
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •I Теориялық сұрақтар
- •Заттарды иіскеп көру Зертханада жұмыс істеу тәсілдері
- •I. Теориялық сұрақтар
- •1) Қышқыл ортадағы контактілі коррозия.
- •3) Болаттың аэрациондық коррозиясы.
- •4) Металдар коррозиясының жылдамдығына микрогальваникалық элементтердің пайда болуының әсері.
- •I. Теориялық сұрақтар
- •II. Зертханалық жұмыстар
I. Теориялық сұрақтар
1. Координациялық теорияның негізгі түсініктері.
2.Комплексті қосылыстардың құрылымы, аталуы.
3. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты.
4.Комплексті қосылыстардың жіктелуі және изомериясы.
5.Комплексті түзушінің, ішкі және сыртқы сфераның зарядының белгісін
анықтау.
6.Лиганд өрісі тұрғысынан алғандағы комплексті қосылыстардың құрылымы,
d - деңгейшелердің жіктелуі .
II. Зертханалық жұмыстар
Реактивтер мен құрал - жабдықтар: Пробиркалар, пробирка ұстағыштар,
пробиркалары бар штатив, сыйымдылығы 10 мл өлшеуіш цилиндр.
Ерітінділер: 0,1H аммоний (немесе калий) тиоцианаты, 0,1H барий хлориді,
0,1H натрий гидроксиді, 0,5H висмут(ІІІ)нитраты Bi(NO3)3, 0,5H
темір(ІІ)сульфаты FeSO4, 0,5H темір(ІІІ)хлориді FeСl3, 0,5H теміраммоний
ашудасы NH4 Fe(SO4 )2, 0,5H және қаныққан калий иодиді KJ, 0,5H калийдің
43
гексацианоферраты (ІІІ) K3[Fe(CN)6], 0,5H және қаныққан калий роданиді
KSCN, 2H натрий хлориді NaCl, 0,5H мыс (ІІ)хлориді CuCl2, 0,5H сынап
(ІІ)нитраты Hg(NO3)2 , 0,1H күміс нитраты AgNO3;
Жұмыс барысы:
1–тәжірибе Катионды комплексті қосылыстың түзілуі және
диссоциациясы
а) Пробиркаға 1-2мл AgNO3 ерітіндісінен құйып, үстіне NaCl
ерітіндісінен шамалы қосыңыз. Түзілген тұнбаға ерігенше аммиак ерітіндісін
қосыңыз. Ag+ ионының координациялық саны екіге тең екенін ескеріп,
реакция теңдеуін құрыңыз. Өзгерістерді түсіндіріңіз.
б) Пробиркаға 1-2мл CuCl2 ерітіндісінен құйып, Cu(ОН)2 тұнбасы
түзілгенше аммиак ерітіндісін тамшылатып қосыңыз. Содан кейін түзілген
тұнба ерігенше аммиак ерітіндісінің көп мөлшерін құйыңыз. Cu2+ ионының
түсін алынған ерітіндінің түсімен салыстырыңыз. Ерітіндінің түсін қандай
иондар беріп тұр? Cu2+ ионының координациялық саны төртке тең екенін
ескеріп, реакция теңдеуін құрыңыз.Қандай негіз күштірек: мыс (ІІ)
гидроксиді немесе сәйкес комплексті негіз? Неліктен?
2–тәжірибе Анионды комплексті қосылыстың түзілуі және
диссоциациясы
а) Пробиркадағы 1-2мл сынап (ІІ) нитраты ерітіндісіне (өте улы!) HgJ2
тұнбасы түзілгенше KJ сұйытылған ерітіндісінен тамшылатып қосыңыз.
Содан кейін тұнба ерігенше KJ ерітіндісінің көп мөлшерін құйыңыз. Hg2+
ионының координациялық саны төртке тең екендігін ескеріп, алынған
комплексті қосылыстың координациялық формуласын және реакция теңдеуін
жазыңыз.
