Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Nurdaulet 1111111

.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
248.32 Кб
Скачать

Жоспарларды құрғанда барлық топтар мен категориялар бойынша жұмысшылардың ортатізімдік және нақты құрамын анықтайды.

Қызметкерлердің құрамы мен саны бойынша барлық жоспарлық-экономикалық есеп-қисаптар орташа жылдық көрсеткіштерде есептеледі.

Қызметкерде қажеттілікті жоспарлау технологиясы қарастырады:

  • ағымдағы кезеңде еңбек бойынша жоспар талдауымен байланысты жұмыстардың реттігі;

  • бір орташатізімдік жұмысшының жұмыс уақытының балансын құру;

  • қызмет көрсету шегінде, немесе жұмыс орны көлемінде, немесе өндірудің кешенді шамасында, немесе еңбек шығындарының көрсеткіштерінде айқындалған өткізілетін жұмыстардың көлемі мен құрылымы туралы мәліметтерді қалыптастыру;

  • өткізілген талдау негізінде алынған мәліметтер мен өндірістік бағдарлама негізінде қажеттілікті жоспарлау;

Қызметкерлерде қажеттілікті талдау мен жоспарлауда келесі ұғымдар қолданылады:

Жұмысшылардың тізімдік саны-қазіргі мезетте жұмыс істеп жатқандар, науқасы бойынша жұмысқа келмегендер, мемлекеттік міндеттерін орындап жатқандар, демалыс және іссапардағылар, және т.б. себептер бойынша жұмысқа келмегендер тәрізді кәсіпорындағы барлық тұрақты және уақытша жұмыс істеушілер саны. Әдетте бұл сандық көрсеткіш еңбек келісімшарттарында тұжырымдалуымен сәйкес мезгілдік және уақытша, тұрақты жұмысқа қабылданған кәсіпорынның барлық жұмысшыларын ескеретін белгілі күн немесе мерзімге (мысалға, 1 шілде) жұмысшыларының сандық кұрамы болып келеді.

Нақты құрамы-іссапардағыларды қоса берілген күнде жұмысқа келген тізімдік құрамдағы жұмысшылардың санын сипаттайды және өнім шығарымы бойынша өндірістік кезекті тапсырманы орындауға қажетті жұмысшылар санын құрайды. Жалпы, бұл бекітілген мерзімде тапсырмаларды орындау үшін күнделікті жұмысқа келуге міндетті жұмысшылардың минималды саны.

Жұмысшылардың орташатізімдік саны-демалыс және мейрам күндерін қосқанда айдың әр күнтізбелік күніне тізімдік құрам жұмысшыларының санын қосу және алынған соманы айдың күнтізбелік күн санына бөлу жолымен анықталатын белгілі кезеңдегі (ай, квартал, жыл басынан, 1 жыл ішінде) жұмысшылардың орташа саны.

Кәсіпорын жұмысшылар санын жоспарлау адам/күн бойынша өлшенетін 1 жыл ішінде жұмыс уақытын қолдану көрсеткішімен байланысты.

Жұмыс уақытының балансы 3 сатыда құралады:

  • жұмыс күндерінің орташа нақты санын есептеу;

  • жұмыс күнінің орташа ұзақтығын бекіту;

  • жұмыс уақытының сағатта тиімді қорын анықтау;

Өндірістік бағдарламаның көп еңбектілігі негізінде өндірілген жұмыстардың жоспарлық көлемін орындауға қажетті жұмысшылар санын есептеуді қарастырайық.

Жұмысшылар санының нормативтілігі-бұл жағдайда келесі формуламен анықталады:

Сн=Кж/(Фн*Кшо)

Бұнда:Кж-өндірістік бағдарламаның жоспарлық көп еңбектілігі, мөлшер/сағ;

Фн-бір жұмысшының 1 жылда жұмыс уақытының нормативтік балансы, сағ;

Кшо-жұмысшылармен уақыт шамасын орындау коэффициенті;

Санын есептеудің бұл әдісі ең нақты және дұрыс болып табылады, себебі еңбек шамасын қолдануда талап етеді. Жұмысшылар санын өндіру шамасы бойынша анықтау өнімге (жұмысқа, қызметке) баға белгілеумен байланысты ең қарапайым болып табылады.

