
- •Кіріспе
- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Жылан туралы түсінік және сыртқы, ішкі құрылысы
- •1.2 Жыландардың систематикалық топтары
- •1.3 Улы жыландардың сипаттамасы Кобра(Naja)– аспидтер тұқымдасына жататын улы жыландардың жалпы атауы.
- •1.4 Жылан уының емдік қасиеті
- •Іі Жануарлардың жылан уынан улануы
- •2.1 Патогенезі. Уланудың белгілері
- •2.2 Клиникалық белгілері
- •2.3 Патологиялық өзгерісер
- •2.4 Емі
- •Ііі Өзіндік зерттеулер
- •8.1 Химиялық -токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап-қаптау және зертханаға жіберу
- •3.2 Токсикологиялық талдауға қажетті негізгі тексеру әдістері
- •1. Биологиялық әдіс
- •2.Биохимиялық әдіс
- •3. Химиялық әдіс
- •4. Физикалық-химиялық әдіс.
- •5. Ботаникалық әдіс
- •3.3 Ілеспе хат
- •3.4 Қортынды актісі
- •Ветеринарлық-санитарлық қортынды
- •Вет.Инспектор : Шамгунов н.А
- •23.03.2015 Ж қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.3 Улы жыландардың сипаттамасы Кобра(Naja)– аспидтер тұқымдасына жататын улы жыландардың жалпы атауы.
“Кобра” сөзі португал тілінен аударғанда жылан деген ұғымды білдіреді. Кобралардың 6 туысы 10 түрі бар. Еуропадан басқа барлық құрлықтың тропиктік және субтропиктік аймақтарында, Австралия, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азияда таралған. Кобралардың бет сүйегі болмайды. Көзінің қарашығы дөңгелек. Олар айбат шеккен кезде денесінің алдыңғы бөлігінің үштен бірін тік көтереді де, мойын омыртқаларындағы 8 жұп қозғалмалы қабырғаларының көмегімен екі жағына қарай мойнын кеңейте алады. Қабыршағы тегіс. Құйрық асты қалқаны екі қатар. Жоғары жақ сүйегінің алдыңғы бөлімінде қозғалмайтын улы тістері болады. Орта Азия ККобрасының (N. oxіana) дене тұрқы 150 – 170 см-ге жетеді. Реңі ашық сарғыштан күңгірт қоңырға дейін құбылып тұрады. Өскен сайын негізгі түсі қарайып, көлденең жолақшалары кеңейіп күңгірттенеді және құрсағындағы жолақтары жойылады, оның орнына дақтар пайда болады.Бұлар Үндістан, Пәкстан, Ауғанстан, Иран, Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстанда да тараған. Өзен жағалауында, құмды шөлдерде кездеседі. Теңіз деңгейінен 2000 м биіктікке дейінгі тауларға көтеріледі. Жазда кемірушілердің індерін, тас астындағы қуыстарды, топырақтағы шұңқырлар мен тоғайларды, су жағасындағы қамыстарды паналайды. Қыстауға қыркүйек – қазан айларының аяғында кетеді де, наурыздың аяғы мен сәуір айының басында шығады. Олар қосмекенділермен, бауырымен жорғалаушылармен, соның ішінде ұсақ жыландармен, сүтқоректілермен және құстармен қоректенеді. Мамыр айында шағылысып, шілдеде аналығы 6 – 19 жұмыртқа салады (ұзындығы 40 – 55 мм, салм. 12 – 19 г.). Тамыздың екінші жартысында, қыркүйектің басында жас жыландар (ұзындығы 31 – 39 мм) жұмыртқаны жарып шығады. Жылына екі рет (көктемде және күзде) түлейді. Өте улы. Уы медицинада емдік заттар, дәрі-дәрмек дайындауға пайдаланылады. Жылан питомниктерінде өсіріледі. Өте сирек кездеседі. Түрікменстанның Бадхыз, Репетек, Копетдаг; Өзбекстанның Арал-Пайғамбар, Қарақол қорықтарында қорғауға алынған. Халықар алық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Көзілдірікті Кобра (N. naja) мойнының желке жағында көзілдірікке ұқсас ашық түсті сурет бар. Аты осыған байланысты қойылған. Ұзындығы 160 – 180 см. Өте улы жылан. Уы бірден қанға араласып, асқазан арқылы көздің шырышты қабығын зақымдайды. Кобралардың ішіндегі ең ірісі – патша Кобрасы (N. bungarus). Оның ұзындығы 5,5 м-дей. Үндістанның джунглиінде, Бирма, Үндіқытайда, сондай-ақ, Малай топаралында кездеседі. Ал аспидті Кобра (N. naje) – Мысырда ежелден құдіреттілік пен қайраттылықтың символы ретінде саналған. Кобралар 10 – 15 жылдай тіршілік етеді. Олардың уы жүйке жүйесіне әсер етіп, тыныс алу орталығын жансыздандырады. Кобраларды серпентарийлерде (жылан уын алу үшін ұстайтын арнаулы орын) ұстайды.[6]
Сұр жыландылар. (лат. Viperidae) - жыландар түқымдасы. Миоценнің бірінші кезеңінен белгілі.
