- •1 Туризмдегі маркетингтің теориялық негіздері
- •1.1 Туризмдегі маркетингтің мәні мен мазмұны
- •Маркетингтің жеке элементтерін қолдану (жарнамалар, сатуды стимуляциялау, көрмелерге қатысу)
- •Жеке бірімен-бірі іштей байланысты әдістер мен мәліметтерді пайдалану (мысалы, нарықтың сегментациясы және осыдан шығатын туристік ұсыныстарды қалыптастыру немесе ұйымдастыру);
- •Қожайындық шешімдерді ойлауды нарықтағы бағыттауды пайдалану.
- •1.2 Туристік нарық және оның ерекшеліктері
- •2 Туризм нарығын маркетингтік талдау
- •2.1 Аймақтағы туризмнің жалпы жағдайы
- •2.2 Туристік нарықты маркетингтік талдау
- •2.3 Аймақтағы туристік нарықты маркетингтік зерттеу
- •3 Туристік нарықтағы маркетингті жетілдіру жолдары
2.2 Туристік нарықты маркетингтік талдау
Жалпы Қарағанды облысында 2006 жылғы мәлімет бойынша 157 кәсіпорын жұмыс жасайды (сурет 2.1), оның ішінде 52 туристік фирма, 6 туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер, 58 орналастыру объектілері, 41 келермендерді орналастыру мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер (кесте 2.2)
Сурет 2.1 2006 жылғы қызмет көрсеткен туристік кәсіпорындар саны

Төмендегі кестеде Қарағанды облысы бойынша орналастыру объектілері, туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер, кіру және шығу туризмі жайлы сандық көрсеткішпен көрсетілген.
Осы туристік нарықта жетекші турфирмалардың бірі Қарлығаш турфирмасы. Қарлығаш турфирмасы 1992 жылдан бастап туристік бизнесте жұмыс атқарады және жылдан жылға даму үстінде.
Кесте 2.2 Қарағанды облысы бойынша туристік қызметтің негізгі көрсеткіштері
|
|
2004ж |
2005ж |
2006ж |
|
Кәсіпорын саны, бірлік |
68 |
122 |
157 |
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
Туристік фирма |
29 |
46 |
52 |
|
Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер |
5 |
5 |
6 |
|
Орналастыру объектілері |
31 |
45 |
58 |
|
Келер-ді орналас-мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер |
3 |
26 |
41 |
|
Қызмет көрсетілген келермендер, адам |
106053 |
161477 |
194033 |
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
Туристік фирма |
11500 |
15393 |
15032 |
|
Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер |
2500 |
2424 |
2879 |
|
Орналастыру объектілері |
76474 |
110105 |
107080 |
|
Келер-ді орналас-мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер |
15579 |
33555 |
69042 |
|
Туризм типі б-ша қызмет көрсетілген келермендер саны, адам |
106053 |
161477 |
194033 |
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
Келу |
12098 |
14387 |
18995 |
|
Шығу |
10440 |
14164 |
13324 |
|
Ішкі |
83515 |
132929 |
161714 |
|
Көрсетілген қызмет көлемі,мың, теңге |
714732,3 |
1161009,1 |
1694009,5 |
|
Оның ішінде |
|
|
|
|
Туристік фирмалармен |
94787,7 |
47226,9 |
315880,1 |
|
Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер |
5157,2 |
52209,9 |
5432,1 |
|
Орналастыру объектілері |
547831,0 |
967875,8 |
1190460,3 |
|
Келер-ді орналас-мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер |
66956,4 |
93696,5 |
182237,0 |
Осы күнде туристік бизнесте турфирма мынадай туристік қызметтер көрсетеді: Қазақстан бойынша және шет елдерде демалып қайтуға және ем қабылдауға, экзотикалық демалыс, жағажай демалысы, тау щаңғылы курортта белсенді демалыс, балаларға арналған және де басқа да түрлері бар. Сонымен қатар турфирма әр түрлі елге топтық турларды да және жеке тұлғалардың да тапсырысын қабылдай алады (Кесте 2.3, 2.4).
Турфирмадан әлемнің қандай да елі болмасын сіз отельді брондауға, виза алуға авиабилет сатып алуға, дәрігерлік сақтандыру және де т.б. қызметтер көрсетіледі.
Саяхаттауға Италия мен Францияға, жақсы демалу үшін Түркияның курорттарына жібере алады. Егерде экзотиканы жақсы көретін болса Тайланд пен Малайзияға, ал жақсы ем алғысы келетіндерді Чехия мен Қытай елдеріне жібере алады.
Сонымен қатар Қарлығаш турфирмасы үлкен туроператорлық компаниялармен қызметтес.
