Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gylymi_zhoba-1.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
41.95 Кб
Скачать

2011 Жылы ақпараттық-коммуникациалық технологиялардың жағдайы туралы қысқаша шолу

2011 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторында өндірілген өнеркəсіп өнімінің көлемі 16,1 млрд. теңгені құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны 61,4 мың адамнан астам, жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы 132826 теңгені құрады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторындағы тауарлар импортының көлемі 2,1 млрд. АҚШ долларына жуық, экспортының көлемі 64,8 млн. АҚШ долларын құрады.

2011 жылғы ақпараттық қоғамға қолжеткізілім көрсеткіштері ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ролінің өсіп жатқанына дəлел. Тұрақты телефон желілер саны 100 тұрғынға шаққанда 25,8 құрады, бұл уақыттағы мобильді байланыс телефоны абоненттерінің саны 152-ге жетті.

Халық ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жас шамасының топтамасы бойынша ең белсенді пайдаланушылар - 25-34 жастағы адамдар болып, бұл сұралғандардың 28,4% ын құрады. Білім деңгейі бойынша пайдаланушылардың көпшілігін жоғары білімді (38,1%) респонденттер құрады. Компьютерлермен жұмыс істейтін негізгі жерлері – үй – 58,4%, жұмыс орны – 24,9%, оқу орны – 7,4% пайдаланды. Компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша АКТ пайдаланушылар жаңадан пайдаланушыға (16%) жəне кəдімгі пайдаланушыға (66,9%) бөлінді. Интернет желісіне қатынау үшін көпшіліктің қолданған құралы - үстелүстілік компьютер, оны сұралғандардың 69,4%-ы пайдаланды. Интернет желісіне қатынау үшін байланыс техникасы ретінде респондерттердің көпшілігі ұтқыр Интернет 40,6% жəне DSL (ADSL, SHDSL жəне т.б.) технологиясын - 39,3% көрсетті, 37,3% - аналогты модем пайдаланушылар болып табылды.

2011 жылы компьютерлері бар кəсіпорындар үлесі 65,2% құрады. Интернетке қатынау мүмкіндігі бар кəсіпорындар үлесі 55,4% құрады. Интернетті тапсырыстарды алу жəне орналастыру үшін пайдаланған кəсіпорындардың үлес салмағы 2011 жылы тиісінше, 4,7% жəне 3,6% құрады. Интернет желісіне қатынау үшін кəсіпорындардың көбі DSL (57,7%) жəне аналогты модемді (31,2%) пайдаланды.

2011 жылы кəсіпорындардың ақпараттық технологияларға шығындары 214,1 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда 45,1%-ға артық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]