Жұмысшылар санын өндіру шамасы бойынша анықтау мына формуламен жүзеге асады:

Шс=ӨКж/(Өш*Кшо)

Бұнда: ӨКж- белгілі уақыт кезінде өлшеудің белгіленген бірлігінде өнімнің жоспарлық көлемі (орындалған жұмыстардың);

Өш- сол уақыт кезеңінде сол өлшем бірліктерінде өндірудің жоспарлы шамасы;

Аппарат үрдісінде негізгі жұмысшылар санын және қызмет көрсету шамасы бар жұмысты орындайтын қосымша жұмысшыларды жоспарлау жұмыстың кезектілік есебімен қызмет көрсету объектілерінің жалпы көлемін анықтауға мына формула бойынша келтіріледі:

Шс=Қк/Қш*С*Кт

Бұнда: Қк-белгіленген құрал бірлігінің көлемі;

Қш-қызмет көрсету шамасы (1 жұмысшымен қызмет көрсетілетін құрал бірлігінің көлемі);

С-жұмыс кезектілігінің көлемі;

Кт-нақты жұмысшылар санын тізімділікке аудару коэффициенті;

Үзілісті өндірістерде Кт уақыттың номиналды қорының тиімдіге қатынасы ретіңде анықталады, ал үзіліссізде-уақыттың күнтізбелік қорының тиімдіге қатынасы ретінде.

Кызмет көрсету шамасы, жұмыс шамасы белгіленбейтін қосымша жұмысшылар саны мына формуламен сәйкес жұмыс орындары бойынша анықталады:

Шс=М*С*Кт

Бұнда: М-жүмыс орындарының саны;

Кәсіпорындарда қызметкерлер, мамандар, басшылар санын жоспарлау нормативтік әдіс негізінде іске асырылады. Бұнда олардың сандық нормативтері қызметкерлердің жеке топтар мен категорияларының саны және оларды анықтайтын факторлар арасында математикалық тәуелділік негізінде анықталады.

  1. ҚР-да жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар

Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика қалыптасуының қазіргі сатысы еңбек ұжымдары және жұмысшылар мүдделерінің толык есебінен өндіріс тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ететін еңбекақыны қалыптастырудың қолданыстағы механизмін құруды қажет етеді. Экономикалық қатынастар жүйесінде өзгерістер еңбекақы саласындағы өзгерістерді көздейді.

Халықаралық тәжірибе тарифтік келісімдер орнатуда еңбекақы жүйесін қалыптастыру еңбектің қоғамдық өнімділігі, жұмыссыздық деңгейі, ұсыныс және сұраныс, жұмыс күші есебімен іске асатынын куәландырады. Бұнда негізгі көрсеткіш болып еңбектің қоғамдық өнімділігі табылады. Көптеген елдерде еңбек өнімділігі және төлем өсу темпінің қатынасын сипаттайтын жалақы құнының индекс динамикасы есептеледі.

Бұндай ұйғарымды тарифтік келісім және ұжымды келісімшарттарға отырғанда қолдану, бір жағынан жалақымен салыстырғанда еңбек өнімділігінің қарқынды өсуін қамтамасыз етеді, екінші жағынан-еңбек тиімділігін жоғарлатуда ақының ынталандырушы рөлін күшейтеді. Бұдан басқа, берілген ұйғарым шаруашылықтың әр түрлі деңгейлерінде еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты бірінші разрядтағы тарифтік ставка жоғарлауын негіздеу үшін қолданылуы мүмкін.

Шетелдік экономикалық үлгілердің көптілігіне қарамастан, еңбекақыны реттеудің әмбебап механизмі жоқ. Ұлттық экономика ерекшеліктері өзгешелік және дәстүрлермен байланысты еңбек қатынастары салаларын реформалау концепциясын жасауды анықтайды.

Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекақыны реформалау басты және салалық тарифтік келісімді орнатуға қатысу, салық салымының икемді саясаты, кәсіпорын пайдасын еңбекақы және жинақтауға бөлу нормативтері, инфляция өсуіне байланысты индексация, еңбекақының тарифтік жүйесі, номиналды жалақыны бекіту негізінде макродеңгейде жалақыға мемлекеттік әсер ету шараларын қарастырады. Бұнда микродеңгейде (кәсіпорын) және макродеңгейде (сала) реттеу мүмкіншілігі шектелмейді.

Минималды жалақы көлемін анықтау үшін жұмыс күші бағасының төменгі шегін анықтау қажет. Ол денсаулықтың қалыпты жағдайларында орындалған ең төменгі күрделікті жұмыс мадақтауын қамтамасыз ету қажет. Еңбектің халықаралық ұйым нормативтері бойынша минималды еңбекақы орташа жалақы деңгейінің 66,7%-н құрауы керек, ал күнделікті минимум-50%.

Бірінші разрядты тарифтік ставканың ресми деңгейінен жоғары деңгейді бекіту қажеттілігінде шаруашылықтың әр түрлі деңгейлерінде тарифтік келісімдер және ұжымдық келісімшарттар орнатуда келесілерді ескеру қажет:

  • жалақының ынталандырушы функциясы (немесе орташа жалақы қатынасы). Бірінші разрядты тарифтік ставканы жоғарлатуға неғұрлым көп қаражат қолданса, соғұрлым берілген кезеңде еңбекақы дифференциациясына аз бағыттауға болады;

  • жұмысшылардың еңбек өнімділігінің динамикасы. Бірініші разрядты тарифтік ставка көлемін жоғарлату жалпы халық шаруашылығының және саланың, кәсіпорынның экстенсивті дамуын білдіреді және тек инфляциялық процестерді күшейтуді ынталандырады;

  • жұмысшылардың қамтылу жағдайы. Еңбек нарығында сұраныстың өсуінсіз және кәсіпорын қызметін кеңейтуді инвестицияламауда бірінші разрядты тарифтік ставка көлемін көбейту жұмысшылардың босатылуына әкеледі;

  • жұмысшылар жанұясында жалпы табыстарда еңбекақының үлестік салмағы. Табыстарда жалақы үлесінің табыстың төмендеуі әлеуметтік қорғау деңгейі және еңбек мотивациясының болашақ төмендеуіне әкеледі;

Нарықтық қатынастар қалыптасуында индексация механизмі, бір жағынан, төменгі ақылы жұмысшыларды қорғау және әлеуметтік мәселелердің алдын-алуға бағытталған тұрақтандырушы шара ретінде, екінші жағынан, антиинфляциялық шаралар шегінде қолданылуы мүмкін.

Индексацияның тәжірибелік өткізілімі белгілі механизмге негізделеді, оның негізгі элементтері болып табылады: тұтынушы бағалардың индексі, периодтылық, индексация жүйесі және масштабы.

Индексация механизмін жасауда ескеру қажет:

  • индексация периодтылығы және жүйесі (индексация «табалдырықтары», бекітілген интервалдар немесе құбылмалы шкаланы қолданумен күтілген және ретроспективті).

  • индексацияланған шамалар (тарифтер және еңбекақы: жалақы-минималды, жеке, негізгі; еңбекақы қоры);

  • баға өсуін өтеу дәрежесі (толық және бөлшекті индексация, тұтынушы бағалардың өсуі және табыстар жоғарлауы қатынастарының нормативтік коэффициенттер немесе регрессивті шкаласын қолдану);

Еңбекақы индексация механизмінің көпнұсқалылығын жұмысшылар мен жұмыс берушілер мүдделерінің балансы және экономикалық реформаның әр сатысының ерекшеліктерімен байланысты қарастыру керек.

