 |
«Алтын адам» табылған Есік қорғаны Қазақстанның қай облысында орналасқан? Алматы |
36 |
Археологтардың қайсысы «Алтын адам» табылған Есік қорғанын тауып, зерттеді? Ақышев |
37 |
Акинак дегеніміз не? Сақтардың қысқа қылышы |
38 |
Аңыз бойынша сақ патшасы Томиристің бұйрығымен жаулап алушылар ішінен кімнің басы шабылды? Кир |
39 |
Александр Македонскийдің бұйрығымен сақтардың жерінде салынған қала қалай аталады? Шеткі Александрия |
40 |
Қай шығармада А.Македонскийдің сақтар жеріне жорықтары туралы айтылады? А. Құнанбаев «Ескендір» |
41 |
Сақтар өнеріне қандай стиль тән? Аңдық стиль |
42 |
Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы: гуньмо |
43 |
Үйсін мемлекеті қашан және қай территорияда құрылды? Б.з.б. 177 жылы Жетісуда |
44 |
Шыңғысханды император етiп жариялаған бүкiл монғолдардың құрылтай жиналысы қай жылы болды? 1206 |
45 |
Отырар қаласының монғол әскерлерiнен қорғануы қанша уақытқа созылды? 5-6 ай |
46 |
Монғол шапқыншылығы қарсаңында қарақытайлар елiне барып паналаған, мұсылмандарға қыр көрсеткен басшы: Күшлік хан |
47 |
XII-XIVғғ. мемлекет құрудағы ең басты тұрақты бөлу принципi: оң және сол қағанаттарға бөлу |
48 |
Жошы ұлысы мен Алтын Ордада империя кiмнiң меншiгiнде деп есептелдi? Хан тұқымдарында, Шыңғыс |
49 |
1235 ж. монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығы туралы шешiм қабылданды. Ол жорықты кiм басқарды? Батый |
50 |
Көшпелi Өзбек мемлекетi қашан құрылды? XV ғасырдың 20 жылдары 1428 жылы |
51 |
Ноғай Ордасының орталығы болған жер: Сарайшық Жайықтың төменгі ағысы |
52 |
XIV ғ. орта кезiнде Шағатай мемлекетi екiге бөлiндi. Батыс бөлiгiн Мәуераннахр деп атаған, ал Шығыс бөлiгі қалай аталды? Моғолстан |
53 |
Атақты “Тарихи Рашиди” атты еңбектiң авторы: М.Х Дулати |
54 |
Орта Азия жерiнде мемлекеттiң негiзiн қалап, XV ғ. бас кезiнде алғашқы қазақ хандарымен Сырдария маңындағы қалалар үшiн ұзақ уақыт күрес жүргiзген: Мұхаммед Шайбани |
55 |
XIV ғ. орта кезінде Моғолстанның саяси өмiрiнде қай тайпалардың басшылары ерекше рөл атқарды? Дулат |
56 |
Ақ Орда мен Көк Орда атаулары қай ұлыстың әртүрлi бөлiгiн құрады? Жошы ұлысы |
57 |
Өзiнiң қарсыластарымен ұзақ күрестен кейiн, 1370 жылы Мәуераннахрда жеке билеушi болған кiм? Ә.Темір |
58 |
Алтын Ордада хан жарлықтары қай тiлде жазылды? Түрік тілінде |
59 |
Ақ Орданың астанасы қай қала? Сығанақ |
60 |
Моғолстан мемлекетіндегі Хан кеңесінің аты: Мәжіліс |
61 |
XVғ. ортасында Әбілқайыр (“Көшпелі өзбек”) хандығындағы саяси жағдайдың шиеленісуі кімдердің арасында болды? Жошылықтар мен Шайбанилердің арасында |
62 |
1480 ж. Жәнiбектiң орнына хан болған: Бұрындық |
63 |
XV-XVІІ ғғ. қазақ қоғамы қандай екi әлеуметтiк топтан тұрды? Ақ сүйек, қара сүйек |
64 |
Тұңғыш қазақ хандары қай мемлекетпен бірінші одақтық қарым-қатынас жасады? Моғолстан |
65 |
Жоңғарларға қарсы күресте Жәңгір ханға қолдау жасап, көмек көрсеткен қолбасшы: Жалаңтөс батыр |
66 |
“Жеті Жарғы” заңдар жинағын құрастыруға қатысқан, көптеген толғаулардың авторы, Ұлы Жүздің биі: Төле би |
67 |
ХУІ-ХУІІ ғғ. “Ұлыстың ұлы күні” деп аталатын қазақтардың негізгі мейрамдарының бірі: Наурыз мейрамы |
68 |
Жошының ұлы Орда Ежен Ордасы қай жерде орналасты? Ертісте |
69 |
Ұлық Ұлысының Монғол империясынан бөлінуіне қандай себептер әсер етті? Барлық жауап дұрыс |
70 |
Ұлық ұлысында жоғары әскери қолбасшының міндетін кім атқарды? Беклербек |
71 |
Ұлық ұлысында мемлекеттік билік басшысының титулы: Уәзір |
72 |
ХІІІ ғ. екінші жартысы-ХІУ ғ. бірінші жартысында Шағатай мемлекетінде қалалық мәденитеттің құлдырауының себептері: Барлық жауап дұрыс |
73 |
Хан мен сұлтандар үшін шариатта белгіленген мал салығы: Зекет |
74 |
Қазақ хандығының құрылуының объективті алғышарттары: Барлық жауап дұрыс |
75 |
Билігінің соңғы жылдарында Бұрындық хан қайда кетуге мәжбүр болды? Мәуеренахр |
76 |
1594 ж. Мәскеу патшасы Федорге қазақ елшілігін бастап барған кім? Құл – Мұхаммед |
77 |
Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге кімдер қолдау көрсетті? Қырғыздармен |
78 |
Қожа Ахмед Яссауи кесенесі қай жерде орналасқан? Түркістан |
79 |
Қандай оқиға1219 жылы Шыңғысханның Мәуереннахрға жорығын жеделдетті? Отырар апаты |
80 |
Қай жылы монғолдар Орта Азияны жаулап алды? 1221 |
81 |
Қай жылы Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енді? 1224 |
82 |
Қазақстан территориясы Монғолдың 3 ұлысының құрамына енді, кіші ұлы Төлеге қай жерлер берілді? Монғолия |
83 |
Қай жылы Шыңғыс хан қайтыс болып, оның империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөліне бастады? 1227 жыл |
84 |
Алтын Орда мемлекетінің негізін салған кім? Батый |
85 |
Моғолстанның астанасын атаңыз: Алмалық |
86 |
Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде Сығанақ қаласы қандай рөл атқарды? Астана |
87 |
Неге Баласағұн қаласы Шыңғысханға соғыссыз берілді? Күшліктің мұсылмандарға қысымынан құтқарушы деп қабылдады |
88 |
Деректерде Бату әскері қалай аталды? Татар |
89 |
Алтын Ордада салықты кім жинады?Басқақтар |
90 |
Ойраттарға шешуші соққы берген Монғолстан ханы кім? Уәйіс хан |
91 |
Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр қай жылы хан болып сайланды? 1428 жыл |
92 |
Ноғай Ордасы көптеген рулық-тайпалық топтарды біріктірген бірнеше ұлыстардан тұрды. Ұлыс билеушісі кім болды? Мырза |
93 |
Ноғай Ордасында әскери дипломатиялық, әкімшілік мұрагерлік билікті кім иеленді ? Князь |
94 |
Ұзақ ғасырларға созылған қазақ халқының және оның этникалық территориясының қалыптасуы қашан аяқталды? XV-XVI ғасыр |
95 |
Көрсетілген Қазақ хандығының қалаларынан діни орталықты көрсетіңіз: Йассы |
96 |
Қай ханның тұсында Ақ Орда тәуелсіз хандық болып жарияланды Орыс хан |
97 |
