
- •Информатика кафедрасы
- •Зертханалық сабақтарды жоспарлау
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •7. Оқыту нәтижесін бақылау және бағалау:
- •8. Оқу пәнінің саясаты:
- •2. Оқу пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс материалдары
- •Информатиканың құрылымы
- •Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны
- •Информатика
- •Информатика ғылым мен технологияның бірлігі ретінде
- •Дәріс 2. Информатиканың арифметикалық негіздері.
- •Дәріс 3. Дискретті математиканың негізі
- •4) Логикалық формула.
- •Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
- •Графтар және ағаштар: ағаштар, бағытталмаған графтар, бағытталған графтар.
- •2 Сурет
- •Дәріс 4. Дербес компьютердің архитектурасы.
- •Эем даму буындары
- •Дәріс 5. Операциялық жүйелер. Бағдарламалық жабдықтаудың даму тенденциялары мен қазіргі жағдайы.
- •4.Сурет. Қолданбалы пқ құрылымдық сұлбасы
- •Дәріс 6. Windows операциялық жүйесі.
- •Дәріс 7. Сервистік бағдарламалық жабдықтау.
- •Дәріс 8. Мәтіндік процессорлар
- •Miсrоsоft Word жұмыс терезесi
- •1.3. Құжаттардың бейнеленуiнiң режiмдерi
- •1.4. Меню жолының командаларымен жұмыс әдiстерi
- •2.1. Құжатты қалыптастыру
- •2.2. Мәтiндi енгiзу және редакциялау
- •2.3. Құжатты сақтау
- •2.4. Құжатты ашу
- •Мәтiндi енгiзудiң арнайы құралдары
- •2.5.3. Тезаурусты қолдану.
- •2.6. Құжат бойынша орын ауыстыру
- •2.7. Мәтiндi ерекшелеу
- •2.8. Мәтiндi жою, орнын ауыстыру және көшiрмесiн алу
- •2.9. «Апару және түсiру» технологиясы
- •2.10. Регистрдi өзгерту
- •2.11. Грамматиканы және емленi тексеру
- •3. Құжатты форматтау (пішімдеу)
- •3.1. Символды форматтау
- •3.2. Абзацты форматтау
- •3.2.1. Формат Абзац командасы арқылы.
- •3.2.2. Көлденең сызғыштың көмегiмен
- •3.2.3. Контексті меню көмегiмен.
- •3.3. Беттердi форматтау
- •3.3.1. Бағандар
- •3.3.2. Колонтитулдар
- •3.3.3. Беттердiң нөмiрлерi
- •3.3.4. Нұсқамалар
- •Мәтiндi енгiзудi автоматтандыру
- •4.1. Автомәтiн
- •4.2. Автоалмастыру.
- •Автоалмастырудың құралын баптауға арналған диалогтік терезесi
- •4.3. Автоформат
- •4.4. Стильдер мен шаблондар
- •Стильдердi өзгертуге арналған диалогтік терезесі
- •4.5. Тiзiмдер
- •4.6. Тақырып
- •4.7. Мазмұндар және нұсқағыштар
- •1. Объектілердi енгiзу
- •1.1. Суреттер
- •Бiрнеше суреттердi топтау
- •1.2. Бейнелер
- •1.3. Орнатудың әдiстерiн таңдау.
- •1.4. Бейненiң мәтiнмен байланысы.
- •2. Кестелер
- •3. Сiлтемелер
- •4. Формулаларды енгiзу
- •5. Мәнерлi мәтiн
- •7. Құжаттарды баспаға басып шығару
- •8. Мәтiнге пiкiр беру. Мәтiннiң версияларын (нұсқаларын) қалыптастыру
- •9. Word-ты баптау
- •Дәріс 9. Кестелік процессор.
- •Дәріс 11. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (мқбж).
- •Дәріс 11. Қазіргі заманғы компьютерлік көрсетілім. .
- •2.Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру
- •Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
- •3.2Бос презентация құру
- •4.Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу
- •5.Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері
- •Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері
- •Дәріс 12. Информатиканың алгоритмдік негіздері. Бағдарламалау жүйелер.
- •2. «Дейiн» қайталау.
- •Дәріс 14. Компьютерлік желілер.
- •Дәріс 14. Компьютерлік графика негіздері.
- •Дәріс 15. Интеллектуалдық және сараптау жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Жасанды интеллектуалды жүйе туралы түсiнiк
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •4.1. Негізгі әдебиеттер:
- •4.2.Қосымша әдебиеттер:
- •5. Зертханалық сабақтарды жоспары зертханалық жұмыс № 1 Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс № 2 Тақырыбы: «Дискілерге қызмет көрсету. Файлдарды архивтеу. Антивирустық программалар.»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №3 Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау»
- •243100, Клинцы қаласы,
- •Құрметті демалушылар!
- •Біз сіздерді күтеміз!
