Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VI.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
114.57 Кб
Скачать

VI. Еңбек сабағын оқытуда педагогикалық этиканы сақтау

 

Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке деген санасы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыру, тәрбиелеу болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулау. Баланың жеке басын еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулауға тікелей байланысты.

Адамның мінез – құлқындағы еңбекке бағыт алуы мектептен бұрын, отбасында тәрбиеленуі тиіс.

Еңбекті дәріптеу, еңбек адамын үлгі халықтың « еңбегімен ел көгерер, еңбек мұратқа жеткізер, еңбек ер аттандырар, еңбектің наны тәтті » т.б. еңбектің рөлін ашып көрсетеді.

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта және арнаулы орта білім берпетін орта мектептерде « Еңбекке оқыту » – дәрісінің бағдарламасы бойынша еңбек туралы оның өнімі туралы білім, оның кәсіби маңызы туралы түсінік беріп, шығармашылық әрекеттерге үйретеді.

Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінде қалыптасқан білім мен білім дағдымен іскерлік адам баласының өмірге, еңбекке деген құштарлығын арттырып, мүмкіншілігін дамытатын сенімді құралдарына айналдырады.

         Еңбек-қоғам өмірі мен адамның жан-жақты әрі жарасымды дамуының

қажетті шарты, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру жолы. Сондықтан ақыл-ой мен дене тәрбиесін қатар дамыту үшін техникалық білім беруге ерекше рөл жүктеледі. Өндіріс процесінің негізгі принцптерімен таныстыру, сонымен бірге балаға және жасөспірімге өндірістің қарапайым құрал-жабдықтары жөнінде жалпы дағды беріледі. Ал өмірге ынталандыратын қажеттің ерекше маңызын барлық тарихи дәуірлер орнықтырады. Ондағы өзгерістер мен қажеттіліктің сипаты қоғам дамуының нақты тарихи жа ғдайына тәуелді болады. Ол таптық антагонизмнен кейін еңбектің әлеуметтік жіктелуіне байланысты біркелкі дамымады. Мысалы: ерте заманда құл йеленуші тап бүкіл рухани өмірді- философияны, саясатты, математиканы, өнерді иемденіп алды. Феодализмнің алғашқы прогресшіл кезеңінде бұқара халықтың өндірістік еңбеккке қатынасындағы жаппай салғырттығын жеңуге күш салынды.

         Капитализмнің жаңадан туып келе жатқан кезеңінде еңбектің қажеттілігі іскерлік кәсіпті меңгеруден, ұйымдастырудан жан-жақты көрініс тауяп, сонымен еңбектің іс-әрекетіне айналуымен сипатталды. Тек өкімет билігін басып алғаннан кейін, капиталисттік өндіргіш күштер мен өндірістік қатынас арасындағы қайшылық күшейді.

         Біздің қоғамның принцптері жеке адамды қоғам үшін және қалай жұмыс істегендігіне сәйкес, яғни оның қоғамдық пайдалы іс-әрекетіне қарай бағалау болып табылады. Бұл ұғым қоғам мүшелерінің психологиясының өзгеруімен, ең бастысы, қоғамдық еңбекке жаңа қарым-қатынасмен байланысты. Осындай қоғамдық пайдалы еңбек қана іс-әрекетке қатысатын адамдардың жаңа мотивтері мен мақсаттарын қалыптастырудың шарты болады.

         Қоғамдық пайдалы еңбектің мақсаттылығын өзі жек адамды дамыту үшін оптималды мүмкіндіктер жасайтын тәрбие факторы. Тұлғаны қалыптастырудағы процеске қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің тәрбие ықпалы кезде анықталады. Сондықтан да қоғамдық пайдалы  іс-әрекет баладан келешек қоғамның пайдалы мүшесін даярлап қана қоймай, оны қғамның қазіргі кездегі пайдалы мүшесі етеді.

         Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің өзіне тән ерекшелігі бар. Егер ересек адамдарда қоғамдық пайдалы іс-әрекет негізгі формасы ақы төленетін еңбек болып қалыптасады. Балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің басты ерекщелігі оның өнімімен бағаланбай ортақ іске жауапкершілік қарым-қатынасының қалыптасу дәрежесімен бағаланады.

         Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетіне ерекшелігін маңызды жағы мынада, ол балардың кең қанат жайған өзара қатынастарын жасай отырып, оларды қарым-қатынастың алуан түрлі формаларына алып шығады.

Бұл қарым-қатынас жүйесінде іс-әрекетті бағалау нормалары қалыптасады. Қоғамдық пайдалы іс-әрекетті ұйымдастыру мазмұны мен формалары оған қатысушыларды жеке және қоғамдық еңбектің бірлігін ұғынуға алып келеді. Баланың жасына қарай оның мазмұны, мөлшері, рөлі және балалардың жеке басын қалыптастырудың ықпалын дәрежесін өзгеріп күрделенеді. Қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің ерте бастан баулу баланың тіпті ең қарапайым еңбегін қолданылады.

         Іс-әрекеттің психологиялық құрылымдары:1) белгілі бір қажеттілікке жауап беретін мотивтерден туған ерекше іс-әрекет 2)саналы мақсатқа бағытталған әрекет 3)әрекетті іске асыру шарттарымен теңестірілген тәсілдер. Психологтардың алған мәліметтері бойынша қоғамдық мәні бар нақты іс арқылы осы әрекетті құру оқушыларды қоғамдық кең қатынастың жүйесіне неғұрлым толық енгізуге мүмкіндік беретін көрсетіп отыр. Кіші мектеп шақтағы балалардың қоғамдық пайдалы іс-әрекеттердің барлық түріне дұрыс қатынасы байқалады. Жеткіншектің кезеңде таңдап алу сипаты айқындалатындай қарым-қатынас біртіндеп жіктеледі.

         Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің әртүрінің өзіндік ерекше тәрбиелік маңызы, кісінің қандай да бір адамгершілік қасиетін қалыптастыруға әртүрлі әсері бар. Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекетінің тұтас жүйесін құру кейбір маңызды принцптерді сақтауды талап етеді. Алдымен қоғамдық пайдалы іс-әрекет өнімнің оны орындай білумен емес, қоғамдық баға берумен сапалы сипаттағы байланысы қажет. Бұл іс-әрекет активтерді, я болмаса оқушылардың сондай шағын тобын ғана араластырумен шектелмей, іс-әрекеттің бұл жүйесіне оқушылардың, әсіресе жеткіншектердің бірін қалдырмай түгел тұрақты тарту маңызды. Балаларды қоғамдық маңызды істердің жүйесіне енудегі бірінші кезеңде ынталық принцпипі ерекше маңызды. Қоғамдық істердің жекелеген түріне ынталық балалардың өздерінің инициативиасын, творчестволығын дербес іс-әрекет позисиясын талап етеді.  Қалыптасқан қарым-қатынастарды өзгерту және сапасы жағынан жаңа қарым-қатынастарды жасау мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы іс-әрекет берілген жүйесіне енгізгенде  пайда болады. Бұл қарым-қатынастар қайта бағдар алудың қажеттілік ретінде субьективті қабылдайтын балалар үшін елеусіз жүзеге асырылады. Психологтардың зерттеу нәтижелері қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің мақсатты бағытталған жүйесі мектеп оқушыларының құрдастарымен және ересектермен кең қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді.  

         Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасы оқушыларды болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алу үшін оларға кәсіптік бағдар жұмысын жетілдіруді алға қойып отыр. Өзінің қойылу жүйесі жағынан кәсіпке бағдарлау еңбек ресурстарын үйлесімді бөлуге, жастардың өмір жолын саналы таңдауына, үйренген кәсібіне төселіп, жұмысшы мен шаруалардың және ой еңбегі өкілдерінің лайық орынбасарларын қалыптастыруға елеулі ықпал жасайтындай болуға тиіс.

         Кәсіптік бағдар - білімнің жеке саласы. Бірақ ол педагогика, психология, социология, экнонмика, философия, медицина, құқық ілімдері қиылысында қалыптасады. Кәсіптік бағдар жүйелі зерттеу жүргізу үшін әртүрлі проблемаларды шешеді оның мақсатын, міндетін, мазмұнын белгілейді.

         Кіші жасөспірімдерге әртүрлі қызметке тез араласуына, белгілі мамандыққа икемделігін арттыру үшін жағдайлар жасалады. Ол үшін оқу шеберханалары, үйірмелер ұйымдастырады. Мамандық таңдауда адамгершілік пен берік имандылық негізінде тәрбиеге көңіл бөлінеді.