Кесте 2.3 Қазақстан аймағы бойынша жолдамалар құны
|
Турфирмалар атауы |
Жолдамалардың құны, күніне мың теңге | ||||
|
Алматы |
Астана |
Бурабай |
Қарқаралы | ||
|
Қарлығаш |
3500 |
4000 |
3900 |
3000 | |
|
Жанар-Трэвел |
4000 ж/е жоғары |
4000 ж/е жоғары |
4700 |
3500 | |
Кесте 2.4 Шет елдер бойынша жолдамалар құны
|
Турфирмалар атауы |
Жолдамалардың құны, $ | ||||
|
Тайланд |
Франция |
Египет |
Түркия | ||
|
Қарлығаш |
1400 |
2000 |
1200-1700 |
990 | |
|
Жанар-Трэвел |
1500 |
2000 |
2000 |
1000 | |
|
Гүлнар-Тур |
800 |
1700 |
1700 |
1000-1200 | |
Қарағанды облысында шығу туризмі жылдан-жылға даму үстінде, оның ішінде бос уақыт және демалыспен Түркия, Франция және БАӘ-не, ал коммерциялық мақсатпен Қытай және БАӘ-не сапар шегуде. Германияға таныстарымен туысқандарына, яғни бұл елдерге жылына Қарағанды облысы бойынша мыңның үстінде адам саяхаттайды. Сонымен қатар Литва, Тайланд, Египет, Ресей елдеріне де жылына жүзден астам адам саяхаттайды.
Туризм дамуының басым бағыттарынан келіп-кету бағыттарын және ішкі бағыттарды бөліп көрсетуге болады (Сурет 2.2). Облысымызда болып қайтқан туристер негізінен Ресей Федерациясынан, Германиядан, Қытайдан, Франциядан туыстарына барып қайту мақсатымен, іскерлік мақсаттармен, сондай-ақ демалу және танымдық мақсатпен келді.
Сурет 2.2 Туризм типтері бойынша туристік фирмалар қызмет көрсеткен келермендер саны

Орталық қазақстандықтар сапарының негізгі бағыттары Ресей, Германия, Қытай, БАЭ, Түркия болды. Аталған елдерден басқа туристер тағы да әлемнің 20-дан астам елінде болып қайтты.
Туристік фирмалар «Қарлығаш», «Жанар-Трэвел», және т.б. тур фирмалар көптеген турларды әзірледі. Өлкенің жақсы табиғат ландшафты, балықты өзендер мен көлдердің көптігі, жабайы аң мен құс аулау фирмаларға суда жүзу, балық аулау, аң аулау турларын және ғылыми турлар, пантамен емделуді және санаторилік-курорттық демалу ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәдени-танымдық турлар ескіліктің, халық тарихының, мәдениетінің әуесқойлары үшін қызықты. Оларға Қарқаралы ауданындағы қонақтар үйлері қызмет көрсетеді, мұнда жергілікті жердің салт-дәстүрімен, ұлттық тағамдарымен танысып, омарталарды және марал өсіру фермаларын аралауға болады. Қарағанды өңірі де қызықсыз емес. Мұнда бай мәдени-тарихи мұраны танымдық, ғылыми және этникалық туризм объектісі ретінде қарауға болады. Тұрғындарға мына сауықтыру орталықтары қызмет көрсетеді: «Берёзка», «Барлық Арасан» санаторилері, «Щахтёр», «Жартас», «Сосновый бор», «Сары-Арқа», «Жосалы», «Барс» демалу базалары және т.б.
Бұған қоса, бай табиғат және мәдениет әлеуетіне негізделген облыстың қазіргі заманғы туристік индустриясы халықаралық талаптарға сай емес және туристік саланың және туризммен аралас салалардың тұрақты дамуын қамтамасыз етпейді. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағаттанғысыз жағдайы, батыстық туристің біздің өлке туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, облыстың кейбір аудандарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы.
Туристік қызметтің негізгі мәселелерінің бірі – ол туристерді орналастыру объектілерімен қамтамасыз ету. Қонақ үй индустриясы – бұл туристерді қабылдап, орналастыратын және қажетті қызмет түрлерін көрсететін туризмнің ажырамас саласы. Қазіргі типтес алғашқы қонақ үйлердің даму тарихы ертеден басталады. Мысалы: Батыста отель бизнесінің дамығанына 200 жылдан астам уақыт өтті. 1829 ж. Бостонда әлемдегі алғашқы қонақ үй «Гремон-Хаус» салынған болатын. Өркениетті елдердің көпшілігінде қонақ бизнесі табыстың негізгі көзіне айналған. Қазіргі кезде әлемдік қонақ үйлер туристердің кез-келген талғамын қанағаттандыра алатын дәрежеде.
