- •3. Халықаралық дербес құқықты құқықтьщ бір саласы ретінде басқа саладан айыра білу қажет.
- •4) Бақылау теориясы - бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңын негіз ретінде алады.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •2) Мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады. Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.Б.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •4. Мемлекеттер, заңды және жеке тұлғалар халықаралық несиелерді пайдаланады.
- •Дәріс 7: халықаралық дербес көлік құқығы
- •1833 Жылдың 22 қарашасында император Николай 1 кезінде «Артықшылықтар туралы Ереже» деген құжатпен аталған құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
- •1967 Жылы Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйымды (воис-тың) құрылуын бекітетін Стокгольм конвенциясы қабылданды, кейіннен бұл ұйым бұұ арнайы ұйымы ретінде енді.
- •3. Аралас тәсіл. Ол аталған екі тәсілдердің элементтерінен тұратын модификацияланған тәсіл болып табылады. Қр ак-нің 961-бабында типсіз деп көрсетілген объектілерге қатысты қолданылады.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •1992 Жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды.
- •Пайдаланылатынн әдебиеттер:
- •3. Еңбек көші-қоны және осы саладағы мемлекеттік саясат.
- •1990 Жылдардан бастап, Қазақстан Республикасында реэмиграция үрдісі қарқынды түрде дамыды. Мысалға 1991-2000 жылдар аралығында Республикамызға 183 мың адам келді.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер:
4) Бақылау теориясы - бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңын негіз ретінде алады.
Lex voluntatis - бұл байлам бойынша шарт жақтары, өз еріктері бойынша бір мемлекеттің заңнамасын таңдауға құқылы.Тараптар қай мемлекеттің заңын немесе қай конвенцияны қолданатын шартта нақты көрсету керек.
Lex venditoris - бұл байлам бойынша сатушы тұратын мемлекеттің заңын қолдануды қарастырады. Бұл байлам сыртқыэкономикалық мәмілелеріне тән.
Lex rei sitae - бұл коллизиялық кағидат меншік құқық саласында қолданылады. Бұл ереже бір мемлекетте, белгілі бір затқа меншік құқығын анықтауда көмек көрсетеді. Қазақстанның заңнамасында мүлік қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңнамасымен меншік құқығы анықталады. Бірақ егер мүлік мұра ретінде қарастырылса, онда мұрагердің соңғы тұрғылықты жерінің заңнамасымен реттеледі.
Lex loci delictii comissii - бұл коллизиялық байлам құқық бұзушылық жасалған жердің заңнамасына байланысты. Яғни, сот қай мемлекетте зиян келтірілген болса, онда сол мемлекеттің заңнамасымен істі қарастырады.
Lex fori - сот заңы, яғни дау қай мемлекетте қарастырылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Бұл қағидатқа сәйкес сот қатынастағы шетел элементіне қарамастан, өз елінің заңнамасын қолданады.
Lex personalis - жеке тұлғаға байланысты ереже. Онын өзі екі түрде қарастырылады: 1. Lex patriae - азаматтыққа байланысты заң; 2. Lex domicilii - тұлғаның тұрақты тұру жеріне байланысты заң.
Lex loci selebrationis - бұл байлам отбасы құқығында қолданылады, яғни қай мемлекетте неке киылды сол мемлекеттің заңы қолданылады.
Жоғарыда аталған байлам формулалары сәйкес карым-қатынастардың қолдануға жататын мемлекет құқығымен заңды немесе фактілі түрде байланысын ескереді. Тәжірибеде шетел элементімен шиеленіскен қарым-қатынасты ұлттық құқық ережелеріне бағындыру мысалдары кездеседі. Бұл ұлттық заңның қолдану шектерін кеңейту, өзінің заңды және жеке тұлғалардың кұқықтарын қорғау мен қызметін женілдетуге тырысуымен түсіндіріледі.
Коллизиялық нормада байлам өз бетінше болуы мүмкін емес және ол көп жағдайда көлемге байланысты болады. Бұл элементтер арасында белгілі бір байланыстар болады, ол қай елмен қатынас тығыз байланысты, сол елдің құқығына сілтеме жасайтын коллизиялық формулаға сілтеме жасаудың мақсаттылығын танудың кең өріс алуынан байқаймыз.
Коллизиялық байламдар қатарына кейбір жағдайда қатынас тараптарымен таңдалған елдің құқығына бағынатын ерік автономиясын жатқызады. Бірақ бұндай бір жағынан ұксас, екінші жағынан әр түрлі құқық институттарын теңестіру дұрыс емес болып табылады. «Ерік автономиясы» кейбір ғалымдардың айтуы бойынша (мысалы Л.П. Ануфриева) коллизиялық байламдардың түрі болып саналмайды, ол қолданудың өзіне тән ерекшеліктері бар, кең мағынаға ие қолдану шарттары басқаша болатын, халықаралық дербес құқықтағы дербес құқықтық институт болып табылады. «Ерік автономиясы» - бұл коллизиялық байламдарды анықтау және оны тіркеу тәсілінің құқықтық алғышарты болып табылады.
Қазіргі халықаралық дербес құқықта коллизиялық нормалар көп түрлі және көп санды болып табылады. Оларды түрлерге бөлудің критерийлері кең. Бұл ерекшеліктер, халықаралық байланыстар кезінде пайда болатын қатынастар топтардың ерекшеліктерін айкындайды және осы нормалардың тәжірибеде қолдану кезінде зор маңызға ие.
Ең біріншіден, халықаралық-құқықтық унификацияға бағытталған, ұлттық заңдармен бекітілген және халықаралық шарттармен көзделген коллизиялық нормаларды айыра білу қажет. Олардың арасындағы айырмашылықтар олардың әрекет ету аясымен және оларды қолдану тәртібінен байкалады. Халықаралық шарттармен бекітілген коллизиялық ережөнін әрекет ету аясы, бұл шарттар қатысушылардың барлығынын қолдануына байланысты кең болады. Ал кұқық қолданушы органдардың және құқық қолданушы тәжірибенің ерекшеліктері екеуінің арасындағы айырмашылықты одан әрі нығайта түседі. Бірақ ішкі заң ережелері мен халықаралық-құқықтық шарт ережелерінің болуы қайнар көздердің, яғни осыдан туындайтын тұжырым халықаралық дербес құқық ережелерінде де, екі жақтылық сипатына алып келмейді, себебі бұл ішкі заң пайдасына, халықаралық құқықтық шарт ережелерін басшылыққа алмауға алып келеді. Көп жағдайда мемлекет өзі дербес коллизиялық норма массивін қалыптастырады. Бірақ қазіргі кезеңде, ерекше маңызға халықаралық құқықтық кұралдар арқылы коллизиялық құқықтық реттеу, шарттық тәртіп арқылы реттеу дамуда. Ол мемлекеттердің, біртұтас халықаралық дербес құқықтағы коллизиялық және өзге де норманың, сәйкес халықаралық, шарттарды қабылдау және дамыту, ұлттық құқықтық ережені унификациялау атына ие болды. Маңызды сараланудың бірі коллизиялық байлам нысанына байланысты саралану болып табылады. Бұл белгі бойынша коллизиялық ережелерді бір жақты және екі жақты деп екі топқа бөледі. Бір жақты - бұл қолдануға жататын елдің қазакстандық, неміс, ағылшын құқығын тікелей атайтын байлам нормасы. Бір жақты ереже әдетте ез елінің құқығын қолдануды белгілейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1104-бабының 3-тармағында былай делінген: «Қозғалмайтын мүлікке қатысты мәміленің нысаны осы мүлік орналасқан жердегі елдің құқығына, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізілімге енгізілген козғалмайтын мүлікке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады». Бірақ бұған қарамастан, екі жақты ережелер кең таралған. Екі жақты коллизиялық ереже нақты мемлекетті атамайды. Оған құқықты таңдауға мүмкіндік беретін, жалпы белгінің болуы тән. Мысал ретінде, ҚР АК-не сәйкес, «мұрагерлік бойынша қатынастар... мұра калдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған елдің кұқығы бойынша анықталады».
Бұл ереженің байламы, жалпы белгісі ретінде: «мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерін көрсетеді».
Реттеу тәсілі бойынша коллизиялық нормалар императивті, диспозитивті, альтернативті болып үш топқа бөлінеді. Императивті нормалар түпкілікті, азаматтық-құқықтық қатынастардың тараптарымен өзгертіле алмайтын құқықты қолдануға қатысты ұйғарымдар.
Диспозитивті нормалар құқықты таңдау бойынша жалпы тәртіпті бекіте тұра, тараптарға оны басқа тәртіппен өзгерту мүмкіндігін береді. Диспозитивті нормалар әдетте тараптар құқығы, егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе және т.б. нысандарда, көрініс табады. Мысалы, ҚР АК-нің 1108-бабының 2-тармағына сәйкес: «Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, мәміленің нысанасы болып табылатын мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдің осы мәміле бағындырылған құқығы бойынша анықталады».
Альтернативті нормалар - мазмұнында, ереже көлемінде көзделген, жеке құқықтық қатынасқа қолданылатын құқықты таңдауды көздейтін бірнеше ережелері бар нормалар. Құқық қолданушы орган және тараптар онда көзделгеннің әрқайсысын қолдана алады. Бірақ, көрсетілген тәртіптердің біреуі бойынша қатынас реттелуі жеткілікті болады. Мысалы, мәміленің нысаны ол жасалған жердің құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмелені, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанының сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Яғни, шетелде жасалған мәміле нысанына екі альтернативті байлам қолданылады: оның жасалу жері заңы және Қазақстан Республикасы құқығы.
Альтернативті нормалар халықаралық дербес құқықта салыстырмалы түрде жақында пайда болған құбылыс болып табылады. Оның пайда болуы халықаралық байланыстардың дамуы, соңғы кездерде бұл құқықтық саланың дамуымен соның ішінде әр түрлі құрылымдардың қүрделенуі, реттелетін қатынастардың ерекшеліктерін ескеруге негізделген, көлемдердің және байламдардың бөлшектелуімен тығыз байланысты.
Коллизиялық норманың мәніне қарай: генералды (бас) және субсидиарлы (қосымша) болып екі топқа бөлінеді. Генералды норма қолданудағы артықшылыққа ие, қолданылатын құқықты таңдау кезіндегі басты ереже. Мысалы, егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. Мұндағы басты ереже ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмеуі қажет. Субсидиарлы норма басты нормамен байланысты бір немесе бірнеше құқықты таңдау ережелері, ол басты ереже белгілі бір себептерге байланысты қолданылмаған жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, субсидиарлы нормалар бірінші, екінші, үшінші және т.б. дәрежелі болып бөлінеді. Басты және барлық дәрежелі субсидиарлы нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болып, ішкі байланысқа негізделген өзінше ереженің ассоциациясын құрады.
Сонымен катар, коллизиялық нормалар құқықтық қатынастың қүрделігіне байланысты бөлінеді. Олар: жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы коллизиялық нормалар қатынастың мәніне қолданылатын құқықты анықтайды. Ал арнайы нормалар бұл қатынасты жүзеге асыру барысында туындаған косымша сұрақтарды шешуге арналған құқықтық қатынасты бекітеді. Жалпы және арнайы коллизиялық нормалар жүйесін қолдану кажеттілігі, бірнеше мемлекет аумағында орындалатын шарттарды карастырғанда пайда болады мысалы, (тасымалдау шарты).
