Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Nurdaulet 1111111

.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
248.32 Кб
Скачать

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде кедейшілік шегінен төмен табыс табатын азаматтардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 25,3%-ға кеміп, 53552 адамды, немесе облыс халқының 2,4% құрады.

Қартайған және жалғыз басты азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. 2,3 мың жалғыз басты қарияға әлеуметтікөмек көрсететін 26 бөлімше, сонымен қатар, төмендетілген бағамен тауарлар өткізетін дүкендер, киім-кешек және аяқ-киім, ыстық тамақ беретін пункттер жұмыс істейді.

Кейінгі жылдары еңбек рыногындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейінің төмендегені, жұмыс күшінің секторлар мен экономика салаларында мемлекеттік емес секторлар пайдасына қайта бөлужалғасын тауып келе жатқаны, өз бетімен жұмыспен қамтылған халық санының өсуі, сонымен қатар жалданып жұмыс істейтіндер санының азаюы байқалады.

Облыстық статистика басқармасы өткізген халықты ішінара тексеру деректері бойынша 2010 жылы жұмыспен қамтылмағандардың көбісі 15-39 жастағы адамдар (57,1%), жастар (16-24 жас) арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі 22,8 %.

Экономикалы тұрғыдан іскер халық арасындағы жұмыссыздықтың жалпы

2011 жылдың басында 10,4 % құрады, бірінші жартыжылдықтың аяғына 9,1%-ға азайды. Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданында 6,4 %-дан, Ақсу ауданында 15,4 %-ға дейін өзгереді. Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша 2011 жылдың 1-ші шілдесіне қарағандағы жұмыссыздардың жалпы саны 5,5% құрады, бұл, былтырғы жылғымен салыстырғанда орташа алғанда 3858 адамға, немесе 5,1 %-ға аз деген сөз.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының қабылдануына байланысты, басқа жылдарға қарағанда, 2002 жылы жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны әжептеуір көбейді. Уәкілетті органдарға қатынасқандардың саны 1996-1997 жылдардағы деңгейге жақындайды, ол кезде жұмыспен қамту қызметіне 45 %, яғни 41 мың жұмыссыз азамат қатынасқан.

2009 жылдың 1-ші жартыжылдығында 31020 адам жұмыссыздар ретінде тіркелген, бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,5 есеге көбейгенін көрсетеді.

2009 жылдың 1-ші қыркүйегіне жұмыссыздық деңгейі 2,0%-дан 2,8 %-ға өсті.

Еңбек рыногында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың квалификациялық-кәсіби құрылымдарының сәйкессіздігі орын алған Жоғары кәсіби жұмыс күші, әсіресе жоғары білімді мамандар, білікті жұмысшы кадрлар кеткендіктен лайықты дайындығы жоқ адамдардың саны артады. Сонымен қатар инженерлік кадрларға, көпшілік кәсібінің жоғары білікті жұмысшыларына тұрақты сұраныс қалыптасады. Сондай ақ, юрист, экономист, мұғалім, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешісі сияқты жекелеген мамандықтар бойынша жоғары және орта кәсіби мамандық иелерінен құралған жұмыссыздардың потенциалы қажет болмай қалуда.

2009 жылдың 1-ші шілдесінен есепте тұрған жұмыссыздардың ішінде 1170 адам (4,7%) - жоғары білімді, 14619 (59,2%) - орта білімді, 4016 адам (16,3%) - орта кәсіби білімді, әлі де болса, ауылдық елді мекендерде жұмыспен қамту проблемасын шешу қалаға қарағанда қиындық келтіреді. 2002 жылдың 1-ші тоқсанында, орта есеппен алғанда, облыс бойынша әрбір бесінші жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылса, ауыл тұрғандарының арасынан әрбір жетіншісі қамтылады.

Біліктілік талаптарының жоғарылауына байланысты, кәсібі және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жастардың жұмысқа орналасу мүмкіншілігі төмендейді. 2009 жылы жастардың арасынан әрбір алтыншы жұмысқа орналасса, 2009 жылы әрбір тоғызыншы ғана орналасатын болады.

Жұмыс орындары жетіспеген жағдайда, еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеті төмен мүгедектердің проблемасы қиындай түседі. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген мүгедектердің саны аз болғанмен, 2009 жылғы 15 адамнан 2010 жылдың алты айында 43 адамға дейін көбею тенденциясы байқалады.

Әдеттегідей, біліксіз жұмыс күші болатын репатрианттарды (оралмандарды) жұмысқа орналастыру деңгейі төмен: 2010 жылы 4,6% - ғана, 2011 жылы - 12% құрады.

