
- •Оқу құралының құрылымы
- •1Тарау Экология міндеттері мен болашағы
- •1.1. Экология пәні және анықтамалары
- •1.2. Ғылымның қысқаша даму тарихы
- •1.3. Экологияның негізгі бағыттары
- •2Тарау Организм және орта
- •2.1. Аутэкология
- •2.2. Организм көбеюінің потенциальды мүмкіншілігі
- •2.3. Экологиялық факторлар. Экологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары
- •1 Кесте Тіршілік жағдайларының әсерінен өсімдіктердің анатомиялық құрылысының ерекшеліктері
- •2 Кесте
- •2.4. Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •3 Кесте Өсімдіктер және жануарлар организміндегі су мөлшері
- •2.5. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •5 Кесте Ортаның қолайсыз жағдайларына организмдердің негізгі бейімделу тәсілдері
- •2.6. Негізгі тіршілік орталары
- •Популяция экологиясы
- •3.1. Популяция түсінігі
- •14 Сурет. Популяциядағы особьтар тобының немесе жұптарының таралуы
- •3.2. Популяцияның демографиялық құрылымы
- •3.3. Популяцияның этологиялық құрылымы
- •4 Тарау Организмдердің биотикалық қарым қатынастары
- •4.1. Биотикалық қарым қатынастары
- •9 Кесте а және в түрлерінің популяцияларының арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі типтері
- •4.2. Қарым-қатынас типтері
- •4.3. Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс
- •19 Сурет. Бір жерде кобею кезінде тіршілік ететін екі жақын туысты теңіз балықтарының қорек құрамы. Организмдердің әртүрлі қоректік қатынасы пішінінің мөлшерімен көрсетілген
- •1 Тәжірибе
- •2 Тәжірибе
- •5Тарау Биоценоз
- •5.1. Биоценоз-күрделі табиғи жүйе
- •5.2. Биоценоздың түрлік құрылымы
- •5.3. Биоценоздардың төзімділігі
- •6 Тарау Экологиялық жүйе
- •6.1. Экологиялық жүйенің құрылу заңдылықтары
- •6.3. Экожүйе өнімділігі
- •6.4.Экожүйенің қоректік құрылымы
- •9 Кесте
- •11 Кесте
- •6.5. Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •6.6. Қоректік тізбектегі зиянды, улы заттардың жинақталуы
- •7Тарау Биосфера
- •7.1. Биосфера туралы түсінік
- •7.2. Биосфера және оның шекаралары
- •7.3.Тірі заттардың негізгі қызметі мен қасиеті
- •7.4. Ноосфера
- •7.5. Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •7.6. Биологиялық көптүрлілікті сақтау мәселелері
- •7.7. Б.Коммонердің «экология заңдары»
- •1. Барлығы барлығымен байланысты
- •2. Материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді
- •3. Табиғат өзі жақсы біледі
- •Тұрғын үй ауасына тазалық баға критерийі
- •Кейбір антропогендік факторларының биосфераға әсері
- •Қоршаған ортаға және дамуға қатысты рио-де –жанейро декларациясы
- •1 Принцип
- •8 Принцип
- •9 Принцип
- •10 Принцип
- •11 Принцип
- •12 Принцип
- •13 Принцип
- •2. Экологиялық қауіпсіздіктің табиғи-тарихи негіздері, принциптері және стратегиялық мақсаттары
- •2.1 Қазақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері
- •2.2. Экологиялық қауіпсіздік принциттері, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
- •3. Айналадағы ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесі
- •3.1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің институттары мен тетіктері
- •3.2. Нормативтік –құқықтық база
- •3.3.Әлеуметтік әріптестік және жұртшылықтың қатысуы
- •4. Экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдықтары
- •4.1. Құрылымдық өзгерістер және экологиялық саясат
- •4.2. Жекешелендірудің экологиялық проблемалары
- •4.3. Қаржы-экономикалық саясат
- •5. Халықаралық ынтымақтастық
- •Мазмұны
4.3. Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс
Кейде азықтық мұқтаждықтары әртүрлі болатын екі түр ортақ территорияда бір-бірімен бәсекелеспей тіршілік етеді. Мысалы, Англияда үлкен суқұзғын мен айдарлы суқұзғын жартастарға ұясын аралас салады және қорек аулайтын сулары да ортақ, бірақ олардың ұстайтын азықтары әртүрлі.
19 Сурет. Бір жерде кобею кезінде тіршілік ететін екі жақын туысты теңіз балықтарының қорек құрамы. Организмдердің әртүрлі қоректік қатынасы пішінінің мөлшерімен көрсетілген
Үлкен суқұзғын тереңге сүңгіп, көбіне бентостық жануарлармен қоректенсе, айдарлы суқұзғын судың беткі қабатынан майшабақ тұқымдас балықтарды аулайды. Осы сияқты көптеген фактілер бізді 1927 жылы Элтон ұсынған экологиялық қуыс ұғымына әкеледі (19-сурет).
