Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ump-inf-kurylys2.doc
Скачиваний:
1107
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
6.57 Mб
Скачать

3.3. Беттердi форматтау

Word мәтiндi енгiзу барысында оны автоматты түрде беттерге бөлiп отырады. Әр бет келесi беттен жiңiшке пунктирлiк сызықпен ажыратылады.

Бiрақта кей жағдайда амалсыздан беттiң соңын өзiмiз бекiтуiмiз қажет болса, ол үшiн <Ctrl+Enter> пернелерiн басады немесе «Вставка Разрыв... Новую страницу» командасын орындайды. Обычный көрiнiсiнде беттiң аяқталған жерiнде Разрыв страницы мәтiнi жазылған жiңiшке сызық пайда болады. Бұл сызықшаны жойып, беттi алғашқы қалпына келтiру үшiн осы сызықшаға меңзерді орнату және <Delete> пернесiн басу қажет.

Беттiң параметрлерiн (құжатты баспаға шығаратын қағаз парағының өлшемдерiн, параққа жазылатын жазудың жазылу бағытын, өрiстердiң ұзындығын, енiн және тағы сол сияқты басқа параметрлердi) өзгерту үшiн - «Файл Параметры страницы» командасын беру керек. «Параметры страницы» диалогтік терезесi пайда болады. Өрiстердiң енi «Поля» қыстырмасында – ( а) - суретте), ал беттiң өлшемi - «Размер бумаги» қыстырмасында – ( б) – суретте) қойылады. Барлық парамертлердi өрістерде көрсеткен санағыштар арқылы немесе тiкелей мәнiн енгiзу арқылы өзгертуге болады.

Өрiстердiң параметрлерiн қоятын қыстырма

а)

б)

Қағаздың өлшемін қоятын қыстырма

3.3.1. Бағандар

Құжатты рәсімдеудiң аса бiр қолайлы әдiсi - мәтiндi бiрнеше бағандар түрiнде форматтау (газет немесе журнал бетi сияқты). Құжатты бiрнеше баған түрiнде форматтау үшiн аспаптардың панелінде «Колонки» батырмасын шерту және олардың қажеттi санын таңдау керек. Бағандардың форматын өзгерту үшiн «Формат Колонки» командасы бойынша ашылатын бағандарды форматтауға арналған «Колонки» терезесi қолданылады.

Осы терезеде бағандардың санын, көлемiн және арақашықтықтарын беруге болады. «Разделитель» жалауы бағандарды бiр-бiрiнен тiк сызықпен бөлектеуге мүмкiндiк бередi. «Применить» тiзiмi құжаттың қай бөлiгiн бағандарға бөлу керектiгiн көрсетуге қолданылады. Егер «Новая колонка» жалауын қойсаңыз, онда құжаттың келесi мәтiнi жаңа бағаннан басталады.

Егер сiз жұмыс iстейтiн құжат бiр бетке симайтын болса, онда Word екiншiсiн автоматты түрде құрады, ал керек болса - үшiншiсiн және тағы басқаларын. Егер сiзге құжаттың белгiлi бiр бөлiгi әртүрлi беттерде болғаны қажет болса, онда арасына беттiң күрт үзiлуiн салуға болады. «Вставка Разрыв» командасы бойынша «Разрыв» диалогтік терезесi ашылады. Сол терезеде «Новую страницу» параметрiн таңдау керек. Осы амалды <Ctrl+Еnter> пернелерiн басу арқылы да орындауға болады.

Мәтiннiң үзiндiсiн көпбағанды түрде рәсімдеу құжаттың осы бөлiгiн бөлек рәсімдеудi талап етедi. Ол үшiн осы бөлiктi бөлiмнiң үзiлу белгiсi арқылы бөлектеп алады. Обычный көрiнiсiнде мәтiннiң көпбағандылығы бейнеленбейдi. Бөлек бөлiмнiң бар екендiгi бөлiктiң алдында және соңында үзiлу белгiсiнiң бар болғандылығымен ғана анықталады.

3.3.2. Колонтитулдар

Колонтитулқұжаттың әр бетiнiң жоғарғы және төменгi жағында орналасатын кiшiгiрiм өрiс. Колонтитулда беттiң нөмiрiнен орнатуға, басқа кез келген сөйлем жазуға, дата енгiзуге, немесе арнайы жазуларды, тараулар мен параграфтардың атауларын немесе нөмiрлерiн көрсетуге болады.

Колонтитулды орнату үшiн «ВидКолонтитулы» командасын орындау қажет. Терезеде Колонтитулы аспаптар панелі пайда болады.

«Колонтитул Верхний/Нижний» батырмалары арқылы жоғарғы және төменгi колонтитулдарға ауысу ыңғайлы. Жаңа колонтитулды алдыңғы бөлiмдегi колонтитулға ұқсас етiп қалыптастыру үшiн «Как в предыдущем разделе» батырмасын басу керек. Сонда келесi бөлiмдердiң колонтитулдары редакцияланған колонтитул сияқты рәсiмделедi. Егер колонтитулды басқаша редакциялау қажет болса, онда алдыңғы бөлiмдегi колонтитул өзгермеу үшiн «Как в предыдущем разделе» батырмасын қайта жiберу керек.

Колонтитулдар аспаптар панелі

Колонтитулды редакциялау режiмiнде беттiң нөмiрiн орнату үшiн «Номер страницы» батырмасын шертуге болады. Бiрақ, нөмiрдiң жанында басқа мәтiн де орналасуы керек болғанда, «Вставка Номера страниц» командасын пайдаланған дүрыс. Бұл жағдайда беттердiң нөмiрлерi тышқанмен орын алмастыруға болатын кадрларда орналасады.

Құжаттың жұп және тақ беттерiндегi колонтитул әртүрлi болу үшiн «Колонтитул» аспаптар панеліндегі «Параметры страницы» батырмасы арқылы «Параметры страницы» диалогтік терезесiн шақыру қажет, одан соң «Макет» қыстырмасын ашып «четных и нечетных страниц» жалаушасын қосу керек. Колонтитул бөлiмнiң бiрiншi бетiнде пайда болмау үшiн «первой страницы» жалаушасын қосу керек.

Колонтитулды редакциялауды аяқтау «Закрыть» батырмасын басу немесе «Вид Колонтитулы» командасын қайта орындау арқылы iске асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]