Батыста феодалдық жер үлесі бенефиций, Ресейде – поместье, ал Шығыста қалай аталды? Сойырғал |
98 |
Қай жылы Әбілқайыр хан ойраттардан жеңіліп, олармен ауыр жағдайда бейбіт келісімге келді? 1457 жыл |
99 |
Қай жылы Әбілқайыр хан қайтыс болып, оның мемлекеті ыдырады? 1468 жыл |
100 |
ХҮІ ғ. бірінші жартысында қай ханның тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты артты? Қасым хан |
101 |
Қай жылы Мұхаммед Шайбани Сығанақ қаласын басып алғысы келді, бірақ Қасым әскерлерінен ойсырата жеңілді, ал өзбектер Самарқандқа қашты? 1510 жыл |
102 |
ХҮІІ ғ. бірінші жартысында Қазақтың қай ханының тұсында Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егіншілік адамдары мен Сырдарияның орта ағысындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына еніп, Ташкент 200 жылға берілді? Есім хан |
103 |
Ағасы қайтыс болғанда оның әйелі інісіне тұрмысқа берілетін дәстүр қалай аталады? Әмеңгерлік |
104 |
Қай қазақ ханының тұсында қазақ халқының саны 1 млн. адамға жетті? Қасым |
105 |
Үйсіндердің астанасы болған: Чигучен, Қызыл аңғар |
106 |
Қай жазба дерегі үйсіндерде жеке меншіктің болғандығы туралы мәлімет береді? Цыма сянь, қытай «Тарихи жазба» |
107 |
«Кангюй» термині тарихи деректерде алғаш қашан айтыла бастады? Б.з.б 2 ғасыр, қытай деректерінде |
108 |
Көптеген деректердегі пікірлер бойынша ғұндар: Түркі тілдес |
109 |
Бұмын қаған титулын қай жылы алды? 552 жыл |
110 |
Мұқан қағанның билік құрған жылдары: 553 – 572 жыл |
111 |
582-603 жылдар қандай кезең? Түрік қағанатын ыдыратуға алып келген бүлік |
112 |
Батыс Түрік қағанатының астанасы: Суяб |
113 |
Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған жылдары? 715 – 738 жылдар |
114 |
Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақтар |
115 |
Иқта, (Издольщина), уакф (вакф), коммендация. Жер иеленудің бұл түрлері қай мемлекетте кеңінен таралды? Қарахан әулетінде |
116 |
Қай халықтың жоғарғы билеушілері елбөрілі әулетінен болды? Қыпшақ |
117 |
Кімдердің әскери қолбасшысына сюбашы титулы берілді? Оғыз |
118 |
Янгикент қай мемлекеттің астанасы болды? Оғыз |
119 |
Қарахандар мемлекетінің құлауы кімдермен байланысты болды? Қидандармен |
120 |
Ертедегі түрікілерде «мемлекет» сөзінің баламасы: Эл (ел) |
121 |
«Он оқ бұдын» деп: VII ғ Батыс түрік қағанаты |
122 |
Қара.. және Сары ... – бұл ірі бөлімдер атауы қай тайпада болды? Түркештер |
123 |
Бірінші Түрік қағанатынның ақсүйектері арасында таралған әлемдік діндердің бірі: Буддизм |
124 |
ХІ ғ. қай түркі тайпалары христиан дініне табына бастады? Керей |
125 |
Алғаш ежелгі түркі жазбасы ескерткіштері қашан ашылды? 1721 – 1722 ж |
126 |
Түркі сына жазбасын оқыған: С.Томсон |
127 |
Ежелгі түркі алфавиті қанша белгілерден тұрады? 37 – 38 таңба |
128 |
В.В.Радлов алғаш түркі ескерткіштерінің мәтінін қай жылы жарыққа шығарды? 1894 жыл |
129 |
Көпшілікке танымал түркі сына жазба ескерткіштерінің орналасқан жері: Монғолия |
130 |
М.Қашқаридың өмір сүрген жылдары: 1029 – 1101 ж.ж |
131 |
Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары: 870 – 950 ж.ж |
132 |
Үйсіндердің алғашқы қонысы қай жерден табылды? Шу алқабы |
133 |
Қай қағанның тұсында Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті? Мұқан |
134 |
«Түрік» сөзі нені білдіреді? Күшті, мықты |
135 |
Түріктер үшін сәтті жарықтар болған: Батыс |
136 |
Түріктерде үлкен қажеттілікті басынан кешіруге мәжбүр еткен жұт жылдары: 581 – 583 жылдар |
137 |
Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 603 – 704 жылдар |
138 |
Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары: 552 – 603 жылдар |
139 |
Түрік қағанатының негізгі халқы: Қауым малшылары |
140 |
«Түрік» этнонимі қай жылнамаларда кездеседі? Қытай |
141 |
Түргеш қағанатының құрылған жылы: 704 жыл |
142 |
«Халықтар шайқасы» қай жылы болды? 751 жыл |
143 |
Керей мемлекеті қай ғасырда құрылды? X ғасырдың басында |
144 |
Керейлер христиан дінін қай жылы қабылдады? 1007 жылы |
145 |
Найман тайпалық одағы қалай аталды? Сегіз оғыз |
146 |
Қарлұқ мемлекетінің өмір сүрген жылдары: 756 – 940 жылдар |
147 |
«Тәңірі» дегеніміз: Аспан |
148 |
Б.з.д. УІ-ХІІ ғасырлар Қазақстан тарихында қандай кезең? Түрік кезеңі |
149 |
Тұтық дегеніміз: Аймақ |
150 |
Түргеш қағанаты неше тұтыққа бөлінді? 20 |
151 |
Оғыз мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: IX – XI ғасырдың басы |
152 |
Қарахандар мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: 942 – 1210 жылдар |
153 |
Қыпшақ мемлекетінің өмір сүрген кезеңі: XI ғасырдың басы – 1219 жыл |
154 |
Қимақ қағанатының өмір сүрген кезеңі: IX – XI ғасырдың басы |
155 |
Қимақ қағанатының астанасы: Имақия |
156 |
Қарахандар мемлекетінің астанасы: Шығысында – Баласағұн, батысында – Бұқара |
157 |
Оғыз мемлекетінің астанасы: Янгикент |
158 |
“Түрік” этнонимі алғаш қашан атала бастады? 542 жыл |
159 |
Түрік қағанатының негізін қалаған: Бумын |
160 |
Батыс Түрік қағанатының негізін неше тайпа құрады: 10 тайпа |
161 |
Қай жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді? 603 жылы |
162 |
УІІ ғ. қай қағанның тұсында Түрік қағанаты күшейді? Тон жабғу |
163 |
704 ж. Жетісудағы билікті алған түркі тайпалары: Түркеш |
164 |
Түргеш қағанатының негізін қалаған: Үш елік |
165 |
Шыңғысхан өз империясын неше ұлысқа бөлді? 4 ҰЛЫС |
166 |
Қай хандар тұсында Алтын Орда гүлденді? Өзбек пен Жәнібек |
167 |
Шыңғысханның заңдар жинағы: Жасақ, Ясса |
168 |
Алтын Ордада қай ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін болып қабылданды? Өзбек хан |
169 |
Бұл қаған елді әрқайсысы 7 мың әскерден тұратын 20 түтікке бөлген: Үш елік |
170 |
Қыпшақтар шаруашылығының негізгі түрі: мал шаруашылығы |
171 |
