![](/user_photo/2706_HbeT2.jpg)
- •Мазмұны
- •1. Ақпарат және информатика
- •3. Санау жүйелері
- •4. Операциялық жүйелер
- •5. Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандырылуы
- •6. Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы
- •7. Компьютерлік вирустар. Архиватор.
- •Архивтеу. Архиваторлар
- •9. Презентация және оны құру мен ұсыну.
- •10. Microsoft Excel кестелік процессоры
- •Есептің орындалу мысалы
- •Деректер қорының қалыбын құру мысалы:
- •12. Компьютерлік желілер
- •II) Желілердің ақпаратты беру ортасының типіне қарай:
- •III) Ақпаратты беру жылдамдығына қарай:
- •IV) Компьютерлер арасындағы рөльдерді жүктеуге қарай:
- •13. Интернет. Электрондық пошта.
- •14. Компьютерлік графика
- •15. Алгоритмдеу негіздері. Турбо Паскаль программалау тілі.
14. Компьютерлік графика
Деректерді графикалық түрде компьютердің мониторында көрсету алғашқы рет 50-ші жылдардың ортасынан басталды. Оны тек үлкен ЭЕМ-дерде ғылыми және әскери зерттеу үшін қолданылған болатын. ЭЕМ-де сурет салумен айналысатын информатика бөлігі “компьютерлік графика” деп атау алды. Информатиканың арнайы бұл аумағы–компьютерлік графика–бағдарлама-аппараттық есептеуіш жиынтық- тарының көмегімен бейнелерді құру және оларды өңдеу әдістері мен құралдарын оқытады. Бейнені құру әдістеріне қарай компьютерлік графиканы растрлік және векторлық бөлімдерге бөлуге болады. Үлкен көлемді объект моделдерін құруға арналған әдістер мен құралдарды оқытатын үш өлшемді графика бөлек пән болып саналады. Тәртіп бойынша үш өлшемді графика векторлық және растрлік әдістермен құрылатын бейнелерге сәйкес келеді. Adobe PhotoShop графикалық редакторын растрлік графикаға жатқызуға болады. Оның көмегімен әсерлі мәтіндер жазуға, суреттерді өңдеуге, бейнелерді құруға және өңдеуге, батырмалар салуға, фонын таңдауға, тақырып жолдарын өз қалауыңыз бойынша құруға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графика және оның негізгі атқаратын қызметтері. Компьютерлік графика біздің өмірімізге өте жақсы енген. Қазіргі кезде компьютерлік графиканың көмегімен жасалған көптеген клиптер бар. Компьютерлік графиканың мәнерлі мүмкіндіктерді кеңейткеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оның шығармашылық қолданылуы арқасында жарнама көрермен алдында үлкен жетістіктерге жетуде. Компьютерлік немесе машиналық графика - бұл адамның қызмет аясының ең бір өзіндік облысы болып табылады.
Компьютерлік графика - бұл жобалаушылар, конструкторлар және зерттеушілер үшін жаңа әсерлі техникалық құрал. Машина бұрындары математиктердің өздері салуға именетін күрделі геометриялық объектілерді бейнелейді. Компьютерлік графика барлық ғылыми және инженерлік пәндерде көрнекі құрал ретінде, ақпарат беру үшін қолданылады. Сонымен қатар медицинада, жарнамалық бизнесте, ойын-сауық индустриясында және т.б. қолданылады. Компьютерлік графиканың соңғы азығы болып бейне табылады. Бұл бейне әр-түрлі ортада қолданылады.
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы
Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз
1. Компьютерлік графика түрлерін атаңыз
2. Растрлік графика негізін атаңыз
3. Растрлік графикалық редактор түрлерін атаңыз
4. 3D-графика негізін атаңыз
5. 3D-графикалық редактор түрлерін атаңыз
6. Фрактальді графика негізін атаңыз
7. Фрактальді графикалық редактор түрлерін атаңыз
8. flash графика негізін атаңыз
9. flash графикалық редактор түрлерін атаңыз
10. Графикалық форматтарды атаңыз
11. Графиканы көруге арналған бағдарлама түрлерін атаңыз
12. Графиканы басып шығару құралдарын атаңыз
13. Corel Draw терезесінің элементтерін атаңыз
14. Corel Draw құралдарын атаңыз
15. Corel Draw құжаты мен файл кеңейтілуін атаңыз
16. Corel Draw. Форма құралының қызметін атаңыз
17. Интерактивті құралдарды атаңыз
18. Мәтіндерге қолданылатын эффектілерді атаңыз
19. Объектіні бояумен құю тәсілдерін атаңыз
20. Corel Draw бағдарламасының мүмкіншіліктерін атаңыз