Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МетодичкаKZ по лаб.жмысэлектротех.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.01 Mб
Скачать

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР

Зертханалық жұмыс 1. Тақырыбы: Electronics Workbench бағдарламасының мүмкіндіктерін оқу.

Жұмыстың мақсаты: Electronics Workbench мәзір құрамымен оқып, танысып білу

Жалпы мағлұмат

ЖЕЭМ қолданатын электрлі электронды сүлбелерде эксперименталдық зерттеуді жүргізуге мүмкіндік беретін қажетті құралдары бар қарапайым виртуалды жұмыс.

«Электротехника» пәнінен зертханалық жұмысты жүргізу кезінде Electronics Workbench. (EWB) бағдарламасы қолданылады. EWB бағдарламасы Windows ортасында жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның ерекшелігі онда өндірістік аналогтарға сипаты мен сыртқы көрінісі арқылы ұқсас бақылау-өлшегіш құралдардың болуы.

Electronics Workbench бағдарламасының негізгі қасиеттері.

Қарапайым компоненттері болып клавиатураның көмегімен өзгертуге болатын параметрлер жиынтығынан тұруы, активті элементтері – нақты бір элементті сипаттайтын немесе оның идеалды сипаты болатын параметрлер жиынтығын сипаттайтын модель болып табылады. Модель библиотека компоненттерінің құрамынан таңдалады, ал модельдің параметрлері қолданушымен өзгертіліп отырады. Модельдеудің нәтижесін принтер арқылы шығарып алуға, сонымен қатар әрі қарайға өңдеуге болатындай текстік немесе графиктік редакторға көшіруге болады.

Electronics Workbench бағдарламасында барлық элементтер қатаң бекітілген параметрлермен сипатталады, сондықтан әрбір эксперименттің қайталануы кезінде есептеу алгоритмі мен элемент параметрлерімен анықталатын нәтиже қайталанып отырады.

Electronics Workbench бағдарламасы бір уақытта сүлбенің барлық элементтері көрініп тұратындай етіп сүлбені жинауға мүмкіндік береді.

Өткізгіштер түсін өзгерту мүмкіншілігі сүлбені қарапайым үлгіде қабылдауға мүмкіндік береді. Оған қоса графиктердіде әртүрлі түспенде көрсетуге болады, ал бұл бір уақытта бірнеше тәуелділікті алуға мүмкіндік береді.

Жұмыстың орындалу реті

  1. Electronics Work bench бағдарламасының мүмкіндігімен танысу.

  2. EWB бағдарламасын қосу (Іске қосу - бағдарламалар- Electronics Workbench -Electronics Workbench).

  3. Негізгі мәзірді қарап шығу.

Окно программы EWB бағдарламасының терезесінде мәзір, библиотека компоненттерінің сызығы мен бақылау -өлшегіш құрылғылар сызығынан тұрады. Бағдарламаның жұмыс үстелінде сүлбенің қысқаша сипаттамасы мен бақылау-өлшегіш құралдарына қосылған модельденетін сүлбе келтірілген. Әрбір қажеттілік кезінде нәтижелерді бақылау және оның жұмысын бақылау үшін әрбір құралдың орнын ауыстыруға болады. Сүлбені жинағаннан кейін оны тоқ көзіне қосу қарапайым қосқышты басуға болады.

«Electronics Workbench» бағдарламасының мәзірі.

«Electronics Workbench» бағдарламасының негізгі мәзірін қарастырайық

File

Меню

сәйкес келеді:

Windows ның

ортасына

бағдарламасы

New –жаңа сүлбені құру

Open –сүлбені ашу

Save –сүлбені сақтау

Save as... –қалай сақтау...

Revert to Saved -сақталған файлға қайтып келу

Import и Export -импорт және экспорт

Print –баспаға шығару

Print setup - принтерді баптау

Exit – EWB бағдарламасынан шығу

Сонымен қатар құрал-саймандар панелінде командалар бөлігі қайталанады:

(құру, ашу, сақтау, баспаға шығару).

Меню Edit

Cut –кесіп алу Сору –көшіру

Paste –қою Delete -жою

Select ALL –барлығын белгілеп алу

Copy as Bitmap - буферға көшіру (бұл команда сүлбені сурет ретінде кез келген редакторға, мәселен Wordқа сурет ретінде көшіруге мүмкіндік береді).