         Әлеуметтік қызмет – оқушыларға  кәсіптік бағдар беруді ең алдымен қоғамдық-әлеуметтік тапсырманы орындау үшін қарау керек.

         Экономикалық қызмет – жұмыс  сапасының құрылымын арттыру, ұл-қыздардың жұмысқа деген ынтасын арттыру, жұмыс өнімділігі және кәсіби деңгейін арттыру, жұмыс уақытын үнемдеу болу табылады.                            Психологиялық қызмет – ол ең алдымен, оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығуын қалыптастырады.

         Медициналық қызмет – бұл  денсаулыққа қоятын талап пен жеке адамның физиологиядық ерекшеліктерін ескеру, сол саладағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға көмектесу деген сөз. Мектептерде оқушылардың денсаулығының ауытқуын дер кезінде байқап оларды мамандық таңдаудағы жоспарын дұрыс талдап оларды физиологиялық ерекшеліетеріне сәйкес келетін мамандық таңдауларына жағдай жасалуы тиіс.

        Кәсіптік бағдар - бір-бірімен тығыз байланысты салардан тұрады біріңғай жүйе. Атап айтсақ, олар:кәсіптік ағарту; іс-әрекеттің процесінде оқушылардың ынтасын, икемділігін, қабілетін байқап әрі қарай дамыту.

         а) Кәсіптік ағарту- оқушылардың әлуметтік, экономикалық, психикалық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар туралы білім жиынтығы; сол кәсіптердің біреуін дұрыс таңдауға жағдай жасау, оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарастарын дұрыс тәрбиелеу.

         ә) Оқушылардың жеке басын зерттеу- жеке кісіге әсер етуге оның психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың ой-өрісі, мақсаты, мұраты пәндерді саналы оқытуда қалыптастыру. Адамдардың белсенділігі жоғары болуы да пәндерді оқыту арқылы іске асырылады.

Әлеуметтік белсенділік қалыптастыру адамдар аоасындағы қарым-қатынастың дамуына әсер етеді. Пәндік практикалық білімді игеруде, оқушылардың өмір тәжірибесінде, қоғамдық қатынас жүйесінде адамгершілік нормалар орындалады.

         б) Кәсіптік ақыл-кеңес беру- арқылы оқушының өзіне тән ерекшелігіне және таңдаған кәсібінің талаптарына баса назар аударылады.

         Жоспарлауға басқарудың ықпал ету мақсаттары, шешім қабылдау, оның іске асыру кезеңдерін анықтау нақты орындаушылар және орындалу кезеңдерін кіреді. Ұйымдастыру функциясы басқарудың обьектісі мен субьектісінің құрылымдарын анықтауды оларды өзара қарым-қатынастарын мен іс-әрекеттерін жүзеге асыруды талап етеді.

         Түзету функциясы - бұған оқушылардың кәсіби бағыт таңдау кезінде олардың шешімдерінің ең тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін басқару орындарының іс-әрекетін реттеу, түзету және мезгілінде орындалу жатады.

Кәсіби бағдар жұмысының жоспарларын орындалуын сәтіндегі талап пен қалыптан ауытқушылықты анықтап отыратын басқару жүйесінің нәтижелерін есепке алу мен таңдау жасау бақылау функциялары.

         Ақпараттық қызмет - басқарудың обьектісі мен субьектісі арасында белгілі бір ақпарат болуын қамтамасыз етеді. Кәсіби бағдар  кезеңінің ішкі және сыртқы жағдай турасында алынған ақпарат басқару субьектісі мақсатты түрде процесті өзгертуге шешім жасауға мүмкіндік береді.

Кәсіби бағдарды басқару мақсат пен міндеттерді айқындаудан және шешім қабылдаудан басталады. Өйткені, оған обьективті жағдайлар әсер етеді: экономикалық ауданның мамандарға мұқтаждығы; демографиялық жағдай т.б. Оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін обьективті жағдайлар негізінде кәсиби бағдарды басқарудың бағдарламасы жасалынады. Бағдарды басқару субьектінің іс-әрекетінің әдістері, формалары, мақсаттары және міндеттері алдын ала анықталып жоспарланады. Басқару субьектісі кәсіби бағдардың жағдайы жайлы ақпарат негізінде басқару шешімдерін түзетіп және жақсартып отырады. Көп функциялы және көп сатылы кәсіби бағдар мазмұны оны басқарудың ең озық әдісін қолдануды талап етеді.

         Кәсіби бағдарды басқарудың әдейленген әдісінің тиімділігі оның мақсатын анықтауда дәл жоспарланған шаралардың орындалу мерзімін, стратегиялық және практикалық міндеттердің шешілуін қамтамасыз етуде, оқушыларға кәсіби бағдар беруші барлық күштерді үйлестіру. Тағы бір әдіс- болжау әдісі. Бұл әдіс арқылы берілген мақсаттан ауысуды алдын ала болжауға болады. Болжау әдісі арқылы кәсіби бағдарды басқарудың мектептегі, аудандағы өндірістік саладағы моделдерін жасауға болады. Ұйымдастырушылық басқару әдісі бойынша кәіби бағдар жөніндегі нұсқалар, бұйрықтар жүзеге асады.

         Педагогикалық-психологиялық әдісі оқушылардың кәсіптік өзін-өзі анықтауы мен оны қалыптастыруға бағытталған.

         Әлеуметтік-экономикалық әдіс оқушылардың мамандық таңдауының қоғам қойып отырған талаптарымен сәйкестелінеді. Кәсіпті таңдау дегеніміз- дамдардың жекелеген қасиеттері мен мамандық талаптарының сәйкес келуі нәтижесінде таңдалған мамандықтың дұрыс және жарамды болуы.

Маман сұрыптау- бос тұрған қызмет орнына сәйкес келетін жұмысшыны табу. Бастапқыда бұл да мамандық таңдау тәрізді адамның жеккелеген қасиеттері жұмыс талабына сай келуі қажет. Бірақ әрі қарай жағдай өзгереді.

Мамандық таңдауда адам мамандықты қарастырады және бағалайды, ал тұлғаны таңдауда мамандық талаптарын ескерк отырып адамды бағалайды.

         Кәсіптік таңдау немесе іріктеу. Ол мектептен тыс арнайы лабораторияда және таңдаған мамандығының өзіне тән еңбек жағдайына байланысты жүргізіледі.Кәсіптік таңдаудың мақсаты адамның белгілі бір еңбек жағдайына байланысты жарамдылығын анықтау. Осыған байланысты кәсіптік таңдауды жеке бастың әлеуметтік еркін азайтуға бағытталған акт деп қарауға боламайды.

         Кәсіптік бейімделу - жас адамның маман ретінде өндіріске, жаңа әлеуметтік ортаға, ұжымға және алғаш еңбек әрекетіне белсенді араласуы. Кәсіптік бейімделу дұрыс мамандық таңдауда негізгі жетістік болып табылады. Кәсіптік бейімделу адамның ынтасын әрі қарай жетілдіруге, рның еңбекке бейімділігін әлеуметтік тобымен бірге жүзеге асыруға бағытталған.                                        

         Ақпарат жұмысын мамандықтар туралы мағлұматтар жиынтығы болып табылатын- профиссиография орындайды. Еңбек түрінің көп жақты жиынтық анықтамасын профессиограмма деп атайды. Бұл оқушыладың жеке ерекшеліктерін ескеріп, мамандық таңдауда білгісі келетін сұрақтарына жауап береді.

         Мамандық таңдауда әр бір жас адам белгілі ғалым, жазушы Ж.Аймауытовтың айтқан мына ақылын ескегені жөн: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

         Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан экономикалық, әлеуметтік жаңалықтар мен өзгерістер қазақ елінің тыныс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін жаңарту жолында жүрген жастар.

        Тұлға- белгілі бір даму деңгейіндегі кемелді дамыған санасы бар, мінез-құлқы салыстырмалы түрде тұрақты, сондай-ақ өзінің қалыптарының және әлеуметтік ортамен қатынасын реттеуге қабілетті адам.

         Айтылғанға орай тұлға ұғымының қандай да бір керемет жетістіктерімен байланысты болуы міндетті емес. Әрбір қарапайым ересек адам- тұлғаның негізгі және анықтаушы белгілері мыналар: сана-сезім, даралық сипаттар, өзін-өзі меңгеру, активтілік, басқа адамдармен дұрыс қатынас жасау.