Қазақстан Республикасы үшін ТМД-ға мүше мемлекеттердің құқығын унификациялау мәселесі ерекше маңызды болып табылады. Бұл халықаралық дербес құқық мәселесін шешетін жағдай. Қазіргі кезде осы мәселені шешуге 1995 жылы 13 мамырда қабылданған ТМД елдері үшін заңнама акті ретінде ұсынылған Үлгілі азаматтық кодекс мүмкіндік береді. Осындай актілердің шығарылуы біртұтас құқық кеңестігін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құқық таңдау мәселесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
3. Коллизиялық нормаларды пайдалану тәртібі ішкі мемлекеттік заңды пайдалану процесінен өзгешеленеді. Бұл процестің күрделілігі оның пайдалануындағы әртүрлі құқықтық жүйелердің өзара байланысы болуынан көрінеді. Сондықтан, олардың ерекше бөлушілік белгілері мен пайдалану сатылары болады.
Бірінші сатыда – осы жағдайға коллизиялық норма пайдаланылады ма деген сұрақ анықталады, егер пайдаланылса, онда ол қай мемлекет құқығына сілтейді деген сұрақ анықталады.
Екінші сатыда – коллизиялық норма сілтеген мемлекеттің заңы пайдаланылады. Егер бірінші сатыда, коллизиялық норма пайдаланылса, екінші сатыда, отандық не шетелдік материалдық құқық пайдаланылады. Екінші сатыда, жария тәртіп пен шетел заңының мазмұнын анықтаудың құқықтық сұрақтарын түсініп, шешу керек.
Осы екі құқық пайдалану тәртібі халықаралық дербес құқық шегінде жүзеге асады.
Коллизиялық норманы пайдалану кезінде шетел азаматы мемлекет азаматына қарағанда мөлшері жағынан көбірек құқыққа ие бола алмайтындығын есте сақтау керек. Бұл ереже халықаралық байланыстағы, достастықтағы жеке және заңды тұлғалардың теңдігіне негізделген. Басқа сөзбен айтқанда, құқық пайдалану тәжірибесінде халықаралық дербес құқықтағы субъектілердің арасындағы өзара байланыс өзаралықты тудырады.
Бұл өзаралық материалдық және формальдық болады. Материалдық өзаралық тең өкілеттілік көлемін білдіреді. Формальдық өзаралық шетелдіктерге мемлекетттегі азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген өкілеттіктерге жақын өкілеттіктерді беруді білдіреді. Барлық жағдайда мемлекеттер материалдық өзаралықты қамтамасыз ете алмайды, оның себебі құқықтық жүйелердің өзгешелегі, сондықтан формальдық өзаралық қамтамасыз етіледі.
Халықаралық дербес құқықтың әртүрлі аспектілерін реттейтін халықаралық келісім-шарттар бірдей тұрғыны ұстанбайды: бір келісім-шарттар өзаралық қағидасын алып тастайды, басқалары оларға сілтеме жасауды қолдайды, үшіншілері (оны ұстанушылар саны өте көп) оны пайдалану туралы ештеңе көрсетпейді. Бұл жерде, мысал ретінде экономикалық байланыс туралы қазақстан-мысырлық келісім 1993 жылғы, қызығушылық тудырады, мұнда өзаралық қағидасы үлкен орын алады.
Басқа мемлекет аумағында коллизиялық норманың сілтемесіне сәйкес шетелдің заңы пайдаланылса, өзаралық туралы сұрақ туады. Бұл жерде, коллизиялық сілтеме негізінде шетел заңы басқа мемлекет аумағында өзінің азаматтары мен заңды тұлғаларына беретін құқықтары сәйкес пе екені анықталу керек.
Бұл жерде, басқа мемлекет қарсы шектеулер қоюы мүмкін, егер бірінші мемлекет екінші мемлекеттің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына шектеулер қойса.
Көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде өзаралық қағидасы бар. Көп жағдайда, өзаралық талабы белгілі бір міндеттемелерді орындаудың шарты болып келеді. Мәселен, Тауар таңбалары туралы заңының 35-бабында өзаралық қағидасы туралы тура айтылған: «Шетелдің заңды және жеке тұлғалары Заңда көзделген, халықаралық келісім-шарттардың күшіне және өзаралық қағидасына сәйкес құқықтарды пайдаланады». АҚШ заңнамасында өзаралық қағидасына сілтеме сирек кездеседі, көбінесе бұл қағида халықаралық келісім-шарттарда қаралады. Коллизиялық нормаға түсініктеме жасау – коллизиялық норманы саралау деп аталады. Соттар қызметінің тәжірибесі көрсеткендей, саралау сот заңы арқылы жүзеге асады. Бір мемлекеттер заңында (АҚШ, Ұлыбритания) коллизиялық нормалардың саралауы туралы ережелер бар, екіншілерінде (Швейцария, Австрия) ондай ереже жоқ. Коллизиялық нормаларға түсініктеме бергенде ұлттық түсініктерді пайдалана отырып, олардың байламдарында шатасуға болады. Мәселен, шарт жасасу орны ретінде Жапонияда акцепт жіберу орны табылса; бұл жерде сөздің мағынасында әртүрлі ұғымдар болуы мүмкін, оны әдебиеттерде «ашық коллизиялар» немесе «саралаудың қақтығысы» деп атайды.
Саралаудың қақтығысы көбінесе сот заңы (Lex fori) деп аталатын коллизиялық байламмен шешіледі. Бұл жерде, сот немесе аралық сот коллизиялық норманың әртүрлі түсінігімен кездеседі, сондықтан олар өз мемлекетіндегі азаматтық құқық түсініктемесіне сәйкес саралайды.
Кейбір жағдайларда, шетелдегі мүлікке мұра алу мәселелеріне, шетел заңы қайтыс болған мұра қалдырушының азаматтығы заңымен шешуді көздейді, ал бұл мемлекеттің заңы мұра орналасқан мемлекеттің заңына сілтейді. Қайтыс болған азаматтың мемлекетінің соты «қайта сілтемені» қабылдау керек пе, әлде жоқ па? Біздің пікірімізше, мұндай сілтемені қабылдау мақсатқа лайықтылау болады.
Шетел заңдары бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында қолданылмауы да мүмкін, себебі жария тәртіп ұғымы бар. Жария тәртіп туралы ескерту шетел заңын пайдаланудан және шетел заңының әсерінен пайда болатын құқықтарды пайдаланудан қорғаушы ретінде келеді.
Францияның азаматтық заңнамасында жария тәртіпті пайдалану қажеттілігі жеке келісімдер «қоғамдық тәртіп пен ізгі өнегелілікті» бұзбау керектігімен дәлелденеді.
Жария тәртіп туралы ескертулер, 1980 жылдың Грецияның азаматтық кодексінің 32-бабында, 1978 жылдың Австрияның халықаралық дербес құқық туралы Заңының 6 параграфында, 1986 жылдың Қытайдың Азаматтық кодексінің бас қағидаларының 150 бабында, 1985 жылдың Парагвайдың азаматтық кодексінің 22-бабында көзделген.
Германияның халықаралық дербес құқық туралы заңының 6-бабының мазмұнына көңіл бөлген жөн: «Германия құқығының негізгі қағидаларына сәйкес келмейтін салдарға әкелетін шетел заңын пайдалануға жол берілмейді». Бұл ереже 1980 жылдың 19 маусымында қабылданған Шарттық міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Конвенцияның 16-бабын ұқсас ережені білдіреді: «Осы Конвенцияға сәйкес анықталатын құқық нормасын пайдалануға тыйым салынады, егер мұндай пайдалану сот мемлекетінің жария тәртібіне сәйкес келмесе». Шетел заңын пайдаланудан бас тарқан мемлекет өзінің бас тартуын сәйкесінше заң қабылдаумен немесе басқа актінің қабылдауымен заңдағы тапшылықтың орнын толтыру керек.
Халықаралық дербес құқық саласындағы практика көрсеткендей, жария тәртіп туралы ескерту азаматтық процесс сұрақтарына да пайдалануға бастады. Бұл ереже көрсеткендей, азаматтардан жауап алу, құжаттарды тапсыру және өзге де іс жүргізу әрекеттері бұл мемлекетте жүзеге асуы мүмкін, бірақ жария тәртіп туралы ескертуге сәйкес осы құжаттарда мемлекеттік немесе әскери құпия болатын мәліметтер болса онда бұл әрекеттерге жол берілмейді.
АҚШ, Франция, Англияда пайдалануға жататын шетел заңы дауды шешуге маңызы бар іс жүзіндегі мән-жай ретінде қарастырылады. Басқа мемлекеттерге қарағанда ағылшын-американдық құқық мемлекеттері дәлелдеу құқығын қолданады. Бұл ережеге сәйкес, ек тарап та өзінің іс бойынша дұрыстығын көрсетіп, дәлелдеуге міндетті.
Кейбір мемлекеттерде, мәселен, Германияда сот өзінің бастамасымен мазмұнын анықтайтын және шетел заңын пайдаланатын, егер шетел заңы дұрыс пайдаланылмаса, онда бұл сот шешімін қайта қараудың негізі ретінде болмайды. Бірақ, Қазақстан мен Ресейде шетел заңын дұрыс пайдаланбау сот шешімін қайта қараудың негізі болады. Қазақстандық заңнамада жария тәртіпке қатысты көзқарас қалыптаспаған, сондықтан мемлекеттің жария тәртібіне қарсы келген құқық оның аумағында пайдаланылмайды.
Жалпы ереже бойынша, сот өзінің ұлттық заңын пайдаланады. Сот көбінесе, шетел заңының күшіне сәйкес алынған құқықтарды тани отырып, шетел құқығын танымайды, ол белгілі шетел заңының әсерінен пайда болған субъективтік құқықты таниды.
Шетел құқығының белгілі бір нормаларын дұрыс пайдалану үшін пайдаланылатын норманың мазмұнын ұғыну керек, құқыққатынастарды реттеуге қаншалықты бұл норма сәйкес келетіндігін анықтау керек. Бүгінгі таңда, сот және іс бойынша тараптар шетел заңының мазмұнын өздері анықтайды. Сот шетел заңының мазмұнын анықтауға міндетті; бұл жерде ол тараптардың аргументтерімен шектелмеу керек, ол өзі шетел заңын анықтап, Әділет органдары арқылы оның мәтіндерін талап ету тиіс.
Шетел заңы өзінің отанында сияқты пайдаланылуы тиіс және пайда болу мемлекетінде сияқты түсіндірілуі тиіс.
Қазақстандық сот істің мазмұнынан қажеттілік туғанда ғана шетел заңын пайдаланалады. Қазақстандық соттар шетел заңын пайдалана отырып, оны шетел мемлекетіндегі түсініктемеге сәйкес түсіндіру керек. Осындай тәртіп ҚР Сауда палатасының жанындағы Аралық сотқа да таралады.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1 Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999.
2 Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: Бек, 2000.
3 Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право. М., 1984.
Дәріс 3: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕНШІК ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Сабақтың мақсаты: ХДҚ-ғы меншік пен шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу сұрағын сипаттау.
Жоспары:
1. Меншік құқығы және халықаралық дербес құқық
2. Халықаралық дербес құқықтағы ұлттандыру
3. Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу
1. Кез келген құқықтық жүйеде меншік құқығы институты орталық институттардың бірі, себебі ол басқа институттардың мазмұны мен нысандарын ашады. Сондықтан да, барлық мемлекеттердің Конституцияларында меншік институтының мазмұны ашылады. 1995 жылдың Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің нысанына қатыссыз қол сұғушылықтан қорғайды.
Коллизиялық бастама - Lex rei sitae – мүліктің, заттың орналасқан жерінің заңы ретінде сипатталады және меншік құқығында қолданылатын негізгі қағидат болып келеді. Бұл қағидат халықаралық практикада жалпы танылған қағидат.
