Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sayasi kukyktyk ilimder tarihy, Lekciya.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
163.03 Кб
Скачать

Тақырып 5 Арабтық Шығыс, Орта Азия және Қазақстандағы ортағасыр дәуіріндегі саяси және құқықтық ілімдер

 

Арабтық Шығыс, Орта Азия елдеріндегі және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер ерекшеліктері. Азияның мұсылмандық ортасындағы ортағасырлық саяси-құқықтық ойлар қалыптасуының негізгі ерекшеліктері.  Исламның саяси-құқықтық идеологиясы. Құран мен Сүннет исламның заңдық нұсқауларының негізгі қайнар кµзі ретінде. Негізгі бағыттар мен секталардың саяси-құқықтық идеялары. Суннизм және шиизм.

Әл-Фарабидің саяси және құқықтық идеялары. Мемлекеттің пайда болуы. Қала мемлекеттердің жіктелуі. Мемлекет басшысының қажетті мінездемесі және оның ролі. Жетілген мемлекет туралы кµзқарастар. «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері». Ибн Халдунның мемлекет туралы ілімдері. Халифат теориясы.

Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып, біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары — шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.

XI ғасырдан бастап мұсылман қүқығының бірнеше құқыктық мектеп-ағымдары дамыды.

Оның бірі сунниттік бағыттағы мұсылман құқығы 1. Ханифиттік — негізін салушы Әбу Ханифа (699—767 ж.ж.) (Иран, Түркия. Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет); 2. Маликиттік — негізін салушы Малика бен Анас (713—795 ж.ж.) (Солтүстік және Батыс Африка); 3. Шафиттік — негізін салушы аш-Шафий (767 -819 Ж.Ж.) (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка); 4. Ханбалитік — негізінсалушы Бен Хапбала (780—855 ж.ж.) (Арабия).

Шииттік бағыттағы мүсылман құқығы да джафариттік, исмалиттік, зейдиттік және т.б. мектеп ағымдарға бөлінді.

Мұсылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары Құраннан және суннадан алынған. Мұсылман — құқықтық саяси теориясындағы басты мәселе — мүсылмандық билік пен басқарудын арнайы түрі — халифаттық өзара байланыстар аспектілерінің мәні туралы болды. Халифаттың анықтамасы туралы мүсылмандық мемлекеттанушы Әл-Маварди былай деп жазды "Имамат — діни сенімді корғау миссиясы мен жердегі iстерді басқарудың пайғамбарлық мұрасы болып табылады"

Мүсылман саяси теориясында мүсылман мемлекеттерінің басшыларын орнынан алу және сайлау туралы дәлме-дәл анықтама жоқ. Бірақ Әл-Маварди еңбектеріндс айтылғандай (сунниттік концепция бойынша жоғары азаматтық және діни билік мүрагерлік тәртіппен немесе бұрынғы билеушінің тағайындауымен емес, қауым мен халифат билігіне үміткер арасындағы ерекше шарт бойынша іске асырылады. Ал шииттік саяси концепцияда халиф қауым арқылы сайланбайды, ол Алла мен пайғамбардың тікелей өкілі болып табылады. Халиф өзінің мүрагерін сайлай алады немесе пайғамбардың күйеу баласы Әлидің тікелей ұрпақтарына мүрагерлікке қалдыра алады.

Әл-Маварди халифтік басқару формасының артықшылығын мемлекет басшысынын өзінің барлық іс-әрекеттерінде мұсылмандық кұқықты (шариғатты) басшылыққа альш отыруынан, қол астындағылардың мүддесі мен жалпы игілігін және олардың ар-ожданын қорғау істерінен және маңызды шешімдер қабылдауда өзгелермен ақылдасып, келісіп отыруынан көреді. Халиф өзінін қол астындағылардың кез-келгенімен ақылдасуға құқылы болғанымен, бірақ іс жүзінде қарапайым мұсылмандардын пікірі есепке алынбады.

Шыққан тегі жағынан араб Аверроэсо (Ибн Рушд) өзінің философиялық жүйесін ақыл-ой негізінде құрды, сондыктан да оныңислам дінімен амалсыз соқтығысуына тура келді. Аристотельдің еңбектеріне сүйенген ол о дүниедегі өмір туралы және дүниені құдай жаратты деген діни ұғымдарды жоққа шығарды. Материя мәңгі-бақи өмір сүруде, барлық табиғи құбылыстар және адамдардың іс-әрекеттері құдайдың қүдіретімен емес, өзінің ішкі табиғи заңдарымен жүреді деп түсіндірді ол. Табиғи заңдылықты негізге алған Ибн Рушд мемлекеттің пайда болуын құдайдың ісі емес, адамдардың жердегі тәртіпті сақтауға ұмтылуынан және адамдар арасындағы алауыздық пен қақтығыс нәтижесінде пайда болған деп есептеді.

Әл-Фарабидің саяси көзқарастарына ұқсас концепцияны Ибн Сина да ұсынды. Саясатқа деген мұндай көзқарас онын адамгершілік мазмұнымен байланыстырылған. Бүкіл араб философиясына тән болып келген саяси адамгершілік мазмұны оның теориялық негізінде болып саналады. Әл-Фарабидің саясаттын басты мақсаты бақытқа жеткізу болып табылады деген тезисіне шын пейілмен ықылас қойған Ибн Сина мұсылман философиясы мен ойындағы ірі өкілдерінің бірі боп саналады

Мұсылман мемлекеті басшысының құқықтық жағдайы мен атқарушы билік формасын оның әр кезеңдегі даму сатыларыменсалыстыра отырып, белгілі саясаттанушы-ғалым Ибн Халдун мұсылман мемлекеттеріңдегі басқару формаларының классификациясын жасады.

Ибн Халдуннын ілімі бойынша кез-келген қоғам адамның табиғи әрекеті негізінде, олардың бір-бірін табиғи жоюы менагрессиясын тоқтатуға арналған "тежеу бастамасын" қажет етеді. Мұндай ықтиярсыз билік мемлекетті көсемдер басқарған тайпалардан ерекшелендіреді және халықтар бастан кеішірген және қол жеткен өркениет деңгейіні көрсеткіші больш табылады.Мемлекеттің тайпадан басты ерекшелігі — қоғам мүшелерін бағыныштылықта ұстайды және олардың еркінен тыс билік жүргізеді, барлығына міндетті заңдар шығарады, елде тәртіпті қамтамасыз етеді, салық жинайды және әскер жасақтайды.

Ибн Халдунның пікірі бойынша мұсылман мемлекеттері өз дамуында төрт сатыдан өтті:

1     Нағыз халифалар басқарған "таза халифат"

2     Халифаттың сыртқы белгілерін сақтай отырып, біртіндеп монархияға көшуі (Омеядтар әулеті кезеңіндегі халифат)

3     Халифаттың   толық   монархияға   айналуы   (Аббасидтер әулеті кезкезеңіндегі халифат)

4 Біріңғай мұсылман мемлекетінің ыдырауы және арабтарды басқа халыктардың жаулап алуы (Бағдадты моңғолдардың,Мысырды османдық түріктердің жаулауы).

Ибн Халдун басқару формасының үш түрін 1) "табиғи" мо нархия; 2) "саяси" монархия; 3) Халифатты атап көрсетеді.

Оның пікірінше, басқарудың бірінші формасында билік билеушінін жеке мүддесі үшін жүргізіледі, яғни "табиғи" монархия өзінін мақсатынан басқа  еш нәрсеге қатысы жоқ жеке биліктің деспоттық режимі. Бірінші формадан "саяси" монархияның ерекшелігі мұнда басқару рационалды, саналы өлшемге негізделеді, халық мүддесін қорғайтын саясат жүргізіледі. Бірақ бұл кездегі билеуші саясатында діни құндылықтар ескерілмеді.

Ибн Халдун халифаттың ықтиярсыз билігі мен зорлығына қарамастан, жоғары әділдікті қамтамасыз ететін мұсылман құқығы үшіноған басымдық береді. Өйткені, халифтің ықтиярсыз "саналы" билігі мұсылман қауымы үшін де, басқа халықтар үшін де "пайдалы іс" болып табылады.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.  Саяси және құқықтық ілімдер тарихы

2.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

4.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

6.  Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция.

7.  История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

8.  Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

9.  Аль-Фараби. Афоризмы государственного деятеля // Аль-Фараби. Социально-этические трактаты. - Алма-Ата, 1973; или: Аль-Фараби. Избранные трактаты. - Алматы, 1994.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.  Арабо-мусульманская философия в системе мировой культуры.М.,1983

2.  Бурабаев М.С., Кенесарин А.М., Курмангалиева. Проблемы бытия и познания в философии Аль-Фараби.Алма-Ата,1988

3.  Григорян С.Н. Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока.М.,1956

4.  Давид Р. Основные правовые системы современности.М.,1976

5.  История политических и правовых учений (Средние века и Возрождение), /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука, 1986

6.  История философии в кратком изложении.М.,1991

7.  Социальные, этические и эстетические взгляды Аль-Фараби. (коллектив авторов: Бурабаев, Сагадиев А.В.)А-а,1984

 

Пысықтау сұрақтары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]