Қарағанды қаласының орналастыру объектілерінің ішінде бір қонақ үйді алып қарастырсақ, мысалы «Достар-Әлем».
4 жұлдызды «Достар - әлем» қонақ үй кешені өте жоғарғы деңгейдегі қызмет пен максималды ыңғайлылықты ұсынады. «Достар - әлем» қонақ үй кешені. Қарағанды қаласының ең бір тыныш әрі әдемі бұрышында және қала сандалы мен өнеркәсіптердің шуынан қашық жерде этно саябақта орналасқан.
Бұл жерде демалуға және өнімдік қызмет үшін керектілердің бәрін де табуға болады: бизнес-орталық, 2 конференц-залы, ресторон, бар, боулинг-клуб, сауна, фитнес орталық, шаштараз, авто тұрақ бұлардың бәрі сізге қызмет көрсетуге әрдайым дайын.
Орталық залда, кешенге ерекше сән беріп тұрған 12метрлік сарқырама орналасқан.
ОТЕЛЬ: 40 номерді қамтиды, оның ішінде 9 стандартты 1орыны бөлме, 6 стандартты 2орынды бөлме, 9 жақсартылған бөлмелер, 7 «жартылай-люкс» номерлер класы, және 6 «люкс» номерлерін құрайды. Сонымен қатар президенттік аппартаменттер бар.
Барлық номерлер желдеткіштермен, мини-бар, қала аралық жане халықаралық телефон байланыстарымен және интернетке шығу мен спутниктік теледидарлармен қамтамасыз етілген.
Енді «COLISENT» ресторанына тоқталатын болсақ, ол ашфитеатр үлгісінде салынған және 200-250 адамға арналы жасалған және тағы бір ерекшелігі ол әр түрлі кештер, конференция, презентация, мереке, жарыстар мен сайыстар, спорттық кештер өткізілетін конференц залына айналдыруғада болатындығында. Екі қабатты жылжымалы сахнасы түрлі режиссерлік ойларды іске асыруға мүмкіндік береді. Ресторан қазіргі заманғы түрлі-түсті жарық беру және дыбыстық құралдармен қамтылған. Банкетке тапсырыс беру әр адамнан 4000тенге ақымен келісіледі.
Сонымен қатар жаңартылған ас-үй құралдары, персоналдардың жоғарғы деңгейдегі қызметі, өнімнің сапалығы үшін қатаң бақылаулар, бұның бәрі де нағыз талғампаз қонақтың өзінің қажеттілігін қанағаттандыратыны сөзсіз.
«Томирис» банкет залы – бұл 50 адамға арналған жаңа банкет залы. Ол кешеннің інжу – маржаны деп те аталады. Бұнда сіз ерекше этникалық әуендерге қанығып, нағыз шығыс ас-үй тағамдарынан дәм тата аласыздар. Залды жалға алу 35000тг.
Лобби – бар «APOLLO» туралы айтатын болсақ бұл грек стильімен сәнделген 40 орындық бар. Бұнда демалып қана қоймай маңызды іскерлік мәселелерді шешуіңізге болады. Бар тәулігіне 24 сағат жұмыс жасайды.
«Достар - әлем» қонақ үй кешені сонымен қатар «Достық» конференция залын қамтиды – онда 200 адамға лайық орынмен жаңа заманға сай техника мен жиһаздармен қамтылған. Бұл жерде дөңгелек үстелдер өткізуге болады. Жалға алу сағатына 10000тг.
Сонымен қатар кіші конференция залы бар онда 60 адам сияды. Ерекшелігі мультимедиялық проектермен көрнектелген. Жалға алу сағатына 4000тг.
Бизнес орталықта маңызды іскерлік кездесулер, жиналыстар т.б жиындар өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Интернет, сканер, ксерокс қызметтері еңбектеріңізде табысқа жетуге көмегін тигізеді. Жалға сағатына 4000тг мен алуға болады.
Бильярд залы сіздерге тек қана ойын ойнап демалып қана қоймай түрлі бонустар, сыйлықтар ұсынады. Ол сағатына 500тг.
«Хамаш» сауықтыру фитнес орталығының құрамына: Түрік моншасы кіреді, ол жер мәрмәрмен сәнделген, әрі жеткілікті ыссылық, судың сылдыры, тас ыдыстарға толтырылған сулар сіздерге ерекше бір әсер береді.
Сонымен қатар бұндағы Джакузи мен Бассейін табиғи тастар мен мозайкаланып жасалған. Ал Финн саунасы да өзіндік ерекше бір қолайлығымен есіңізде қалады. Сағаты 5000тг.
Бумер боулинг-клубы – 8 жолдан тұрады, AMF фирмасының құрал жабдықтарымен, «EXTREME» жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған, бильярд және VIP- бөлмелері бар.