Меншік құқығының сұрақтары бірнеше халықаралық келісім-шарттарда көтерілген: 1958 жылғы Халықаралық сатып алу-сату туралы Гаага Конвенциясында, 1948 жылғы Әуе кемелеріне құқықтарды халықаралық тану туралы Женева Конвенциясында, Бустаманте кодексінде және т.б.
1958 жылдың Гаага Конвенциясында меншік құқығы туралы сұрақтар шешілген. Меншік құқығы және мүліктің, тауардың жойылу қаупі ауысқанда мүлік, тауар орналасқан мемлекеттің құқығы пайдаланылады, - деп жазылған Конвенцияда. Сатылатын тауарға меншік сұрақтары 1980 жылғы Тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы БҰҰ Конвенциясында өз реттеуін тапқан. 1948 жылғы Женева Конвенциясы меншікке қатысты сұрақтарды әуе кемесі тіркелген жерінің құқығымен реттейді. Бустаманте кодексі меншік құқығына қатысты сұрақтарды мүлік орналасқан жерінің заңы қағидасымен шешеді. Жылжитын және жилжымайтын мүліктің орналасқан жерінің заңымен оның иелену мерзімі сұрақтары да шешіледі.
Осы қағидамен көптеген мемлекеттердің меншік құқығы сұрақтары шешіледі. Германия мен Швейцарияда иелену мерзімі 10 жыл; осы мерзім өткен соң адал иеленуші оның меншік иесі болады (Германияның Азаматтық ережесінің 937-параграфы, Швейцарияның Азаматтық ережесінің 728-бабы). Бұл аталған нормаға сәйкес адал иеленуші – жеке және заңды тұлғалар Германияда немесе Швейцарияда орналасқан мүлікке меншік құқығын, осы мемлекеттердегі заңдарда көзделген иелену мерзіміне сәйкес оның меншік иесі болады. Қазақстанда да меншік құқығы мүлік орналасқан жерінің заңымен анықталады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы заттарды қозғалатын (жилжитын) және қозғалмайтын (жилжымайтын) деп бөледі. Бұл бөлу маңызды, себебі мұндай жіктеу затқа, мүллікке, тауарға қатысты қай мемлекеттің заңы пайланылатындығын дұрыс анықтайды.
Бұл жерде, аса көңілді мемлекеттің үкіметтерімен жасалған концессиялық шарттарға бөлу керек. Қазақстан тарихында мұндай бірнеше шарттар қазан төңкерісіне дейін және кеңес өкіметі кезінде жасалған. Кеңес өкіметі кезінде жасалған шарттар заңды түрде бұзылмаған, соның салдарынан концессионерлер мемлекетті тастауға мәжбүр болған. Бұл Қазақстандағы концессиялық шарттардың кең етек алмауының себебі.
Концессиялық шарттарды халықаралық деп атамауға болады. Бірақта, қалай болса да, мемлекет мұндай шарттарды бұзбау керек; егер мұндай шартты бұзу жария мүддеге байланысты болса, онда мемлекет концессионерге барлық залалдар мен жоғалтылған табыстың орнын толтыруға міндетті.
Шетел мемлекеттері мен жасалған екі жақты келісім-шарттарда Қазақстан әкелінген тауарларға меншік құқығының ауысуын Қазақстан заңы негізінде шешеді. Мәселен, 1992 жылдың 2 қарашасында жасалған Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық байланыс туралы келісімнен көруге болады.
Қазақстан Республикасының АК 259-бабындағы норманы: «Меншiк иесi меншiк құқығын тануды талап етуге құқылы», басқалай сипаттасақ, меншік иесі меншік құқығын жер бетінің кез келген аумағында тануды талап етуге құқылы. Қазақстанда алынған кез келген мүлік оның басқа аумаққа ауысуына байланыссыз алған меншік иесінің меншік құқығында қала береді.
Мүліктің орналасу жерінің заңы адал иеленушінің мүдделерін меншік иесінің виндикациялық талабы бойынша қарсы шыққанда қорғауда негізгі басымдылық болып келеді.
Егер қозғалмайтын мүлік Қазақстанның аумағында орналасса, онда меншікке қатысты сұрақтар да мүліктің орналасу жерінің негізінде шешіледі. Сыртқы сауда мәмілелеріне қатысты Қазақстанның заңы таңдау мүмкіндігін береді: шарт бойынша тараптар келісім негізінде мүліктің орналасу жерінің заңын немесе шарттың жасасу жерінің заңын пайдалану мүмкін.
2. Ұлттандыру – деп арнайы мемлекеттік органның шешімі негізінде жеке меншік иелерінің (отандық және шетел) мүліктерін мемлекеттің пайдасына алу, айналдыру. Шетел мемлекеттерінің заңнамасы қоғамдық мүдделердің негізінде өткізілетін ұлттандыруды өткізудің тәртібі мен тәсілдерін көздейді; міндетті шарт ретінде ұлттандырылатын мүліктің отандық және шетелдік меншік иесіне оның нақты құнын, адал төлемақысын төлеу табылады. Қазақстанда отандық меншік иелерінің мүлігін ұлттандырудың тәртібін белгілейтін норма жоқ. Бірақ, республикалық заңнама шетел кәсіпкерлерінің мүлкін ұлттандыруға тыйым салады. Мәселен, 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Шетел инвестициялары туралы» ҚР Заңының 7-бабында былай деп жазылған: «Шетелдiк инвестицияларды Ұлт меншiгiне алуға, экспроприациялауға немесе оларға ұлт меншiгiне алу мен экспроприациялау (бұдан әрi - экспроприациялау) сияқты зардаптары бар өзге де шаралар қолдануға болмайды, бұған экспроприациялау тиiстi заң тәртiбiн сақтай отырып, қоғам мүдделерiне орай жүзеге асырылатын және пара-пар әрi тиiмдi өтем кемсiтпей дереу төленетiн жағдайлар қосылмайды». Жалпы алғанда, халықаралық жария құқық та, халықаралық дербес құқық та ұлттандыру сұрағына жағымсыз қарамайды. Бұл мәселен, 1952 жылдың 21 желтоқсанында қабылданған «Жаратылыс байлықтары мен ресурстарына еркін үстемдік ету құқығы туралы» БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясында көрсетілген, онда қоғамдық мүдделерді көздей отырып, ұлттандыру жүргізу нәтижесінде төлемақы жасалатын мемлекеттің ұлттандыруға құқығы танылған. Бірақ, біздің мемлекетте шетел инвесторларының мүліктерін ұлттандыруға тыйым салынады деген пікір қатаң ұстануда. Оның себебі, өткен ғасырдың 20-30 жылдары шетел концессионерлердің, кәсіпкерлердің мүліктері оның құны төленбей ұлттандырылды. Кеңестік құқықтық ғылым мұндай ұлттандыруды заңды деп таныды. Сонымен қатар, кеңестік ғылым жоғарыда аталған халықаралық-құқықтық актіге сілтеме де жасаған, шынында да, 1962 жылдың Резолюциясының 4 тармағында мемлекеттің қоғамдық мүддеге қатысты ұлттандыруды оның құнын толтыра отырып, жүзеге асыруы көзделген. Бірақ, норманы ары қарай оқысақ, онда «меншік иесіне оның құны халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттің заңы негізінде төленеді», - деп көрсетілген. Қазіргі таңда, мемлекетке үлкен қаражаттар керек жағдайда, біздің заңнама шетел азаматтарының меншігін ұлттандыруға тыйым салған.
Ақырғы 10-15 жылдың ішінде бірнеше Қазақстанның ірі кәсіпорындары шетел компанияларының қолына берілді. Мәселен, Қарағандының металлургиялық комбинаты ағылшындық «Испат Интернэшнл» фирмасына, АҚ Жезқазғанцветмет Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасына берілді.
3. Шетелдік инвестициялардың құқықтық режимі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, көптеген саясаткер және іскер топтардың көңіліне ілінді. Сыртқыэкономикалық қатынастардың кеңеюіне байланысты шетел инвесторларының Қазақстандағы өзгерістерге көңіл бөлуі және мемлекеттің кең байлығы шетел инвесторларының қатысуымен болатын қатынастарын реттейтін заңнаманың ары қарай жетілдіруін талап етті.
Ол өз орнын 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында тапты. 4-баптың 3-тармағында көрсетілгендей, Қазақстанмен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттар оның заңдарына қарағанда басымырақ болады. Сонымен қатар, мемлекеттік меншік пен қатар, жеке меншікте мемлекеттің кепілдендірілген қорғауында болатындығы жарияланған. Шетел инвесторларының құқықтары Конституцияның 26-бабының 3-тармағына негізделеді: «Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн». Осы баптың 4-тармағы әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығын бекітеді.
Қазақстан Республикасымен алынған шетел несиелерін тартуды, пайдалануды, қызмет көрсетуді және оны жоюды мемлекеттік реттеуді нығайту мақсатында бір топ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік банктік мекемелер құрылған. 1995 жылдың 19 қантарындағы №2035 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы экономикасына шетел капиталын тарту процестерін реттеу және мемлекеттік басқарудың тиімділігін көтеру шаралары туралы» жарлығында шетел инвестициялары саласында мемлекеттік басқару және реттеудің орталық органына – Экономика министрлігі, ал шетел қаржы көмегі және Қазақстанның сыртқы қарыздарын басқару бойынша – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған. Осы жарлыққа сәйкес Қазақстанның қарыздарына және займдарына қызмет көрсететін банктердің қызмет аясын белгіледі. Халықаралық қаржы ұйымдарының және шетел мемлекеттерінің несиелері бойынша заемшы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі танылды.
Қазақстандағы инвестиция саласындағы бақылау мен басқарудағы мемлекеттік реттеуді нығайту мақсатында 1997 жылы Инвестициялар жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті құрылды. Бұл орган Қазақстан Республикасына келетін тікелей инвестицяларды қолдайтын бірінші мемлекеттік орган болды. Комитеттің міндеттеріне отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі бірыңғай саясатты жүргізу, мемлекеттің экономикасының басымды салаларына тікелей инвестицяларды тартуды мемлекеттік қолдау және заңда көзделген шектерде өз өкілеттігінің мөлшерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын басқару жатады.
Комитет Үкіметтің жер қойнауына лицензия беретін жұмыс органы болып табылады және жер қойнауын пайдаланушылармен контракт жасасатын Үкітеттің жалғыз ғана органы.
Комитеттің негізгі міндеттеріне жатады: Қазақстан Республикасының даму стратегиясының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау; Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайын жақсарту және тікелей инвестицияларды ынталандыру бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп инвесторлармен жұмысты тиімді жүргізу жүйесін құру және т.б. (1997 жылғы 4 желтоқсандағы Инвестициялар жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті туралы Ереженің 7-тармағы).
Шетел әріптестердің сенімін жоғалтпау үшін Қазақстанның Үкіметі үкіметтік кепілдікке берілген несиелер бойынша қарыздарды жою бойынша шаралар қабылдайды. Мұндай жағдайларды тууы біріншіден, алынатын табыстың белгісіз мөлшерде болуы, үкіметтік кепілдіктердің негізсіз берілуі және тәжірибенің болмауы табылады. 1995 жылдың 4 мамырында Қазақстан Республикасының премьер-министрімен шетел несиелері бойынша уақыты өтіп кеткен, заемшы-кәсіпорындардың қарыздарын жоюды қамтамасыз ету жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы өкімі шығарылды. Комиссияның жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік экспорт-импорт банкі белгіленді. Комиссия айына бір рет үкіметке есеп беруге міндетті болды. Бұл комиссия банкіге берілген несие алу бойынша жобаларды қарастыруды тоқтатуға құқылы және қарыздарды алу жөнінде шешім қабылдайды. Сонымен, Қазақстанда шетел инвсетицияларымен жұмыс істейтін қызмет бөлетін Экономика министрлігі және Қаржы министрлігі, Инвестициялар жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті, екі банкі және бірнеше органдар қызмет істейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өзінің инвестициялық саясатын және бағдарламаларын инвестицияларды тарту мақсатымен жүзеге асырады және мемлекет осы салада заңдар, қаулылар, жарлықтар қабылдайды. Қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер инвестициялық саясатты жүзеге асырудың құралы. Мемлекет сыртқыэкономикалық, инвестициялық қызметті монополиялаудан бас тартса да, шетел мемлекетінің капталының қатысуымен құрылған кәсіпорындарды бақылауға міндетті. Қазақстанның бірінші «Шетелдік инвестициялар туралы» заңы 1990 жылы қабылданса, екінші заң Қазақстан Республикасы кезінде 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданды, кейіннен 2003 жылдың 1 тамызында № 373 Заңымен күші жойылды.