Шағын қалаларда және ауылдық жерлерде әсіресе әйелдерді жұмыспен қамту проблемасы күн тәртібінен түспей тұр. 2010 жылдың алты айы аралығында жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органдарға өтініш жасаған әйелдердің жалпы санының -56,3% ауылдық жерлердің тұрғындары. Жұмыссыз әйел, жанұя мүшелерін күтумен қатар қосымша табыс көздерін іздеуге мәжбүр болады.

Зейнеткерлік жасқа таяп қалған адамдарды, әсіресе әйелдерді, жұмысқа қабылдау кезінде жасы және жынысына байланысты кемсіту мәселенің шешілуін қиындата түседі. Зейнеткерлік жасқа таяп қалғандар, еңбек рыногында мүмкіншіліктері төмен болғандықтан, жұмыспен қамтуға уәкілетті органдарда тіркелуден бас тартады. Мәселен, халықтың осы санатынан, 2009 жылдың 1-ші жартыжылдығында жұмысқа орналасуға көмектесу жөнінде 7830,4-ғана адам,

Жұмысқа тұру, дұрыс табыс табу мүмкіндігі болмағандықтан ер адамдардың отбасындағы асыраушы ретіндегі статусы төмендейді. Дұрыс жұмыс табысы жоқ және бұрынғы әлеуметтік статусқа сай келмейтін жұмыстан, ер адамдардың көбісі бас тартады. Нәтижесінде жұмыссыздар құрамында маргинализация жүреді, уәкілетті органдарда көбінесе жұмыспен қамту мәселелері жөнінде тек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тіркелетін бәсекеге жарамсыз азаматтардың үлесі көбейе түседі.

Облыстың еңбек рыногына әсер ететін проблемалардың бірі ТМД қатысушы-мемлекеттерінен келетін жасырын еңбек көші-қоны. Қазақстандық кәсіпкерлердің көбісі, шетелдік жұмыс күшінің арзандығына байланысты, біліктілігі төмен, жасырын еңбек босқындарын жалдайды. Бұл бейресми секторлардың және заңсыз жалдаудың кеңеюіне соқтыратын әділетсіз бәсеке тудырып, жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етеді.

Соңғы проблема жұмыс күшiнiң салааралық қайта айналуы мен өңiраралық ауысуы, оны жұмылдыруды арттыру есебiнен жеңiлдейтiн болады. Бұл кадрларды, оның iшiнде жұмысшы мамандарын кәсiби даярлау және қайта даярлауды мемлекет арқылы да, өңiрлердегi еңбек рыногы мен тұрғын үй, әлеуметтiк-тұрмыстық блок, өндiрiстiк инфрақұрылымды және т.б. дамытудың жекеше жүйесi арқылы да жүзеге асыруды талап етедi.

Бүгiнде Қазақстанның еңбек және жұмыспен қамту рыногына Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетел компанияларындағы шетел мамандары мен жұмысшыларының ағылып келуi айтарлықтай салмақ түсiрiп отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алдына қойған мақсат бұл–әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, халық шаруашылығы құрылымында жоғарғы технологияны пайдалану болып табылады. Міне осыған жетуіміз үшін, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруіміз қажет, түрлі меншік иелеріне жол ашып, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жетуіміз қажет.

Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық субъектінің жұмысын жетілдіру және бақылау үшін бухгалтерлік есепті және аудитті белсенді пайдалану қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Демек бухгалтерлік есеп және аудит шаруашылық қызметі сипаттап қана қоймай, оның дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ қазіргі нарықтық экономика кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кезеңдегіден болмасын күрделі болып отыр. Өйткені қазір де қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс жабдықтарына түрлі меншіктермен қатар кооперативтер орын алуда және олардың дамуына Қазақстан Республикасының меншік туралы заңдары арқылы кең өріс ашылуда. Осыған орай қазіргі нарықтық экономика кезеңіндегі шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық және қаржылық қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Кейбір субъектілер өндірген өнімге норма бойынша қажетті еңбек шығындарын көп жұмсап, еңбек өнімділігін қолдан кемітіп жүр. Содан шаруашылықтың табысын азайтып мемлекеттік төленуге тиіс салықтардың мөлшерін азайтып көрсетеді. Мұндай жағдайда еңбектің есебін жетілдіруге кері әсерін тигізуде. Сондықтан еңбек есебін жетілдіру және оған ақы төлеуді жақсартудың біздің ойымызша шаруашылықтың барлық түрлеріне еңбек күнге көшірудің маңызы үлкен. Себебі оның есебін жүргізу аса күрделі емес және шаруашылық үшін тиімді.

