- •Қалалық ғылыми-әдістемелік орталық
- •Қазіргі таңда қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінде он (10) әскери-патриоттық бағыттағы клуб жұмыс жасайды.
- •Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клубының тәрбие беру бағыты
- •Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клубының құрылымы
- •Ант мәтіні
- •Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клубы мүшелерінің міндеттері
- •Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клубының мүшелерін ынталандыру мақсатында марапаттау әдістері
- •Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клубының ұйымдастырылуы
- •Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клубының қаржылай шығынын қамтамасыз ету
- •Бұйрық ______ «____» ________ 2012 жыл
- •Б ұ й ы р а м ы н :
- •Әскери және спорттық даярлық сабақтары кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Қазіргі таңда қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінде он (10) әскери-патриоттық бағыттағы клуб жұмыс жасайды.
|
№ |
Әскери-патриоттық клубтардың атауы |
Клуб жетекшісі |
Мекен-жайы, |
Мәдени-көпшілік шаралар, акциялар, әскери-спорттық ойындарды өткізуі |
|
1 |
Кеңес Одағының Батыры Халық қаһарманы Б.Момышұлы атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ) |
Сраж Серік Аманжолұлы
|
№ 33 ҚОМ базасында Беркімбаев 91 көшесі |
Мектепішілік «Жас ұлан» әскери саптық байқауы Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары 2007-2008-2011 жыл (1-ші орын) Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 2007 жыл (2-ші орын), 2008 жыл ( 2-ші орын), 2009 жыл (4-ші орын) Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарыстары Ақтау қаласы 2009 жыл (2-ші орын) Халықаралық әскери-патриоттық клубтар жарысы Орск қаласы 2010 жыл (2-ші орын) «Мерген сарбаз-2010» облыстық жарысы 3-ші орын, Мерген сарбаз-2012 қалалық жарысы 2-ші орын «Жас Ұлан-2011» әскери-спорттық жарысы 1-ші орын. Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарыстары Атырау қаласы 2012 жыл (4-ші орын), Республикалық «Армия балалар жанарымен 2012 ж» атты акция аумағындағы спорттық жарыстар-кросс жарысы 2- орын, биік кермеде тартылу 1- орын, қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінң арасында өткізілген «әскерге дейінгі жасөспірімдер арасындағы спартакиада 2012 ж» жарыстары 3- орын, Республикалық «Жас қыран» әскери-спорттық жарысы 2-орын 2012 жыл. |
|
2 |
«Айбын» әскери-спорттық клубы (паспорты жоқ) |
Көшербаев Әлібек Арнауытұлы |
№ 51 Гимназия базасында |
Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 1-ші орын 2012 жыл. Республикалық дәрежедегі «Алау» әскери-спорттық жарысы 4-ші орын 2011 жыл. Қалалық «Мерген мұғалім-2011» жарысы 3-ші орын. қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінң арасында өткізілген «әскерге дейінгі жасөспірімдер арасындағы спартакиада 2012 ж» жарыстары 4- орын Республикалық дәрежедегі ӘПК слеты 2-ші орын 2012 жыл. |
|
3 |
Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықов атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ) |
Берғалиев Мараш Темірханұлы
|
Благодар ОМ |
Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары 2008 жыл (3-ші орын). Облыстық «Жас жауынгер» 2009 жыл. (3-ші орын) әскери-спорттық жарысы. Облыстық «Жас жауынгер-2012» жарысы 3-ші орын |
|
4 |
«Қайсар» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ) |
Бекмұратов Хасен
|
№ 34 ОМ |
Республикалық «Армия балалар жанарымен 2012 ж» атты акция аумағындағы спорттық жарыстар-кросс жарысы 3- орын, биік кермеде тартылу 3- орын, |
|
5 |
Есет батыр атындағы «Қыран» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ) |
Байболатов Нұрым Шәкірұлы
|
№ 38 ОМ |
Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы |
|
6 |
Досан Тәжұлы атындағы "Ұлан" әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ) |
Түбір Ербол Құлтанұлы |
№ 6 ОМ |
Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 1-ші орын 2010 жыл. Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарысы 6-шы орын 2010 жыл. Қалаық және облыстық «Мерген сарбаз-2010-2011-2012 жарысы 1-ші орын. «Мерген ару 2010» жарысы 1-ші орын. «Мерген ару-2011» жарысы 2-ші орын |
|
7 |
Қобланды батыр атындағы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы (паспорты жоқ) |
Үмбеталин Асқар Бабырашұлы |
№ 42 орта мектеп |
Қалалық «Жас ұлан» әскери-спорттық жарыстары. Облыстық «Жас жауынгер-2012» әскери-спорттық жарысы 4-ші орын
|
|
8 |
Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ) |
Нұрмұханов Аманкелді Сағидоллаұлы |
№ 53 орта мектеп |
Облыстық «Жас жауынгер» әскери-спорттық жарысы 2011 жыл (2-ші орын), Республикалық «Алау» әскери-спорттық жарыстары Шортанды қаласы 2011 жыл (4-шы орын) |
|
9 |
Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ) |
Жақсыбай Тілекжан Сапабекұлы |
№ 48 ОМ |
2012- оқу жылы, қыркүйек айында ашылды |
|
10 |
Даңқ орденінің толық кавалері С.Ешбаев атындағы әскери-патриоттық клуб (паспорты жоқ) |
Жұбатыров Хантөре Таңжарбайұлы |
№ 30 ОМ |
2012- оқу жылы, қыркүйек айында ашылды. |
Бірақ бұл клубтардың барлығы мектепішілік болып есептеледі. Клубтар қалалық деңгейде паспортталмаған. Сонымен қатар әскери-патриоттық клуб жұмысын ұйымдастыру мен жүргізуге қиындық туғызатын негізгі мәселелердің бірі қаржылай демеушіліктік жоқтығы. Ақтөбе қаласының және облыстық деңгейде өткізілетін әскери-спорттық жарсытар мен әскери-патриоттық іс-шаралар жергілікті әкімшіліктің қаржылай қолдауын қажет етеді. Мысалы; қала мектептері оқушыларының арасында ұйымдастырылып өткізілетін дәстүрлі жарыстар мен сайыстарға тоқталайық.