Бұл заң шетелдiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының экономикасына тартудың басты құқықтық және экономикалық негiздерiн белгiлеген, шетелдiк инвестицияларды қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн бекiткен, оларды жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын, шетелдiк инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлеген. Заңда Инвестицияларға анықтама берілген: табыс алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне салынатын мүлiктiк және санаткерлiк қазыналардың барлық түрi, оның iшiнде:
- жылжитын және жылжымайтын мүлiк пен мүлiктiк құқықтар, ұстап қалу құқығы, импортталған және өңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары;
- облигациялар мен басқа да борыштық мiндеттемелер;
- ақша сомаларын, тауарларды, қызмет көрсету және инвестицияларға байланысты шарттар бойынша кез келген өзге орындауды талап ету;
- авторлық құқықтарды, патенттердi, тауарлық белгiлердi, өнеркәсiп үлгiлерiн, технологиялық процестердi, ноу-хауды, нормативтiк-техникалық, сәулеттiк, конструкторлық және технологиялық жобалық құжаттаманы қоса, санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқық;
- қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензияға негiзделген немесе мемлекеттiк орган өзге де нысанда берген кез-келген құқық. Қаралып отырған заң бойынша шетелдiк инвесторға жататын тұлғалар белгіленген, оларға: шетелдiк заңды тұлғалар; шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шет елде тұрақты тұрғылықты жерi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, бұл орайда олар шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты жерi орналасқан елде тiркелген болуы керек; шет мемлекеттер; халықаралық ұйымдар жатады.
Алғашқы рет қазақстандық заңнамада бірлескен кәсіпорынның анықтамасы осы заңда берілген. Бiрлескен кәсiпорын – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, мүлкiнiң (акциялардың, үлестiң) бiр бөлiгi шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. Заңның екінші бабында шетел инвестицияларының объектілері анықталған. Шетелдiк инвестициялар Қазақстан Республикасының заң құжаттарында осындай инвестицияларға тыйым салынбаған кез келген объектiлерге және қызмет түрлерiне салынуы мүмкiн.
Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу ішкі заңнамамен қатар, халықаралық келісім-шарттармен реттеледі. Қазіргі таңда, келесі атаулары бар келісім-шарттар бар: капитал салымдарын көтермелеу және өзара қорғау туралы. Мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның да инвестициялық саясаты шетел мемлекеттерінің капитал салымдарын көтермелеуге бағытталған. ҚР-сы осындай келісім-шарттарды Түркиямен, Германиямен, Франциямен жасасқан.
Осы келісімдер бойынша Қазақстан өзіне келесі міндеттемелерді алды:
- шетел мемлекеттерінің фирмаларына қолайлы жағдай режимін қамтамасыз етуді;
- шетел фирмалары мен азаматтарының меншігіне тиісінше қорғау беру;
- ақша табыстарының аударымын кедергісіз қамтамасыз етуді.
Осындай келісімдерің маңызын келесі жағдайлардан көруге болады. Біріншіден, олар арқылы Қазақстан шет елдерде өзінің азаматтарының құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін алады; өз кезегінде шетел мемлекеті осындай мүмкіндікті өз азаматтарына алады. Екіншіден, осындай келісімдер шетелдік инвесторлардың капиталдарына кепілдік, сенімділік және қорғау дәрежесін береді. Олар өзінің капиталдарына сенім артады, себебі олардың капиталын тек ішкі мемлекеттік заңнама ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықта кепілдендіреді. Үшіншіден, шетел мемлекетіндегі қазақстандық инвесторлар өздерінің капиталдарына қорықпай-ақ, олардың жағдайын ауырлататын ішкі мемлекеттік заңдар қабылданса да, халықаралық келісім-шарт қолданатындығына сенім артады. Бұл ереже мемлекеттердің өзара байланысындағы тұрақты шарт – халықаралық құқықтың императивтік нормасы.
Шетелдік инвестицияларды реттейтін келесі топ халықаралық келісім-шарттары: екі жақты табыстар мен мүлікке салық салуды жою туралы шарттар. Қазақстан мұндай келісім-шарттарды АҚШ-пен, Италиямен, Ұлыбританиямен, Польшамен, Венгриямен жасасты.
ТМД мемлекеттері шетелдік инвестициялар саны ұлғайсын деп есептесе, онда мемлекеттер оның ішінде Қазақстан үлкен кепілдіктер беруге тиіс. Қазақстан 1985 жылы қабылданған Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі агенттік туралы Сеул Конвенциясын қабылдады. Агенттіктің бас функциясы ретінде Сеул Конвенциясына қатысушы-мемлекеттердің инвестициялармен мүмкін болатын коммерциялық тәуекелдерге қатысты сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шарттарын жасасу табылады. Агенттік дамушы мемлекеттерге инвестицияларды тарту мақсатымен қосымша төлемдер жасауға құқылы. Қазіргі таңда, агенттіктің мүшесі болып 100-ден артық мемлекеттер табылады.
1965 жылдың 18 наурызында қабылданған «Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi» Вашингтон Конвенциясының (ИКСИД Конвенциясы) да маңызы зор. Бұл Конвенцияның қатысушылар саны да 100-ге жуық. Осы халықаралық келісім-шартта осы Конвенцияның жүзеге асыру механизмі бар. Мәселен, бұл актіде Халықаралық салу және даму банкісінің (МБРР) жанында инвестициялық дауларды шешу жөнінде Орталықты құру жағдайлары көзделген.
1992 жылы Қазақстан бірнеше халықаралық қаржы ұйымдарының мүшесі болу туралы Заң қабылдады.
Шетелдік инвестормен жасалған инвестициялар туралы Келісім-шарт инвестицияларды жүзеге асыруда үлкен роль атқарады. Шетелдік инвестицияларды реттейтін шарттар әртүрлі түрлерге бөлінеді: 1) концессиялық шарт; 2) өнімді бөлу туралы шарт.
Инвестиция деген не? Бұл ұғымды сипаттайтын әртүрлі пікірлер бар. «Инвестиция» деген сөз (investment) қазақ тіліне аударғанда «капиталдық салым, капитал салымы» деген мағына береді. Инвестициялар мемлекеттік және жеке болады. Олардың арасында келесідей айырмашылықтар бар. Мемлекеттік несиелер – бір немесе бірнеше мемлекеттермен бір мемлекетке берілетін заем немесе несиелер. Жеке инвестициялар – бір мемлекеттің жеке және заңды тұлғаларымен екінші мемлекеттің осындай шаруашылық субъектілеріне берілетін инвестициялар.
Шетелдік инвестицияларға анықтама берген жөн. Шетелдік инвестициялар - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу, сондай-ақ оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына заемдар (несиелер) беру нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар және Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарында көзделген шарттармен лизинг нысаналарын беру.
Шетел инвестициялары заем және несие, тікелей және портфельдік деп жіктелуі мүмкін. Бірінші топ инвестицияларды ссудалық капитал деп атасақ, екінші топты – кәсіпкерлік капитал деп анықтаймыз. Тікелей шетелдік инвестициялар - оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай заңды тұлғалар қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар жаңадан құрылған және жұмыс істеп жатқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялар. Портфельдік шетелдік инвестициялар - шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын инвестициялардың өзге де түрлері (акция, облигация және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу).
Шетелдік инвестициялар келесі нысандарда жүзеге асуы мүмкін. Инвестициялау пайда (табыс) алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне шетелдiк инвестициялар салуды жүзеге асыруға байланысты қызмет. Инвестициялау бірлескен кәсіпорынның акцияларын, басқа да бағалы қағаздарын сатып алу түріндегі үлестік қатысу нысанында бола алады. Инвестициялаудың келесі нысаны – шетелдік капиталға толығымен тиесілі кәсіпорынды құру табылады. Қазақстандағы шетелдік инвесторларға мемлекет мүлкін жекешелендіру процесіне қатысу мүмкіндігі берілген. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлар кәсіпорындар құруға, филиалдар мен өкілдіктер ашуға т.б. заңдарда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру құқылы.
Шетелдік инвесторлардың қызығушылығын Қазақстан экономикасының тау-кең және –мұнай-энергетика салалары тудырады. Осындай көптеген кәсіпорындар бар. Мәселен, Семей аумағында НАК Алтынмыс, БК Тенгизшевройл, БК Қазақтүркмұнай т.б.
Сонымен, Қазақстан аумағында 1500 жуық бірлескен кәсіпорындар бар.
Инвестордың мәртебесі. Шетелдік инвестордың мәртебесін анықтау үлкен практикалық маңызы бар мәселе. Егер қандай да бір заңды немесе жеке тұлға шетелдік инвестор деп танылса, онда ол жергілікті және халықаралық заңнамамен көзделген кепілдіктер мен жеңілдіктерге ие және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқық алады.
Шетелдiк инвесторлар құрамына келесі тұлғалар кіреді:
- шетелдiк заңды тұлғалар;
- шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шет елде тұрақты тұрғылықты жерi бар Қазақстан Республикасының азаматтары, бұл орайда олар шаруашылық қызметтi жүргiзу үшiн азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты жерi орналасқан елде тiркелген болуы керек;
- шет мемлекеттер;
- халықаралық ұйымдар.
Осылардың ішінде ең басты инвестор ретінде шетелдiк заңды тұлғалар танылған. Ұлттық заңнама бойынша шетелдiк заңды тұлға деп - шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания, фирма, кәсiпорын, ұйым, қауымдастық және т.б.). Шетелдік инвестор ретінде көбінесе шетел қатысатын кәсіпорындар табылады. Шетел қатысатын кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және шетелдiк кәсiпорын немесе бiрлескен кәсiпорын нысанында iс-қимыл жасайтын заңды тұлға. Шетелдiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, толығымен шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. Бiрлескен кәсiпорын - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, мүлкiнiң (акциялардың, үлестiң) бiр бөлiгi шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын.
Шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тiркеуге арналған Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Шетел қатысатын кәсiпорын осы тәртiп бойынша көзделген құжаттардан басқа мыналарды табыс етуге тиiс: а) шетелдiк заңды тұлға үшiн сол субъект өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тiзiлiмiнен алынған көшiрме немесе басқа құжат, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге; б) шетелдiк жеке тұлға үшiн жеке тұлғаның өзiн куәландыратын паспортының немесе басқа құжатының көшiрме нұсқасы, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге. Шетел қатысатын кәсiпорындардың кейбiр түрлерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi заң құжаттарымен қосымша құжаттарды табыс ету қажеттiгi көзделуi мүмкiн.
