Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк-2008 Жалгастырушы Толеужанова.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

8. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1 . Дінмұхамед Қонаев қай жылдары өмір сүрген?

2 . Жоғары білім алғаннан кейін қандай қызмет атқарған?

3 . Ұлы отан соғысы кезінде қайда жұмыс істеген?

4 . Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстанға сіңірген еңбегі туралы айтыңыз

5 . Дінмұхамед Қонаев пен желтоқсан оқиғаларының байланысы бар ма?

9. Етістіктерден есімше жасап, сөйлем құраңыздар

Білу, оқу, болу, үйрену, босату, ұласу, келу

10.Етістіктерден көсемшенің түрлерін жасаңыздар.

Үлгі: айту: айтып – айта – айтқалы

Жазу, оқу, үйрену , тыңдау, қарау, білу, көру, қарау, бару,келу, апару,әкелу, келу, кету, шақыру, сену , қау, жету, жүру

11.Етістіктерден есімшенің түрлерін жасаңыздар.

Үлгі: тыңдау: тыңдаған –тыңдар – тыңдамақ- тыңдайтын

Бару, алу, көру, жазу, қалу, жазу, әкелу, әкету, тексеру, келу, кету, озу, ойлау, оқу, отыру , жүру, тұру, жату, сезу, секемдену

1.Төмендегі көсемшелермен сөйлемдер құраңыздар.

Келіп, өмір сүріп, жұмыс істейді, жүзеге асырады, еңбек сіңіреді, оқиды, үйренеді, біледі, айтады, қарайды

2. Сәкен Сейфуллиннің бір өлеңін жаттаңыздар.

UpRibbonSharp

  1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар

Құқықтық мемлекет, бағыт, бостандық, жан-жақты қалыптасуы, халық билігі, жүзеге асыру, әлемдік талаптар, экономикалық қатынастар, міндет, мемлекеттік нысандар, қортынды сот төрелігі, мақсат, негіз.

  1. Сәйкестікті көрсетіңіздер

Құқық- итог

Мақсат- текст

Талап- направление

Қызмет- служба

Бағыт- обязанность

Әдіс- требование

Кіріспе – введение

Мәтін- цель

Қорытынды – право

  1. Мәтінді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель........... болатын. Ол кезде «конституция» деген сөз «саяси құрылыс».......... білдіретін. Конституция ...... қазіргі түсінігі 18 ғасырдан бастап орнықты. Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та ............ 1789 жылы Францияда қабылданды. Кез келген конституция ...... орныққан тәртіптің негізгі ұстанымдарын бекітіп береді. Мұнда өмірдегі аса ........ өзгерістер көрініс табады.

Қажетті сөздер: маңызды, қоғамда, сонан соң, ұғымын, ұғымының, қалыптастырған.

  1. Мәтінді оқыңыздар

Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995жж).Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата Заңда (1995ж) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді. Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үшін негізгі қызметті, заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын - адам және адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қортынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы)нормалар енген. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Ата Заңдар қай жылдары қабылданды?

  2. Конституция күнін атаңыз

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен тұрады ?

  4. Конституцияның негізгі бөлімінде нелер туралы айтылады?