
- •Кіріспе
- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Жылан туралы түсінік және сыртқы, ішкі құрылысы
- •1.2 Жыландардың систематикалық топтары
- •1.3 Улы жыландардың сипаттамасы Кобра(Naja)– аспидтер тұқымдасына жататын улы жыландардың жалпы атауы.
- •1.4 Жылан уының емдік қасиеті
- •Іі Жануарлардың жылан уынан улануы
- •2.1 Патогенезі. Уланудың белгілері
- •2.2 Клиникалық белгілері
- •2.3 Патологиялық өзгерісер
- •2.4 Емі
- •Ііі Өзіндік зерттеулер
- •8.1 Химиялық -токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •3.2 Токсикологиялық талдауға қажетті негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
- •3.3 Ілеспе хат
- •3.4 Қортынды актісі
- •Ветеринарлық-санитарлық қортынды
- •Вет.Инспектор : Шамгунов н.А
- •23.03.2015 Ж қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2.3 Патологиялық өзгерісер
Өлексе сіресіп қалады. Бауыры, бүйрек және тағы басқа ішкі мүшелерде некроз пайда болады, жүрегі жұмсақ піскен етке ұқсап кетеді. Асқорыту жүйесінің қабынуы байқалмайды. Жазылған жануарлар ұзақ бойы бауыры, бүйрегі және басқа да мүшелері ауыруы мүмкін. Сілекей мен ұйқы безінің сөлі уды залалсыздандырады. [16]
2.4 Емі
Жылан – адам мен жануарларға ұқсамаған дәрежеде зиян келтіреді. Ауыр болғанда өмірге нұқсан келтіреді, тіпті өлтіреді. Жылан көбінесе көктемде , одан қалса күз маусымындағы шөп қурай бастаған кезде қатты уытты келеді. Жылан адам мен жануарларді өздігінен шақпайды. Мал жайылып жүріп жыланның бір жерін басып кетсе, шағады. Жылан шаққанда мал шошиды, секіреді, тынышсызданып тыпырлайды. Жылан тісі арқылы у шығарады. Оның уы тысының ортасындағы түтікшемен малдың денесіне өтеді. У бейне қойған укол сияқты қан айналысымен бүкіл денеге жайылады да, қан тамырды кеңейтіп , шаққан орынды ісіреды. Жылан шаққан малдың жүрек соғуы алғашында тездейді , кейін баяулайды . Дене темперетурасы әдетте өзгермейді . Малдың көзі қызарып көрмей қалады , аузынан сілекей ағады . Жылан шаққан жылқы терлейді , жатса тұра алмайды. Малды жылан шаққанын айқын айыру қажет. Яғни, қай уақытта , қай жерінен шаққанын анықтап , оның белгілеріне көңіл бөліп , ерекшелігін тауып , дұрыс қорытынды шығару қажет. Жылан шаққан малды емдеуде жылан уының мал денесіне жайылуын тежеу, мал денесіндегі уды шығарып тастау , ауру жағдайына қарай емдеу қажет . Мұнда , алдымен малдың жылан шаққан жерін тауып алып , онан соң , төмендегі әдістер мен емдеу қажет: " q+ [6 v9 X( W% |4 d; K 1) жылан малдың сирақ – бақайынан шақса , онда жылан шаққан орынның жоғары жағын жұмсақ жіппен қатты буып қою , жіпты 10 – 20 минутта бір рет , 2- 3 минуттай босатып , қайта буып отыру керек . Өйтпегенде , буып қойған орынның қан айналысы бұзылып , еті өлі еттенеді. Малдың емдетіп жарты сағат өткен соң , жіпты шешіп тастау керек . Онан соң жылан шаққан жердің жүнін қырқып дезинфексиялау, шаққан жерде жыланның тісі қалған болса , алып тастау . Қан тамырға тигізбей сол орынды сабалау керек . Сонда у қанымен бірге ағып кетеді . Онан соң , жылан шаққан орынға йод ертіндісін немесе мұсатырлы спирт тамызу , ол болмаса 5 -10 тәбілетке жылан дәрісін ерітіп , ісіген жердің айналасына жағу керек . 1٪ - 0.5٪ -тік немесе 2 ٪ -тік маргансопка ерітіндісін әзірлеп , оны ұсақ малдың жылан шаққан жеріне 1 – 2 миллилитр , ірі қараға 5 – 10 миллилитр шамасында , күніне 2 – 3 рет укол етіп құйса болады.& G! y9 w) h/ \1 K; k, z # [5 ]. n% L7 p3 ?5 u 2) жылан шаққан малдың дәрі ішкізу арқылы емдеуге де болады . 40٪ спиртті немесе ақ арақты ірі қараға 250 – 300 миллилитрден , ұсақ малға 50 – 100 миллилитрден 10 – 20 сағатта бір рет ішкізу немесе жылан дәрісінен ұсақ малға 5 - 7 тәбілетке беру қажет . Қатты уланған малға күніне 3 – 4 рет берсе де болады. 3) жылан шаққан малдың жүрек соғуын жақсарту үшін , тері астынан кофейнның натрий бензойканың 20 ٪- тік ерітіндісінен ірі қараға 10 – 20 миллилитр , ұсақ малға 2- 5 миллилитр немесе камфораның 5 ٪ - тік ерітіндісінен ірі қараға 20 – 30 миллилитр , ұсақ малға 3 – 10 миллилитр шамасында укол етіп құю керек. , [- ]: ^- Y# [ t 4) малдың ауруын бәсеңдету үшін , аналгинның 30 ٪ ерітіндісінен ірі қараға 10 – 20 миллилитр, ұсақ малға 3 – 5 миллилитр мөлшерінде укол етіп құю керек. . Жылан шаққан малды жоғарыдағы жолдармен емдеу мен қатар , малды азықтандыруға да ерекше көңіл болген жөн. Алғашқы күні су құрамы жоғары азықтықтарды азырақ беру немесе суды мүлде ішкізбеу керек . Жылан шаққан малды сүт , қымыз , айран , бал қатарлылармен емдеу , ел ішінде кең жалпы қалыптасқан. Ірі қараға 100 – 200 грамнан , ұсақ малға 30 – 50 грамнан ішкізсе, ал , сиыр сүтінен ірі қараға 2 – 3 литр ішкізіп , жабулап терлетсе тез емделуіне мүмкіндік жоғары болады. [17]