«Жүз» термині нені білдіреді? Тарихи шаруашылық аймақ |
172 |
Ақ Орданың құлауы қай мемлекеттермен байланысты? Ноғай Ордасы және Әбілхайыр хандығы |
173 |
Ноғай Ордасының территориясы қай жерде болды? Еділ мен Жайық арасы |
174 |
Қай жылы Моғолстан мемлекеті құрылды және оның алғашқы ханы кім? 1348 жыл, Тоғылық Темір |
175 |
Бөгенбай батыр басшылығындағы орталықтанған қазақ қолын құру туралы шешім қабылдаған 1710 жылғы құрылтай қай жерде болды? Қарақұм |
176 |
ХҮІІІ-ғасырдың басында қазақ қоғамында негізгі заң ретінде қай заңдар жинағы қолданылды? Жеті жарғы |
177 |
“Жеті жарғы” заңдар жинағы бойынша көп жағдайда қандай жазалау шаралары қаралды? Құн төлеу |
178 |
Қазақ қоғамының қай тап мүшелері би сотының қарауында болмады? Сұлтандар |
179 |
“Жеті жарғы” заңдар жинағы қай хан тұсында жасалып, қабылданды? Тәуке |
180 |
“Жеті жарғы” заңдар жинағын жасауға төмендегі қайраткерлердің қайсылары ат салысқан? Төле, Қазыбек, Әйтеке билер |
181 |
Қазақ қауымының қай тобы “ақ сүйек” қауымына жатқан? Шыңғыс ұрпақтары |
182 |
Қазақ қауымында кімдерді “қожалар” деп атаған? араб тұқымдары |
183 |
Қоғамдағы қай таптың өкілдері қазақтың ханы болып сайлана алды? Ақсүйектер |
184 |
Қазақ қоғамында сот билігі қызметін кім атқарды? Билер |
185 |
ХҮІІІ ғасырдың І ширегінде қазақтар үшін қай елден қауіп көбірек төнді? Жоңғарлар |
186 |
Қай жыл “Ақтабан шұбырынды” деп аталды? 1723 – 1727 жыл |
187 |
1723 ж. қыркүйек айында Әбілхайыр хан қандай мақсатпен Еділ қалмақтарына қарсы жорық жасады? Қалмақтар мен жоңғарлар арасында одақ құруға жол бемеу |
188 |
Ұлы жұт жылдарындағы халықтың қайғы-қасіретін көрсететін ән? Елім – ай |
189 |
1726-жылы Ордабасыдағы Құрылтайда Бүкілқазақ жасағының бас қолбасшысы болып кім сайланды? Әбілхайыр хан |
190 |
1726-жылғы Бұланты өзені бойындағы шайқаста қазақтар кімге қарсы соғысты? Қалмақтар |
191 |
ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында біріккен қазақ әскері қай жерде және қашан жоңғарларға қарсы соғыста алғаш үлкен жеңіске жетті? |
192 |
1729-жылы қазақтардың жоңғарлармен болған шайқасы қалай аталады? Аңырақай шайқасы |
193 |
Өскемен бекінісі қашан салынды? 1720 жыл |
194 |
Қай жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен елшілерінің Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен Ресейге жіберді? 1730 жыл 1 қыркүйек |
195 |
Қай жылы және қай Қазақ Жүзі бірінші болып Ресей империясының құрамына енді? 1731 жыл, 19 ақпан, Кіші жүз |
196 |
1731-жылы 10-қазанда Кіші Жүз ханының ордасына Анна Иоановнаның елшісі ретінде орыс шенеунігінің қайсысы келді? Тевкелев |
197 |
Қай жылы императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1731 жыл, қаңтар |
198 |
Қай жылы императрица Анна Иоанновна Орта жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қойды? 1734 жыл |
199 |
Орынбор экспедициясы қай жылы құрылды? 1734 жылы |
200 |
Орынбор экспедициясының тұңғыш басшысы кім? Кирилов |
201 |
Қазақстанның Ресейге қосылуы қашан аяқталды? XIX ғасырдың 50 – 60 жылдары |
202 |
А.И. Тевкелеев кім еді? Сыртқы істер коллегиясының тілмашы |
203 |
Қай қазақ ханы ең алғаш Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдірді? Әбілхайыр |
204 |
Ресей империясының құрамына қазақ жерлері қандай ретпен енді? Кіші, Орта, Ұлы |
205 |
Қазақ жерін отарлау саясатын Ресей патшалығы неден бастады? Қамалдар, бекіністер салудан |
206 |
Қай жылы Кіші жүз ханы Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты? 1748 жылы |
207 |
1748-жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін Кіші Жүздің ханы болып кім сайланды? Нұралы хан |
208 |
Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында мал жаюға тыйым салу туралы жарлығы қашан қабылданды? 1742 жылы 2 қыркүйек |
209 |
Абылай ханның билік құрған жылдары: 1771 – 1781 жылдар |
210 |
Абылай ханның шын есімі кім? Әбілмансұр |
211 |
ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдары қазақ-жоңғар қатынастарының дәстүрлі жаугершілік сипаттан одақ құру сипатына ауысуына үлкен үлес қосқан қазақ қайраткері: Абылай хан |
212 |
Екатерина ІІ Абылай ханды қазақ жерлерінің қай бөлігінің билеушісі ретінде таныды? Орта жүз ханы |
213 |
Абылай хан қайтыс болған соң Орта жүзде билік басына кім келді? Уәли |
214 |
ХІХ ғасыр ортасындағы энциклопедиялық басылымдардың бірінде жарық көрген Абылай хан туралы алғашқы ғылыми мақаланың авторы кім? Ш. Уалиханов |
215 |
Қашан және кімдердің күшімен Жоңғар хандығы біржолата жойылды? 1758 жылы, Цинь империясы |
216 |
Патша үкіметінің отарлау езгісіне қарсы қазақтардың жаппай көтерілуі алғаш рет неден көрініс алды? Пугачев көтерілісінен |
217 |
«Көрінбес қозғалысының» (партизан қозғалысының) ұйымдастырушысы кім болған? Сапура деген қазақ қызы |
218 |
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы қай жылдары болды? 1773 – 1775 жылдар |
219 |
Төмендегі келтірілген тұлғалардың қайсысы Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысқан? С. Датұлы |
220 |
Сырым Датов бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1783 – 1797 жылдар |
221 |
Сырым Датов бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірінде болды? Батыс Қазақстан |
222 |
Сырым Датов бастаған көтерілісшілер қай ханды тақтан тайдыруға ұмтылды? Нұралы хан |
223 |
1786-жылы Кіші жүз ханы Нұралының биліктен кету себебі неде? Барон Игельстром реформасына байланысты Екатерина II грамотаға қол қоюы |
224 |
С.Датов бастаған көтеріліс жылдарында көтерілісшілер қолынан қай қазақ ханы және қай жылы қаза тапты? 1797 жылы Есім хан |
225 |
1783 – 1797 ж.ж. көтерілісшілердің қойған негізгі талаптары: Нұралыны биліктен тайдыру, Жайықтың оң жағалауын қайтару, қазақтарды тонауды тоқтату |
226 |