Осыдан іс тәжірибе еңбекақы пәнінің жаңа түсінігін іске асыру мақсатында, еңбек төлемін басқаруда болған жетіспеушіліктерді жоюда және жұмысшылардың жағдайын жақсартуда және экономиканы нығайтуда оны қолдану мүмкіндіктері ұсынылады– Халықаралық негізде талқылауды және еңбекақы бойынша экономикасы дамыған елдердің тұжырымдамасында іс тәжірибесі есебі мен, осы сұрақтағы барлық деңгейдегі басқарушы органның рөлі мен бірқалыпты орнын белгілеуді анықтау.

Еңбекақы бойынша белгіленген тәртіптегі заңды құжаттарды қабылдау, онда есеп айырысудың қолдану тәртібі және тұтыну қорының анықталуы, күн көрістің төменгі мөлшері, тарифтік ставка көрсетілуі қажет.

Өнеркәсіпте және экономиканың басқадай саласында еңбек өнімділігінің өсуі бойынша үкімет деңгейінде арнайы бағдарламаларды өңдеу және орындау.

Жоғарыда айтылған мәселелерді қорыта келе кез келген кәсінорында, мекемелерде, ұйымдарда яғни кез келген шаруашылық субъектілерінде еңбек ақы есебін дұрыс жүргізу, кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырып, сол кәсіпорынның қызметін алға жүргізу үшін олар келесі міндеттерді орындау керек:

  1. Шығарылатын өнімдер істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбек ақы мөлшерін дұрыс анықтау.

  2. Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.

  3. Жұмсалынған еңбектің саны мен сапасын бақылау.

  4. Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін еңбек ақы қорынан қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.

  5. Жұмысшы қызметкерлер мен уақытылы дұрыс есеп айырысу.

  6. Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.

Еңбек және еңбек жайлы белгілер статистика және бухгалтерлік қорытынды есепті сонымен қатар еңбек пен еңбек ақы есебін ұйымдастыру одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:

  1. Еңбектің өнімділігі мен орындалатын жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбек ақы тиімді түрлерін кеңінен қолдану.

  2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдау.

  3. Еңбек ақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қадағалау.

  4. Еңбекақы еңбек ақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану: алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Курстық жұмысты қорытындылай келіп, біздің міндетіміз – еңбек есебін үздіксіз жетілдіріп отыру және осы арқылы, шаруашылық субъектінің экономикасын күшейту, осы арқылы, халық әл-ауқатын арттыру. Сөйтіп осы күнгі экономикалық тығырықтан шығу. Ол үшін еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, есеп жұмыстарының ең алдындағы озық тәжірибелерін пайдалану болып табылды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.Алматы. Жеті Жарғы, 1998;

  2. “Қазақстан Республикасында еңбек туралы” Қазақстан Республикасының Заңы,-Юридическая газета, 1999, 28 қазан;

  3. Волков В.И., Девяткин О.В.-“Экономика предприятия”.М.: ИНФРА-М,2002;

  4. Волков В.П., Ильин А.Н., Станкевич В.И.-М.: Новое знание, 2010;

  5. Горфинкель В.Я., Швандар В.А.-“Экономика предприятия”.М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002;

  6. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә.-“Кәсіпорын экономикасы”: Оқу құралы- Алматы: Экономика, 2010;

  7. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» К.Ш. Дүйсенбаев (Алматы 2010ж.)

  8. «Методика финансового анализа» Шеремет А.Д. (Москва 1995г.)

  9. «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности » (Минск 2009г.)

  10. «Анализ финансового состояния предприятия» Ковалев А.И. (Москва 2009)

  11. «Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции» Радионова В.М. Федотова М.А. (Москва 1995г.)

  12. «Финансовый менеджмент» №1 / 2004 Грачев А.В. «Финансовый директор  торгово-производственного холдинга».

  13. «Финансовая устойчивость предприятия: анализ, оценка и управление» Грачев А.В. (Москва 2010)

  14. «Как анализировать финансовое положение предприятия» Ефимова О.В. 1994г.

  15. 2001-2010 жылдардағы «Халықтың табыстарын саралаудың негізгі көрсеткіштері» бюллетені, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Астана, 2011 жыл

  16. 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлемі туралы есеп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана, 2011 жыл

  17. 2010 жыл бойынша Қазақстандағы Мыңжылдықтың даму мақсаттары туралы есеп, Астана, 2010 жыл

  18. Қазақстан Республикасы Сататистика агенттігінің //www.stat.kz сайты

  19. «Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі» жинағы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Астана, 2011 жыл

  20. «Қазақстан Республикасындағы еңбекақы» жинағы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Астана, 2011 жыл

29

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]