Қаланың 60 мектебінің оқушылары қатыстырылатын, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткізілетін «Әскерге дейінгі жасөспірімдер арасындағы спартакиада ойындары» қала мектептері оқушылары арасында жыл сайын ұйымдастырылып өткізіледі. Демеуші; Қалалық спорт және туризм бөлімі
Қаланың 58 мектебінің оқушылары қатыстырылатын және 3 (үш) кезеңмен өткізілетін мектептердің орта буын оқушылары арасында өткізілетін, дәстүрлі «Жас Ұлан» әскери-спорттық жарысы. Демеуші; облыстық қоғамдық емес «Қызыл Ай» ұйымы.
Қаланың 58 мектебінің оқушылары қатыстырылатын дәстүрлі «Мерген сарбаз» пневматикалық мылтықтан нысана көздер ату сайысы. Демеуші; Ауғаныстан соғысының ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі.
Қаланың және облыстың мектептері оқушылары қатыстырылатын «Мерген Ару» пневматикалық мылтықтан нысана көздер ату сайысы. Демеуші; Облыстық Әлия Молдағұлова атындағы Мемориалды мұражайы
Қаланың және облыстың мектептері оқушылары қатыстырылатын дәстүрлі «Жас жауынгерлер» әскери-спорттық жарыстары. Демеуші; Облыстық Батыс аймақтық әскери прокуратурасы.
Қаланың 58 мектебінің оқушылары қатыстырылатын дәстүрлі «Қахарман» әскери-спорттық ойыны. Демеуші; Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы
Бұл өткізілетін іс-шаралардың оқушылардың бойына патриоттық сезімдерді ұялатуға, еліміздің мемлектеттік рәміздерін құрметтеуге, туған жеріміз үшін мақтаныш сезімін туғызуға арналған ролі өте зор. Мұндай клубтар облыс территориясында көптеп жұмыс жасайды. Бұған «аула клубтарын» басқа да әртүрлі мақсаттағы клубтарды қосуға болады. Патриоттық тәрбие беру орталығы Қобда ауданы Бұлақ ауылында да бар, бірақ жердің шалғайлығы оқушыларды әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысына жаппай тарту ісіне қиындық туғызады. Сонымен қатар Әлия патриоттық орталығы тек қана әскери-патриоттық тәрбие беру ісі емес сонымен қатар басқа да салаларды қамтыған. Сондықтан әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатына арналған клуб жұмысын ұйымдастыру қажет-ақ.
Бұл идея жаңа емес Республикамыздың территориясында жергілікті басқарушы ұйым есебінен қаржыландыратын көптеген жылдардан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан әскери-патриоттық клубтар бар. Бұл Рудный қаласындағы әскери-патриоттық клуб, Қарағанды қаласындағы әскери-патриоттық орталық, Қостанай қаласындағы әскери-патриоттық орталық, Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы әскери-патриоттық клуб жұмыстарының ұйымдастырылуын атап өтуге болады.
Сондықтан болар, бұл клубтардың командалары Республикалық дәрежедегі «Алау», «Отан қорғаушы» әскери-спорттық жарыстарында үнемі жүлделі орындардарға ие болуда.
Ал біздің Ақтөбе облысының командасын бұл жарыстарға қатыстыру үшін мектептердің, демеушілердің көмегін сұрауға мәжбүрміз.
Әскери-патриоттық тәрбие беру орталығы тек қана әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын емес, сонымен қатар Қазақстандық патриотизм, елжандылық, Отансүйгіштік принциптерін жасөспірімдердің бойына сіңіруге, олардың интелектуалды дамуына, заңды сыйлайтын азамат ретінде қалыптасуына көп әсерін тиізген болар еді.