Кіші жүздегі Игельстром реформаларының негізгі мақсаты? Хандық билікті жою |
227 |
Барон Игельстромның реформасының нәтижелері қандай болды? Реформа жүзеге асқан жоқ |
228 |
Ішкі (Бөкей) Орда қай жылы құрылды? 1801 жыл |
229 |
Неліктен Ішкі (Бөкей) Орда «ішкі» деп аталды? Жайық өзені бойында, бекініс тылында орналасты |
230 |
Ішкі (Бөкей) Орда Қазақстанның қай бөлігінде құрылды? Еділ мен Жайық аралығында (Орал) |
231 |
1801 жылы Ішкі Ордасының билеушісіне тағайындалған кім? Бөкей |
232 |
Қай жылдары Ішкі (Бөкей) Орданы Жәңгір хан биледі? 1823 – 1845 жыл |
233 |
1812 жылы Наполеонға қарсы Отан қорғау соғысында қазақтар қандай әскери-ұлттық құраманың қатарында болды? Башқұрт полкі |
234 |
ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында қазақ ақсүйектерінің қайсысы оқу-білімге кең жол ашып, қазақтардың егін салуы мен шөп шабуын қолдады? Жәңгір хан |
235 |
Орта жүзде хан билігін әлсірету үшін патша үкіметі 1815 жылы қандай шара қолданды? Бөкейді тағайындады |
236 |
Жәңгір хан саясатының қай мәселелердегі әрекеті Ішкі Орда тұрғындарының наразылығын туғызып, көтеріліске итермеледі? Жер реформасының жүргізу әдістері |
237 |
Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісін кім басқарды? Махамбет пен Исатай |
238 |
1836 – 1838 жылдары Бөкей ордасындағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер? Шаруалар |
239 |
Ішкі (Бөкей) Ордадағы 1836 – 1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің ең ірі шайқастары қай жерлерде болды? Тастөбе түбінде, Ақбұлақ өзені |
240 |
Төменде келтірілген шайқастардың қайсысында Исатай Тайманов қаза тапты? Ақбұлақ |
241 |
1822 – 1824 жылдары бір орталықтан басқаруға арналған реформаның негізгі мақсаты қандай? Кіші және Орта жүздегі хандық билікті жою |
242 |
1822 – 1824 жылдардағы реформа қандай құжаттар негізінде жүргізілді? Сібір және Орынбор жарғысы |
243 |
«Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» авторы кім? Сперанский |
244 |
«Сібір қырғыздары туралы Жарлығына» байланысты Орта жүз жері қалай атала бастады? Сібір қырғыздарының аймағы |
245 |
Орта жүзде хандық билік қашан жойылды? 1822 жылы |
246 |
«Сібір қырғыздары Жарғысы» бойынша дәстүрлі билер соты қандай өзгеріске ұшырады? Билер сотының билігі шектелді |
247 |
«Орынбор қырғыздарының Жарғысы» қай жылы қабылданды? 1824 жылы |
248 |
«Орынбор қырғыздарының Жарғысына» қандай жаңа жоспарлар еңгізілді? Арақашықтыққа бөлу |
249 |
Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 1824 жылы |
250 |
Ішкі (Бөкей) Ордадағы хандық билік қашан жойылды? 1845 жылы |
251 |
Ішкі (Бөкей) Ордасының соңғы ханы кім болды? Жәңгір |
252 |
Ішкі (Бөкей) Ордасында хандық билік жойылғаннан кейін жоғарғы билік кімнің қолына көшті? Орыс шенеуніктерінің басқару кеңесі |
253 |
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды? 1837-1847 жылы |
254 |
К. Қасымұлы бастаған көтеріліске қай жүздің қазақтары қатысты? Үш жүз |
255 |
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай бөлігін қамтыды? Бүкіл Қазақстанды |
256 |
Қай жылы К. Қасымұлы үш жүздің ханы болды? 1841жылы |
257 |
К. Қасымұлы кімдердің қолынан қаза тапты?қырғыз манаптарының |
258 |
Сұлтан Саржан Қасымұлы кім еді? 1825-1836 жылдардағы көтеріліске қатысқан Кенесарының ағасы, Абылайдың немересі |
259 |
ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Сырдарияның төменгі ағысындағы отарлыққа қарсы көтерілісті кім басқарды? Жанқожа Нұрмұқхамбетұлы |
260 |
Верный әскери бекінісінің негізі қай жылы қаланды? 1854 жылы |
261 |
1853 жылы орыс әскерлері жаулап алғаннан кейін Ақмешіт бекінісі қалай аталды? Перовск |
262 |
ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Патша үкіметіне Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерінің бірігуі туралы жоспардың жүзеге асуына не кедергі болды? Қырым соғысы басталды |
263 |
1864 жылы Батыс Сібір және Сырдария әскери бекіністерін біріктіру шараларында полковник Черняевтың экспедициялық корпусы құрамында қазақтың қай ақсүйегі болды? Шоқан |
264 |
Қандай оқиға Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын білдірді? 1864 жылы Шымкенттің алынуы |
265 |
«Сырдария және Жетісу обылыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы қабылданды? 1867 жылы 11 шілде |
266 |
1867 жылғы уақытша Ереже бойынша Сырдария және Жетісу обылыстары қай генерал-губернаторлыққа бағынды? Түркістан генерал губернатырлығына |
267 |
Батыс - Сібір генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? Омбы |
268 |
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлыққа өтті? Батыс Сібір |
269 |
1868 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы қай қала? Ташкент |
270 |
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Бөкей ордасы қай әкімшілік аймаққа еңгізілді? Астрахань |
271 |
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтарды әкімшілік-орталық аппарат жүйелерінде қызмет етуге шектелуі неден көрініс алды? Қазақтар болыстан жоғарғы лауазымда болмады |
272 |
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша соттар жүйесінің төменгі сатысы қалай аталды? Билер мен қазылар соты |
273 |
1870-1873 жж. қазақ шаруалырының көтерілістері Қазақстанның қай аймақтарын қамтыды? Маңғыстау үстірті |
274 |
Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару қашан басталды? XIXғасырдың 80 жылдары |
275 |
«Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» қашан қабылданды? 1886 жылы 2 маусым |
276 |
1891 ж. қабылданған облыстарды басқару туралы Ережеге сай қандай генерал - губернаторлық құрылды? Дала генерал губернаторлығы қосылды |
277 |
1891 ж. құрылған Дала генерал-губернаторлығының орталығы қай қала болды? Омбы |
278 |