20-сурет. Шымшықтардың әртүрлі түрлерінің қоректік аймақтары
Егер адам қоғамында біз біреумен танысқымыз келсе, бізге міндетті түрде ол адамның адресін білуіміз қажет, яғни оны қайдан табатынын, мекен орнын білуіміз керек, бірақ адамды жақсы білу үшін, бізге оның қайда тұратыны жөніндегі мәлімет жеткіліксіз, сондықтан онымен жете танысу үшін ол адамның қоғамдағы атқаратын ролі және таныстарымен қарым – қатынасы жеке оның өміріндегі іс-әрекетін білуіміз қажет. Осы сияқты басқа организмдер зерттенгенде де осындай мәліметтер қажет.
Тіршілік орнын білу – қуысты зерттеудің басы ғана. Табиғи ортада организмдердің жағдайын анықтау үшін, біз олардың белсенділігі туралы, қорегі мен энергия көздері туралы, өсу мен метаболизм жылдамдығы туралы, қарым – қатынасқа түсетін басқа организмдерге оның әсері туралы, экожүйедегі маңызды процестерге оның тигізетін әсерлерін анықтауымыз қажет.
Түр аралық бәсекелекстік нәтижесінде экологиялық қуыстың бөлінуі құбылысы «экологиялық диверсификация» деп аталады.
Бірге тіршілік етіп жүретін түрлер арасындағы диверсификация көпшілік жағдайда мынадай үш параметр: кеңістіктік орналасу, азықтық мамандану, белсенділік мезгілі бойынша жүзеге асады.
Кеңістіктік орналасудағы айырмашылықтың мәні- түрлердің әртүрлі стацияларды таңдап алуында. Үлкен ала тоқылдақ азығын ағаштардың діңінен, орташа тоқылдақ – ірі бұтақтардан, ал кіші тоқылдақ - бөрік басынан ұсақ бұтақтарынан іздейді.
Азықтық мамандану бойынша -экологиялық диверсификация кең таралған құбылыс. Жануарлардың жақын туыстас түрлерінен қоректік мұқтаждықтары әртүрлі болатындығы көптеген мысалдардан дәлелденген. Мысалы, бірнеше симпатриялық түрлерге жататын шөл кесірткелерінің біреулерінің азықтық рационы- құмырсқадан, екінші біреулерінікі- термиттерден, үшіншілерінің - кесірткенің өзге түрлерінен немесе өсімдіктерден ғана құрылады.
Қуыстың бөлінуі көп жағдайда түрлер белсенділігінің уақыт бойынша сәйкес келмеуімен сабақтасады. Тәуліктің немесе маусымдық белсенділіктің әртүрлі типтері осыған мысал болады. Мысалы, қоңыржай белдеулерде бау шымшығы мен қарабас шымшықтың жұмыртқалау мерзімдерінде екі аптадай айырмашылық бар. Тропиктерде бұл түрлер жыл он екі ай балапандар басады, себебі олардың қоректенуі үшін қажет жәндіктердің үнемі мол болуы бәсекелестікті бәсеңдетеді.
Бірге тіршілік ететін түрлердің экологиялық қуыстардың бір параметрлері бойынша сәйкес келсе де, ешуақытта толығымен сәйкес келмейді, өйткені бұл жағдайда бәсекелестікті жою заңы әсер етеді және осы биоценоздан бір түрді екіншісі ығыстырып шығарады. 1910 жылы экологиялық қуыс түсінігін Ф.Джонсон ұсынған. Американ зоологы Одумның анықтамасы бойынша: тіршілік ортасы - организмнің адресі болса, экологиялық қуыс —оның жалпы іс-әрекеттерінің түрі.
Экологиялық қуыс түсінігін пайдаланып, Гаузе принципін былай нақтылауға болады: екі түр бір экологиялық қуыста қатар тіршілік ете алмайды.
Сонымен, организмдердің кеңістіктегі орны, бірлестіктегі қызметтік ролі және ортаның факторларына төзімділігі сияқты тіршілік шарттарына организмнің барлық талаптарының жиынтығы - экологиялық қуыс деп аталады.
ПРАКТИКАЛЫҚ
САБАҚТАР
Тақырыбы: Бактерияларды таратуда шыбындардың ролі
Мақсаты: бактерия таратудағы шыбындардың ролін бақылау.
Құрал-жабдықтар: Петри шәшкесі, агар-агар немесе желатин, шыбындар, шыны бюкс, қант, қызылша шырыны.
Жұмыс барысы: