Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШАЖО теория.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
24.18 Кб
Скачать

3.2 Шаруа қожалығының жер пайдаланушылығының ауданын анықтау, орналастыру және межелерін жүргізу

Ш(Ф)Қ жер пайдаланушылығын орналастыру барысында бірқатар табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларды ескеру қажет.

Солардың ішінде:

  • су көздері мен ландшафттың басқа элементтерінің орналасуы;

  • елді мекендер жүйесі;

  • өндірістік инфрақұрылым (өндірістік және қызмет көрсету жөніндегі қосалқы кәсіпорындар, жол мен тасымалдау жүйелері және т.б.);

  • әлеуметтік инфрақұрылым (білім беру. мәдениет және тұрмыс қажеттіліктерін қамсыздандыру саласындағы мекемелер мен ұйымдар);

  • қалыптасқан территориялық реттілік (алаптар мен ауыспалы егістердің орналасуы және басқа территорияны реттілігіне жататын элементтер).

Аталған факторлар бір уақытта және кешенді түрде ескерілуге тиісті. Бірінші кезекте территорияның қалыптасқан реттілігіне назар аударған жөн.

Оны мүмкіндік болса, бұзбауға тырысу керек. Шаруашылықта игерілген ауыспалы егістер жүйесін, сонымен бірге танаптарды, жол торабы мен басқа территориялық реттілікте жататын элементерді барынша бұзбай бұрыңғы қалпында сақтап қалған жөн. Осы мақсатпен Ш(Ф)Қ жер пайдаланушылығы ауыспалы егістерге енгізілген және жекешаленген жер алаптарына орналастырылады. Сонымен бірге кооперативтік байланыстарды қолайлыландыру мақсатымен шаруа қожалықтарының жер массивтерін, әсіресе жыртылған жерлерін, межелес және біртұтас қылып жобалаған дұрыс.

Оларды, шама келгенше, өндірістік орталықтарына жақындатуға тырысу керек. Әрбір шаруа қожалығы бірінші кезекте су көздерімен, жол байланысымен және басқа да инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиісті. Осы жөніндегі қабылданған жобалық шешімдер сызба бетіне түсіріледі.

Жер пайдаланушылықтың бірінші жуықтаудағы ауданы, тұратын орны белгіленгеннен кейін оның нақты мөлшері жобаланады. Межелерді жүргізгенде мынадай қағидаларды ескеріп отыру қажет:

-ашық, әсіресе жыртылған жерлерде межелерді түзу сызықты, ал бұрылыстарын тік бұрышты қылып жобалауға тырысу керек; - межелерін табиғи (өзен-өзектер, жыралар т.б.) және жасанды (каналдар, жолдар т.с.с.) шептерімен сайма-сай келтіре жүргізу қажет;

-эрозия және басқа теріс құбылыстардың алдын алу мақсатымен межелерді бедерге (су айрық, су ағар, т.б.) сәйкесті орналастырған жөн.

Соңында Ш(Ф)Қ бірінші жуықтаудағы экспликациясы жасалады (3.1-кесте).

3.3 Шаруа қожалығының өндіріс көлемі мен сапалық құрамын белгілеу.

Осы екі факторды қабыстыра ескеріп өндіріс көлемін жоспарлаған дұрыс. Бұл жобалық міндет алдынан мал азығы балансын құрастыру арқылы және соның нәтижесінде бөлінетін жер алаптарының аудандарын айқындау жолымен орындалады. Ол үшін, біріншіден, шаруашылықтың экономикалық бағдарламасында жоспарланған мал басына қажетті жем-азық көлемі анықталады.Соңғысы жөніндегі 3.2-кестеде келтірілген реттілікті жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексі (2003ж ) және “Ш(Ф)Қ туралы” (1998ж) заңдары бойынша шаруа қожалығы жерді сатып немесе пайдалануға алу негізінде құрылуы мүмкін. Оның жалпы ауданы Республика аймақтары бойынша Үкімет қаулысымен белгіленген шетеулермен реттеліп отырады.

Нақты жағдайларда жер пайдаланушылық (жер иелігі) ауданы экономикалық бағдарламасында көрсеткіштермен реттеліп себептеледі. Соңғыларына мыналар жатады:

-шаруашылықтың мамндандырылуы;

-өндірісінің салалық құрамы;

-өндірісінің жалпы көлемі.

Бұл көрсеткіштердің негізі болып аймақтық табиғи-экономикалық және әлеуметтік жағдайлар табылады. Сонымен бірге бұл факторлар жер пайдаланушылықтың алаптық құрамы мен орналасуын тікелей себептейді. Өз кезегінде шаруа фермерлік қожалығының өндіріс көлемі бөлінетін алаптардың өнімділігіне және еңбек ресурстарының тапшылығына тәуелді.

3.2-кесте Мал азығы қажеттілігін есептеу

Сонан соң мал азығы қажетілігін қанағаттандыру жолдары іздестіріледі. Осы мақсатпен ауыл шаруашылық алаптардың өнімділігі мен дақылдардың түсімділігі ескеріле отырып мал азығы балансы жасалады (3.3- кесте) және жыртылған жердің пайдалану құрамы (3.4- кесте) белгіленеді. Соңғысында дақылдардың егістік аудандары мен қатар олардың жалпы егістіктегі үлес салмағы көрсетіледі.

3.3-кесте Мал азығы алаптарының аудандарын есептеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]