
- •Кіріспе
- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Жылан туралы түсінік және сыртқы, ішкі құрылысы
- •1.2 Жыландардың систематикалық топтары
- •1.3 Улы жыландардың сипаттамасы Кобра(Naja)– аспидтер тұқымдасына жататын улы жыландардың жалпы атауы.
- •1.4 Жылан уының емдік қасиеті
- •Іі Жануарлардың жылан уынан улануы
- •2.1 Патогенезі. Уланудың белгілері
- •2.2 Клиникалық белгілері
- •2.3 Патологиялық өзгерісер
- •2.4 Емі
- •Ііі Өзіндік зерттеулер
- •8.1 Химиялық -токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •3.2 Токсикологиялық талдауға қажетті негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
- •3.3 Ілеспе хат
- •3.4 Қортынды актісі
- •Ветеринарлық-санитарлық қортынды
- •Вет.Инспектор : Шамгунов н.А
- •23.03.2015 Ж қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
4. Физикалық-химиялық әдіс.
Бұл әдісті іс-тәжірибе жүзінде қолдану өте тиімді, жұқа қабатты және газдық хроматография әдістерінен тұрады. Жұқа қабатты әдіс-хроматографиялық пластинкада жылжымалы ерітінділердің бір нүктеден (старт) екінші нүктеге (финиш) дейінгі жылжу ара қатынасына негізделген. Сапалық анықтауды сынама әсерінен түзілген дақ мөлшерін үлгілік ерітіндімен салыстыру барысында жүргізеді. Газдық хроматография әдісі – хлорорганикалық және фосфорорганикалық қосылыстарды анықтауда кеңінен қолданылатын токсикологиялық талдаудың қазіргі замандық физикалық-химиялық әдісі.
5. Ботаникалық әдіс
Улы өсімдіктің бар-жоғын анықтауда мал жейтін азықты тексерудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда біріншіден, жайылым, кейбір жағдайларда астаудағы азық қалдығы тексеріледі. Тексерілетін азық құрамынан улы өсімдіктерді табу тексерудің ботаникалық әдісіне негізделген.
Азықты және жайылымды ботаникалық тексеру улы өсімдіктердің токсикологиясын және морфологиясын жақсы білетін мамандардың қатысуымен жүргізілуі қажет.
Ботаникалық және фитотоксикалық тексерудің мақсаты – жайылымнан немесе азық құрамынан уландыруға күдікті улы өсімдіктерді табу. Егер ондай өсімдіктер кездессе, оның азықтағы мөлшерін, өсу орнын және уытты бөлімдерін анықтау.
Улы өсімдіктер жайлы толық деректер алу үшін, төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлген жоғары дәрежелі нәтиже беретіні даусыз:
1). Өсімдіктің түрімен танысу
2). Жайылымдағы малдың улы өсімдікке деген тәбеті, яғни малдың улы өсімдікті жеу – жемеуі
3). Улану сәтін және күнін анықтау. Мұндай деректерді есепке алу, синил қышқылының түзілуінен, өсімдікке күн көзінің әсер етуінен болатын өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
4). Мал бағушылардан, жергілікті тұрғындардан жайылым жағдайын, мал күйі жайлы анамнездік деректер жинау. Мұндай деректер нәтйжесінде патологиялық процесс басталардағы малдың көңіл-күйін, улану сипатын, улану себебін білуге болады.
3.3 Ілеспе хат
Қостанай облстық
ветериарлық зертханасына
Химико-токсикологиялық бөлім
Сиыр 21.03.2015ж өлді, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, ЖШС «Нарын» тиесілі. Жылан уынан улануға байланысты бар жоқтығын анықтауларыңызды өтінеміз.
№1 банка – жүрек, бауыр, буйрек. Салмағы 1,7 кг
№2 банка – ішек-қарын, және оның кілегейлі қабықтар. Салмағы 0,7 кг
№3 банка – пат.материалды консервілеген, спирт үлгісі (50мл)
Таксикологиялық талдау бойынша қортындыны мына мекен-жай бойынша жіберуіңізді өтінеміз.
Меңдіқара ауданы, аудандық ветеринарлық станция
Қосымаша:1. 5 банка жіберілді
2. Ауру тарихының көшірмесі
3. Өлген жылқыны ашып сою хаттамасы
4. Жануар өлген жағыдайдың сипаттамасы
Аудандық ветеринарлық
станциняның меңгерушісі Қолы