«BOOMER» боулинг клубы – бұл спорт, ойын және демалыс. Бұл жерде ірі спорттық жарыстар ТМД елдері беулерінің қатысуымен өтіп жатады. Және балалар мен ересектерге арналған боулинг мектебі қызмет атқарады. Бұнда корпоративтік кештер мен отбасының мерекелер өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған.
Сурет 2.3 Орналастыру объектілеріндегі қызмет көрсетілген келермендер саны

Туристік қызмет көрсетудің деңгейінің жоғары болуы тұтынушыларға насихаттау жұмысының сапалы жүргізілуімен байланысты. Насихаттау қызмет саласын жарнамалау арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын тоқталамсыз, яғни – жарнама беруші, жарнама өндіруші және жарнама таратушы.
Жарнама беруші – жарнама негізін тудырушы заңды немесе жеке тұлға.
Жарнама өндіруші – жарнама берушінің негізгі туындысын өңдеп жасап шығарушы.
Жарнама таратушы – дайын жарнама өнімін әртүрлі құралдар және әдістерді пайдаланып тұтынушыларға жеткізуші.
Осы қызмет түрін көрсету №508-ші 2003 жылы 19 желтоқсанда күшіне енген Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 3-бабымен реттеліп, жүзеге асырылады.
Жарнаманың түрлері төмендегідей қарастырылады:
1) сыртқы (көрнекті) жарнама – жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама;
2) жөнсіз жарнама – мазмұны, уақытына, таратылу, орналастыру орнына және тәсіліне Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жосықсыз, дәйексіз, әдепсіз, көрінеу жалған және жасырын жарнама;
3) жарнама тұтынушылар – жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлім тобы;
4) жүгіртпе жол – жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берілетін тәсілі, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда, тұрақты орналастыру объектілерінде жиынтығымен белгілі бір ақпаратты құрайтын әріптер, цифрлар, белгілер тіркесінің тізбектесіп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
5) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен), оның айырым белгілерімен, оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткізуші туралы мәліметтер.
Қарағанды турфирмалары осының ішінде көбіне сыртқы және жүгіртпе жол жарнама түрлерін пайдаланады.
Жарнамалау кезінде төмендегі шығындар түрі кетеді:
- жарнама құралдарын таратуға кеткен шығындар (кітапшалар, плакаттар, каталогтар, жарнама хаттар);
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамаларға кеткен шығындар;
- сыртқы жарнамаға кеткен шығын;
- жарнамалық бейнефильмдерді сатып алуға және көшіріп алуға кеткен шығындар;
- жарнамалық щиттерді жасауға кеткен шығындар;
- жарнамалық материалды жасауға кеткен шығындар;
- көрмелер мен жәрмеңкеге қатысуға байланысты шығындар;
- жарнамалық тауарлардың бағаларын төмендетуге кеткен шығын үлесі;
Туристік ұйымдар қызметін жарнамалауды жарнама жасаушының жобалауда бірегей тәртіппен істелетіні анық. Жарнамалау;
- Қазақстан аумағында өз күштерімен жарнамалау қызметі;
- Жарнама таратушылардың – резидент еместердің жарнама өнімдерін дайындап орналастыруы;
- Жарнама таратушылардың – резидент еместердің жарнама өнімдерін өз күштерімен таратуы.
Ал, өндірілген жарнамалық өнімдерді тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 846-854 баптарына сәйкес келісім шарт жасасу арқылы орындалып, жарнама өнімнің экономикалық мазмұнының дәйектілігі және туралығына көз жеткізу болып табылады.
Қарағанды облысы бойынша туризмді дамыту орындарының айтсақ, әлем бойынша үлкен көлдердің бірі Балқаш көлі, осы аймақта қаншама тарихи ескерткіштер және археологиялық, этнографиялық объектілер сақталған. Қарқаралыны Сарыарқаның інжу-маржаны немесе Қазақстанның Швейцариясы деп бекерден айтпаған. Қарқаралы әсем табиғатымен туристерді, спортсмендерді және қазақстанның табиғатын жақсы көретіндерді тартады. Тұрғылықты жердің әсем жерлері халық жыраулары берген атаулармен аталады: Шайтан-көл, Айна көл, Қызыл жартас сияқты. Осының әрбіреуінің көз тартарлық орындарында туристік маршруттар бар, соның біреуі «Шахтер» демалыс үйінен Шайтан көлге дейін.
Сонымен, қорыта айтқанда 2.2 тарау бойынша Қарағанды облысының жалпы туризм жағдайы, яғни туристік фирмалар және орналастыру, тамақтандыру орындарының сандық мәліметтері және көрсететін қызметтерінен қорытынды шығару.