Келесі топ инвесторларға шетелдік жеке тұлғалар жатады. Капитал салымдарын көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімдерде «инвестор» ретінде бір тараптың заңнамасына сәйкес келісуші тараптардың бірінің азаматы болып келетін жеке тұлға түсіндіріледі. Бұл – кең таралған ереже. Бірақ, ескертулер де болады. Мәселен, ТМД мемлекеттері мен Германия арасындағы келісім-шарттарда инвестор ретінде мемлекет азаматы емес, мемлекет аумағымен байланысы бар тұлға түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтсақ, оның негізі ретінде азаматтық емес, белгілі бір аумақта тұрақты тұру қағидасы жатыр. ТМД мемлекеттерінің алғашқы заңдарында шетелдіктерге ұлттық режим берілген, қазіргі таңда ең қолайлы жағдай режиміне көшу тенденциясы байқалады. Шетелдіктерге болу мемлекетінің заңын сақтауды және антимонополиялық заңнаманың нормаларын да сақтауда міндет қояды. Шетел азаматын инвестор ретінде танудың бір негізі – шаруашылық қызметті атқарушы ретінде азаматтығы мемлекетінде немесе тұрақты тұрғылықты мемлекетінде тіркелу табылады.
Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы туралы заңнамада шетел азаматтарына Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысуда қазақстанның азаматтарымен бірдей тең құқықтар мен міндеттер берілген.
Мемлекеттер мен халықаралық инвесторлар инвестор ретінде басқа мемлекеттерде бола алады. Мемлекеттің жеке құқықтық инвестициялық қатынастарға қатысуынан оның халықаралық инвестициялық қатынастарға қатысуынан айыра білу керек. Мемлекет туралы сөз көтере отырып, оның инвестициялық қатынастарда иммунитеті болатындығын ескерген жөн. Мәселен, мемлекет иммунитетін пайдаланса, онда мемлекет сыртқыэкономикалық, инвестициялық қызметті жүзеге асыра отырып, әріптесімен қатынаста дау туса, әріптесі мемлекетті сотқа жауапқа тарта алмайтын болады. Бұл жағдайдың себебі, мемлекет тәуелсіздік, егемендік және юрисдикция сияқты белгілермен сипатталады. Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттерге қатысты сотқа талап арыз беру мүмкіндігі туып отыр. Мұның бұлай болуы мемлекет жеке қатынастарда басқа субъектілермен тепе-тең түсуімен түсіндіріледі.
Халықаралық ұйымдардың ішінде шетелдік инвестор ретінде халықаралық банкілер табылады. Бұл субъектіні біз халықаралық есептер мен несиелер тарауында толығымен қарастырамыз.
Шетелдік инвесторлар үшін жағдай тудыру және кепілдіктерді қамтамасыз ету. Ұлттық режим негізінде шетелдік инвесторлар ұлттық кәсіпкерлерге, жергілікті инвесторларға теңестіріледі. Ең қолайлы жағдай режимі негізінде барлық шетелдік инвесторлар бір-біріне теңестіріледі; бір мемлекеттің шетелдік инвесторларына берілген инвестициялық қызметтің жағдайлары басқа мемлекеттің (мемлекеттердің) инвесторларына да беріледі.
Осы екі режим мемлекеттермен өзара бастауларда инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы мемлекетаралық келісім негізінде жүзеге асырылады. Әртүрлі мемлекеттермен әртүрлі режимдер белгіленуі мүмкін. Белгілі бір режимді бергенде мемлекет шетел кәсіпкерлерінің салымдарына тең құқылы және әділді режимді беру жөнінде міндеттеме алады. Бірақ, мемлекет аралас та режимдер белгілеуі мүмкін. Ұлттық режимде де шетелдік инвесторларға белгілі бір шектеулер қойылуы мүмкін. Сонымен қатар, ұлттық және өзге де режимдерде ұлттық экономиканың белгілі бір салаларына жеңілдіктер мен артықшылықтар да берілуі ықтимал.
Шетелдiк инвестициялардың кез келген нысандары мен соларға байланысты, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында тыйым салынбаған қызмет осындай жағдайда Қазақстан Республикасы жеке тұлғаларының немесе заңды тұлғаларының, не өзге де кез келген шетелдiк жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың инвестицияларына қаншалықты қолайлы жағдайлар жасалатынына қарай, олардан қолайлылығы жағынан кем түспейтiн жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл Қазақстандағы шетелдік инвестициялардың режимінің жалпы ережесі. Бұл режим: а) басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларына осы мемлекеттермен, не халықаралық конвенцияларға сол мемлекеттермен бiрлесiп қатысу арқылы жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы беретiн артықшылықтарға; б) Қазақстан Республикасының заң құжаттарында тiкелей көзделген өзге де жағдайларда қолданылмайды. Сонымен қатар, экономика мен әлеуметтiк саланың басымдық берiлген салаларында шетелдiк инвестициялар үшiн белгiленуi мүмкiн. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгiне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде шетелдiк инвесторлардың немесе шетел қатысатын кәсiпорындардың инвестициялық қызметi шектелетiн немесе оған тыйым салынатын аумақтар белгiленуi мүмкiн.
Қазақстан шетелдік инвесторларға қандай кепілдіктер береді?
Жалпы ереже бойынша, Қазақстан соғыстың немесе басқа да қарулы жанжалдың, революцияның, төтенше жағдайдың, азаматтық қақтығыстардың немесе сондай жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ заңсыз қалыпты құжаттар мен шешiмдер қабылдауға немесе мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерi жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасында нұқсан келтiрiлген шетелдiк инвесторларға өтем төлеген кезде қолайлылығы жағынан жоғарыда көрсетiлген жағдайлар салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары зиянының орнын толтыруда қолданылатыннан кем емес режим жасалады деген кепілдік береді. Сонымен қатар, Қазақстан экспроприациялаудан қорғау кепiлдiктерiн береді. Шетелдiк инвестицияларды Ұлт меншiгiне алуға, экспроприациялауға немесе оларға ұлт меншiгiне алу мен экспроприациялау сияқты зардаптары бар өзге де шаралар қолдануға болмайды, бұған экспроприациялау тиiстi заң тәртiбiн сақтай отырып, қоғам мүдделерiне орай жүзеге асырылатын және пара-пар әрi тиiмдi өтем кемсiтпей дереу төленетiн жағдайлар қосылмайды. Экспроприацияланатын инвестициялардың өтемi инвесторға экспроприациялау туралы белгiлi болған кездегi әдiлеттi рыноктық құнға тең болуға тиiс. Өтем экспроприация күнiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн ставка бойынша өтем төленетiн күнге дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiстi ақшаны пайдалану үшiн төленетiн ақыны қамтуға тиiс.
Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекетiнен қорғау кепiлдiктерiн де Қазақстан шетелдік инвесторларға берді. Бұл ереже Заңның 8-бабында көзделген: «Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзып қабылдаған және шетелдiк инвестордың құқықтық жағдайын нашарлататын актiлерiнiң заңды күшi болмайды».
Шетелдік инвестициялар туралы Заңда заңдар өзгергендегі кепілдіктер де бар. Заңдардағы өзгерiстердiң нәтижесiнде және (немесе) халықаралық шарттар ережелерiнiң күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне байланысты шетелдiк инвестордың жағдайы нашарлаған ретте шетелдiк инвестицияларға 10 жыл бойы инвестицияларды жүзеге асырған кезде қолданылған заңдар қолданылады, ал мемлекет уәкiлдiк берген органдармен жасалған ұзақ мерзiмдi (10 жылдан астам) келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асырылатын инвестицияларға, егер келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, келiсiм-шарт қолданылатын мерзiм аяқталғанға дейiн қолданылады. Заңдардағы өзгерiстердiң нәтижесiнде және (немесе) халықаралық шарттар ережелерiнiң күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне байланысты шетелдiк инвестордың жағдайы жақсарған ретте шетелдiк инвестор мен республиканың өкiлi болып табылатын уәкiлеттi мемлекеттiк органның арасындағы келiсiм-шарттардың жекелеген ережелерi қатысушылардың экономикалық мүдделерiн теңдестiруге қол жеткiзу мақсатымен тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Лицензия негiзiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде осы баптың бiрiншi тармағында көзделген кепiлдiк бiрiншi тармақта белгiленген мерзiм iшiнде - лицензияның қолданылуы тоқтатылғанға дейiн, ал оны ұзартқан жағдайда лицензия ұзартылған мерзiм аяқталғанға дейiн сақталады. Бұл талаптар қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк пен денсаулық сақтау және адамгершiлiк аясындағы Қазақстан Республикасы заңдарына енгiзiлген өзгерiстерге қолданылмайды. Заңдарға осы салаларда шетелдiк инвестордың жағдайын нашарлататын өзгерiстер енгiзiлген кезде шетелдiк инвесторға инвестицияланған валютаға, не шетелдiк инвестордың Қазақстан Республикасымен келiсiмiнде белгiленген шетелдiк валютаға пара-пар және тиiмдi өтем кiдiрiссiз төленуге тиiс. Осы ережеде белгiленген кепiлдiктер акцизделетiн тауарларды импорттау мен (немесе) өндiру, және (немесе) өткiзу, сондай-ақ өңдемей сатуға арналған тауарларды импорттау тәртiбi мен шарттарын (оның iшiнде салық салу мәселелерi мен мемлекеттiк реттеудiң өзге де шараларын) өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшiне енуiне және (немесе) өзгерiстерiне қолданылмайды.
Шетелдік инвесторлар кірістерді өз қалауы бойынша пайдалана алады, соған байланысты Заң кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерiн береген. Шетелдiк инвесторлар өз қызметiнен алған кiрiстердi өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қайта инвестициялау үшiн, тауарлар сатып алу үшiн және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да мақсаттар үшiн пайдалануға құқылы. Шетелдiк инвесторлар кiрiстерi мен басқа да қаражаттарын сақтау және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының банкiлер туралы және валюталық реттеу туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы банкiлерде ұлттық және шетелдiк валютамен есепшот ашуға құқылы.
Шетелдiк инвесторлар валюта операцияларын Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы заңдарына сәйкес жүргiзедi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген рәсiмдерге сәйкес салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер төленген жағдайда, шетелдiк инвестицияларға байланысты Қазақстан Республикасына және одан шетелдiк валютамен ақша аударымдарының бәрi еркiн және кiдiрiссiз жүзеге асырылады. Мынадай аудармаларға, атап айтқанда, мыналар енгiзiледi: а) кiрiстер; б) келтiрiлген зиян үшiн алынған өтемдер мен төлемдер; в) өз мүлкiн сатудан алынған қаражат; г) инвестициялардың бiр бөлiгiн немесе бәрiн сатудан немесе жойып жiберуден түскен ақша; д) басқа да көздерден заңды түрде алынған қаражат. Шетел қатысатын кәсiпорын валюталық реттеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша шетел валютасымен есеп айырыса алады. Шетелдiк инвестор мен шетел қатысатын кәсiпорын өзiне тиесiлi ұлттық валютаға еркiн билiк жүргiзуге хақылы.
Қазақстанда шетелдік инвестицияларға рұқсаттық тәртіп енгізілген. Лицензиялық (рұқсаттық) тәртіптің ерекшелігі шетелдік инвестордың жағдайын анықтап оны бақылаудан көрінеді.
Қазақстандағы кәсікерлердің қызмет бақыланатындығы сияқты, шетелдік инвесторлардың қызметі де бақыланады. Сондықтан, Заң тексеру кезінде де шетелдік инвесторларға кепілдіктер берген. Шетелдiк инвестордың қызметiн тексерудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру құқығын Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен осы құқық арнайы берiлген мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғалар ғана пайдаланады. Шетел қатысатын кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiн тексерудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Мемлекеттiк салық, санитариялық және басқа инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының тексерулерi олардың құзыретiне сәйкес жүзеге асырылады. Шетелдiк инвесторлар бұл органдардың өз құзыретiне жатпайтын мәселелер жөнiндегi талаптарын орындамауға және олардың қызметi мәнiне қатысы жоқ материалдармен таныстырмауға құқылы.