(кесіп алу, көшіру,қою) құрал-саймандар панелінде

Командалардың бөлігі

панелінде көрсетілген

. Меню Circuit

М енюCircuit (сүлбе) келесі командалар дан тұрады: Rotate – сүлбені сағат тіліне қарама-қарсы 90° бұру

Create Subcircuit –сүлбені құру

Zoom In – масштаб ұлғайту

Zoom Out – масштабты кішірейту

Flip Horizontal – горизонталь бойынша бейнені қою

Component Properties - элемент параметрлерін баптау

Flip vertical – вертикаль бойынша бейнені қою. Бұл командалар құрал-саймандар панелінде қайталанады:

Меню Analysis

МенюAnalysis (анализ)кіретіндер:

Activate – қосу Pause – кідірте тұру

Stop – ағыту

Analysis Options – анализ параметрлері

EWB бағдарламасында қолданылатын библиотекалық компоненттердің қысқаша сипаттамасы

Тышқан көмегімен Passive мәзірін ашу.

Группа Passive-пассивті компоненттері

  • Түйіні өткізгіштерді жалғау үшін және бақылау нүктелерін құру үшін қолданылады. Әр бір түйінге төрт өткізгіштіктен артық қосылмайды .

- Жерге тұйықталу нольдік кернеуге ие, ал бұл потенциалдарды есептеуге мүмкіндік беретін шығын нүктесін қамтамасыз етеді.

- Тұрақты кернеу көзі. Тұрақты кернеу көзінің ЭҚҚ немесе батарея Вольтпен өлшенеді және туынды ( мкВ –тан кВ дейінгі) шамалармен беріледі.

- Тұрақты тоқ көзі. Тұрақты тоқ көзі Ампермен өлшенеді және туынды шамалармен (от мкА до кА) беріледі. Бағыт тоқ бағытын көрсетед («+» ден «-»).

- Ауыспалы синусоидалды кернеу көзі (кернеу, жиілік, фазаның эффективті мәні).

Резистор (кедергі). Катушка (индуктивтілік).

Конденсатор(сыйымдылық).

Қажет элементті таңдап алып, тышқанның сол жағын баса отырып Electronics Workbench жұмыс үстеліне апарамыз. Қондырғылар мәзірінен элементтің ішкі параметрлерін таңдап аламыз. Элементтің мәнін өзгерту үшін оған курсорды апара отырып, тышқанның сол жақ пернесін екі рет баса отырып қондырғының ішкі параметрлер мәзірін ашып, Valie мәзірін таңдап, элемент терезесінде керекті мәнді қою керек. Label мәзірінен элементтің белгіленуі жазылынып алынады.

Мысалы:

Резисторды таңдау арқылы, тышқанның сол жақ пернесін басып отырып, Electronics Workbench жұмыс үстеліне апарамыз.

Резистордың кедергісі бір килоомға тең (1 кQ). Кедергінің шамасын өзгерту үшін кедергіге апара отырып, тышқанның сол бөлігін баса отырып Resistor терезесінен Valie мәзірін таңдау арқылы керекті кедергіні қою қажет. Label мәзірінен R элементі шамасын жазып аламыз.

Енді жұмыс үстеліне кернеуі 12В тең тұрақты тоқ көзін(батарея) шығарамыз. Оның кернеуін өзгерту үшін, тышқанның сілтесін сол мәнге апарып, екі рет шерту қажет сонда Voltage терезесіндегі Valie таңдап ішкі параметрлерін өзгертеміз. Ал сол терезедегі Label сөзінен Е элементінің мәні жазылып алынады.

Indie тобы – Индикаторлық құрылғылар

Вольтметр (ішкі кедергі, DC-тұрақты тоқ өзгеруінің тәртібі, АС – айнымалы тоқ).

Амперметр (ішкі кедергі, DC-тұрақты тоқ өзгеруінің тәртібі, АС – айнымалы тоқ).

Құрылғылар шегіндегі кері клемма осы құрылғыларды қосуға арналған.

Бақылау-өлшегіш құрылғылар.

