Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЖ тапсырмалары.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
27.84 Кб
Скачать

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

М.Мақатаев

7 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Халықтық қолөнер. Қазақ театр және кино өнері» тақырыптарын мазмұндау

2-тапсырмаӨзіңіз көрген қазақ кинофильмі туралы жазыңыз

1. Фильмді түсірген жыл ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­-----------------------------------------

2. Бас режиссері ­­­­­­­­­­­­­­­­­----------------------------------------------------

3. Басты рөлде ойнағандар ---------------------------------------

4. Басты кейіпкерлер ----------------------------------------------

5. Жағымды кейіпкерлер -----------------------------------------

6. Жағымсыз кейіпкерлер ----------------------------------------

7. Фильм туралы сіздің пікіріңіз-----------------------------------

3-тапсырмаСөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз

1. Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.

2. Алды, қызыл, өнер, тіл _____________________________________.

3. Ашық, өнерліге, есік _______________________________________.

4. Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері _________________________.

5. Көркі, өнер, жігіт _______________________________________.

4-тапсырма Төменде берілген сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз

Казахское кино стремительно вышло на мировую арену. Многие фильми получили престижные призы на различных международных кинофестивалях. Особо я хотел бы остановиться на фильме «Суржекей – ангел смерти». Режиссер фильма Д. Манабаев – один из обладателей Гран-при смотра-конкурса. Это первая киноправда о голоде  31-32 годов, о национальной трагедии нашего народа. 

5-тапсырма «Өнер жұлдыздары» тақырыбына шығарма жазыңыз.

8 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Айтыс өнері. Күй атасы Құрманғазы. Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма Тәрбиеге қатысты 10 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңіз

3-тапсырма «Ұлттық құндылық» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз

9 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма Абайдың «Отыз бірінші» қара сөзін жаттап алыңыз

Отыз бірінші сөз

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұтынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе –күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

2-тапсырма Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сұрақтар құрастырыңыз

3-тапсырма Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз

О достоинствах человека суди по тому, как он начал дело, а не по тому, как ему удалось завершить его.

Как ни прекрасна мысль, пройдя через человеческие уста, она тускнеет.

Человек дитя своего времени. Если он плох, в том виноваты и его современники.

11 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма  «Адам және табиғат егіз», «Қазақстанның экологиясы»,

«Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау» атты тақырыптарды мазмұндау

2-тапсырмаПалигон сынақтарының қоршаған ортаға әсері туралы хабарлама жазу

3-тапсырма  Есте сақтаңыз!

«Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады»

Гете.

«Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алады»

Ш.Айтматов

4-тапсырма  Баспасөз беттеріне әртүрлі ұйымдар, мемлекеттік органдардың табиғатты қорғауға байланысты қабылдаған қаулылары туралы мәліметтерді жазып, әңгімелеңіз

12 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма«Қазақстанның көрікті жерлері. Қазақстанның тарихи орындары»тақырыптарын мазмұндау

2-тапсырмаДосыңыздың басқа бір жерлерге жасаған саяхаты туралы сұрап, сұхбат құрастырыңыз

3-тапсырмаМына өлеңді жаттаңыз

Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің тәңір берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,

Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей

Тұранның жері менен суы да жат,

Теңіздей терең ауыр ой бергендей.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Шер батса кім іздемес туған елін?

Тұлпар да көксемей ме туған жерін?

Арқаның ардагері қалың алаш

Тұран да, біле берсең, сенің жерің!

М.Жұмабаев

13 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Университет – білім ордасы. Мен таңдаған мамандық. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» тақырыптарын мазмұндау

2-тапсырма «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбына шағын шығарма жазу

3-тапсырмаЕңбек, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсіндіріңіздер

Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

Еңбексіз іс бітпейді,

Еріншектің қолы жетпейді.

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

Жас кезіңде бейнет бер,

Қартайғанда дәулет бер.

14 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма  «Қоғам және жастар», «Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында», «Жастар және қоғамдық ұйымдар»атты тақырыптарды мазмұндау

2-тапсырма Мәтінді орыс тіліне аударыңыз