Қазіргі кезеңде регрессивті шкаланы қолданумен индексацияның ретроспективті механизмін қолдану мақсатты. Бұнда белгілі кедейшілік шегінің (күнкөріс минимумының) заңдық шегіндегі немесе минималды тұтынушы бюджетінің шегіндегі табысты толық индексикациялау керек.

Жалақы қорын қалыптастыру нормативтерін бекіту механизмі өндірісті инвестициялауды, еңбекақыда негізделмеген дифференциацияны жөндеуді, қызмет көлемін ұлғайтуға көмектесетін, реттеуші және ынталандырушы функцияны орындайды. Еңбектің жоғары өнімділік мотивациясы пайда және акцияларға қатысу негізінде кәсіпорын жетістігінде ұжымдық мүдделікті дамытуда ұйым қызметінің көлемдік және сапалық көрсеткіштерінің (табыс, пайда) өсуін ынталандыратын сыйақының қолданыстағы жүйесін қолдануда, еңбекақының бригадалық түріне негізделген өндірістік шешімдерді қабылдауда жұмысшыларды кең тартуда, жеке жалақы негізінде қамтамасыз етіледі.

Еңбекті ынталандыру және жалақыны реттеу жүйесінің барлық құрылымының тиімділігі, бір жағынан еңбекақы жанұяны қамтамасыз ету және жұмыс күшін қайта өндіруді қаншалықты қамтамасыз ететінін, басқа жағынан-жалақы еңбек өнімділігінің өсуіне және ресурстардың барлық түрлерін үнемді қолдануды, көрсетілетін қызмет және өнім сапасы, қызмет тиімділігін жоғарлатуды қаншалықты ынталандыратынын анықтайды.

  1. ҚР еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары

Республикамыздың рыногы 2011 жылы экономика салаларында жұмыс істейтін адамдар санының тұрақты өсуімен және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі есебінен халықтың экономикалық белсенділігінің артуымен сипатталады.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің алдын ала мәліметтері бойынша 2011 жылғы төртінші тоқсанда экономикалық белсенді халық саны 8906,4 мың. адамға жеткен (2010 жылғы сәйкес кезеңде – 8610,7 мың.). Республика экономикасында 8301,6 мың. адам жұмыс істесе, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер 5581,4мың, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 2702,2 болды (2011 жылғы төртінші тоқсанда тиісінше – 2734,7 мың.болған).

Жұмыссыз халықтың саны 5,4 % болды және 2010жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 0,4% азайды. (2010жылғы төртінші тоқсанда – 5,8%).

Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде республикада жұмыспен қамтудың белсенді шаралары: жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту кеңінен қолданылуда.

2011 жылы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдарға 262,5 мың адам өтінішпен барған. Осы өтінішпен барғандардың үшінші бөлігі немесе 91,2 мың адам ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

2011 жылғы 1 қаңтарда жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздардың саны 94,0 мың адам болса, өткен 2010 жылы – 117,7 мың адам болған еді.

Жұмыспен қамту органдарының жәрдемдесуімен жалпы өтініш бергендердің ішінде 184,7 мың адам немесе 70,3 %, ал ауылдық жерлерде – 61,8 мың адам (67,8 %) жұмысқа орналастырылды.

Жалпы өтініш бергендердің ішінде 128,8 мың адам (47,2 %), оның ішінде ауылдық жерлерде – 58,4 мың адам (64,0 %) адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.

25,3 мың адам кәсіптік оқуға жіберілді, олардың ішінде 24,6 мың адам оқуды тәмамдап шықты, 19,7 мың адам (оқуды тәмамдағандардың 79,8 %) жұмысқа орналастырылды, ал 1,1 мың адам өз кәсібін ашты.

Облыс әкімдерінің деректері бойынша 2010 жылы елімізде 242,8 мың жұмыс орны, оның ішінде 172,7 мың – тұрақты, ал 70,2 мың –уақытша және маусымдық жұмыс орны құрылған. Экономика салалары бойынша тұрақты жұмыс орындарының басым үлесі шағын бизнес саласында – 95,1 мың, оның ішінде саудада – 40,3 мың, құрылыста – 29,3 мың, ауыл шаруашылығында – 25,7 мың және өнеркәсіпте – 25,4 мың болып отыр.

Сонымен қатар, еңбек рыногындағы:

  • жұмыспен тиімсіз қамтудың басым болуы;

  • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың біліктілік-кәсіптік құрылымының сәйкессіздігі;

  • кадрларды даярдаудың экономика қажеттіліктеріне сәйкес болмауы;

  • халықтың жекелеген топтарының (әйелдер, жастар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, мүгедектер) жұмысқа орналасу қиындығы;

  • өңірлік еңбек рыноктарындағы сараланым өзгешеліктері;

  • тоқырау, ауылдық аудандардағы және шағын қалалардағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;

  • іргелес мемлекеттерден жұмыс күшінің заңсыз ағымы сияқты өзекті проблемалар әлі де сақталуда.

  • Жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды шешу үшін Үкімет бірқатар бағдарламаларды, оның ішінде оның ішінде:

Әлеуметтік реформаларды одан әрі дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады. Осы бағдарламада көзделген жұмыспен қамту мәселелерін шешу жөніндегі шаралар:

  • ДСҰ кіргеннен кейін экономиканы қайта құрылымдау нәтижесінде босайтын қызметкерлерді қорғауға;

  • ДСҰ кіру салдарынан зардап шегуі мүмкін халықтың неғұрлым кедей буындарының табысына қолдау көрсетуге;

  • азаматтардың заңды сектордағы жұмысқа деген уәждемесін арттыруға және көлеңкелі жұмыспен қамтуды заңдастыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Экономикалық тұрғындар белсенді халық, мың адам

8028,9

8228,3

8415,0

8457,9

8610,7

8774,6

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

7403,5

7631,1

7857,2

7903,4

8114,2

8301,6

Жалдамалы қызметкерлер, мың адам

4776,6

4973,5

5199,4

5238,8

5409,4

5581,4

Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер, мың адам

2626,9

2657,6

2657,8

2664,6

2704,8

2720,2

Жұмыссыздар, мың адам

625,4

597,2

557,8

554,5

496,5

473,0

Жұмыссыздық деңгейі

7,8

7,3

6,6

6,6

5,8

5,4

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жас)

12,1

9,4

7,4

6,7

5,2

4,6

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-28 жас)

11,1

9,6

8,2

8,5

6,6

6,3

Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, %

4,0

3,3

2,8

2,5

2,2

2,1

Ескерту – кесте ҚР статистика агенттігінің деректері негізінде жасалған

Кесте 1 Қазақстан Республикасындағы негізгі еңбек нарығының көрсеткіштері

Бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту Бағдарламасының шеңберінде 900 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру, 403,1 мың адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, 333,5 мың адамға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ 70,8 мың жұмыссызды кәсіптік оқуға және қайта даярлауға жіберу, 2007 жылдың аяғына дейін жұмыссыздық деңгейін 7,2 % төмендету көзделеді.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы Заңымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орны институтын енгізу алдағы уақытта халықтың жұмыспен қамтылуын, нысаналы топтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің деректері бойынша 2010 жылы 5161 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылып, оларға нысаналы топтардағы 5356 жұмыссыз, оның ішінде – 650 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жергілікті бюджеттен 123,9 млн. теңге қаржыландыру қамтамасыз етілді.

Өткен жылы «Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 612 қаулысын қабылдау арқылы Қазақстан азаматтарына шетелге шығу кезінде делдалдық көмек көрсетуге бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылданды. Бұл өзгерістермен лицензия алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі ұлғайтылды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартумен және Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін шығарумен байланысты қызметке лицензия алудан үміткер заңды және жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді.

Ішкі еңбек рыногын қорғау үшін жыл сайын республикаға шетелдік күшін тартуға квота белгіленеді, ол 2010 жылы экономикалық белсенді халықтың 0,32 % құрады.

2010 жылғы 1 қаңтардағы оперативтік деректер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 19,7 мың шетелдік маман еңбек қызметін жүзеге асыруда. Шетелдік мамандарды тартатын ұйымдарда есепті кезеңде 251,4 мың қазақстандық азамат жұмыс істеген. Қазақстандық азаматтардың басым бөлігі Қарағанды облысында – 58,5 мың адам, Алматы қаласында – 40 мың адам, Шығыс Қазақстан облысында – 24,2 мың адам, Атырау облысында – 23,8 мың адам жұмыс істейді.

Өткен кезеңде жергілікті халық үшін 32,8 мың жұмыс орны құрылды, 13,5 мың қазақстандық жаңа кәсіптерге оқытылды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2005 жылы кәсіпорындар мен ұйымдардағы қауіпсіз еңбек жағдайларының және еңбек туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін республика ұйымдарында 20845 тексеру мен зерттеулер жүргізді, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 % артық. Тексерулер барысында 137971 заңнама бұзушылық, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнама мәселелері бойынша – 75737, бұл жалпы заңнама бұзушылықтардың 55 % құрайды, еңбек туралы заңнаманы – 59196 (43 %), халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы – 3238 (2 %) бұзушылық орын алды.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша заңды және ұйымдардың лауазымды тұлғаларына қатысты мемеңбек инспекторлары бұзушылықтарды жою туралы 25083 ұйғарым, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнама мәселелері бойынша – 12103, еңбек туралы – 11448, халықты жұмыспен қамту туралы – 1532 ұйғарым шығарды, сондай-ақ жалпы сомасы 106,4 млн. теңгеге 6600 айыппұл салынды, бұл орайда өндірілген айыппұл сомасы 55,7 млн. теңгені құрады.

Мемеңбек инспекторлары қабылдаған құқықтық әсер ету шаралары нәтижесінде жұмыс берушілер 12786 бұзушылықты жойды, бұл еңбек заңнамасын бұзушылықтардың жалпы санының 93 % құрайды.

Еңбекақы төлеу және еңбекті нормалау саясаты, халықтың табысы Министрлікте халық табысының одан әрі өсуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.

2005 жылғы 1 қаңтардағы ең төмен жалақы мөлшерін 7000 теңгеден 2011жылғы 13750 теңгеге дейін көбейту ең төмен күнкөріс деңгейін әжептәуір арттыруға мүмкіндік берді. Бюджеттік сала қызметкерлерінің базалық лауазымдық жалақысының мөлшері 30% арытқан.

Президенттің Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру үшін 2005 жылғы 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 32 % арттырылды.

2011 жылғы қаңтар-қараша айларында республика бойынша орташа айлық жалақы 14900 теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2 %, нақты алғанда 10,8 % көбейді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес 1 және екінші разрядтағы жұмысшылардың лауазымдық қызметақыларын (ставкаларды) есептеу үшін алынатын коэффициенттердің мөлшері тиісінше 1,07 және 1,09 (базалық қызметақы мөлшерінің 6600 теңге деңгейі сақтала отырып) көбейді.

Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 305 Өкімімен құрылған жұмыс тобы қызметі аясында қаралады.

Өнімінің (қызметтерінің, жұмыстарының) бағаларына (тарифтеріне) мемлекеттік реттеу енгізілетін субъектілердің еңбегі жөніндегі нормативтерді және еңбекақы төлеу жүйесін келісу бойынша сараптамалық бағалау жүргізілді.

Өнімінің (қызметтерінің, жұмыстарының) бағаларына (тарифтеріне) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбегін нормалау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу үшін жұмыс тобы құрылды, оның ұсыныстары Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі.

«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және қолдану ережесі» әзірленді.

Еңбек нарығы. Облыста еңбек нарығы – жұмыспен қамтылғандардың өсуі мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен сипатталады.

