Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BP.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
470.02 Кб
Скачать

Қорытынды пікірлер мен ұсыныстар

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде төмендегі қорытынды пікірлерге тоқталамын.

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласында қызмет істеп келеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі саласы – құрылыс материалдарын шығарып сату. Кәсіпорын қызметінің мақсаты – жоғары сапалы өнім шығару, заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру. Аз шығынды шығарып, табысты көп табу, құрылыс компаниялардың қажеттілігін қанағаттандыру.

Кәсіпорынның көрсететін қызметі қазіргі уақытта нарықтық экономика жағдайында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі 2005 жылы 55700,02 теңге зиян шексе, 2006 жылы кәсіпорын 392442,9 теңге таза табыспен аяқтады.

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестікте есеп жұмысының соңғы этапы қаржылық қорытынды есепті құру болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің мақсаты – заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, шаруашылық қызметінің нәтижесі және есепті кезең ішіндегі оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету. Зерттеу жүргізілген субьектінің қаржылық қорытынды есебі бухгалтерлік баланстан, табыстар мен шығыстар туралы қорытынды есептен, меншікті капиталдағыөзгерістер туралы қорытынды есептен және түсіндірме хаттан тұрады. Бухгалтерлік баланс қаржылық қорытынды есепте үлкен маңызды рөл атқарады. Ол белгілі бір мезгілдегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді. Бухгалтерлік баланс субъектінің активтерін, міндеттемелерін және меншікті капиталын көрсетеді.

Қаржылық қорытынды есептің негізгі нысаны бола отырып, бухгалтерлік баланс есеп беретін мерзімге кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттемелердің нақты барын, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жағдайы мен динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік балансқа тігінен және көлдеңінен талдау жасау кезінде кәсіпорынның мүлкі жағынан келесі баға беруге болады. Активтердің нақты құнын айқындайтын баланс валютасы 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 82140324 теңгеге немесе 557,2 пайызға өскен. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсетеді, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Ұзақ мерзімді активтердің баланс валютасының үлесі, ағымдағы активтердің үлесіне қарағанда төмен екенін көреміз. Есепті жылдың басына ұзақ мерзімді активтердің үлесі ағымдағы активтердің үлесінен 99,19 пайызға (99,56-0,37) кем болса, жыл аяғында 97,19 пайызға (98,59-1,4) кем болды. Яғни кәсіпорынның ұзақ мерзімді активінің есепті жылы ішінде 2 пайызға көбейгенін көреміз. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 0,2 есеге кем (550,4-2364,5) болып отыр.

Есепті жылда зерттеу жүргізілген кәсіпорынның дебиторлық борыштың сомасы көбейген. Егер бұл көрсеткіштің сомсы есепті жылдың басында 7569543,41 теңгені құрса, жылдың аяғында 63584739,56 теңге болған, яғни 8,4 есе көбейген. Бұл көрсеткіш шамасының жоғарлауы кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендегенін көрсетеді.

Меншікті капиталдың шамасы есепті жылдың аяғында өткен жылмен салыстырғанда 392442,9 теңгеге өсті. Міндеттеменің шамасы есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 81756200,9 теңгеге жоғарлаған. Банктен алынған несие есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 13474436 теңгеге немесе 135,6 пайызға өсті. Теория бойынша кәсіпорынның жағдайы оң болу үшін дебиторлық борыш кредиторлық борыштан 2 есе жоғары болу тиіс. Зерттеу жүргізілген кәсіпорында бұл теорияға сай емес. Кәсіпорынның тәуелсіздік коэффиценті есепті жылы 0,28-ден 0,44-ке дейін немесе 0,16 пунтке жоғарлағанын көрсетеді. Тәуелсіздік коэффиценті нарықтық қатынастары дамыған елдерде жоғары болып саналатын коэффицент шамасынан (0,5-0,6) төмен болып отыр. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейі өте төмен жағдайда. Серіктестікте есепті жылдың аяғында қаржыландыру коэффиценті 0,995-ке тең болды. Қаржыландыру коэффиценті бірден төмен болып отыр, бұл төлем қабілетінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Баланс өтімділігіне келтін болсақ, ол өтімді емес. Себебі белгіленген 4 теңсіздіктің ішінен біреуіне ғана сай болып отыр. Ол дегеніміз тез өткізілетін активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден артық. Қалған үш теңсіздік белгіленген нормаға сай келмейді. Өтімділік коэффицентке келетін болсақ абсолютті өтімді коэффиценті халықаралық тәжірибие коэффицентінің нормативіне сай емес. Яғни жақын мезгілде ағымдағы қарыздың бөлігі өтелмейтінін көрсетіп отыр. Аралық өтімділік коэффиценті белгіленген кәсіпорын үшін ұтымды мәніне сай. 1,02 коэффицентін құрап отыр. Жалпы өтімділік коэффиценті өткен жылы 0,7 ал жыл соңында 0,6 құрады. Осы коэффицент теориялық мәніне (0,9-дан төмен болмау) сәйкес келмейд, яғни кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетіп отыр.“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік қаржылық қорытынды есебіне зерттеу жүргізу нәтижесінде кәсіпорынның осы уақытқа дейін өзінің 30 “Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру” деп аталатын Қазақстандық стандартына сәйкес құратындығы анықталды. Қазіргі таңда барлық кәсіпорындар халықаралық стандартқа көшіп жатыр. “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылық қорытынды есебін халықаралық стандартқа сәйкестендіруді ұсынамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]