Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
17 билет.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
39.84 Кб
Скачать

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.       20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.       22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады.       Шағым уәкілетті орган мен Орталық басшысының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.       23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады.       Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.       Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес анықталады.       Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген.       Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.       Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.       25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]