2011 жылдың IV-тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 8906,4 мың адамды құрады, оның ішінде 92,6% – экономикада жұмыс істейді, 7,2% – жұмыс орны жоқ, алайда белсенді түрде оны іздеп жүрген және табылған жағдайда оған кірісуге дайын жүргендер. Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі 69,5% құрады.

Экономикада жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшылардың үлесі 47,6%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 52,4% құрайды. Еңбек нарығында халықты жұмыспен қамтылу деңгейі көтерілуде және халықтың өз бетінше жұмыспен қамтамасыз етілуі, әсіресе ауылды жерлерде қосалқы, немесе жеке шаруашылық жүргізушілер есебінен орын алған.

2010 жылы облыстың ірі, орта және шағын кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарында (заңды тұлғаларда) жалдамалы негізде жұмыс істейтіндер саны 318,4 мың адамды құрады, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 227,2 мың адам (71,4%), ал шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда – 91,2 мың адам (28,6%).

Халықаралық еңбек жөніндегі ұйымның әдістемесі бойынша анықталған жалпы жұмыссыздар саны, оның ішінде өз бетінше жұмыс іздегендерді қоса алғанда (жұмыспен қамту органына өтініш білдірмегендерді қоса) 2011жылдың ІV-тоқсанында 478,5 мың адамды құрады, оның ішінде 43,9% – ауыл тұрғындары.

2010 жылдың 1 тоқсанында тіркелген жұмыссыздар саны 6,2 мың адамды, немесе . Тіркелеген жұмыссыздық деңгейі – 0,86% (2010 жылдың 1-қаңтарында – 0,95%).

Облыста кедейлікті төмендету бойынша 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны орындау барысында, 2005 жылы 14514 жаңа жұмыс орындары, оның ішінде өнеркәсіпте – 1657, ауыл шаруашылығында – 1584, құрылыс және коммуналдық шаруашылықта – 2343, білім және денсаулық сақтауда – 3616 жұмыс орындары құрылды.

Жұмыссыз халықты еңбекпен қамту деңгейі өсуде. 2010 жылы жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 24150 адамның – 17959, немесе 74,4% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 2004 жылы бұл көрсеткіш 50,1% болған. Қоғамдық жұмыстарға 9634 ресми тіркелген жұмыссыз, кәсіби оқытуға – 1550 адам тартылды..

2005 жылдың қаңтар-қарашасында облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 82391 теңгені құрады, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,5% артық. Нақты ақшалай табыс осы кезеңде 10,3%-ға өсті.

2010 жылдың желтоқсанында жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 5581 теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,4% артты.

2011 жылы облыс бойынша қызметкерлердің (шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарды қоса есептегенде) атаулы орташа айлық жалақысы 22429 теңгені құрап, күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан – 3,2 есе, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерінен – 2,4 есеге артты. Кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 22833теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 17,9% өсті.

2010 жылы тұтыну бағасы индексін есепке алғанда, облыс бойынша орта есеппен нақты орташа айлық жалақы 200 жылмен салыстырғанда 10,5% артты.

Халықты әлеуметтік қорғау. Кедейлікті төмендету бойынша бағдарламаны іске асыру шеңберінде, жергілікті бюджет қаржысынан 92355 аз қамтылған азаматтарға 642,8 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Кедейлікті төмендету іс-шараларының тиімділігін арттыру және халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын ұлғайту мақсатында, 278 аз қамтылған отбасыға – 1332,3 гектар жер үлесі, 623 отбасыға – 2378 бас ұсақ және мүйізді ірі қара мал, 1165 – үй құстары, 561 отбасыға 27,4 млн. теңге көлемінде шағын несие бөлініп берілді.

2009 жылы 76896 адамға 580,5 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 2264 отбасыға 22,2 млн. теңге көлемінде тұрғын үй көмегі көрсетілді. 1269 мүгедек балаларға 10,0 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. 11602 мұқтаж жандарға 102,5 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]