Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bux.esep prinsipteri.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
463.36 Кб
Скачать

2. Дәрістік материал

1.Тақырып: Бухгалтерлік есеп-ақпарат жүйесі ретінде

  1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы.

  2. Бухгалтерлік есептің объектілері.

  3. Бухгалтерлік есептің ақпарат жүйесі.

1.Махаббат, музыка және бухгалтерлік есеп – мәңгілік! Бухгалтерлік есеп адамзат дамуымен бірге қалыптасып, дамып келе жатыр. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте - папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар сол уақытта – ақ қалыптасқан.Шамамен 5-6 мың жыл бұрын бухгалтерлік есептің әдіс – тәсілдері пайдаланыла бастаған.

Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізідің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған. Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі бухгалтерлік есептің негізін құрайды.

Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан 1 алғашқы бухгалтер етіп Христоф Штехерді сайлады. Сол уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан.

Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.

Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды. Итальяндық қосарлы бухгалтерия есептің дамуына үлкен үлес қосты.

Ежелгі Ресейде есепті шіркеулер мен монастырларда жүргізді.Жазба кітаптарында мал саны, жер өлшемдері сияқты деректер болды. Петр І Ресейдегі есептің дамуына үлес қосты.Арнаулы мектептерде есеп жүргізетін адамдарды даярлап, есеп кітаптарын жүргізуді ұйымдастырды. Петр І мемлекеттің табыстары мен шығындарына ғана есеп жүргізіп қана қоймай, қазыналық зауыттарда да есеп жүргізуді талап етті. Одан кейінірек орыс тілінде бухгалтерлік есеп туралы баспа кітаптар шыға бастады. 1783 жылы бухгалтерлік есеп туралы «Коммерция және сауданың кілті, немесе бухгалтерия ғылымы, көпестер шоттарының шығуы » деген алғашқы кітап шықты.

Адамзат қоғамы сияқты, бухгалтерлік есеп те ежелден дамып келеді.

2.Республикамызда халық шаруашылық негізін мемлекеттік кәсіпорындарымен қатар, басқа да әртүрлі бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, кооперативтер, бірлескен немесе жеке меншіктелген кәсіпорындар құрайды. Ал, осы кәсіпорындар жұмысында көптеген шаруашылық процестері орындалады. Сол процестердің мазмұны тек қана шаруашылық есепте көрсетіліп, бір жүйеге келтіріп топталады. Сондықтан шаруашылық есептің атқаратын міндеті өте зор. Себебі, шаруашылық процесін нарықты қатынас жолымен даму кезінде тиімді жүргізу үшін шаруашылық есептің нақты мәліметтер қажет. Сонымен қатар сол мәліметтер шаруашылық процестерінің мазмұнын және санын көрсететін болғандықтан, сол мәліметтер одан әрі қарай сол шаруашылық процестерінің финанстық қорытындысын шығаруға, экономикалық талдау жасауға және келешек даму жоспарын жасауға бірден-бір негіз екені анық.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы Заңында (1995 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принцип-тері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.

Бухгалтерлік есептің жүйесінде бейнеленетін объекттер:

қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, оның ішінде арендаға алынған, сыйға алынған.

интеллектуальді және өндірістік меншікті пайдалану құқығы, табыс әкелетін материалдық емес сипаттағы шығындар, товарлық белгілер.

ақша қаржылары, бағалы қағаздар заңды және жеке тұлғалармен есеп айрысу, негізгі құралдарға инвестициялар салу.

амортизациялық бөлулер және негізгі қаржылар тозуы

табыстар мен шығындар, пайда, зиянды жабу, пайданы пайдалану, тарату.

кредиттер мен қарыздар бойынша міндеттемелер.

жарғылық капитал, к/о-ғы қорлар.

Бухгалтерлік есептің міндеттері.

  • Кәсіпорын қызметі туралы толық ақпарат жинау.

  • ақшалай, материалдық, еңбек, отын – энергетикалық ресурстарды норма мен нормативтерге сәйкес бақылау жасау.

  • қаржылық - өндірістік қызметтік тиімділігін арттырып, жоғалтулардың алдын алу.

  • өндірілген өнім, көрсетілген қызметтің іс жүзіндегі құнын анықтау.

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын анықтау.

Бухгалтерлік есептің деректері ғылыми негізделген, нақтылы, өз уақытын да жинақталған болуы керек.

3.Бухгалтерлік есептің пәні болып шарушылық опреациялардың негізі болып табылатын мүлік, оның қозғалысы табылады. Мүліктер (шикізат, материалдар, негізгі қаржылар) міндеттемелер, шаруашылық операциялар іс жүзіндегі шығындарды қосу жолымен ақшалай бағалауда бейнеленеді.

Шаруашылық операция – жеке шаруашылық істі сипаттайды. Ол, мүлік құрамындағы өзгерісті, таратуды және құрылу қайнар көздердегі өзгерістерді білдіруі мүмкін. Шаруашылық операциялар кәсіпорын мүмкін (баланс активі) немесе оның құрылу қайнар көздерін (баланс пассиві) және бір мезгілде екеуін де бейнелеуі мүмкін. Шарушылық опреациялар негізгі қорларды, материалдық бағалықтарды, өнім өндірісінің шығындарын анықтау сияқты сипаттарда болады. Шаруашылық операция – мүлік пен оның құрамына өзгеріс әкелетін процесс.

Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.

Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-қүқықтық қүжаттарда белгіленген.

Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:

- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық қүндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады);

- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);

- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің түрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);

- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).

Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы — кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.

Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалык, ұйымдық жақтарын.

Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен тандап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартта бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]