Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ока.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
106.55 Кб
Скачать

2 Қазақстан республикасында венчурлік бизнестің дамуының қазіргі жағдайы

2.1 Венчурлік бизнестің Қазақстан Республикасында қалыптасу кезеңдері

Венчурлік бизнес көпшілікке әлі де танымал емес істің осы түріне соңғы жылдары ғана айрықша назар аударыла бастады. Басқасын былай қойғанда, отандық қаржы шолушысының бірі түйіндегендей, Қазақстан азаматтарының қаржылық кеңістіктегі жаңалық болып отырған венчурлық қорлардың нақты қызметін терең біле қоймайтыны да шындық. Әрине, оған қорлар жұмысының ашық-жариялы «мөлдірлік» сипатқа ие болмауы да көп әсер етуде. Елімізде бес венчурлық қордың бар екендігіне, ал кеше оның алтыншы нұсқасының құрылғанына қарамастан, ол жалпақ көпшілік үшін әлі де жұмбақтау бизнестің түрі болып тұр.

Инновацияны дамытуды бұл ретте әлемдегі жаңа бетбұрыстарға оң қадам басқан Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруға қажетті жағдайлардың ең негізгісі деуге де болады. Инновациялық-индустриялдық жобаларды жүзеге асырып, оны қоғамның алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жетуіне жұмыс істету үшін орасан қаржы қажет. Ал сол қаржылардың басым бөлігі өркениетті елдерде осы венчурлық қорлардың қолында ғана тиімді жұмсалды. Шетелдерде банктің пайызы жоғары несиеден гөрі венчурлық қордың қаржысын тәуір көреді. Өйткені онда «жоғары пайыз жоқ, тек үлкен тәуекел бар».

Технологиялар трансферті – бұл қандай да бір пайдалануға арналған зерттеулер мен әзірленімдердің, білімдердің нәтижелерін беру процесі.

Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдерде ірі кәсіпорындар үшін  технологиялар трансферті саласында мемлекеттік қолдау (зайбатсу, чеболи) жүзеге асырылды. Мемлекет патенттер, лицензиялар алуға қаржы қаражатын бөлді және оларды осы кәсіпорындарға  оларды өндіріске енгізу үшін берді. Жапонның Mitsubischi корпорациясы өндірісінің құпияларын игерген Hundai корпорациясы айқын мысал бола алады.[5]

Осыған байланыстығылыми-техникалық қызмет нәтижелерін нарыққа жылжыту үшін мемлекет пен ұлттық даму институттарының рөлін ескере отырып, технологиялар трансфертін іске асырудың дәл схемасын әзірлеу қажет.

Технологиялар трансферті жүйесін іске асырудың негізгі бағыттары қазақстандық мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен шетелдік зерттеу ұйымдарының немесе жеке кәсіпорындардың арасындағы зерттеу және коммерцияландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығын ынталандыру, ғылыми-зерттеу институттарын, компанияларды және үкіметтік ведомстволарды тартатын бірлескен ғылыми-зерттеу кешендерін құру, шетелдік патенттерге лицензиялар сатып алу, инновациялық менеджмент саласында менеджерлер даярлау болуға тиіс. 

Тап бүгінде ұлттық инновациялық жүйені құрудың бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталып жатыр. Ендігі мақсат – венчурлық бизнеспен «Қазына» да, оның еншілес компаниялары да емес, жекеменшік секторлардың тікелей айналысуын қамтамасыз етуіне тіреліп тұр. Дамыған елдерде бизнестің бұл түрі, негізінен, қалталы адамдардың қолында. Ал бізде оны құрып, аяғынан нық тұрғызуды мемлекет «Қазына» тұрақты даму қоры» арқылы ғана жүзеге асыру үстінде. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін шамалай беруге болады. Аталған стратегияны жүзеге асыру үшін жалғыз «Қазынаның» ұмтылысы жеткіліксіз екендігі және анық .[4]

Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады.

1-ші кезеңде іргелі ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар жүргізілді.

2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.

3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.

4-кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.

Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларына келетін болсақ, оның келесідей негізгі үш түрі бар.

Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде қалыптасатын шағын кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың құрылуының прогрессивті әдісі болып саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми- зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды өздерінің инновациялық бағдарламалары мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек көрсетіледі.

Екінші форма тәуекелділік-венчурлік фирмалардың қалыптасуы мен қызмет ету үрдісімен байланысты.

