
- •Оқу құралының құрылымы
- •1Тарау Экология міндеттері мен болашағы
- •1.1. Экология пәні және анықтамалары
- •1.2. Ғылымның қысқаша даму тарихы
- •1.3. Экологияның негізгі бағыттары
- •2Тарау Организм және орта
- •2.1. Аутэкология
- •2.2. Организм көбеюінің потенциальды мүмкіншілігі
- •2.3. Экологиялық факторлар. Экологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары
- •1 Кесте Тіршілік жағдайларының әсерінен өсімдіктердің анатомиялық құрылысының ерекшеліктері
- •2 Кесте
- •2.4. Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •3 Кесте Өсімдіктер және жануарлар организміндегі су мөлшері
- •2.5. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •5 Кесте Ортаның қолайсыз жағдайларына организмдердің негізгі бейімделу тәсілдері
- •2.6. Негізгі тіршілік орталары
- •Популяция экологиясы
- •3.1. Популяция түсінігі
- •14 Сурет. Популяциядағы особьтар тобының немесе жұптарының таралуы
- •3.2. Популяцияның демографиялық құрылымы
- •3.3. Популяцияның этологиялық құрылымы
- •4 Тарау Организмдердің биотикалық қарым қатынастары
- •4.1. Биотикалық қарым қатынастары
- •9 Кесте а және в түрлерінің популяцияларының арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі типтері
- •4.2. Қарым-қатынас типтері
- •4.3. Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс
- •19 Сурет. Бір жерде кобею кезінде тіршілік ететін екі жақын туысты теңіз балықтарының қорек құрамы. Организмдердің әртүрлі қоректік қатынасы пішінінің мөлшерімен көрсетілген
- •1 Тәжірибе
- •2 Тәжірибе
- •5Тарау Биоценоз
- •5.1. Биоценоз-күрделі табиғи жүйе
- •5.2. Биоценоздың түрлік құрылымы
- •5.3. Биоценоздардың төзімділігі
- •6 Тарау Экологиялық жүйе
- •6.1. Экологиялық жүйенің құрылу заңдылықтары
- •6.3. Экожүйе өнімділігі
- •6.4.Экожүйенің қоректік құрылымы
- •9 Кесте
- •11 Кесте
- •6.5. Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •6.6. Қоректік тізбектегі зиянды, улы заттардың жинақталуы
- •7Тарау Биосфера
- •7.1. Биосфера туралы түсінік
- •7.2. Биосфера және оның шекаралары
- •7.3.Тірі заттардың негізгі қызметі мен қасиеті
- •7.4. Ноосфера
- •7.5. Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •7.6. Биологиялық көптүрлілікті сақтау мәселелері
- •7.7. Б.Коммонердің «экология заңдары»
- •1. Барлығы барлығымен байланысты
- •2. Материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді
- •3. Табиғат өзі жақсы біледі
- •Тұрғын үй ауасына тазалық баға критерийі
- •Кейбір антропогендік факторларының биосфераға әсері
- •Қоршаған ортаға және дамуға қатысты рио-де –жанейро декларациясы
- •1 Принцип
- •8 Принцип
- •9 Принцип
- •10 Принцип
- •11 Принцип
- •12 Принцип
- •13 Принцип
- •2. Экологиялық қауіпсіздіктің табиғи-тарихи негіздері, принциптері және стратегиялық мақсаттары
- •2.1 Қазақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері
- •2.2. Экологиялық қауіпсіздік принциттері, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
- •3. Айналадағы ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесі
- •3.1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің институттары мен тетіктері
- •3.2. Нормативтік –құқықтық база
- •3.3.Әлеуметтік әріптестік және жұртшылықтың қатысуы
- •4. Экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдықтары
- •4.1. Құрылымдық өзгерістер және экологиялық саясат
- •4.2. Жекешелендірудің экологиялық проблемалары
- •4.3. Қаржы-экономикалық саясат
- •5. Халықаралық ынтымақтастық
- •Мазмұны
1.3. Экологияның негізгі бағыттары
Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:
1. Классикалық экология - биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.
2. Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді.
3. Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.
Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.
Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді.
Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.
Қазіргі кездегі жалпы экологиядан көптеген пәндер қатары бөлінеді. Олар: популяциялық экология, географиялық экология, химиялық экология, өңдірістік экология, микроағзалар, өсімдік, жануар және адам экологиялары.
Бұндай бағыттардың көптігіне қарамастан, олардың барлығының негізінде тірі организмдерінің қоршаған ортамен арасындағы байланыс туралы биологиялық идеялар жатады. Егер өз кезеңінде экология тірі организмдерінің қоршаған ортамен байланыстарын биология ғылымының құрам бөлігі болса, ал қазіргі экология көптеген сұрақтарды қамтитын және биология, география, геология, физика, химия, генетика, математика, медицина, агрономия т.б. тығыз байланысты ғылым.
Сондықтан қазіргі экология - жан-жақты, күшті дамыған, біздің планетадағы барлық тұрғындар үшін практикалық маңызы үлкен, комплексті ғылым. Экология ғылымы- келешектің ғылымы және адамзаттың пайда болуы осы ғылымның прогресіне тәуелді.
2Тарау Организм және орта
2.1. Аутэкология
Аутэкология (грекше autos- өзі) қоршаған ортада организмдердің тіршілік шегін анықтайды және әрбір организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделушілігін, орта факторларының әсеріне организмнің жауап беру реакциясын зерттейді. Аутэкология терминін ғылымға 1896 жылы Швейцар ботанигі К.Шретер енгізген.
Экология тірі жүйелердің өзара және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым екені белгілі. Аутэкология тірі жүйе ретінде бөлек, дара организмдерді, ал орта ретінде барлық оны қоршайтындарды қарастырады.
Әрбір организмнің ортасы оны қоршаған көптеген органикалық және бейорганикалық элементтері және шаруашылық нәтижесінде түзілген. Кейбір элементтер организмге қажетті, кейбіреулерінің қажеттілігі жоқ, ал үшіншілері зиянды әсерін тигізеді. Мысалы, ормандағы ақ қоян ауамен, сумен, қорекпен-белгілі-бір қарым-қатынаста болады, бұларсыз қоян тіршілік ете алмайды. Ағаш діңі, түбіртегі, топырақтың төмпешігі—оның өміріне әсер етпегенмен, қоян олармен уақытша қарым-қатынаста болуы мүмкін, бірақ ол міндетті түрдегі байланыс емес. Ал жыртқыштармен немесе табиғат апаттарымен (өрт, су тасқыны) кездесу қоян үшін қайғылы аяқталуы мүмкін.
Қоршаған ортаға барлық табиғи орта және техногенді орталар жатады. Табиғи орта - Жер бетіндегі адамдардың байланысынсыз пайда болған және бұрынғы ұрпақтардан қалған орта. Техногенді орта- адамның көмегімен түзілген орта.
"Қоршаған орта" түсінігін экологияға биолог Я.Юкскюл (1864-1944) енгізген. Ол, тірі организм мен олардың тіршілік ортасы, субъект және обьектінің (кім, нені, кімді зерттейді) бір-бірімен өзара байланысты және олардың барлығы бір жүйені -қоршаған ортаны түзеді деп есептеген. Қоршаған ортаға организм бейімделу процесінде оның элементтерімен байланысып және одан әртүрлі заттар, энергия, ақпараттар қабылдайды және береді.
1-сурет. Тірі организмге қоршаған ортаның әсері
"Қоршаған орта", "тіршілік ортасы', "өмір сүру ортасы', "тіршілік орны" мағыналары жағынан өте ұқсас болғанымен, олардың бір-бірінен айырмашылықтары бар. Қоршаған орта-организмдерді қоршайтын және олардың құрылысы мен қызметіне тікелей немесе жанама әсер ететін факторлар. Биосферадағы организмдердің тіршілігін қамтамасыз ететін әртүрлі орталар бар. Біздің планетамызда негізгі төрт тіршілік ортасы: су, жер- ауа, топырақ және тірі организм денесі болып бөлінеді.
Тіршілік ортасы- су
Өмір сүру ортасы- тоған
Тіршілік орны - бентос
2-сурет. Тіршілік ортасы, өмір сүру ортасы, тіршілік орны
Көптеген организмдер өздерінің тіршіліктерін тек бір тіршілік ортасында өткізеді. Мысалы, адамдар, құстар, сүтқоректілер, ашық және жабықтұқымды өсімдіктер жер- ауа ортасында, ал балықтардың көпшілігі суда, кейбір бунақденелілер (маса, инелік) мен қосмекенділер дамуының бір кезеңін суда, келесі кезеңін жер-ауа ортасында өткізеді. Тіршілік ортасының өзі алуан түрлі болады. Мысалы, тіршілік ортасы- судың өзінің өмір сүру ортасы туралы айтатын болсақ, оның өзі тұщы немесе теңіз суы болуы мүмкін. Өз кезегінде мекен ету ортасы тіршілік орнына бөлінеді.
Сонымен, су-тіршілік ортасы, өзен-өмір сүру ортасы, ал су түбі, су беті және су ортасы –тіршілік орны болады.