Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маш.пайд.Курсты жоба Сби .doc
Скачиваний:
67
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
313.34 Кб
Скачать

1.7 Сақтауды ұйымдастыру

Машина – трактор паркінде ауыл шаруашылық техникаларын ұйымдастыратын болсақ маман сақтау алдында келесі тәртіптерді орындайды: сақтау алдында техникаларды түгелімен тексеріп қарап алады, техникаларды өз талабына сәйкес жуады, одан кейін техниканы қойып доңғалақ астына тіреулер қойып, шыншырлы және белдікті берілістерді ағытады. Ал, техникалардын доңғалақтарын әкпен ақтап, сырлап қою керек. Себкіштін катоктарын майлаймыз, комбайндардың бункерлерін тазалап, жаткаларды ағытамыз да оның астына тіреулер қоямыз. Осылай сақтауды ұйымдастырамыз.

2. Бөлімшенің материалдық техникалық базасын пайдалануды жоспарлау және оны белгілі бір қалыпқа келтіру.

2.1. Бөлімшеде еңбекті ұйымдастыру және мтп

Құрамын негіздеу тәсілін талдау.

Қазіргі шаруашылық жүргізу жағдайында ұжымдық және жалгерлік мердігерлік енгізуге, ішкі шаруашылықтың маңызы мен ролінің ұлғаюына байланысты, еңбек ұжымдарының шаруашылықтың түпкі нәтижелеріне қызығушылығы мен жауапкершілігі артқандықтан техникалардың потенциалды мүмкіндіктерін толық пайдалануға үлкен мән беріледі.

Қазіргі таңда агро өнеркәсіп кешені шаруашылықтарында бар әртүрлі техникаларды тиімді пайдаланукөптеген факторлармен бірге тікелей оның сандық және сапалық құрамына байланысты. Осыған байланысты МТП тиімді құрамын негіздей білу, оның дұрыс пайдаланылуын жоспарлау келешек мамандардың практикалық ісінде маңызы зор.

Жобадағы МТП ауыл шаруашылық дақылдарын алдыңғы қатарлы технологиялармен белгіленген агротехникалық мерзімде аз еңбек және құрал – жабдық шығындарымен өсірудегі барлық жұмыстардың қамтамасыз етуі керек.

Бөлімшенің МТП құрамы қалыптасқан парк құрылымы негізінде анықталады, ал техника жетіспеген жағдайда аймақтық жағдайға сәйкес келетін жаңа жоғары өнімді техникалармен толықтыру жоспарланады.

Қазіргі таңда МТП құрамын есептеуде негізгі үш тәсіл қолданылады:

1. Машиналардың жүктеу графигін салумен бірге ауыл шаруашылық жұмыстарының жыл ішінде орындалу мәліметтерін есептеу (МЕСТ 70. 2. 20-73) ;

2. Электронды есептеу машиналарын пайдалану арқылы МТП ыңғайлы құрамын есептеу;

3. нормативтік тәсілдер.

Машиналарды жүктеу графигін салумен бірге МТП құрамын есептеу ең қолайлы тәсіл, бірақ та есептеуінің көптігінен кең қолданылмайды.

Электронды есептеу машиналарын пайдалану арқылы МТП ыңғайлы құрамын есептеуді ғылыми зерттеужәне басқа мамандандырылған мекмелер ЭЕМ көмегіменен есептер өте жоғары дәлдікпен орындалады.

Ақпараттар дайындауға және оны шешуге білікті мамандардың көп уақыты кететіндіктен әр шаруашылық үшін ыңғайлы МТП құрамын анықтау пайдалы емес. Сонымен қатар жағдайдың өзгеруіне жаңа техникалардың түсуіне, жаңа технологиялар енгізуге, жұмыстың ұйымдастырылуына және т. б. байланысты есептеулерге әрқашан түзету енгізіп отыру қажет.

Бір салада мамандандырылған шаруашылықтардың МТП құрамының айырмашылықтары шамалы, ал саны жағынан шаруашылық көлеміне сәйкес болатын ғылыми – зерттеу институттарының зерттеулері көрсетті. Бұл елеусіз залалдармен модельді шаруашылықтар үшін МТП құрамын электронды есептеу машиналарында экономикалық – математикалық әдістермен анықтауды өте дәлдікпен есептеуге мүмкіндік береді және оның негізінде жекелеген аймақтар, аудандармен ауыл шаруашылық мекемелері үшін (нормативтік тәсіл) ауыл шаруашылық техникаларына қажетті нормативтерді дайындайды.

Бірақта жоғарыда келтірілген тәсілдер шаруашылықпен олардың бөлімшелерінің нақтылы жағдайының өзгеретінің, қолда бар еңбек ресурстарын ұйымдастыру формаларын және т.б. ескермейді.

Техникаларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін МТП ыңғайлы құрылымымен бірге ұйымдастыру формалары және оны пайдалануды дұрыс жоспарлаудың маңызы зор.

Ұйымдастыру формалары мен шаруашылық бөлімшелерінің көлемдері шаруашылықтық материалдық – техникалық базасымен экономикалық жағдайына ғылыми – техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес болуы керек.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында еңбекті ұйымдастырудың цехтық фориалары, механикаландырылған бригадалар, жинау транспорт кешендері негізінде топтар мен звенолар кең тараған.

Егін шаруашылығындағы бөлімшелердің шаруашылық ісінің шаруашылық есепке, ұжымдық, жалгерлік мердігерлікке өтуін жеделдететін, еңбек ресурстары мен техникаларды пайдалануды жақсартудың бірден бір жолы ағындық циклдық әдісті енгізу.

Ағындық – циклдық әдістің маңызы – барлық ресурстарды берілген кезендегі ең басты жұмысты қысқа мерзім ішінде орындауға жұмылдыру, соңынан осы ресурстар басқа операцияларға ауыстырылады. Мұндайда механизаторларға екі ауысымдық жұмыс ұйымдастырылады, ал барлық технологиялық циклдер ағынды орындалады.

Осы бөлімді орындау алдында жоғарыда келтірілген қысқаша шолуды оқулықтарды пайдаланып, сонымен қоса тапсырма мен егіс көлемінің құрылымын ескере отырып, бөлімшедегі еңбекті ұйымдастыру және МТП құрамыннегіздеу тәсілін таңдау керек. Мұнда студенттің қалауы бойынша кез – келген МТП құрамын негіздеу әдісін қолдануға болады.

МТП құрамын қалыпқа келтірерде оны пайдалануды жостарлағанда алынған әдіске тәуелсіз, механикаландырылған жұмыстардың түрлері мен көлемін білуі қажет (7, 8, 9, 10).