Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursovaya.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
167.94 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және

ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледжі

«Шетел тілін оқыту әдістемесі» пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану»

Орындаған: Орынбаева Аяжан – АК- 41тобының студенті

«бастауыш білім» (шетел тілі-0105000)

Тексерген: ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Рахимова Т.К.

Астана-2014

Жоспар

Кіріспе 3

I. Ағылшын тілі сабағында ойынның мазмұны және алатын орны

I.1 Ойын арқылы оқыту туралы түрлі пікірлер 4-6

I.2 Ойын- эмоционалдық белсенділікті талап етеді 7

II. Ойын – тәрбие құралы

II.1 Ойын - мұғалімнің көмек көзі 8-9

II.2 Оқыту үрдісінде ойынды ұйымдастыру жолдары 10-11

II.3 Кеңінен пайдаланылатын ойын түрлерін қолдану бағыттары 12-18

III. Ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тәсілдері. 19-20

Қорытынды 21-22

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Мақсаты

Ағылшын тілі сабағында ойынның мазмұнын ашу.

Міндеті:

  • Ойын түрлерімен таныстыру,

  • Ойынның бастауыш сыныпта қолдану әдістерін көрсету

  • Оқу, жазу, тыңдап түсіну, сөйлеу түрлерінде қолдану

  • Шыншыл қарым- қатынас орнату.

Өзектілігі:

Шетел тілін меңгеру оқыту, оған қызықтыру көп ізденіс пен шығармашылық еңбекті қажет етеді. Негізінен, сабақ үстінде дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығу пайда болады. Оқушыларға әртүрлі тәсілдер қолдану арқылы сабақты жаңаша әдістемелікпен өткізу керек. Сабақта оқушының қызығу ынтасының төмендеуіне мыналар себеп болады:

  • ойлау үрдісінде, миына көп салмақ түсуден;

  • сабақты бір сарынды өткізуден;

  • жазба жұмыстардың мөлшерден тыс жиі жүргізуден

  • нашар оқитын оқушыға көп көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден.

Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақ арасында ойын элементтері үлкен рөл атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Ойынды өткізудің психологиялық – дидақтикалық талаптарын мұғалім есте шығармауы керек. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігі мен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.

Осы курстық жұмыс ағылшын тілі сабағында ойын түрлерін қолдану тәсілдерін ашуға бағытталған.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау шетел тілін оқытуда жалпы мәселелерді және орта мектепте бастауыш кезеңде ойын тәсілдерін қарастыратын теологиялық материалдарды құрайды. Екінші тарау көркем әдебиеттер негізінде ойынды қалай қолданылатындығын қарастырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]