Инвестициялау процесі әртүрлі нысандарда болады. Олардың бірі болып және үлкен қызығушылықты тудыратын мәселе ретінде шетел қатысатын кәсiпорындарды құру және тарату табылады. Шетел қатысатын кәсiпорындар шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғам нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандарда құрылуы мүмкiн. Егер Заңдарда өзгеше көзделмесе, шетел қатысатын кәсiпорындар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары құрылатын тәртiп бойынша құрылады. Шетел қатысатын кәсiпорынның жарғылық капиталының қалыптастырудың мөлшерi, тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. Жарғылық капиталға салымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша үйлер, ғимараттар, жабдықтар және басқа да материалдық қазыналар, жердi, суды және басқа да табиғи ресурстарды, сондай-ақ интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықты қоса алғанда, өзге де мүлiктiк құқықтарды пайдалану құқығы түрiнде енгiзiлуi мүмкiн. Жарғылық капитал кәсiпорындардың шаруашылық қызметiн алынатын пайда мен басқа да түсiмдер есебiнен, ал қажет болған жағдайда оған қатысушылардың қосымша салымдары есебiнен де толықтырылып отыруы мүмкiн. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс. Қазақстандық және шетелдiк қатысушылардың бiрлескен кәсiпорынның жарғылық капиталындағы мүлiктiк салымдарының үлестерi қатысушылар арасындағы уағдаластық бойынша заңды тұлға тiркелген күнгi дүниежүзiлiк рыноктың бағасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағаларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де, шетелдiк валютамен де белгiленедi. Жарғылық капиталға салымды бағалауды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Жарғылық капиталдың ақшасы Қазақстан Республикасында тiркелген уәкiлеттi банкiде сақталуға тиiс. Шетелдiк инвесторлар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ретiнде құрылған акционерлiк қоғамнан акциялар жабық не шаруашылық серiктестiктен үлес сатып алу жолымен шетелдiк инвестицияларды жүзеге асырған жағдайда бұл заңды тұлғалар шетел қатысатын кәсiпорын ретiнде белгiленген тәртiп бойынша қайта тiркелуге тиiс.
Шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тiркеуге арналған Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Шетел қатысатын кәсiпорын осы тәртiп бойынша көзделген құжаттардан басқа мыналарды табыс етуге тиiс: а) шетелдiк заңды тұлға үшiн сол субъект өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тiзiлiмiнен алынған көшiрме немесе басқа құжат, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге; б) шетелдiк жеке тұлға үшiн жеке тұлғаның өзiн куәландыратын паспортының немесе басқа құжатының көшiрме нұсқасы, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге.
Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн, шетел қатысатын кәсiпорындар алуға мiндеттi лицензиялар жалпы және арнаулы лицензиялар болып бөлiнедi. Жалпы лицензиялар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң меншiк нысандары мен мемлекеттiк бағынысына қарамастан шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер үшiн лицензия алу мiндеттi болып табылатын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiне қатысты. Шетел қатысатын кәсiпорындардың мұндай қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Арнаулы лицензиялар шетел қатысатын кәсiпорындар жөнiнде ғана лицензия алу қолданылатын қызмет түрлерiне қатысты. Мұндай қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен белгiленедi.
Сонымен қатар, шетелдік заңды тұлғалардың жүзеге асыру нысандарының бірі ретінде филиалдар мен өкілдіктер табылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның филиалы оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, осы заңды тұлға мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн атқаратын оқшау бөлiмшесi болып табылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның өкiлдiгi оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, шетелдiк заңды тұлғаның мүдделерiн қорғайтын және оған өкiлдiк ететiн оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық iс-әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi болып табылады. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болмайды. Оларға өздерiн құрған шетелдiк тұлға мүлiк бөледi және олар осы заңды тұлға бекiткен ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды. Филиалдар мен өкiлдiктердiң басшыларын шетелдiк заңды тұлға тағайындайды және олар өздерiне берiлген сенiмхат негiзiнде iс-қимыл жасайды. Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн Қазақстан Республикасында шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы органдар тiркейдi. Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген ортақ ережелер бойынша жүргiзiледi. Тiркеуге арналған құжаттар нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге табыс етiледi. Шетел қатысатын кәсiпорын заңдарда белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде заңды тұлға құқықтары бар еншiлес кәсiпорындар, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктер құра алады. Шетел қатысатын кәсiпорындардың филиалдары мен өкiлдiктерi заңды тұлға болмайды және өздерi туралы шетел қатысатын кәсiпорындар бекiтетiн ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
Мемлекеттер көптеген халықаралық келісім-шарттар жасасады, инвестициялық даулар да олардың ішінде үлкен роль атқарады. Заң инвестициялық даулардың тәртібін анықтаған. Инвестициялық даулар, мүмкiндiгiнше, келiссөздер арқылы шешiледi. Егер мұндай дауларды дауласушы кез келген бiр тараптың екiншi тарапқа жазбаша өтiнiш жасаған күнiнен бастап үш ай iшiнде келiссөз арқылы шешу мүмкiн болмаса, шетелдiк инвестордың жазбаша келiсiмi болған жағдайда дау кез келген тараптың қалауы бойынша: 1) Қазақстан Республикасының сот органдарына; 2) дауларды шешудiң келiсiлген, соның iшiнде келiсiм-шартта немесе дауласушы тараптар арасындағы кез келген өзге келiсiмде белгiленген рәсiмге сәйкес мынадай төрелiк органдарының бiрiне: а) егер инвестордың мемлекетi Вашингтонда қол қою үшiн 1965 жылғы 18 наурызда ашылған Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердiң азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi конвенцияның (ИКСИД Конвенциясы) қатысушысы болса, сол Конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа; б) егер инвестордың мемлекетi ИКСИД Конвенциясының қатысушысы болмаса, Орталықтың Қосымша (Қосымша органның Ережелерi бойынша жұмыс iстейтiн) органына; в) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi Комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелiк регламентiне сәйкес құрылатын төрелiк органдарына; г) Стокгольмдегi Сауда Палатасының Төрелiк институтында төрелiк етiп қарауға; д) Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы жанындағы Төрелiк комиссиясына шешуге берiлуi мүмкiн. Шетелдiк инвестор дауларды қараудың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген рәсiмiн таңдаған жағдайда Қазақстан Республикасының келiсiмi алынған болып топшыланады. Шетелдiк инвестордың келiсiмi уәкiлеттi мемлекеттiк органға кез келген уақытта жазбаша өтiнiш беру арқылы немесе төрелiкке жүгiнген кезде берiлуi мүмкiн. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган дауды шешудiң бастамашысы болған, ал шетелдiк инвестор дауларды қараудың белгiлi бiр рәсiмiн таңдаудан жалтарған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган дауды бiтiмгершілiкпен реттеу мақсатымен шетелдiк инвесторға бiрiншi рет жазбаша хабарлаған күнiнен бастап үш ай өтiсiмен уәкiлеттi орган дауды Қазақстан Республикасының сот органдарына қарауға беруге хақылы. Шетелдiк инвестор 2-тармақта көзделген дауларды шешудiң өзге рәсiмiн таңдағаны туралы жазбаша өтiнiш берген жағдайда iстi қараушы сот iс жүргiзудi тоқтатады. Осы жерде кез келген төрелiк iстi қарау, егер шетелдiк инвестор мен уәкiлеттi мемлекеттiк орган арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йоркте қол қойылған Шетелдiк төрелiк шешiмдердi тану және орындау туралы Конвенцияға (Нью-Йорк Конвенциясы) қатысушы мемлекетте өтуге тиiс. Осы жерде шығарылған кез келген төрелiк шешiм инвестициялық дау тараптары үшiн түбегейлi және мiндеттi болады. Қазақстан Республикасында мұндай шешiм Қазақстан Республикасы сот органдарының шешiмдерi ретiнде де орындалады. Шетелдiк инвесторлардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен, оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен инвестициялық дау санатына жатпайтын дауларын, егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының сот органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешедi.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1 Богатырев А.Г. Инвестиционное право. М.: Российское право, 1992.
Дәріс 4: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Сабақтың мақсаты: ХДҚ субъектілерін қарастыру.
Жоспары:
1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі
2. Халықаралық дербес құқықтағы заңды тұлғалардың мәртебесі мен қызметі
3. Халықаралық дербес құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысуы
1. Жеке тұлғаның жеке заңы. Жеке тұлғаның жеке заңын қолдану аясына жеке тұлғаның азаматтық құқықтық мәртебесі, оның құқығы мен әрекет қабілеттілігі, жеке құқықтары, неке және отбасы қатынастары мен мұрагерлік қатынастарға байланысты құқықтары жатады. Жеке заң екі вариантта қолданылады: азаматтық заң (ұлттық заң) Lex patriae және тұрғылықты жер заңы Lex domicilii.
Азаматтық заң бұл жеке тұлғаның азаматтығы болып табылатын мемлекеттің заңына бағынуды айтамыз. Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғаның тұрақты мекен-жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз.
Жеке тұлғаның азаматтық заңы соңғы кездері Еуропа мемлекеттерімен қоса алғанда көптеген мемлекеттерде үстемдік түрде қарастырылып келеді. Бұл азаматтық заңның қолданылуына себеп болған 1804 жылғы тарихи Француз Азаматтық кодексі. Онда шетелде жүрген француз азаматтарының әрекет кабілеттілігі пен азаматтық жағдайы ұлттық заңымен анықталады делінген. Кейіннен «ұлттық заң» мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде, 1896 жылы Герман Азаматтық заңдарында бекітілді.
Қазіргі кезде Норвегия, Дания, Исландия мемлекеттерінен басқа, латын америкалық (Куба, Коста-Рика, Панама т.б.) және араб мемлекеттерінде (Алжир, Египет т.б.) азаматтық коллизия кағидасын қолданады.
Ал англо-американдық құқықтағы домицилия концепциясы басқа құқық жүйелеріне қарағанда ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген.
Англо-саксондық жалпы құқық жүйесі бойынша пайда болу (шыққан тегі) домицилиясы мен (domicil of origin) және таңдау домицилиясына (domicil of choice) бөлінеді. Мысалы, некемен туылған балаға әкесінің домицилиясы, некесіз туылғандарға шешесінін домицилиясы тиісті болады.
Таңдау домицилиясын қабылдау үшін тұлғаның ол жерде тұрақты өмір сүру, сонымен қатар, осыған сәйкес ниеті де болуы 0ажет.
Дж. Чешир және П. Норт бұл тезисті растау үшін екі сот шешімдерін мысалға келтіреді. Біріншіден, шотландиялық азаматтың Үндістаңда 25 жыл өмір сүруі, оның келешекте өз еліне қайту ниетінің барлығына байланысты Үндістанның домицилиясын қабылдауы мүмкін еместігі туралы шешімі. Екінші шешімде шыққан тегі Жаңа Шотландия және осы ел домицилиясына ие канадалық тұлға, ағылшын әскери-әуе күштерінде қызмет етумен қатар, осы елде 40 жыл өмір сүруіне қарамастан өз елі Жаңа Шотландияға бір кезеңде оралу ниетіне байланысты Англия домицилиясын қабылдаудың мүмкін еместігі туралы шешім қабылданған.