Тәуекелділік- венчурлік фирмалар елеулі түрдегі тәуекелділіктегі инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін құрылатын субъектілерді сипаттайды. Жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер саласында жаңа керемет ойларды игерген бірнеше адамдардан құралатын жобалық топ, сол өздерінің жаңа жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржылық және басқа да құралдарды иемденбегендіктен венчурлік технологияларға маманданған венчурлік қорлар немесе инвесторлармен ынтымақтастық құрады.[8]

Венчурлік фирма-ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе,күйіп кету мүмкіндігі мол. Сондықтан венчулік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.

Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады. [3]

Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.

ҚР-да зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 35 бірлікке артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13,2 млрд. теңгеге өскен. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 8,76 адамға кеміген.

4-кесте. ­ Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды салыстыру

Корсеткіштер 

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге

7 590,6

10 213,7

12 849,8

15907,0

15 887,78

21 513,50

Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге

21 527,4

24 799,9

26 835,5

34 761,6

38 988,7

33 466,8

жалпы ішкі өнімге пайызбен

0,28

0,24

0,21

0,22

0,24

0,16

Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны

390

437

438

421

414

424

Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны (жыл соңына), адам

18 912

19 563

17 774

16 304

15 793

17 021

соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Зерттеушілер

11 910

12 404

11 524

10 780

10 095

10 870

одан:

 

 

 

 

 

 

ғылым докторлары

1 106

1 157

1 166

1 191

1 338

1 347

ғылым кандидаттары

3 018

3 147

3 058

2 861

2 734

3 041

Зерттеулер және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі қаражаттары, млн. теңге

14 584,2

19 247,7

18 782,0

19 176,7

22 003,3

22 810,9

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандардың орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

 

 

 

 

 

 

Зерттеулер мен әзірлемелер

41 512,0

51 400,0

64 108,0

81 810,0

90 325,0

-

Жоғары білім

30 312,0

36 007,0

45 557,0

50 877,0

60 720,0

-


Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық

қызметтің басты бағыты 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-техникалық әзірлемелердің 2008 жылғы үлес салмағы 2000 жылмен салыстырғанда 6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің 11,7%-ын құрайды. Көбінесе коммерциялық негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2%-ға жетті (сурет 2).

2-сурет. Ғылыми-техникалық жұмыстарды үйлестіру құрылымы

Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі.[6]

Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің тек аз ғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-құрастыру жұмыстары кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-құрастыру бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет.

Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

Инновациялық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

5-кесте. ­ 1990- 2009 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі (млн теңге)

Көрсеткіштер

1990ж.

1995ж.

2000ж.

2009ж.

2009 ж 2000 жылға өсу/кему қарқыны (%)

Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі, барлығы

395,4

2983,1

6100,5

29591,3

485,1

соның ішінде:

ғылыми-зерттеу жұмыстары

214,2

1739,7

3764,5

17174,4

456,2

соның ішінде

Іргелісі

40,2

396,1

809,6

3461,1

427,5

қолданбалы зерттеулер

174

1343,6

2954,9

13713,3

464,1

жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстар

99,7

496,6

1205,9

8555,8

709,5

бұйымдардың (өнімдердің) тәжірибелі үлгілерін (жиындарын) жасау

21,1

117,1

198,9

482,8

242,7

құрылысқа арналған жобалық жұмыстар

40,8

536,0

231,7

1237,9

534,2

ғылыми-техникалық қызмет көрсетулер

19,6

92,5

699,4

2140,1

306

2009 жылы 2000 жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 23490,8-ге (485,1%-ға) артқан. Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың құрылымында жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстардың (709,5%), құрылысқа арналған жобалық жұмыстардың (534,2%) осы жылдардағы өсу қарқыны басқалармен салыстырғанда жоғары (кесте 5)

Қазақстан еліндегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе жатқандығы байқалады. [9]

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

6-кесте. 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың бас кезеңі бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлердің саны

ҚР және облыстары

Заңды тұлғалар

Кәсіпкерлік және фермерлік

Жұмысшылар саны (мың адам)

2008ж.соңы

2009ж.басы

2008 ж.соңы

2009ж.басы

Заңды тұлғалар

Кәсіпкерлік және фермерлік

Барлығы

ж/с

ж/б

ж/с

ж/б

ж/с

ж/б

Республика бойынша:

106453

109041

214528

222418

536,1

549,8

710,0

731,1

1246,1

1280, 9

Оның ішінде:

1. Ақмола обл.

1519

1524

7224

7266

76,6

7,7

22,1

22,1

29,7

29,8

Ақтөбе

5429

5448

12440

12695

29,9

30,5

22,2

22,4

52,1

52,9

Алматы обл.

