Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП Информатика каз 1 курс АЖ 1.doc
Скачиваний:
248
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
12.86 Mб
Скачать

Тақырыбы: Құжат құрылымы. Беттерді нөмірлеу. Колонтитулдер. Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Айқасқан сілтемелер. Мазмұнды баптау. Заттық көрсеткіш. Әдібиеттер тізімі.

Жоспары: Құжат құрылымы. Беттерді нөмірлеу. Колонтитулдер. Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Айқасқан сілтемелер. Мазмұнды баптау. Заттық көрсеткіш. Әдібиеттер тізімі.

Мақсаты: Құжат құрылымымен, беттерді нөмірлеумен, колонтитулдермен, құжатта сілтемелерді ұйымдастырумен, сілтемелермен, айқасқан сілтемелермен, мазмұнды баптаумен, заттық көрсеткішпен, әдібиеттер тізімімен таныстыру.

Негізгі ұғымдар тізбесі: колонтитулдер, сілтемелер, айқасқан сілтемелер.

Құжат құрылымы. Беттерді нөмірлеу. Колонтитулдер.

Тарау атынан, бөлімдерден және әр түрлі бөлімшелерден тұратын үлкен көлемді құжаттармен жұмыс істеу үшін құрылым тәртібі пайдаланылады. Құрылым тәртібі ­- бұл құжаттың құрылымын көрсететін құжаттың ұсынылуы.

Қалай ойлайсыздар, құжаттың құрылымын қандай қосымша арқылы көре аламыз?

ҚAutoShape 319AutoShape 320ұрылым тәртібіне көшу үшін, келесі команданы орындаңыз:Түрі (Вид) AutoShape 318 Көру тәртібі (Режимы просмотра) Құрылым (Структура).

24-сурет. Құжаттың құрылымы

Құрылым тәртібінде бейнеленетін шегіністер мен символдар әдеттегі тәртіпте құжаттың түріне және баспадан шығарылуына әсер етпейді.

Құрылым тәртібінде құжаттың барлық құрылымын көруге болады.

Құрылым тәртібі:

  • құжаттың құрылымын оңай және тез өзгертуге мүмкіндік береді;

  • құжат мәтінің және құжаттағы тараулар атын реттеуін өзгертеді және оларды құрылым тәртібінде жоғары немесе төмен қарай орналастыра алады;

  • негізгі мәтінді немесе тарау атауын жоғары деңгейге немесе төменгі деңгейге өзгертуге мүмкіндік береді.

"+"   немесе  "-" символдары арқылы деңгейді жоғары және төмен қарай, сонымен қатар құрылымның ішіндегі мәтінді орындарымен солға, оңға, төмен және жоғары қарай ауыстыруға болады.

"+"   немесе  "-" символдары арқылы бағыныңқы мәтінді әрі-бері қозғалтуға болады. Құжаттың толық құрылымын бейнелеу үшін негізгі мәтінді жасыру керек.

Құралдар тақтасының кейбір батырмалар міндеттерін қарастырайық.

Жоғары (Вверх) батырмасы құрылым бойынша элементті (немесе бірнеше элементтерді) төмен қарай жылжытады

Төмен (Вниз) батырмасы құрылым бойынша элементті (немесе бірнеше элементтерді) қарай жылжытады

Ашу (Развернуть) батырмасы элементтің барлық деңгейлерін бейнелеуге мүмкіндік береді

Уақытша жабу (Свернуть) батырмасы Деңгейлерді көрсету (Показать уровень) тізімінде көрсетілгендерден басқа барлық деңгейлерді уақытша жаба тұруға мүмкіндік береді

Деңгейді көтеру (Повысить уровень) батырмасы тарау немесе тақырып атауларының деңгейін өзгертеді

Деңгейді төмендетеді (Понизить уровень) батырмасы тақырып немесе тарау атауының деңгейін өзгертеді, мысалы үшінші атауды бірінші атауға дейін көтеру

Әдеттегі мәтінге дейін төмендету (Понизить до обычного текста) батырмасы негізгі мәтінді бастапқы енгізу үшін арналған және атау деңгейін жай мәтінге дейін төмендету

  • Деңгейді 1-атауға дейін көтеру (Повысить деңгейідо заголовка 1) батырмасы мәтіннің атауын ең жоғары деңгейге тез өзгертуіне мүмкіндік береді

Аталған амалдарды орындау үшін тақырыпты ерекшелеу керек

Тақырыптағы сұр сызық, тақырыпты жасырылған, бағыныңқы атау немесе негізгі мәтін бар екенің білдіреді. Құжаттың құрылым тәртібінен шығу үшін Құрылым тәртібін жабу (Закрыть режим структуры) батырмасын басу керек.