Осы домицилияға байланысты, өз көзқарасын М. Вольф былай айтқан: «кез келген тұлғаның домицилиясын анықтау кей жағдайларда оның азаматтығын анықтауға қарағанда қүрделі болады. Себебі, домицилия ниетке байланысты, сондықтан оны дәлелдеу қиын. Жалпы, домицилия концепцияларын бір-бірінен әр түрлі мемлекеттер шегінде ғана емес, бір мемлекет ішінде де ажырату қүрделі, сондықтан да соңғы кездері халықаралық дербес құқықта жеке заңның аралас жүйесіне өту теңденциясы жүріп жатыр».
Осыған мысал ретінде тұлғаның жеке мәртебесіне оның азаматтық заңын қолданатын мемлекеттердің бірі Францияны алуға болады, сонымен катар некені бүзу да ерлі-зайыптылардың азаматтық заңдарымен қаралады. Ерлі-зайыптылар әр түрлі мемлекеттердің азаматтары, яғни азаматтықтары әр түрлі болса, онда олар некені бұзу кезінде екі мемлекеттің құқығына жүгінулеріне тура келеді. Соның негізінде, бір жұбайының қарсылығынан неке бұзылмай калатын жағдайлар болды.
1930 жылы Италияда алғаш рет неке бұзудың шекті жағдайларына рұқсат беру туралы Заң қабылданды. Осындай азаматтық заңға байланысты қайшылықтардың негізінде сот тәжірибесі бас нормаларды сақтай отырып (некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылар азаматтық заңдарына бағынады), субсидиарлық коллизиялық норма жасап шығарады: егер ерлі-зайыптылардың жалпы, ортақ азаматтықтары болмаса, онда жеке заңның екінші нысаны тұрғылықты жер (домицилия) заңына бағынады.
Осыған орай, Латын Америка мемлекеттеріне ортақ азаматтық кағида мен тең дәрежеде домицилия қағидасын қолданатын Бусманте кодексін карастыруға болады. Осы кодекстің 7-бабына сәйкес: «Бұл келісім шартқа отырған мемлекеттер өз жеке заңы ретінде домицилия заңын немесе азаматтық заңын қолданулары тиіс».
Қазіргі кезде мемлекеттердің көпшілігі жеке заңның аралас жүйесіне өтуде. Өйткені, онда реттеудің әр түрлі жолдары қарастырылған. Сондықтан, жеке заңның аралас жүйесіне өту халықаралық дербес құқықтың дамуында үлкен маңызды рөл аткаруда.
Соңғы кездері жеке заңның аралас жүйесі халықаралық дербес құқықтың барлық жаңа кодификацияларында бекітілген.
Мысалы, 1979 жылғы Венгрияның «Халықаралық дербес құқық туралы» Заңында жалпы ереже ретінде бұл Заң «жеке заңды» қолданады. 10-бапқа (1) сәйкес: «Адамның құқық кабілеттілігін, әрекет қабілеттілігін және жеке мүліктік емес құқықтарын, сондай-ақ жалпы жеке мәртебесін оның жеке заңына сәйкес қарастыру қажет». Осы заңнамада жеке заңның келесі түсінігі берілген: біріншіден, жеке заң осы тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің заңы (Lex patriae), екіншіден, бұл заң тұлғаның тұрақты тұратын мекенжайы орналаскдн мемлекеттін заңы (Lex domicilii). Дәл осылай, отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады.
Қазакстанның коллизиялық құқығы да осы жолмен дамып келеді. Әдетте, қазақстандық құқықта кеңестік кезеңде жеке заңның тұрғылықты жер заңы нысаны қолданылған.
Алғаш рет 1991 жылғы Негізгі заңнамада жеке заң азаматтық заң негізінде қарастырылған: шетелдік азаматтың әрекет қабілетгілігі ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады (1606. 2 т.). Аталған үрдіс Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексінің «Халықаралық дербес құқық» бөлімінде дами түсті.
ҚР АК-де «Жеке тұлғаның жеке заңы» атты арнайы 1094-бап бар. Бұл бапта жеке заңды анықтаудың әр түрлі жағдайлары қарастырылған. Осы кодекстің 1094-бабы 1-тармағына сәйкес жеке тұлғанын, азаматтық әрекет қабілетгігі ол азаматы нақты отаны болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады.
Әдетте, тұлғаның бірнеше азаматтығы, яғни ол екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы болған жағдайда, аталған тұлғаның жеке заңын азаматтық заң нысанында анықтау қүрделенеді.
Бұл жағдайда кейбір мемлекеттер мұндай мәселелерді әр түрлі жолдармен шешеді. Мысалы, Австрия және Түркияның Халықаралық дербес құқық туралы заңына сәйкес: «егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса оның жеке заңы болып, «байланысы жақынырақ» мемлекеттің заңы табылады».
Сондай-ақ, ТМД-ға мүше мемлекеттер азаматтық заң жобаларын жасау кезінде жеке тұлғаның жеке заңы азаматтық заңымен анықталатынымен косымша ретінде келесі ереже қарастырылған: «егер тұлға екі немесе бірнеше мемлекеттің азаматы болып табылса, онда онын жеке заңы ол «жақынырақ байланыстағы» мемлекеттің заңымен анықталады».
КР АК-нің 1094-бабы, 2-тармағына сәйкес азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке заңы ол тұрақты тұратын, яғни тұрғылықты жері орналасқан мемлекеттің заңымен анықталады. Осы баптың 3-тармағына сәйкес, босқындардың жеке заңы оларға баспана берген мемлекеттін заңымен анықталады. Сонымен катар, қазакстандық құқыққа Қазақстаңда әрекет қабілетсіз деп танылған, әрекет кабілеттілігі кеткен не елді деп жарияланған тұлғалар да бағынулары тиіс.
Мұрагерлікке байланысты қатынастар ҚР АК-нің 1121-бабына сәйкес мұра калдырушының соңғы тұрақты мекен-жайы орналасқан мемлекеттің заңымен реттеледі.
Халықаралық актілерге көңіл аударар болсақ, Азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы ТМД елдерінің 1993 жылғы Конвенциясы жоғарыда аталған азаматтық мәселелер бойынша кажетті құжат болып табылады. Себебі, бұл конвенцияда алғаш рет көп жақты көлемде құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік және домицилия мәселелерін шешудің жағдайлары қарастырылған. Сонымен, жеке заңның аралас жүйесіне өту халықаралық дербес құқықтың казіргі кездегі дамуына үлкен үлес қосуда.
Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы мәселе әдетте тұлға бір уақытта екі мемлекеттің азаматы болған кезде (қос азаматтық) күрделенеді. Мысалы, әке-шешесі қазақстандықтар болып табылатын жаңа туылған бала шет елде, яғни бұл ел заңы бойынша өз жерінде туылғандардың барлығын мемлекет өз азаматтарына жаткызатын («jus soli» қағидасы) мемлекет аумағында туылған жағдайда. Бұл жерде Қазақстан заңы бойынша қазақстандық ата-анадан туылған бала Қазақстан азаматы болып табылады («jus sanguinis» қағидасы).
Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтық қатынастағы құқықтық жағдайы оның құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі арқылы анықталады (ҚР АК 1095-б). Бірақ бұл екі кабілеттіліктер кейбір құқық жүйелерінде терминологиясы бойынша ерекшелінеді. Англия мен АҚШ-та құқықтық қабілеттілік пен әрекет кабілеттілігі бір терминмен анықталады «құқық қабілеттілігі»(legal capacity). Қазіргі уақытта заң әдебиеттері мен сот тәжірибесінде көбіне «пассивті құқықтық кабілеттілік» (passive capacity), яғни ағылшын заңгерлерінің түсінігімен құқықтық кабілеттілік және (active capacity), құқық актілерін шығару кабілеттілігі (capacity for performance of legal act) яғни әрекет кабілеттілігі терминдері жиі қолданылады.
Франция мен Англияда әрекет кабілеттілігі мен құқық қабілеттілігінің араларында нақты терминологиялық ерекшелік жоқ. Француз азаматтық кодексінде құқықтық қабілеттілік пен әрекет кабілеттілігі (capacity), яғни «кабілеттілік» деген бір ғана терминмен аталады. Сот тәжірибесінде және заң әдебиеттерінде әрекет қабілеттілік (capacity d exercict) пен құқық қабілетгілігінің (capacity de joussance) арасында айырмашылықтар көрсетіледі. Француз және ағылшын құқығынан ерекшелігі, Герман азаматтыө кұқығында үш термин қолданылады, ол «әрекет қабілеттілігі», «құқық қабілеттілігі» және «деликт кабілеттілік».
Деликт кабілеттілік - бұл азаматтардың құқыққа қайшы әрекетінің негізінде келтірілген шығынға азаматтық-құқықтық жауапкершілікте болу кабілеттігі. Деликт қабілеттілікті әрекет қабілеттілік сияқты жеке жағдайларда қолдану Герман құқығының ерекшелігі болып табылады. Ал Ресей Федерациясында құқықтық кабілеттілігі мен әрекет кабілеттілігінен басқа мәміле кабілеттілігі (сделкоспособность) пен деликт қабілеттілігі (деликтоспособность) терминдері қолданылады.
Қазақстан Республикасында құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі туралы мәселе Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтары немесе шетелде жүрген қазақстандық азаматтарға қолданылған кезде қозғалады. Сондай-ақ бұл мәселе апатридтер мен бипатридтерді сипаттау кезінде қолданылады. Қазақстан Республикасы заңнамаларында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың (апатрид) құқықтық жағдайын сипаттайтын нормалар бар. Ал бипатридтерге келетін болсақ бұл тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы мәселе толық түрде бекітілген жоқ. Сондықтан да, бипатридтердің құқықтық жағдайы туралы коллизиялық мәселелер туған жағдайда халықаралық келісім-шарттар негізінде немесе заң ұқсастығын (аналогия закона) қолдана отырып, ұлттық коллизиялық заңнамалармен шешу керек.
Жеке тұлғаның кұқыктық жағдайы тұлғаның жеке заңы арқылы анықталады. Жеке тұлғаның жеке заңы өз алдына Азаматтық заң және тұрғылықты жер заңы болып бөлінеді.
Азаматтық заң - жеке тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің құқығын қолдану, тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғаның тұрған жері, яғни мекен-жайы орналасқан мемлекеттің құқығы қолданылуы болып табылады.
Әр түрлі құқық жүйелерінде жеке заңға әр түрлі көзқараста каралады: мысалы, «жалпы құқық» мемлекеттерінде (АҚШ, Ұлыбритания) азаматтың тұрғылықты жер заңы қағидасын қолданады, ал «континенталдық құқық жүйесі» мемлекеттерінде (Франция, Германия), сонымен катар Қазақстан Республикасы азаматтық заң кағидасын басшылыққа алады.
Жеке заң азаматтың құқық кабілеттілігі мен әрекет қабілеттігін, неке мен отбасы және мұрагерлік қатынастардағы жеке мүліктік емес құқықтарын анықтау үшін қолданылады. Соңғы кездері көптеген мемлекеттер заңнамаларында жеке заңның «аралас» жүйесі бекітілуде: халықаралық дербес құқық туралы көптеген заңдарда.
Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қазакстандық азаматтармен теңдей азаматтық әрекет кабілеттіліктеріне ие.
Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігінің коллизиялық мәселелері көбіне әр түрлі мемлекеттердің заңдары әрекет кабілеттілігі жасын, яғни кәмелетке толу жасын әр түрлі белгілеу салдарынан туындайды. Мысалы, Франция Азаматтық кодексінің 488-бабына сәйкес толық әрекет кабілеттілігі 18-жастың соңғы күні біткен кезде пайда болады. Ал, Англияның 1969 жылғы отбасы құқығын реформалау туралы заңында адам 18 жасқа толған күні кәмелетке толды деп есептеледі. АҚШ штаттарында кәмелетке толу жасы әр түрлі белгіленген, ол 18 жас пен 21 жас аралығы. Қазақстан Республикасында ҚР АК-нің 17-бабына сәйкес адам кәмелетке 18 жасқа толғанда ие болады.
