Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
озгерту.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
789.62 Кб
Скачать

1.4 Жылан уының емдік қасиеті

Уының емдік қасиеттері. Мысырлықтар жылан уынан түрлі дәрі-дәрмектерді жасауды ерте кезден білген. Қазіргі уақытта Мысырдағы Суэцк университетінде ұзақ, қажырлы еңбекпен жылан уының химиялық құрамы зерттеліп, таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Жылан уынан жасалған дәрімен ракты, белсіздікті, қант диабетін емдеуге, қан тоқтатуға, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады екен. Улы жыланның сілекей безінен бөлініп шығатын ақшыл сары не көкшіл түсті сұйықтың құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздардан тұрады. Жалпы, удың қасиеті жыланның түріне байланысты бөлінеді. Сұр жылан уында қанға әсер ететін геморрагин, көзілдірікті жылан уында жүйке жүйесіне әсер ететін нейротоксин болады. Жылан уынан кезінде кеңес медицинасы да май, сұйықтар түрінде дәрілер дайындаған. Ол дәрілер дәрігердің рұқсатымен қолқа демікпесін, ревматизм, артрит сияқты көптеген ауруларды емдеуге қолданады. Жылан уынан медицинада түрлі препараттар [мысалы, Випратокс (Vіpratox), Випросал (Vіprosalum), т.б. майлары, Випералгин (Vіperalgіn), Випраксин (Vіpraxіnum pro іnjectіonіbus), Наяксин (Najaxіnum), инъекцияға арналған сұйық дәрілер] жасайды. Жылан уынан дайындалған препараттар невралгия ауруларын, ауруды басатын және қабынуға қарсы зат ретінде, артралгия, миалгия, радикулит, артрит, миозит және периартрит ауруларын емдеу үшін қолданылады. Жылан уын туберкулез, бүйрек, бауыр, диабет, т.б. аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды.  Бір ескертетін жағдай, жылан уынан дайындалған дәрілерді туберкулез, бүйрек, бауыр аурулары бар адамдардың қолдануына болмайды.

Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Франческо Реди деген адам мұны алғаш ашқан деген мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген. Бүгінгі медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. Бұл символды кеңес елі де 1924 жылы түпкілікті мақұлдаған.

Жылан уына қатысты тағы бір жағымды жаңалық бар. Осыдан бірер жыл бұрын Новосибирскінің дәрігер-ғалымдары ішімдік десе елең ететіндер үшін баламалы сусын жасауды қолға алыпты. Кәдімгі араққа жыланның уын қосады екен. Оның кереметі сонда, алкоголь адам ағзасына қауіп төндіретін қасиетінен айырылып қалады. Және “жылан арағын” ішкеннен адреналинді қоздыратын қуатқа еш залал келмейді.

Улы жыландар тышқандармен қоректенеді. Ал бұл шөптің тамырын жейді. Майда-шүйде жәндіктермен қоректенеді.. Бұлар ерте көктемде шөппен бірге шығады. Әзір шөпке тойып, өзіне келген кезде мынадай болады. Ерте көктемде ұстағандар жіңішке болады. Тойған кезде мынадай болып түлеп, сырты жылтырап тұрады.

  Жылан етін шілдеден ерте қолдануға болмайды. Себебі көп жыландар қашан күн ысығанша жердің астында жатады. Бұл кезде оның денесіндегі былтырғы жинаған майы таусылады. Яғни ол сыртқа әбден арып-ашып шығады. Ал кейбіреулері майын толық тауыспай жатып, қайтадан тіршілік қамына кіріседі. Ішінде ескі майы қалып қойған осындай жыланның етін жегендер дертіне дерт қосып алуы әбден мүмкін. Жалпы халық емшілері жылан етін екі түрлі әдіспен қолдануға кеңес береді. Бірі – сорпа ғып ішу, екіншісі – кептіріп, талқан етіп жеу. [10]

Сойғаннан кейін тұзды суға 1-2 сағат салып қоясыз. Одан соң мынадай талдың астына көлеңке жерге іліп, кептіру керек. Сол кептіргенді түйіп отырған жеріміз. Түйіп болған соң сұрап келетіндерге береміз. Мұны күнде таңертең ашқарынға жеу керек.

Жанының амандығы үшін жылан жеп дертіне шипа тапқандар жетерлік ел ішінде. Асқазаны мен он екі елі ішекте шыққан жараға. Кептіріліп, келіде түйілген жыланның талқанын бір бойына суға шылап жейді. «Содан бері арада жиырма бес жыл өтті. Асқазан мен ішекте жара қайтіп мазалаған емес» дейді ол.

  Бір пияла талқанды күнде таңертең ашқарынға кішкентай сумен араластырып, ішіп жүру керек. Он күндей ішу керек. Он күнде өзгеріс пайда бола бастайды. Одан кейін 2-3 күн демалып, тағы ішу керек, 1 айдай. Асқазанда ашу болмайды. Іштен қан кету тоқтайды. Салмақ қосылады. Тамақ ішуім жақсарады.

Жылан сорпасы ағзаны түгел тазалайды, қан алмасуды реттейді. Тіпті қанды сұйылтатын да қасиетке ие.

Аяғы ауырып жүргендерге пайдасы әжептеуір тиеді. Жыланды қайнатып ішкен соң бәрі де басылады. [11]