Машинаның жұмыс істеу ережелері
Машина
дискретті түрде жұмыс істейді (қадам
қадам бойынша). Әр қадамда бір
конфигурациядан басқасына өту орындалады.
Жұмыс бастаудан алдын машина бастапқы
конфигурацияда болады: оқып-жазушы
құрылғы сөздің бірінші әріпіне шолу
жасайды, ал машина q1
бастапқы
жағдайында болады.
Оқып-жазушы
құрылғы шолу жасалған ұяшықтағы әріпті
оқиды. Басқару құрылғысы машинаның
программасынан оқылған әріп пен машинаның
жағдайына сәйкес клетканы табады. Бұл
клеткада (а,
q, s)
үштік болсын. Онда шолу жасалған ұяшыққа
а
әріпі
жазылады, машина q
жағдайға өткізіледі, егер s=-1 болса,
онда оқып-жазушы құрылғы бір ұяшыққа
сол жаққа жылжыйды, егер s=+1 болса, онда
оқып-жазушы құрылғы бір ұяшыққа оң жаққа
жылжыйды, егер s=0 болса – қозғалмайды.
Осымен машинаның бірінші қадамдағы
жұмысы аяқталады.
Машинаның
жұмыстары машинаның қадамы q0
ға жеткенше жалғаса береді. Бұл жағдайда
басқару құрылғысы машинаны тоқтатады.
Пайда болған конфигурация қорытынды,
ал алынған сөз – машинаны
берілген сөзге қолдану нәтижесі
деп аталады.