Денесі салыстырмалы толық, әр түрлі бояулы, ұзындығы 2 м-ге дейін. Басы үшбұрышты немесе трапеция тәрізді, кеудесінен немесе көкірегінен жақсы шектелген. Қарашығы тік, жағының алдыңғы жағында 1-2 үлкенулы, 3-5 кішіріктеутістері бар. Ұсақ омыртқалылармен қоректенеді. Көп сұр жыландылар, жұмыртқадан тірі тушылар, ал кейбіреулері жұмыртқа салады.
Кейбір түрлері:
Әбжыландар (Vipera) — мұның 22-23 түрі бар, олардан КСРО жерінде кездесетіндері 6; әбжыланға жататын негізгі түрлер:
Кәдімгі әбжылан (V. berus) — ұзындығы 75 см, түсі сұр, кейде қоңырлау, арқасында иректелген жолағы болады. Түсі көбінесе қарасұр болып келетін ұрғашысы күзде 5—18 баланы тірі туады. Бұлардың үлкендері ұсақ кеміргіштермен, бақалармен, кесірткілермен, балалары насекомдармен қоректенеді.
Дала әбжыланы (V. ursini) — тұрқы қысқа болады, көбінесе Европаның далаларында, Қазақстанның шөлейт жерлері мен Кавказдың және Тян-Шаньнің тауларында болады. Дала әбжыланы кебінесе шегірткелермен, аздап кесірткілермен және тышқандармен қоректенеді.
Кавказ әбжыланы (V. kaznakowi) — сарғылт тұсті келген арқасында иректеліп біткен ұзынынан ұзақ орналасқан қара жолағы болады. Бұл Кавказдың батыс жағында болады.
Мүйізді әбжылан (V. ammodytes) — денесінің сыртындағы қабыршақтары кен тәрізденіп бітеді, тұмсығының ұшында мүйізденіп біткен өскіншесі болады. Бұл көбінесе Балқан жарты аралында, Кіші Азияда, Сирияда және Закавказьеде болады.
Радде әбжыланы (V. raddei) — ұзындығы 1 м-дей, арқасының ұзына бойын бойлап біткен қызыл күрең дақтары болады, түсі қара сұр. Радде әбжыланы көбінесе Арменияның және оған шектесіп жатқан Түркия мен Иранның жерлерінде болады.
Гюрза (V. lebetina) — әбжыландардың ішіндегі ең ірісі және өте улысы. Денесінің ұзындығы 1,5 м дей, жуан, құйрығы қысқа, басы қабысыңқы келеді. Бұл кебінесе Солтүстік Африкада, Кіші Азияда, Иракта, Аравияда, Иранда, Афганистанда, Пакистанда, Солтүстік-Батыс Үндістанда, Закавказьеде (Абхазиядан басқа), Орта Азиядағы республикалардың оңтүстігіндегі аудандардың жерлерінде болады. Гюрза ұсақ аңдармен, құстармен, кесірткілермен қоректенеді. Гюрза шақса адамды да, жан-жануарларды да өлтіреді.
Дабойа (V. russelli) — ұзындығы 120—150 см, бұл кебінесе Үндістан мен Цейлонның жерінде болатын аса қауыпты әбжыландардың бір түрі.