ХІХ ғ. соңында Қазақстанда орыс және украин шаруа қоныс аударушыларына қандай жеңілдіктер жасалды? 15 жылға салықтан босатылды |
279 |
Қашан Ресей әскері Іле аймағына кіргізілді және жергілікті ұйғырлар мен дұнғандарды қытайлар тарапынан жазалау шараларынан қорғады? 1871 жылы |
280 |
1881-1884 жж. қандай акт негізінде Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дұнғандардың ерікті түрде көшуі жүзеге асырылды? Санкт петербург келісімі 1881 жылы |
281 |
1881 ж. Санкт-Петербор келісімінде Іле аймағының ұйғыр және дұнған тұрғындары үшін қандай артықшылықтар қарастырылады? Қытай Ресей бодандығын еркін таңдау |
282 |
1881-1884 жж. Шығыс Түркістаннан Жетісуға қандай халықтардың өкілдері қоныстанды? Ұйғырлар мен дүнгендер |
283 |
Қазақстанда қазақ балаларын оқыту үшін еуропалық түрдегі мектептер алғаш рет қашан және қайда ашылды? 1841 жылы Бөкей ордасында |
284 |
ХІХ ғ. Қазақстанда ашылған Еуропалық түрдегі мектептердің басты мақсаты не болды? Отарлаушы аппарат үшін қазақ жастары арасынан ұсақ шенеуніктер тағайындау |
285 |
ХІХ ғ. Қазақстанда патша өкіметі қандай түрдегі оқу орындарын ашу үшін ерекше кедергі жасады? Мұсылман мектептері мен медреселер ашуға |
286 |
Ш.Уәлиханов өмір сүрген жылдары: 1835-1865 жылдары |
287 |
Ш.Уәлиханов аталған оқу орындарының қайсысын бітірді? Омбыдағы Сібір кадет корпусы |
288 |
Ш.Уәлиханов өзінің еңбек жолын бастауда аталғандардың ішіндегі қандай лауазымда болды? гасфорт Адъютант |
289 |
Ш.Уәлиханов ориенталистика саласындағы еңбегі үшін қандай марапатқа ие болды? Ресей империясының географиялық қоғамының алтын медалімен |
290 |
Қандай ғылыми еңбек Ш.Уәлихановқа бүкіл әлемдік танымдылық әкелді? Қашқарияға сапары |
291 |
Ш.Уәлиханов қай орыс жазушы - демократымен дос болды? Достаевский |
292 |
Ы.Алтынсарин Қазақстанның қай облысында мектеп инспекторы лауазымын атқарды? Торғай облысында |
293 |
Ы.Алтынсариннің бастамасымен Торғай облысында қандай түрдегі оқу орындары ашалды? Қазақ орыс мектеп училищелері |
294 |
ХІХ ғ. 80-ж. Торғай облысының Ырғыз қаласында қай қазақ қайраткерінің бастамасымен қазақ қыздары үшін алғашқы оқу орны ашалды? Алтынсарин |
295 |
«Қырғыз хрестоматиясының» авторы кім? Алтынсарин |
296 |
Ы.Алтынсарин төменде көрсетілген қай шығарманың авторы? Қырғыз хрестоматиясы |
297 |
Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары: 1845-1904 жылдары |
298 |
Абай Құнанбаевтың шын аты: Ибрахим |
299 |
Абай Құнанбаев қандай оқу орнында оқыды? Семейдегі Ахмет Риза медресесі |
300 |
Көрсетілген шығармалардың қайсысын Абай жазды? Ескендір |
301 |
Абайдың қай шығармасында оның философиялық - этикалық көзқарастары толық бейнеленген? Қара сөздер |
302 |
Қай орыс жазушыларының шығармаларын Абай қазақ тіліне аударды? Пушкин, Лермонтов, Крылов |
303 |
ХІХ ғ. екінші жартысындағы қай қазақ композиторлары «Сарыарқа» және «Балбырауын» күйлерінің авторы? Құрманғазы |
304 |
Құрманғазы, Дәулеткерей және Тәттімбеттер кім болды? Көрнекті күйші, домбыра музыка классиктері |
305 |
ХІХ ғ. бірінші жартысында жарыққа шыққан «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының суреттемесі» атты қазақ тарихы туралы алғашқы жан-жақты еңбектің авторы: Левшин |
306 |
ХІХ ғ. қай Ресей ғалымы Жетісудың табиғатын зерттеді? Семенов Тянь Шанский |
307 |
А.С.Пушкин 1833 ж. Пугачев көтерілісіне материалдар жинау үшін Қазақстанның қай қаласына келді? Орал |
308 |
«Оян, қазақ» өлеңдер жинағының авторы кім? Дулатов |
309 |
Қазақ тіліндегі мерзімді басылым қашан шықты? 1870 жылы XIX ғасырдың аяғы |
310 |
1888-1902 жж. қазақ тілінде қандай газет шығарылды? Дала уалияты |
311 |
ХІХ ғ. аяғында Қазақстанда қандай өндіріс саласы дамыды? Тау кен |
312 |
Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысы қашан салынды? 1901 -1905 жылы |
313 |
ХХ ғ. басында Қазақстанда қандай темір жол торабы болды? Орынбор Ташкент |
314 |
1905 ж. желтоқсанда қандай өнеркәсіпте тау - кен жұмысшыларының ірі және ұйымдасқан толқуы болды? Успен кеніші |
315 |
1905 ж. желтоқсандағы толқулар барысында Успенск руднигінің жұмысшылары қандай ұйым құрды? Оыс қазақ жұмысшылар одағы |
316 |
Патша үкіметі атына петиция қабылданған қазақтардың Қоянды съезі қашан болды? 1905 жылы 25 шілде |
317 |
Қандай оқиға қазақ зиялыларын ұлт - азаттық көтеріліс сахнасына шыққандығы жөнінде хабардар етті? Қоянды съезі |
318 |
Мемлекеттік Думаға сайланған қазақтар: Тынышбаев, Бөкейханов, Қаратаев |
319 |
Қазақ қайраткерлерінің қайсысы Выборг қаласындағы І Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшелерінің жиналысына қатысты және халыққа үндеу жазып, сол үшін үш ай түрмеге қамалды? Бөкейханов |
320 |
ІІ Мемлекеттік Думаның секциялық мәжілісінде Қазақстандағы патша өкіметінің аграрлық саясатын сынға алып сөйлеген қазақ депутаты: Бөкейханов |
321 |
Столыпин реформасы қай жылдары жүзеге асырылды? 1906-1910(12) жылы |
322 |
ХХ ғасырдың басындағы Столыпин реформасы қандай мәселеге арналды? Аграрлық |
323 |
ХХ ғ. бас кезінде Столыпин реформасы кезінде қазақтардан қанша жер Көші-қон қорына алынды? 17 млн |
324 |
1917 жылға дейін Қазақстанда жалпы шарулар қоныс аударуы басталған кезеңнен қазақтардан қоныс аударушылар қорына қанша жер үлесі тартылып алынды? 45 млн |
325 |
«Айқап» журналының алғашқы саны қашан жарық көрді? 1911 жылы 11 қаңтар Тройцкіде |
326 |
«Айқап» журналының редакторы және шығарушысы кім болды? Сералин |
327 |
«Қазақ» газетінің алғашқы саны қашан жарық көрді? 1913 жылы 2 акпан Орынборда |
328 |
«Қазақ» газеті қай жылдар аралығында шығып тұрды? 1913-1917 жылдар |
329 |
«Қазақ» газетінің бас редакторы кім ? Байтұрсынов |
330 |
1916 ж. қазақтар көтерілісінің шығуына не себеп болды? 1916 жылы25 маусымдағы тыл жұмысына алу туралы жарлық |