Бақылау-өлшегіш құрылғылардың панелі EWB бағдарламасының жұмысшы терезесі мәзірінің асытнада орналасады және оның құрамына сандық мультиметр, функциалы генераторлар, екі арналы осциллограф, амплитудалы-жиілікті және фазажиілікті сипаттағы өлшегіш кіреді. Құрылғылармен жалпы жұмыс жасау тәртібі: құрылғының иконкасы курсормен жұмыс үстеліне апарылып, зерттелетін сүлбеге қосылады. Құрылғыны жұмыс күйіне әкелу иконкаға екі рет тышқанды басумен орындалады.

Әрбір құрылғыны жеке қарастырамыз.

Мультиметр

Мультиметрдің бет жақ панелінде өлшеу нәтижелерін көрсететін дисплей, сүлбеге қосатын клеммалар және басқару батырмалары орналасқан:

-тоқ, кернеу, кедергі және әлсізденуді өлшейтін тәртіптер;

-тұрақты тоқ және ауыспалы кернеуді өлшеуге арналған тәртіптер.

Генератор

Г енератормен келесі мүшелер басқарылады:

-шығатын сигналдың формасымен таңдалады: синусоидалды, үшбұрышты және тік бұрышты;

  • шығатын дабыл жиілік қондырғысы;

  • шығатын дабыл амплитудасы қондырғысы. Келесіні ескеру қажет, генратордың кірісінде амплитудатылқ мән беріледі, сондықтан есептеу жұмыстары үшін әсер ететін кернеу мәндерін есептеген жөн.

Осциллограф

Осциллографтың вертикал бойынша орын ауыстыруы реттелетін(Y POS) және 10 мкВ/дел (mV/Div) ден 5 кВ/дел (kWDiv) дейінгі жеке сезімталдық А және В екі арнасы бар (CHANNEL). Тәртіпті таңдау екі DC , А батырмаларын басумен орындалады.

Ұңғылау тәртібі келесі батырмалармен орындалады:

Ұңғылау тәртібі келесімен орындалады:

Вертикал бойынша -кернеу дабылы, горизонталь бойынша - уақыт;

В/А тәртібіндегі: вертикал бойынша - В арнасының дабылы, горизонталь бойынша - А арнасының дабылы;

А/В тәртібінде: вертикал бойынша - А арнасының дабылы, горизонталь бойынша - В арнасының дабылы.

Осциллографтың жерге тұйықталуы құрылғының оң жоғарғы бөлігінде орналасқан GROUND клеммасының көқмегімен орындалады.

ZOOM батырмасын басу кезінде – экран мөлшері ұлғайтылады, бұл сүлбені айналдыруға, және оны экранның кез келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.

Зертханалық жұмыс 2. Тақырыбы: Electronics Work­bench-те электрлік сүлбелерді құру

Жұмыстың мақсаты Electronics Workbench-те электрлік сүлбелерді құрып үйрену.

Жұмыстың орындалу реті

1.Нұсқаға сәйкес сүлбе параметрлерін таңдап алу. (2.1, 2.2 кесте) Кесте2.1.

Вариант

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

R1, Ом

5

10

15

20

25

50

10

5

15

10

R2, См

10

5

50

10

10

25

25

15

15

5

Кесте2.2

Вариант

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

E1, B

100

50

80

20

40

70

25

80

75

50

E2, В

80

40

100

40

25

50

50

70

50

50

2. EWB бағдарламасын қосу (Іске қосу - бағдарламалар- Electronics Workbench - Electronics Workbench)

3. 2.1 суретке сәйкес сүлбені таңдау.

4. Нұсқаға сәйкес сүлбеде R1, R2 мәндерін қою, мультиметрді қосу және көрсеткіштерін жазып алу

2.1-сурет

5.Кедергілерді тізбектей қосу кезінде есептеуді жүргізу

6.Тәжірибелі мәндерді есептеген мәндермен салыстыру.

2.2-сурет

9. Кедергілерді паралелль жалғау кезінде есептеуді жүргізу

10. Тәжірибелі мәндерді есептеген мәндермен салыстыру.

11. 2.3 суретке сәйкес сүлбені жинау

12.Сүлбеде Е1 және Е2 мәндерін нұсқаға сәйкес қойып, вольтметрді қосу