5043

5069

24630

27104

23,4

24,0

77,2

81,3

100,6

105,3

Атырау

2650

2631

8278

8330

11,5

11,5

14,7

14,8

26,2

26,3

Шығыс Казақстан обл.

13061

13178

27223

27223

27,5

27,5

126,1

126,1

153,6

153,6

Тараз қ.

2861

2863

14566

15051

14,1

14,3

54,3

55,6

68,4

69,9

Батыс Қаз. обл.

3400

3450

6627

7220

20,1

20,3

40,5

42,1

60,6

62,4

Қарағанды

12799

12799

17606

17606

62,4

62,4

56,5

56,5

118,9

118,9

Қызылорда

1983

2028

5135

5158

20,1

20,1

28,2

28,2

48,3

48,3

Қостанай

2859

2833

16462

16799

22,8

23,0

43,9

44,2

66,7

67,2

Маңғыстау

3505

3354

2246

2312

16,6

16,7

3,4

3,5

20,0

20,2

Павлодар

6265

8554

10045

10623

16,2

21,4

21,5

22,1

37,7

43,5

Солтүстік Қаз. обл.

5824

5907

11730

11578

30,4

30,4

33,9

34,8

64,3

65,2

Оңтүстік Қаз. обл.

12701

12211

35955

38070

123,6

129,9

129,0

137,7

252,6

267,6

Алматы қ.

22574

23144

10787

11715

88,6

88,6

32,4

35,3

121,0

123,9

Астана к.

3980

4048

3574

3668

21,3

21,5

4,2

4,4

25,5

25,9

Мұны 2008 жылдың соңы мен 2009 жылдың бас кезеңінде жеке кәсіпкерлер саны мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (заңды тұлғаларға) қатысты статистикалық мәліметтер дәлелдейді. 2008 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 36,7%-ға өскен. Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында шағын кәсіпкерлік қарқынды дамып отыр. Тіркелген шағын кәсіпкерлік және фермерлік субъектілердің үлес салмағы аталған облыстар бойынша, сәйкесінше, 17,1%, 12,2%, 12,2% құрап отыр (кесте 6).

Ал 2009 жылдың бас кезінде экономиканың шағын бизнес секторында жұмыс істейтіндердің саны 1280,9 мың адамды құрды, оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны 731,1 мың адамға жетті. Шағын бизнес субъектілерінің өнім (жұмыс, қызмет) өндіру көлемі мен түрі және салалар мен шаруашылықтар бойынша таралымына қарағанда олардың көбісі сауда (72,8%), өнеркәсіп (6,7%) және құрылыс (4,1%) салаларына шоғырланғандығы байқалады. [7]

2.2 Инновациялық жобалар

Инновациялық жобалар ғылымды көп қажет ететін өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жасауға, немесе оның техникалық деңгейін жоғарлатуға, жаңа технологияларды енгізу және қолданылатын технологиялардың дамуына бағытталған.

Ұлттық Инновациялық Қор ИЖ-ды қаржыландыруды жарғылық капиталда заңды тұлғаның жарғылық капиталының қалыптасу немесе көбею кезінде акцияны үлесті сатып алу жолымен немесе қаржылық лизинг жолымен бақылаусыз үлестік қатысу түрінде іске асырады.   

2007 жылғы жағдай бойынша инновациялық кәсіпкерлік саласында баяу белсенділік байқалады. Атап айтқанда, соңғы 2 жыл ішінде  жеке бірге инвесторлар «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-мен («ҰИҚ» АҚ) бірлесіп 11 жобаны жалпы сомасы 16 миллиард теңгеге қаржыландырды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі  2005 жылы 352 кәсіпорынды ғана инновациялық белсенді деп таныды, бұл елдегі кәсіпорындардың жалпы санының 4,4 %-ын ғана құрайды. Бұл көрсеткіш ЕС елдеріндегіден (орта есеппен 40 %) немесе  өтпелі экономикалы елдеріндегіден, мысалы Болгариядан (16 %) немесе Латвиядан (18 %) төмен. [6]

Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін  ең алдымен тек ғылыми-техникалық қызметтің өнімі ретіндегі инновациялық жобаны айқындаудан арылу қажет. Сондай-ақ жоғары тәуекелді жобаларды қаржыландыруға отандық және шетелдік жеке инвесторларды тарту тетігін әзірлеу қажет.