331 |
Қазақстанда ер адамдарды тыл жұмысына алу туралы патша жарлығы қашан шықты? 1916 жылы 25 маусым |
332 |
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы майдан қашан жойылды? 1920 жылы мамыр Солт. Жетісу майданы |
333 |
Біртұтас қазақ Кеңес мемлекетіне қазақ жерінің бірігуі қашан аяқталды? 1924 жылы |
334 |
1920 ж. Қазақстанның Халық Комиссарлар Кеңесін кім басқарды? Радус Зенкович |
335 |
Сырдария облысында ең алғаш рет Кеңес өкіметі қай қалада орнады? Перовскіде |
336 |
Ресей қол астындағы Түркістан автономиясын жақтаған, сталинизмді сынап бірнеше еңбек жазған ірі қоғам қайраткері? Мұстафа Шоқай |
337 |
Өзін қазақ елінің үкіметі атаған «Алашорданы» тарату туралы шешім қашан қабылданды? 1919 жылы қазан |
338 |
Күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі Қазақстанда қай жылдары болды? 1929-1931 жж |
339 |
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққандар қандай идеяны талап етті? өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату |
340 |
Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмысын кім басқарады? Рысқұлов |
341 |
Қай жылы Бүкілқазақстандық Кеңестер сьезі «қырғыз деген атауды, қазақ атаумен өзгерту» туралы қаулы қабылдады? 1925 жылы |
342 |
Қашаннан бастап БК П (б) Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды? 1925 жылы қыркүйек |
343 |
Ф. Голощекин қай жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болды? 1925-1933 |
344 |
1932 ж. шілдесінде республика қайраткерлерінің бірі тобы жазған «Бесеудің хаты» кімге жолданған еді. Голощекин |
345 |
«Алжир» деген лагерьде қандай адамдар қамауда болды? Халық жауларының әйелдері |
346 |
Қазақстанда 1933-1938 ж.ж. басшы болған: Мирзоян |
347 |
Айтылған халықтардың ішінде Қазақстанға алғашқы көшірілгені қайсысы? Кәрістер |
348 |
Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілді? әкімшілік әдіспен |
349 |
«Үш жүз» партиясының басшылары қандай саяси бағыт ұстады? Социалистік |
350 |
Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? Орынбор |
351 |
Қазақ халқының 1000 әні мен «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» жинағын шығарған композитор, әрі этнограф кім? Затаевич |
352 |
Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай елдің құрамына енуі қажет еді? Үлкен Түркістан |
353 |
«Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру» деген ұғым нені білдіреді? өндірісті соғыс бұйымдары ретінде шығаруға бейімдеу |
354 |
1942 ж. қыркүйек айында Қазақстанның қай аймағында соғыс жағдайы енгізілді? Орал, Гурьев |
355 |
Қазақ ҚСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім болды? Сатпаев |
356 |
Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған ұшқыш? Бигельдинов |
357 |
Кеңестер Одағы Батыры атағын алған ең жас қазақ? Елеусізов |
358 |
Е.Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі: XIXғасырдағы 20-40 жылдардағы Қазақстан |
359 |
Қай жылы Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қаз КСР жоғары сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық- ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылды? 1952 жылы |
360 |
Қай жылы Семей полигонында алғаш ядролық сынақ өткізілді? 1949 жылы 28 қаңтар |
361 |
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы? 1954 жылы |
362 |
Қазақстан Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж. Шаяхметовтың орнынына Қазақстан Компартиясының ОК І хатшысы болып сайланған: Пономаренко |
363 |
КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша 1948 ж. салынған ядролық полигон қандай үш облыстың түйіскен жерінде болды? Семей, Қарағанды, Павлодар |
364 |
1954 жылы тамыз айының басына қарай Қазақстанның тың жерінің қанша мөлшері жыртылды? 6,5 млн гек |
365 |
Тың жерлерді игерудегі кері зардаптарды көрсетіңіз:барлығы |
366 |
1953 жылы 27 қазанда темір жол тұрақты пайдалануға берілді, ол Транс-Қазақстан магистралін салуды аяқтады. Осы жол төсемін атаңыз: мойынты шу |
367 |
1960 ж. Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми бірлестігін құрушылардың бірінің есімін атаңыз: Әуезов |
368 |
КОКП ОК-нің «Қазақстан Республиканың партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулысында 1986 ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қандай баға берілді? Қазақ ұлтшылдығының көрінісі |
369 |
Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целиноград (Ақмола) жастары қашан қарсы шықты? 1979 жылы маусым |
370 |
Алғаш кеңестік «Невада - Семей» қозғалысының бастамасы қашан салынды? 1989 жылы ақпан |
371 |
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қашан қабылданды? 1991 жылы 16 желтоқсан |
372 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қашан бекітілді? 1992 жылы 6 маусым |
373 |
Республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР Президентінің қызмет орны туралы қаулыны қашан бекітті? 1990 жылы 24 сәуір |
374 |
1990 ж. 25 қазанында қандай тарихи оқиға болды? Қазақстан Республикасның егемендігі туралы декларациясы |
375 |
Қазақстан Республикасы БҰҰ құрамына мүше болдып қашан қабылданды? 1992 жылы 2 наурыз |
376 |
ҚР Президенті Қазақстанның астанасы Акмола болуы жөніндегі қаулыға қашан қол қойды? 1995 ж қыркүйек |
377 |
Қазақстан халықтары Ассамблеясы қашан құрылды? 1995 жылы 1 наурызда |
378 |
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес басқарудың қай түрі бар? Президенттік |
379 |
Қазақстан Республикасында неше облыс бар? 14 облыс |
380 |
«Кіші Қазан» идеясын ұсынған кім? Голощекин |
381 |
Қазақстанда индустрияландыру неден басталды табиғат байлықтарын зерттеуден |
382 |
Ұлттық мемлекеттікті қайта бөлу кезінде Қазақ АКСР-ның құрамына қай облыстар кірді? Сырдария мен Жетісу |
383 |
