- •Оқу құралының құрылымы
- •1Тарау Экология міндеттері мен болашағы
- •1.1. Экология пәні және анықтамалары
- •1.2. Ғылымның қысқаша даму тарихы
- •1.3. Экологияның негізгі бағыттары
- •2Тарау Организм және орта
- •2.1. Аутэкология
- •2.2. Организм көбеюінің потенциальды мүмкіншілігі
- •2.3. Экологиялық факторлар. Экологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары
- •1 Кесте Тіршілік жағдайларының әсерінен өсімдіктердің анатомиялық құрылысының ерекшеліктері
- •2 Кесте
- •2.4. Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •3 Кесте Өсімдіктер және жануарлар организміндегі су мөлшері
- •2.5. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •5 Кесте Ортаның қолайсыз жағдайларына организмдердің негізгі бейімделу тәсілдері
- •2.6. Негізгі тіршілік орталары
- •Популяция экологиясы
- •3.1. Популяция түсінігі
- •14 Сурет. Популяциядағы особьтар тобының немесе жұптарының таралуы
- •3.2. Популяцияның демографиялық құрылымы
- •3.3. Популяцияның этологиялық құрылымы
- •4 Тарау Организмдердің биотикалық қарым қатынастары
- •4.1. Биотикалық қарым қатынастары
- •9 Кесте а және в түрлерінің популяцияларының арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі типтері
- •4.2. Қарым-қатынас типтері
- •4.3. Бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс
- •19 Сурет. Бір жерде кобею кезінде тіршілік ететін екі жақын туысты теңіз балықтарының қорек құрамы. Организмдердің әртүрлі қоректік қатынасы пішінінің мөлшерімен көрсетілген
- •1 Тәжірибе
- •2 Тәжірибе
- •5Тарау Биоценоз
- •5.1. Биоценоз-күрделі табиғи жүйе
- •5.2. Биоценоздың түрлік құрылымы
- •5.3. Биоценоздардың төзімділігі
- •6 Тарау Экологиялық жүйе
- •6.1. Экологиялық жүйенің құрылу заңдылықтары
- •6.3. Экожүйе өнімділігі
- •6.4.Экожүйенің қоректік құрылымы
- •9 Кесте
- •11 Кесте
- •6.5. Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •6.6. Қоректік тізбектегі зиянды, улы заттардың жинақталуы
- •7Тарау Биосфера
- •7.1. Биосфера туралы түсінік
- •7.2. Биосфера және оның шекаралары
- •7.3.Тірі заттардың негізгі қызметі мен қасиеті
- •7.4. Ноосфера
- •7.5. Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •7.6. Биологиялық көптүрлілікті сақтау мәселелері
- •7.7. Б.Коммонердің «экология заңдары»
- •1. Барлығы барлығымен байланысты
- •2. Материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді
- •3. Табиғат өзі жақсы біледі
- •Тұрғын үй ауасына тазалық баға критерийі
- •Кейбір антропогендік факторларының биосфераға әсері
- •Қоршаған ортаға және дамуға қатысты рио-де –жанейро декларациясы
- •1 Принцип
- •8 Принцип
- •9 Принцип
- •10 Принцип
- •11 Принцип
- •12 Принцип
- •13 Принцип
- •2. Экологиялық қауіпсіздіктің табиғи-тарихи негіздері, принциптері және стратегиялық мақсаттары
- •2.1 Қазақстанның өтпелі кезеңдегі экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері
- •2.2. Экологиялық қауіпсіздік принциттері, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері
- •3. Айналадағы ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесі
- •3.1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің институттары мен тетіктері
- •3.2. Нормативтік –құқықтық база
- •3.3.Әлеуметтік әріптестік және жұртшылықтың қатысуы
- •4. Экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдықтары
- •4.1. Құрылымдық өзгерістер және экологиялық саясат
- •4.2. Жекешелендірудің экологиялық проблемалары
- •4.3. Қаржы-экономикалық саясат
- •5. Халықаралық ынтымақтастық
- •Мазмұны
Популяция экологиясы
3.1. Популяция түсінігі
Экологияда популяция деп- үлкен аймақта тіршілік ететін және өзара байланыста болатын бір түрдің особьтарының (дараларының) тобын айтады. Популяция сөзі латынның «populus» -халық, қоныс деген сөзінен шыққан. С.С.Шварцтың анықтамасы бойынша: популяция –қоршаған ортаның ұзақ уақыт бойы және үнемі өзгеру жағдайында өздерінің санын сақтау үшін, барлық қажетті жағдайлары бар, организмдердің белгілі бір түрлерінің қарапайым топтары.
Популяция - биота түзілуінің, қалыптасуының негізі болатын «ұяшығы»: мұнда тірі ағзалардың өзіндік қайталануы, көбеюі жүзеге асады, ол бейімделушілік сапасының тұқым қуалаушылығына байланысты түрдің тірі қалуын қамтамасыз етеді, ол жаңа популяциялардың және түр түзілу процестерінің басын береді. Яғни эволюциялық процестердің элементарлы бірлігі болып табылады, өйткені түр оның сапалы кезеңі.
Сапалы сипаттағы проблемалардың көбін шешуге мүмкіндік беретін сандық сипаттамалардың ролі ерекше.
Белгілі бір жағдайда организмдер сандарының қалыпты ұстауын популяция гомеостазы деп атайды. Әртүрлі түрлерде популяцияның гомеостатикалық мүмкіншілігі түрліше. Олар да особьтардың қарым-қатынасы арқылы іске асады.
Популяцияның негізгі сипаттамалары
Топтық ерекшелік- бұл популяцияның негізгі сипаттамасы. Оларға: особьтардың кеңістікте таралуы, популяция саны, популяция тығыздығы, туылым, өлім-жітім, өсу қарқыны, популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрылымы, популяцияның этологиялық құрылымы жатады. Популяцияға белгілі ұйымдасушылық тән. Территорияда особьтардың таралуы, олардың жыныс және жас ерекшеліктері бойынша қатынасы, морфологиялық-физиологиялық, мінез-құлықтық және генетикалық ерекшеліктері-популяцияның құрылымын көрсетеді. Популяцияның құрылымы бір жағынан түрлердің жалпы биологиялық қасиеттері негізінде, екінші жағынан ортаның абиотикалық факторларының және басқа түрлердің популяцияларымен қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан популяция құрылымы бейімделушілік сипатта.
Популяцияның кеңістіктік таралуы
Популяцияның тіршілік ететін кеңістігі оның тіршілігіне қажетті жағдайды береді. Популяцияны құрайтын особьтардың қолайлы және қолайсыз орта жағдайына реакцияларында және бәсекелестік қатынаста көрінетін кеңістіктік орналасуының әртүрлі типі болады. Особьтар мен олардың топтарының кеңістікте кездейсоқ, бірдей немесе біркелкі және топтық таралу түрлері болады.
Біркелкі таралу- бұл табиғатта өте сирек кездеседі. Бұл әртүрлі особьтар арасындағы бәсекелестікпен байланысты. Таралудың мұндай түрі Ла-Манша жағалауындағы құмды жағажайда тіршілік ететін пластинка желбезекті былқылдақденелілер мен жыртқыш балықтарға тән.
Кездейсоқ таралу- бірігіп тіршілік етуі байқалмайтын түрлерде және бірдей ортада ғана кездеседі. Ұндағы үн қоңыздарының таралуы — бұл кездейсоқтық таралудың мысалы.

а б в