         Индивид- жеке тұлға, бір адам. Даралық- бұл адамның өзіндік ерекшелігі. Даралық қайталанбайтын, тек бір адамға ғана тән қасиеттер мен ерекшеліктер, бір адамды өзгелерден ажырататын мәнді ерекшеліктерімен қасиеттер.

        Пән мұғалімі оқыт- тәрбие жұмысының мақсаты мен міндетін өз бағдарламасында негізлеп алу қажет. Ол сонымен бірге қоғамдағы жасөспірімдерді өмірге және еңбекке даярлаудың жалпы міндетін шешеді.

         Біздің еліміздің халық шаруашылығы бай әрі мол, жыл сайын оның салары артуда. Жаңа мамандықтармен бірге әр түрлі саларға мамандар даярлайтын мекемелер көбейе түсуде.

         Оқушыларды кәсіпті дұрыс таңдай білуге үйретедегі мұғалімнің міндетін: оларды мамандық пен еңбектің әр түрімен таныстыру; мамандыққа қызығуын, ерекшелігін, икемділігін біле ортырып, оларды қоғамдық мәні бар еңбекке қалыптастыру; білімін одан әрі жалғастыру және жұмысқа орналастыру жөнінде оларға көмек беру.

         Мектеп мұғалім кәсіптік бағдар беру жөніндегі білімді берілген проблемаға арналған семинарларға қатысудан, үкімет қалауларын оқып-үйренуден, соған сәйкес әдебиеттерге талдау жасаудан алуы мүмкін. Оқушыларды оқыту мен тәрбйелеу процесінде кейбір сұрақтарды шешуге мұғалімге мектептегі әдістемелелік жұмыс, кәсіптік бағдар беру бөлмесі мен бұрыштары нақты көмек беруі керек.

          Практика мұғалімінің белгілі пәнді оқытудағы кәсіптік бағдар беру әдістемесін әр түрлі шараларды өткізе отырып тұруы қажет. Бұл үшін кәсіптік бағдар беру бөлмесінде таңдап алынған әдістемелік нұсқаулар әр түрлі мерекелер өткізудің жоспары мен жобалары болғаны жөн.

Әр уақытта мамандар құрастырған дайын кәсіптік мағлұматтарды табу мүмкін емес. Сондықтан әр бір мұғалім кәсіптік бағдар жөніндегі материалды жинақтаудың әдістемесін үйренуі керек. Бұл төмендегідей тізбекке жинақталуы мүмкін;

А) оқушыларға бағыт-бағдар беруде, мектеп оқулықтарынды кәсіп түрлерін анықтау мақсатында және оқу бағдарламасын оқып-үйрену мен талдауда жүзеге асырылады.

Ә) кәсіптік даярлық бағдарламасын, кәсіптік білікті мінездемесін оқу және талдау.

Б) мекемелердің, ұйымдардың, озық жұмысшылардың озат тәжірибелерін оқып-үйренуде көмектесу.                  

Оқу – үлкен еңбек. Көпшілікпен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында әр оқушыға жеке дара қабілетті мен қасиетіне сай қатынас жасау ерекше орын алады.

Адам – тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттың құндылықтарды өндіру жетілдіру қабілеті дамуының дамудың жоғары сатысында тұрғандығы. Оқу, еңбек, қоғамдық пайданы іс– әрекет барысында ұғынудың және өзіне – өзі таңдау жасау, байқау, бағалау қабілеті пайда болып дамиды.

Өз бойындағы кемшіліктерге төзбеу адамның еркін шыңдай түседі, өзін – өзі басқару, тәрбиелеу, білу мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі.

Оқушылардың өзін – өзі басқару процесін төмендегі кестеден көруге болады:

 

 

Өзін – өзі басқару компонентінің әрқайсысы өзінің басшылық органын белгілейді. Өзін – өзі басқарудың жоғарғы органы –  жиналыс.

Әкімшілік бірлестіктерге:   оқушылар бригадасы, топ, курс, лицей, жатақхана.

Қоғамдық бірлестіктерге: кәсіподақ, клуб, үйірме.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]