Орынбор қай жылдары Қазақ АКСР-ның астанасы болды? 1920-1924 жж |
384 |
Түркістан - Сібір темір жолын салу қашан басталды? 1927 жылы |
385 |
Қазақстанда ұжымдастыруды қай уақытта аяқтау жоспарланды? 1932 жылдың көктемінде |
386 |
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мақсаты қандай болды? Отаршылдықты тоқтату, дербестікті сақтау |
387 |
«Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерін атаңыз? Садуақасов |
388 |
“Алаш” партиясы қашан құрылды? 1917 жылы |
389 |
ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет қалай аталды? Түркістан автономиясы |
390 |
Азамат соғысы кезінде Ә. Жангельдин экспедициясы қай майданға қару-жарақпен жәрдем көрсетті? Ақтөбе |
391 |
Алаш үкіметінің жетекшісі кім болды? Бөкейханов |
392 |
«Үш жүз» партиясының басшысы кім болды? Көлбай Тоғысов |
393 |
Қазақстандағы азамат соғысы қашан аяқталды? 1920 жылы |
394 |
1941-1942 жылдары Қазақстанға қанша фабрика-зауыттар көшірілді. 220 |
395 |
Кеңес Одағының батыры Н. Әбдіров кім болды? Ұшқыш |
396 |
Қазақстанда бірінші Кеңестік Конституция қашан қабылданды? 1937 жылы наурыз |
397 |
ХХ ғасырдың 80-жылдарында Балқаш пен Арал мәселелері бойынша құрылған комитетті кім басқарды? Шаханов |
398 |
Қазақстан территориясында Неміс автономиясын құру туралы шешім қашан қабылданды? 1979 жылы |
399 |
1975 жылы Олжас Сүлейменовтың қай кітабы жарық көрді? Аз и Я |
400 |
Президенттің «Қазақстан-2030 бағдарламасында» айтқанындай болашақ ұрпақ қандай қасиеттерге ие болатынын таңдап алады? Барлығы |
401 |
Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Одағы идеясы қашан ұсынылды? 1994 жылы |
402 |
1954 жылы Қазақстанда қандай оқиға болды? Тың және тыңайған жерлерді игеру |
403 |
1920 жылы қандай оқиға болды? Қазақ АКСР құрылды |
404 |
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда қандай оқиға болды? Бүкілхалықтық Президент сайлауы |
405 |
1986 жылы Алматыдағы оқиға кезінде жастар не үшін бас көтерді? Колбиннің билікке келуі |
406 |
Қазақстанда 30-жылдары жаппай аштық қандай саясаттың салдарынан болды? Ұжымдастыру |
407 |
Қазақ КСР Ғылым академиясы қашан құрылды? 1946 жылы |
408 |
1979 жылы Целиноградтағы бұқаралық толқудың себебі неде? Неміс автономиясын құруға қарсылық |
409 |
1958 жылы Қазақстанның қай жерінде әлеуметтік мәселенің шешілмеуіне байланысты жаппай тәртіпсіздік болды? Теміртауда |
410 |
«Артымызда Мәскеу» атты кітаптың авторы кім? Момышұлы |
411 |
Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 30-жылдары болған аштықтан қанша адам қырылды? 2,1 (1,5) млн |
412 |
Қазақстандағы көшпелі шаруашылық қашан түпкілікті жойылды? 1930 жылы |
413 |
1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» атты толғаудың авторы кім? Жамбыл Жабаев |
414 |
Ұлы Отан Соғысы жылдарында Кеңес Одағы батыры атағын алған Қазақстандықтар саны 497 |
415 |
Қазақстанда бірінші Педагогикалық институт қашан ашылды? 1928 жылы |
416 |
Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған қазақстандықтар саны қанша? 4 |
417 |
1964 - 1986 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы кім болды? Қонаев |
418 |
Семей ядролық полигоны қашан жабылды? 1991 жылы 29 тамыз |
419 |
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» даму бағдарламасы қай жылы жасалды? 1997 жылы 10 қазан |
420 |
Ресейден Қазақстанға саяси жер аударылғандар қандай идея таратты? Демократиялық |
421 |
Қазақстан Республикасында 2005 жылы 4 желтоқсанда қандай оқиға өтті? Президент сайлауы |
422 |
Қазақстан Республикасында «Тілдер туралы» Заң қашан қабылданды? 1989 жылы 22 қыркүйек |
423 |
Қазақ КСР Егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? 1990 жылы 25 қазан |
424 |
Қай жылы Қазақ АКСР-і Қазақ КСР-і болып өзгертіліп, одақтас республика ретінде КСРО құрамына енді? 1936 жылы |
425 |
Қазақ ақсүйегі, экономист, ұлттық либералды-демократиялық қозғалыстың жетекшісі: Садуақасов |
426 |
1920 жылы құрылған Қаз АКСР Орталық Комитетін кім басқарды? Мендешов |
427 |
1965 жылғы көтерілістің Торғай облысындағы басшысы? |
428 |
Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы қашан аяқталды? 1931 жылы |
429 |
Қазақстан Республикасында жаңа әнұран мәтіні қашан қабылданды? 2006 жылы 7 қаңтар 1992 11 желтоксан |
430 |
Қай жыл ҚР Президентінің Жарлығымен «Халық бірлігі және ұлттық тарих» жылы болып жарияланды? 1998 |
431 |
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1991 жылы 12 желтоксан |
432 |
Қазақстан Республикасының Президентінің «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу туралы» Жарлығы қай жылы шықты? 1997 жылы |
433 |
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қашан қабылданды? 2000 жылы |
434 |
1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық реформалары Қазақстанның қай өңірінде көтеріліс тудырды? Орал, Торғай, Маңғыстау |
435 |
1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші Жүзді басқарудың орталығын көрсетіңіз: Орынбор |
436 |
1822 жылғы Жарғы бойынша Орта Жүздің территориясы қандай бөліктерге бөлінді? Округ, болыс, ауыл |
437 |
Қай жылы орыс әскерлері Ташкент қаласын басып алды? 1865 жылы |
438 |
Ірі ұлт-азаттық көтеріліске қолбасшылық еткен, ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақыны М.Өтемісұлы |
439 |
ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның қай бөлігі Ресей империясының құрамына еңген жоқ? Оңтүстік |
440 |
ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры немен айналысты? Қазақтардың жерін тартып алумен |
441 |
Қазақ мәдениетінің дамуында Абайдың еңбегі неден көрініс тапты? Жазба әдебиетнің негізін қалады |
442 |
ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегінде жоңғар билеушілерінің стратегиялық мақсаты: қазақ жерін жаулап алу |