б) Пробиркадағы 2-3 мл Bi(NO3)3 ерітіндісіне BiJ3 тұнбасы түзілгенше
0,5H KJ ерітіндісінен тамшылатып қосыңыз. Содан кейін түзілген тұнба
ерігенше KJ ерітіндісінен бірнеше тамшы қосыңыз. Алынған ерітіндінің түсі
қандай? Ерітіндінің түсі K+ , J- ,Bi3+ иондарының қатысуынан болуы мүмкін
бе? Bi3+ ионының координациялық саны төртке тең екендігін ескеріп,
комплексті қосылыстың түзілуі мен диссоциациялану теңдеуін және оның
координациялық формуласын жазыңыз.
3–тәжірибе Жай және комплексті темір (ІІІ) иондарының
арасындағы айырмашылық
а) 1-2мл FeСl3 ерітіндісіне KSCN ерітіндісінен шамалы қосыңыз.
Реакция теңдеуін жазыңыз. Бұл реакция Fe3+ ионына тән және осы ионды
анықтау үшін қолданылады.
б) K3[Fe(CN)6] ерітіндісінде Fe3+ ионы бар екендігін дәлелдеңіз. Ол
үшін 3–тәжірибенің а)-на тән реакцияны жасаңыз.
в) Бір пробиркаға FeСl3 ерітіндісінен, ал екіншісіне K3[Fe(CN)6]
ерітіндісінен шамалы құйыңыз. Содан кейін әрқайсысына бірдей көлемде
FeSO4,ерітіндісінен қосыңыз. Бірінші пробиркада ешбір өзгерістің жоқтығын,
ал екінші пробиркада турнбул көгі KFe[Fe(CN)6]деп аталатын тұнбаның
түзілуін түсіндіріңіз. Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеуін
жазыңыз.
44
Турнбул көгі түзілетін реакция мына комплексті ионға [Fe(CN)6]3- тән
болып табылады.
4–тәжірибе Темір(ІІІ) қос және комплексті тұздарының
диссоциациясы
Төрт пробирка алыңыз. Үш пробиркаға теміраммоний ашудасынан 3
тамшы, төртінші пробиркаға калийдің гексацианоферраты (ІІІ) K3[Fe(CN)6]
ерітіндісінен 3 тамшы тамызыңыз. Содан кейін бірінші пробиркаға аммоний
тиоцианаты ерітіндісінен 2тамшы, екінші пробиркаға барий хлориді
ерітіндісінен 2 тамшы, үшінші пробиркаға 2-3тамшы сілті ерітіндісінен
қосыңыз(осы пробирканы аммиак иісі шыққанша қыздырыңыз). K3[Fe(CN)6]
ерітіндісі бар пробиркаға калий немесе аммоний тиоцианаты ерітіндісінен
2 тамшы қосыңыз. Барлық пробиркаларда реакция жүре ма?
Қос және комплексті тұздың диссоциациялану реакция теңдеуін және
пробиркаларда жүретін реакция теңдеуін молекулалық, иондық түрде
жазыңыз.Түзілген тұнбалардың түсін белгілеңіз.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер
Глинка Н.Л. «Общая химия» – Л: 1985 г.
Некрасов Б.В. «Основы общей химии» т.1, 2, 3. Изд. «Химия» –М: 1969-1976.
Ахметов Н.С. «Общая и неорганическая химия». Изд. «Высшая школа» –М: 1981.
Беремжанов Б.А., Нурахметов Н.Н., Муратбеков М.Б. «Металл еместердiн химиясы». А-Ата. 1977
Угай Я.А. Общая химия. Изд. «Высшая школа» 1990.
Мартыненко Л.И., Спицын В.И. Неорганическая химия. Т.1,2. МГУ. 1991.
Кусепова Л.А., Кусепов А.К. Лабораторный практикум курса «Общая химия», Астана, 2003.
«Практикум по неорганической химии». часть 1,2.
А.П.Крешков. Основы аналитической химии. 1 – 3 т.т. М. :Химия, 1971.
В.Н.Алексеев. Курс качественного полумикроанализа. М.: Химия, 1973.–584 с.
В.Н.Алексеев. Количественный анализ. М.:Химия, 1972. – 504 с.
Бірімжанов Б.А, Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – А : ана тілі , 1992
Пірәлиев С.Ж; Бутин Б.Н; Байназаров Г.М. Жайлау С.Ж Жалпы химия – Алматы, 2003.-т.1-2
Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. А; Мектеп , 2007
Аханбаев К.А Жалпы және анорганикалық химия. –А:Мектеп,1987