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №4 Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Құжатқа суреттер, графиктік объектілер орнату»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №5 Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Формулалар редакторы.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №6 Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Макростар құру»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №7 Тақырыбы: «Кестелік процессор ms Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №8 Тақырыбы: «Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 9 Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №10 Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»
- •Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №11 Тақырыбы: «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»
- •Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №12 Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 13 Тақырыбы: «Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №14 Тақырыбы: «Excel програмасының экономикалық есептеулерге (кредит және займ) арналған финанстық функциялары»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •14 .1, 14 .2, 14 .3, 14 .4, 14 .5 -Кестелерден алынады)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №15 Тақырыбы: «Периодты төлемақыны есептеу. Амортизацияны есептеу »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •15.4, 15.5, 15.6, 15.7, 15.8 -Кестелерден алынады)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 16 Тақырыбы: «Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 17 Тақырыбы: «Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше кестелерден деректер базасын жасау»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс №18 Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс №19 Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»
- •Сұратулардағы есептеулер
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20 Тақырыбы: «Есеп беруді жасау»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс №21 Тақырыбы: «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – html. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»
- •Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Задание 5.Html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары ( 45 сағат)
- •Ms Excel бағдарламасын қалай іске қосамыз?
- •Сөж тапсыру кестесі
- •1 Килобайтта ... Бар.
- •27 Санды ондық санау жүйсінен екілік санау жүйесіне ауыстырыныз:
- •11 Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық материалдары
Өздік жұмыс тапсырмалары:
Үш кестеден: «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын алдыңғы зертхана жұмысында өзіңіз жасаған «Музыкалық альбом» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.
Үш кестеден: «Дәрігер», «Пациент», «Бөлімшелер» тұратын «Емхана» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.
Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.
Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.
Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.
Бақылау сұрақтары:
Пішін (форма) дегеніміз не?
Пішінді жасаудың қандай тәсілдері бар?
Автоформа дегеніміз не?
Батырмалық пішінді (Кнопочная форма) қалай жасауға болады?
Кестені толтырудың қандай тәсілдері бар?
Зертханалық жұмыс №19 Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»
Мақсаты: Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесінің объектілерінің бірі сұратумен,оның түрлерімен және сұратуды құру жолдарымен таныстыру.
Негізгі ұғымдар:
Сұратулар. Сұрату – бұл деректерді талдау, таңдау, іріктеу және өзгерту құралы. Сұрату көмегімен бірнеше кестелердегі деректерді көруге, талдауға және өзгертуге болады. Сонымен қатар сұратуларды пішіндер мен есеп берулерге (отчеты) арналған деректер көзі ретінде қолданылады.
Сұратуларды жасаудың бірнеше тәсілі бар:
Конструктор сұратудың кех келген типін өз өалауыңыз бойынша жасауға мүмкіндік береді.
Қарапайым сұрату Сұрату шебері (Мастер запросов) белгілі бір кестелердің өрістерінен немесе басқа сұратулардан таңдама (выборка) жасауға мұмкіндік береді
Айқастырылған сұрату (Перекрестные запросы) құрылымдағы деректерді есептеу және талдауды жеңілдететін түрде беру үшін қолданылады. Айқастырылған сұрату статистикалық есептеулер жасап, оның нәтижелерін деректердің екі жинағы (бірі бағандардың, екіншісі жолдардың тақырыптарын анықтайды) бойынша құрылған кесте түрінде топтайды.
Қайталанатын жазбалар қарапайым кестедегі немесе сұратудағы қайталанатын жазбаларды іздеуге сұрату жасайды. Ал Записи без подчиненных пунктін таңдағанда бағыныңқы кестеде ешқандай жазба сәйкес келмейтін жазбаларды іздеуге сұрату жасалынады. Мұндай сұрату көп кестелік деректер базасында қолданылады.
Сұрату типтері: | |
Таңдама (Выборка) |
Бір немесе бірнеше кестедегі әртүрлі деректерді біріктіру қажет болған жағдайда әртүрлі кестелерден деректерге таңдама жасау үшін қолданылады. |
Жаңарту (Обновление) |
Бір сұратудың көмегімен бірден көп жазбаларға өзгерістер енгізу үшін қолданылады. |
Қосу (Добавление) |
Бұрыннан бар кестеге басқа кестеден белгілі бір өлшемдіктер (критерий) бойынша жазбаларды қосу (қосып жазу) үшін қолданылады. |
Жою (Удаление) |
Қажетті жазбаларды бір мезетте іріктеп алып, жоюға мүмкіндік береді. Мұндай сұратуды жасаудың қағидасы жаңарту сұратуына ұқсас, алайда, байланыстырылған кестелерден жазбаларды жойғанда деректердің тұтастығына (целостность) нұқсан келмеу керек. |
Айқастырылған (Перекрестный) |
Айқастырылған сұратулар —бұл деректерге статистикалық өңдеулер орындайтын, оның нәтижесі Excel –дің корытынды (сводная ) кестесіне ұқсас кесте түрінде болатын сұратулар. |
Кесте жасау (Создание таблицы) |
Сұратудың бұл типі арқылы бұрыннан бар кестеден керекті деректерді таңдамаға қарапайым сұрату жасап, іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдама нәтижесі жаңа кестеге орналасады. Жаңа кестенің құрылымы сұрату нітижесінде алынған жазбалардың құрылымымен анықталады. |