Африка сұр жыландары (Bitis) — мұның 8 түрі бар, бұлар жуан, өте улы келеді, бірақ анда-санда болмаса көп шақпайды.
Бақа випер (Causus) — Сахараның оңтүстігінде, Африкада болады, 6 түрі бар. Бұлардың ұзындығы 50 см дей болады; өте улы жыландардың қатарына қосылмайды; көбінесе көлбақа және құрбақалармен қоректенеді.
Кәдімгі сұр жыландар туысының 11 түрі бар, осылардың алты түрі ТМД-да кездеседі. Қарасұр жылан немесе көлбар жылан, кәдімгі сұр жылан, мұрынды сұр жылан және азиаттық сұр жылан кездеседі. Жыланның шақканы, адам өміріне қауіпті. Жыланның шағуынан адамдардың өлімі 1%-не дейін жетеді. Уды медицинада жыландардың шағуына қарсы сарысу әзірлеуге және басқа мақсаттарда қолданады. Сұр жыландар Қызыл кітабқа енгізілген. ХТҚО, Кавказдың, мұрындық және азиаттық сұр жыландар КСРО Қызыл кітабына енгізілген.[7]
Кәдімгі қалқантұмсық жылан (лат. Gloydius halys) – қабыршақтылар отряды шұңқырбасты жыландар тұқымдасына жататын жылан.
Қазақстанның оңтүстікінде жазық жерде, таулы (теңіз деңгейінен биіктігі 3000 м-ге дейін) аймақтарда мекендейді. Бұл тау орманында, көбінесе жусанды, бидайық өскен алқапта, ши арасында, тоғайда және бұталы өсімдіктер өсетін жерлерде, жартастардың арасында, шабындықтарда мекендейді. Сарғыш сұр түсті денесінде көлденең күңгірт жолақтар, не алқызыл теңбілдер болады. Дене тұрқы 50 – 60 см, ең ірілері 75 – 80 см. Дала сұр жыланынан негізгі айырмашылығы – танау тесігі мен көзі арасында шұңқыры болады. Қазан – қараша айында ұйқыға кетіп, наурыз – мамырда оянады. Жыныстық жағынан 3 жылда жетіледі. Аналығы шілде айында ұзындығы 16 – 19 см-дей 3 – 12 (көбінесе 6 – 8) баласын жұмыртқалай тірі туады. Бір маусымда 3 рет түлейді. Негізгі қорегі – ұсақ кемірушілер, кесірткелер, ұсақ құстар, жәндіктер. Жемін кешқұрым, түнде, оңтүстік аудандарда күндіз де аулайды. Қалқантұмсық жылан – өте улы, оның уы адамға, малға (әсіресе жылқыға) қауіпті. Уы дәрі жасау үшін медицинада пайдаланылады. [8]
Эфа, атпа құмжылан (лат. Echis carinatus) – сұржыландар тұқымдасының бір түрі.
Солтүстік Африка, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және Орта Азияда, ТМД елдерінде Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Қарақұм, Қызылқұм, Арал теңізінің маңында, Өзбекстанныңсолтүстігінен, Тәжікстанның оңтүстік – батысындағы шөлейтті және шөлді жерлерді мекендейді. Денесінің ұзындығы 50 – 60, кейде 80 см. Басы қырлы, ұсақ қабыршақтар жауып жатады. Екі бүйірі 4 – 5 қатарлы, ұсақ және жіңішке қабыршақты. Құйрықасты қалқаны ұзынша бір қатарға орналасқан. Арқасының түсі құмды-сұр түсті, қиғаш орналасқан бүйір қабыршақтары қаралау болады. Басының төбесі айқыш, өрнекті. Айыр тілі сезім қызметін атқарады. Эфаның қозғалмалы қабағы болмайды. Қабақтары түссіз, шыны секілді мөлдір көздерін жауып тұрады. Сондықтан да қабақ қақпай қарайды. Наурыз – сәуір айларында шағылысып, шілде – тамызда ұзындығы 10 – 16 см, 3 – 15 бала жылан туады. Құмтышқан, тышқан, кесіртке, құстар, көлбақа, жасыл құрбақа, ұсақ жыландармен, т.б. қоректенеді. Эфаның уы адам мен малға қауіпті, уын медицинада пайдаланады. Эфа жылан уын алу үшін ауланады. [9]