Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
озгерту.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
789.62 Кб
Скачать

1.2 Жыландардың систематикалық топтары

Жыландарды бірнеше систематикалық топтарға бөлуге болады. Соқырлар (Турһlоріdае) тұқымдасына жер астында тіршілік ететін, жер құрттарына ұқсас, залалсыз ұсақ жыландардың 150-ге тарта түрі жатады. Денесі цилиндр пішінді, басымен құйрығы денесінен бөлінбеген және денесі балық қабыршақтарына ұқсас тегіс қабыршақпен қапталған организм. Көзі әдетте терісінің астына орналасқан. Ауыз аппараты кең ашылмайды. Жамбас белдерінің. қалдығы ғана сақталмаған. Бұлар негізінде Африканың, Азияның және Австралияның тропикалық бөлімдеріне тараған. Бізде Закавказьеде, Түрікменияның оңтүстігінде, Өзбекстанда, Тәжікстанның онтүстік батысында бір ғана түрі (Турһіорs vегmісиlагіs) тараған. Олар бақшақ, жүзім еккен жерлерде мекендейді. Насекомдармен қоректенеді, Ересегінін. ұзындығы 30 см болады. Айдаһарлар, немесе жалған аяқтылар (Воіdае). Бұл тұқымдасқа ең ірі түрлері жатады. Сонымен катар ұзындығы 1 м болатын ұсақ түрлері де кездеседі. Айдаһарлардың бас бөлімін, басқа жыландарға қарағанда, мойнынан айқын ажыратуға болады. Клоаканың екі жағында екі өсінді түрінде орналасқан, артқы аяқтарының нұсқасы болады. Түсі көбінесе шұбар болады. Айдаһарлардың барлығы дерлік шығыс және батыс жарты шардың тропикалық облыстарында кездеседі. Біраз ғана түрлері Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда кездеседі. Тропиктік өзені мен көлі көп дымқыл ормандңрды мекендейді. Әсіресе ашық жерлерде тіршілік ететіндері, түнде активті әрекет етеді. Қалың орманда тіршілік ететіндері күндіз де қорегін аулай береді. Жануарларды өте баяу, сақтықпен жасырынып келіп, жақын жерден атылып барып ұстайды. Ұстаған жануарының денесіне бірнеше оралып, қысып, тұншықтырып өлтіреді. Бұлардың ішіндегі өте белгілі түрлері: торлы питон (Руtһоп геtисиlаtиs) ұзындығы 5—6 метрден 10 метрге дейін жетеді. Олар Азияның оңтүстігіне және Үнді-Малай архипелагасына тараған. Кәдімгі айдаһар (Воа сопstrісtог) үзындығы 5—6 метрге жетеді. Оңтүстік Американы мекендейді. Бізде Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда бұл тұқымдастың ең кіші түрі — дала айдаһары (Егух jасиlиs) кездеседі. Денесінің ұзындығы 1 метрден аспайды. Бұл құмды шөлдерді, далалы жерлерді ме-кендейді. Түнде тіршілік етеді. Күндіз кемірушілердің ініне, не-месе құмға еніп жасырынып жатады. Ұсақ рептилилермен, саршұнақтармен, қосаяқтармен қоректенеді. Сарыбас жылан(СаІиЬгіdае) тұқымдасына жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішін-де залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады. Көбірек тараған түріне кәдімгі сарбас жылан (Nаtгіх паtгіх) жатады. Түсі қоңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылт жолағы бо-лады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолақ болмайды. СССР-дің Европалық бөліміне Сибирьге, шығыста Забайкальеге дейін және Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған. Батпақтың, өзеннің және тоспанын, жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса насекомдармен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жүмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасына салады (21-сурет). Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы (N. tеssеlаta) мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сүр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді. Полоздар (СоІиЬег, Еіарһе) сарбас жыландарға жақын, үзындыры 2 м болатын жыландар. Улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістуге ұмтылады, өте қатты тістейді. Медянка (Согопеllа аиstridса) ұсақ, ұзындығы 75 сантиметр-дей болатын жыландар. Түсі қызыл бурыл денесінде қара сұр дақтары болады. СССР-дің Европалық бөлімінің орталык және оңтүстік бөлігінде кездеседі. Ағашты немесе бұталы жерлерді мекендейді. Дымқыл жерлерде болмайды, уы жоқ. Негізінен кесірткелермен қоректенеді. Орта Азияның шөл далаларында оқ жыландар (Тарһгоmеtороп linеоlаtиm) көп кездеседі. Денесі жіңішке, ұзындығы 1 метр ден аспайды. Түсі сары, сұр түсті, денесінің ұзына бойына со-зылған бірнеше дағы, немесе жолағы болады. Өте тез қозғалады. Қауіп төнгенде мүмкіндік болса ағаштың бұтағына шығып, немесе бұтаның түбіне тығылып құтылады. Негізінен кесірткелермен қоректенеді. Қесірткені тістеп, денесімен орап, қысып өлтіреді. Көзілдірікті сарбас жыландар тұқымдасына жалпы халыққа белгілі улы жыландар да жатады. Бізде Түрікменияның оң-түстігінде сұр кобра (Маjа охіапа) деген түрі кездеседі. Денері біркелкі сұр түсті, дағы болмайды. Аңғарларда және адам мекеніне жақын жерлерде тіршілік етеді. Шаққаны өте қауіпті. Қөзілдірікті жыланның (Маjа паjа) мойынының желке жағында көзілдірік сияқты екі дағы болады. Олар Оңтүстік Азияны мекендейді. Кобраларға тән бір ерекшелік айбат шеккен кезде мойын омыртқаларындағы қозғалмалы қабырраларының көмегімен мойынын кеңейте алады. Сұр жыландар (Vірегidае) улы аппараттары жақсы дамыған улы жыландар. Улы тістерінің, ішінде каналдары болады. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тістері алға қарай бағытталады. Кәдімгі сұр жылан (Vірега Ьегиs) біздің еліміздін, Европалық бөлігінде және Сибирьде тараған. Түсі сұр, қара жолақты, немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ал батпақты жерлерден кездеспейді. Бұларды күндіз үйінділердің, ағаш түбірінін, үстінен, таулы жерлердің күңгей жағынан көруге болады, қорегін аулауға түнде шығады. Негізінен тышқандармен, дала тышқандарымен, сирек болса да құстармен, кесірткелермен, бақалармен және насекомдармен қоректенеді. Тірі жұмыртқа туып көбейеді. Қысқа қарай бірнешеуі бірігіп, ағаш тамырынын, астында, терең індерде қыстап шығады. Сұр жыланның шаққанынан денсаулығы нашар ауру адамдар, балалар өліп кетеді. Денсаулығы жақсы адамдар үшін аса қауіпті болмағанмен көп азап шегеді. Орта Азия мен Кавказда сұр жыланға жақын қара жылан гюрза (Vірега ІеЬеtіпа) кездеседі. Оның ұзындығы 2 м болады. Олар шөл даланы және аласа таулы жерлерді мекендейді. Шаққаны өте қауіпті. Орта Азияның оңтүстік бөлігінде, Африкада және Аравияда қүм эфасы. (Есһіs сагіпаtиs) тараған. Оның ұзындығы 70 сантиметрдей болады, түсі жалпы сарғылт құм түсті. Бұлардың да шаққаны өте қауыпты. Қалқантұмсық (Апсіstгоdоп һаlуз) — улы жылан, өзіне тән ерекшеліктері — құйрығы қысқа. Көзі мен танау тесігінің ортасында шұндыры болады. Денесінің жалпы ұзындығы 75 сантиметрдей. Еділ өзенінін, бойынан Қазақстан арқылы Орта Азияға, оңтүстік Сибирьге, Қиыр Шығысқа дейін тараған және Закавказьеде де кездеседі. Сұр жыландарға Американың сылдырмақты жыланы да (Сгоtаlиз һоггіdиз) жатады. Бұл жыландарды сылдырмақты жыландар деп атауының себебі, олардың құйрығында дыбыс шығаратын қозғалмалы байланысқан мүйізді бунақтардық болуына байланысты. Айбат шеккен кезде, құйрығын қозғалтып сылдырлаған дыбыс шығарады. Аса қауіпті улы жылан.[5]