443 |
1710 жылы Тәуке хан Ордасында үш Жүз өкілдері қандай мәселені талқылады? Жоңғарларға бірігіп соққы беру |
444 |
Қазақ жеріне шапқыншылық барысында қатыгездік танытқан жоңғар билеушісі:Цеван Рабдан |
445 |
Қандай тауар, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың Ресеймен саудада негізгі болып табылды? Мал |
446 |
Қазақстанда өнеркәсіптің қалыптасуын қай кезеңге жатқызуға болады? XIX ғасыр |
447 |
1867-1868 жылғы реформа бойынша Ақмола облысы қай генерал-губернаторлықтың құрамына енді? Батыс Сібір |
448 |
Қазақстанның Ресей империясының құрамына түпкілікті ену уақытын көрсетіңіз: 1864 жылы |
449 |
1867-1868 жылғы реформаға дейін Қазақ даласы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? 2 |
450 |
1867-1868 жылғы реформа бойынша Қазақстан территориясы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? 3 |
451 |
Кіші Жүзде Ресей империясының отарлау саясаты неден көрініс тапты? әскери бекініс салудан |
452 |
Жоңғарлармен күресте аты шыққан қазақ батырын атаңыз: Бөгенбай |
453 |
Ұйғырлар мен дүңгендердің Жетісу өңіріне қоныс аударуына қандай жағдай мәжбүр етті? Цинь империясының қысымы |
454 |
1867-1868 жылғы реформаға байланысты кімдер салықтан босатылды? Хан тұқымы |
455 |
1731 жылы Әбілқайыр ханның Ресейге адалдық антын қабылдауы қай жерде болды? Хан ордасында |
456 |
Қашан Кіші Жүз Ресей бодандығын түпкілікті қабылдады? 1731 жылы |
457 |
ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің түрін көрсетіңіз: 15 десятина |
458 |
ХІХ ғасырдың ортасындағы Қарқаралы уезіндегі ірі жәрмеңкелердің бірі Қоянды: |
459 |
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметі еңгізген шаңырақ басы салығы: 600 сом |
460 |
1916 жылғы көтеріліс барысында Торғай облысында кім хан болып сайланды? Жанбосынов |
461 |
Столыпин аграрлық реформасы бойынша Қазақстанға Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоыныстандару қашан басталды? 1920жылы |
462 |
Қай жылдан бастап қазақ жерлері Ресей империясының меншігі деп есептелді? 1864 жылдан |
463 |
ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында қазақ буржуазиясы өз капиталын негізінен қай салаға салды? Тау кен |
464 |
ХІХ ғ. аяғында Қазақстанның қай саласында шетел капиталистерінің белсенділігі артты? тау кен |
465 |
Шоқан Уәлиханов қай сала бойынша көрнекті зерттеу жұмыстарын жүргізді? География орындарын |
466 |
1756 жылы қазақтарға «ішкі жаққа» мал жаюға тыйым салу туралы Жарғысы шықты. Мәселе қандай территория туралы болды? Жайықтың оң жағалауы |
467 |
1731-1864 жылдар аралығында Қазақстанда қандай процесс жүрді? Ресей құрамына ену |
468 |
1758 жылы Цин империясы талқандаған: жоңғарлар |
469 |
ХІХ ғасырдың басында Ұлы Жүздің шығыс аудандары кімге тәуелді болды? Қоқандарға |
470 |
Бөкей Ордасының құрылуы қандай жағдайларға байланысты болды? Барлығы |
471 |
Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанның дамуына әсері қандай болды? Кері әсер еткен |
472 |
1732 жылы Ресей бодандығын қабылдаған Орта Жүз ханы: Абылай |
473 |
ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үшін Қазақстанның қандай мәні болды? Шикізат базасы |
474 |
Абылайдың халық алдында беделінің артуына қандай жағдай әсер етті? Жоңғарлармен күресте басшылық жасауы |
475 |
Кіші Жүздің Ресейге адалдық антын кім қабылдады? Анна Йоановна |
476 |
Игельстром реформасы жобасының мәні неде? Хандық билікті жою |
477 |
ХІХ ғасырда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынасында негізгі орталық болған қаланы атаңыз? Семей |
478 |
Кіші Жүздің Ресей империясының құрамына қосылуына қарсы болған қазақ сұлтаны: Барақ |
479 |
1756 жылы Абылай сұлтан қай мемлекетке бодандыққа ант берді? Қытай |
480 |
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қандай қызмет мұрагерлікке берілді? Болыс сұлтаны |
481 |
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша 10 жыл қызметінен кейін кім, дворян атағын ала алды? аға сұлтан |
482 |
«Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Кіші Жүз территориясында неше дистанция құрылды? 54 |
483 |
1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші Жүзде қызметтік лауызымдарды кім тағайындады: орынбор генерал губернаторлығы |
484 |
1916 жылы Қазақстаннан тыл жұмысына алынған ер адамдардың 55 % |
485 |
«Қазақ» газетінің негізін салған: Байтұрсынов |
486 |
1916 жылғы көтеріліс сипаты жағынан: ұлт азаттық |
487 |
1916 интеллигенция өкілдерінің қай бөлігі көтерілісшілер жағына шықты? Радикалды революцияшыл өкілдері |
488 |
Алаш-Орда үкіметінің орналасқан жерін көрсетіңіз: Семей |
489 |
«Алаш» партиясының бағдарламасы қандай баспасөз берінде жарияланды? Қазақ газетінде |
490 |
Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта теңге еңгізілді? 1993 жылы 15 қараша |
491 |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы: Ниязбеков |
492 |
Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы: Уалиханов, Мәлібеков |
493 |
Жаңа өзен қаласында толқу қай жылы болды? 1989 маусым |
494 |
Ж.Шаяхметов қай жылдары Қазақ КСР КПОК 1-ші хатшысы болды? 1946-1956 жж |
495 |
Аталған еңбектердің ішінен Л.Н.Гумлиев еңбегін көрсетіңіз:Көне түріктер |
496 |
Қай жылы Алматы қаласы Қазақстанның астанасы болып бекітілді? 1929 жылы |
497 |
Қашан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді? 1991 жылы 10 желтоқсан |
498 |
Бірінші Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы қашан және қай жерде өтті? 1992 жылы, қыркүйек – қазан – Алматы |
499 |
Екінші Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қашан және қай жерде өтті? 2002 жылы, 23 қазан – Түркістанда |
500 |
Қазақ КСР-інде «Тілдер туралы Заң» қашан қабылданды? 1989 жылы, 22 қыркүйек |