Технологиялық инновацияларға келетін болсақ, кәсіпорындардың қазіргі кездегі инновациялық төмен белсенділігін ескере отырып, мемлекет бастапқы кезеңде осы секторлардағы зерттеулерге жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінің 100 %-ына дейін, алайда кәсіпкерліктің мүдделі өкілдерін зерттеулерді қаржыландыруға неғұрлым кейінгі сатыларда біртіндеп қоса отырып, олармен тұрақты диалог жасау шартымен қаржыландыруға тиіс. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін елде мемлекеттің және жеке меншік бизнестің қатысуымен тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет.  Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.[9]

ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады. Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады. [5]

Қазақстанда ғылымға бөлінетін шығыстар соңғы жылдары ЖІӨ-нің 1,1 пайызынан аспайды, яғни ғылыми-техникалық қызметі елдің экономикалық дамуының негізі болып табылмай отыр. Оның басты себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  • бұл ғылымды, инновацияны қаржыландырудың төмендігі;

  • халықтың ақпараттық білім деңгейінің төмендігі;

  • секторлардың толықтай технологиялық жарақтанбауы;

  • білікті мамандардың жетіспеушілігі;

  • меншік құқығын қорғау деңгейінің төмендігімен байланысты.

Елімізде саланың құрылымдық бөлінісі бойынша қаржыландырудың 71 пайызы қолданбалы зерттеулерге тиесілі болса, тек шамамен 8 пайызы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінеді. Тек 21 пайыз көлеміндегі іргелік ғылымға арналған шығыстар, тұтастай алғанда орташа әлемдік деңгейге сәйкес келеді.

2.3 Технопарктердің жағдайын талдау

Қазіргі уақытта Қазақстанда және бұрынғы СССР территориясында орналасқан басқа да мемлекеттерде нарықтық экономикаға көшумен, ғылыми-техникалық орталықтарды орналастыруының өзгеруімен, оларды қаржыландыру мүмкіндіктерін іздеумен байланыста ғылыми-техникалық парктерді және технополистерді ұйымдастыруға әлемдік тәжірибенің маңызы зор.

Технопарктік құрылымдар (технополистер, технопарктер, «теплицалар», технологиялық және инновациялық орталықтар) нарықтық экономика конъюнктурасының тез өзгерушілік жағдайындағы шағын инновациялық фирмалардың қалыптасуында маңызды мәнге ие. Олар аймақтық деңгейде шағын бизнестің өзіндік инкубаторлары болып табылады, берілген аймақ үшін маңызды шағын инновациялық кәсіпорындарының қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті инфрақұрылым құрады.

Қазір әлемде 300-дей технополис есептеліп жатыр. Сонымен қатар, республикада технополисті ұйымдастырушылар университеттер немесе ғылыми-техникалық орталықтар емес, әлемдік тәжірибедегідей тауарлы-шикізат биржалары, коммерциялық банктер. Технополистің классикалық моделі үлкен мүдделілік білдіреді. [7]

Технополистер «жоғары технологиялар» зоналарының өзіндік территорияларын қалыптастырады. Басында оларды қалыптастыру ядросы болып инновациялық процесстің жеке факторын ұйымдық жұтушы, «венчурді» инфрақұрылымдық құрастырушы ретінде қарастыратын университеттер табылды. Әсіресе осы құраушылар маңайында өнеркәсіптік корпорациялар, ғылыми-зерттеу бөлімшелері, лабораториялар, ақпаратты-есептеу орталықтары шоғырландырылды. Жалпы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылды. Ең ірі технополистердің ішінен әлемге танымал деп айтуға болатын Калифорниядағы қазіргі ЭВМ-нің басты өндірушісі «Силикондық долинаны» айтуға болады. Оның зонасында 17 ірі электронды өнеркәсіп концерндерінің кәсіпорындары шоғырланған, олар, «ИБН», «Хьюлетт-Паккард», «Тексас инструментс», «Ксерокс», «Дженерал электрик».

Технопарктер – бұл жоғары оқу орындар негізінде немесе ғылыми – зерттеу институттар негізінде бұл ЖОО ғылыми потенциалын өңделген технологиялар арқылы шағын инновациялық кәсіпорындар территориясында орналасатын технопарктерді дамыту үшін ұйымдастырылатын құрылымдар технопарктер үлкен университтетті орталықтарда жасалады. Технополистерді және технопарктерді жасау мақсаты инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастыру болып табылады. Олар елдің инновациялық инфрақұрылымның бөлігі болып табылады және ғылыми – зерттеулер нәтижесін қолдану үрдісін тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. [1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]