Сонымен катар, кәмелетке толғандардың әрекет қабілеттілігін шектеу де мемлекеттерде бірдей бола бермейді. Францияда кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайын көптеген азаматтық заңнамалар реттейді.
Германияда азаматтық заңға сәйкес жеті жасқа толмаған бала толық түрдегі әрекетке кабілетсіз болып есептеледі. Жеті жастан он сегіз жасқа дейін әрекет қабілеттілігі шектеулі. Жалпы ереже бойынша бұл жаста бала заңды өкілінің рұқсатымен мәмілелер жасай алады. Ал кейбір мәмілелерді өзі жасауға құқылы.
Англияда адам 18 жасқа толғанға дейін кәмелетке толмаған болып саналады, ал әрекет кабілеттігін шектеу оның жасына байланыссыз танылады.
Жеке тұлғаның әрекет қабілеттігін Италияда итальян статутариясы кезінде жеке заң бойынша анықталған.
Континенталдық Еуропа мемлекеттерінің көпшілігінде азаматтық заң қағидасы және ағылшын «жалпы құқық» мемлекеттерінде домилиция заңы қолданылады. Мұның маңызы мынада, егер тұлға өз жеке заңы бойынша әрекетке қабілетті болса, онда ол кез келген жерде де әрекетке кабілетті болып танылуы тиіс. Сондай-ақ, егер жеке заңы бойынша әрекетке қабілетсіз болса, онда басқа жерлерде де солай саналады. Заңнамалар мен сот тәжірибелерінде келтірілген ережелердің біріншісі ғана қолданылады: жеке заң бойынша тұлға әрекетке қабілетті деп танылса онда кез келген елде ол солай танылуы тиіс.
Бірақ жеке заңы бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлға басқа мемлекеттерде дәл осындай формада таныла бермейді. Егер жеке заңының мазмұны мәміле жасалған мемлекеттің заңнамасына сәйкес келмесе сауда айналым мүддесі шетел азаматының мәмілеге отырған кезінде өз жеке заңына сілтеме жасап дауласуына келіспейді.
1804 жылғы Франция Азаматтық кодексінің 3-бабына сәйкес шетелде жүрген француздардың азаматтық жағдайы мен қабілеттілігіне байланысты мәселе тұлғаның өз ұлттық заңына сәйкес шешілуі тиіс. Осы біржақты коллизиялық нормадан француз тәжірибесі екі жақты коллизиялық норма шығарды: «жеке тұлғаның азаматтық жағдайы мен кабілеттілігі оның ұлттық заңы арқылы анықталуы тиіс». Бірақ кейіннен бұл коллизиялық қағида шектелуге тиіс болды. Өйткені 1861 жылы француз кассациялық сотының жеке заңы бойынша кәмелетке толмаған 22 жастағы мексикандық, бірақ француз заңы бойынша кәмелеттік жасқа толған баланың француз жерінде сатып алу-сату мәмілесін жасасу құқығы туралы дауды шешу кезінде қайшылық тудырды.
Қалған еуропалық мемлекеттерде жеке тұлғаның әрекет кабілеттілігінің мәселесі азаматтық заң кағидасын басшылыққа ала отырып шешеді.
ҚР АК-нің 1015-бабы 2-тармағына сәйкес жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықталады.
ҚР АК-нің 1095-бабы 3,4,5-тармақтарына сәйкес шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықталу қағидасына үш шектеу бар. Олар: біріншіден, Қазақстан Республикасы аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәселесі. Яғни, шетелдік азамат Қазақстаңда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау және басқа да келісім-шарт жасасқаннан кейін өз жеке заңына сілтей отырып яғни жеке заңы бойынша тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы мен заңдылығына дауласа алмауы.
Екіншіден, Қазакстан Республикасы аумағында шетел азаматтарының зиян келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық әрекет кабілеттілігін қазақстандык құқықпен анықтайды.
Үшіншіден, Казақстан Республикасындағы шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін шектеу, оларды хабар-ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тануды Қазакстан Республикасының заңнамасы жүзеге асырады.
Халықаралық келісім-шарттарға келетін болсақ Қазақстан Республикасымен жасалған кейбір келісім-шарттар, дәлірек айтқанда құқықтық көмек көрсету шарттарында келісімге отырған бір мемлекеттің азаматтары осы шартқа отырған басқа мемлекеттің аумағында сол мемлекеттің азаматтарымен теңдей жеке және мүліктік құқықтарының қорғалулары туралы бекітілген.
Құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттар құқық қабілеттілігінің тоқтатылуы туралы мәселелерді қарастырған. Азаматтарды қайтыс болды деп тану туралы істерді шартқа отырған әр мемлекеттің соттары өз елі азаматтарына өз заңдарын қолдана отырып шешеді. Азаматты қайтыс болды деп тану туралы істерді оның мекен-жайы орналасқан мемлекеттің соты да (қайтыс болған адамның жақындарының өтінішімен) карай алады. Мысалы, Болгарияда тұратын қазақстандық азаматтың хабар-ошарсыз кетуіне байланысты әйелінің өтініші бойынша істі Болгарияның соты немесе Қазақстан соты карауға құқылы. Бұл жағдайда істі қараған мемлекет өз заңын қолданады.
1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД елдерінің құқықтық көмек көрсету жөніндегі азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы конвенциясында азаматтарды хабар ошарсыз кетті және қайтыс болды деп тану, сонымен қатар, қайтыс болу фактісін анықтау туралы істерді соттар жоғарыда көрсетіліп кеткен кұқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттарда белгіленген тәртіптер негізінде шешеді.
Құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттарда жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен анықталады. Олай болса, мысалы, Болгария немесе Францияда қазақстандық азаматтың әрекет қабілетгілігі қазақстандық заңнама бойынша анықталады. Әдетте, тәжірибеде колайлы болу үшін кейбір келісім-шарттар ұсақ мәмілелер жасалуына байланысты тұлғаның әрекет кабілеттілігін анықтау мәміле жасалған мемлекет заңы бойынша анықталады. Шындығында да, дүкеннен күнделікті ұсақ затты сатып алу үшін сатып алушы шетелдік азаматтың ол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңына сәйкес оның әрекет кабілеттілігін әркім тексере беру мүмкін емес.
1993 жылғы 22 каңтардағы ТМД-елдерінің құқықтық көмек көрсету және азаматтық отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы конвенциясында жеке тұлғаның әрекет кабілеттілігі тұлға азаматы болып табылатын осы шартқа мүше мемлекеттің заңнамасымен анықталады.
2. Заңды тұлғалардың мемлекетке жатушылығы және сыртқыэкономикалық қатынастардағы құқықтық мәртебесі. Практикада заңды тұлғаның қай мемлекетке жататындығын анықтау маңызды мәселе.
Заңды тұлғаның қай мемлекетке жататындығы, жеке тұлғаның азаматтығынан мемлекеттік құқықтың институты ретінде айырмашылығы белгілі мемлекеттің жеке тұлғасына қатысты ғана пайдаланылады. Жеке тұлғаның жұмыс орны қайда орналасса да, ол бір ғана мемлекетпен байланыста болады. Сонымен қатар, ол қатарынан екі мемлекетте орналаса алмайды. Ал заңды тұлға оның құқық қабілеттігімен өзінің қызметіне байланысты бірнеше мемлекетпен байланыста болады.
Халықаралық дербес құқықтың теориясында «заңды тұлғаның жеке статуты (мәртебесі)» және «заңды тұлғаның ұлты» ұғымдары бар және оларды шатастырмаған жөн. Заңды тұлғаның жеке статуты келесі сұрақтарға жауап береді: бұл ұйым заңды тұлғаға жатады ма, оның құқық қабілеттігінің мөлшері және оның органдарымен жасалатын келісім-шарттардың тәртібі, қандай тәртіппен ол құрылады және таратылады, қандай заңға сәйкес таратылады. Сонымен, заңды тұлғаның жеке статуты бұл ұйымның құқықтық жағдайын сипаттайды, бірақ оның қызметінде пайда болатын барлық құқықтық сұрақтарды қамтымайды.
Өз кезегінде, «заңды тұлғаның ұлты» ұғымы ұлттық және шетелдік заңды тұлғаларды бөлу және өзге құқықтық сұрақтарды шешу үшін пайдаланылады. Заңды тұлғаның ұлты ұғымы арқылы белгілі мемлекеттің аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру жағдайларын және салық салу режимі, валюталық операцияларды жүзеге асыру және өзге құқықтық сұрақтар шешіледі. Сонымен, заңды тұлғаның ұлты деп белгілі бір заңды тұлғаның белгілі бір мемлекетке жататындығын айтамыз.
Халықаралық дербес құқық әдебиеттерінде заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың үш қағидаты (критерийлері) бөлінеді: инкорпорация қағидаты, орналасу орны қағидаты және қызмет орны қағидаты. Осы қағидаттарды енді қарастырған жөн.
Ағылшын-американдық құқық мемлекеттерінде (АҚШ, Ұлыбритания) заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың үстем қағидаты ретінде оның құрылу орны табылады, яғни бұл заңды тұлғаға ол құрылған және оның жарғысы бекітілген мемлекеттің заңы пайдаланылады. Бұл қағидат барлығына инкорпорация қағидаты түрінде мәлім.
Континенталдық Еуропа мемлекеттерінде (Германия, Франция, Швейцария, Австрия т.б.) заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың қағидаты болып заңды тұлғаның орналасу орнының заңы пайдаланылады. Заңды тұлғаның орналасу орны (тұрған жерi) ретінде заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы (әкімшілік орталық, басқарма) тұрған жер танылады.
Заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың үшінші қағидаты ретінде қызмет орны (қызмет жері) табылады. Бұл қағидат көбінесе Италия заңнамасында пайдаланылады.
1956 жылы Шетелдік компаниялар, қоғамдастықтар және мекемелер артынан заңды тұлға құқығын тану туралы Гаага конвенциясына қол қойылды. Конвенцияға сәйкес заңды тұлғаның ұлты, ол тіркелген және оның жарғысына сәйкес басқарма орналасқан мемлекеттің заңы арқылы анықталады. Сонымен, Конвенция алғашқы екі дәстүрлі тұжырымдаманы жақындастыруға ұмтылған. Бірақ, Конвенцияны бірнеше мемлекет қана ратификациялағандықтан ол өз күшіне енген жоқ.
Латын-америка мемлекеттерімен Монтевидеода 1979 жылы қабылданған, Коммерциялық компанияларға қатысты коллизиялық сұрақтар туралы Конвенцияға сәйкес заңды тұлғаның құрылуы, қызметі және таратылуы ол құрылған мемлекеттің заңы арқылы анықталады.
Қазақстан Республикасының республикалық заңнамасының бірнеше нормаларында шетелдік заңды тұлғалар туралы сөз көтерілген. Мәселен, «Шетелдiк инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 27 желтоқсанындағы Заңында шетелдiк заңды тұлғаға анықтама берілген. Шетелдік заңды тұлға - шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания, фирма, кәсiпорын, ұйым, қауымдастық және т.б.). Бұл жерде, инкорпорация қағидаты пайдаланылатынын көріп отырмыз.
Осыған ұқсас тұрғыны Қазақстан басқа мемлекеттермен жасасқан, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім-шарттардан да көре аламыз. Мәселен, Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімге сәйкес «компания» термині ретінде араптардың бірінің заңдары мен нормаларына сәйкес құрылған кез келген корпорация, қауымдастық, бірлестік, әріптестік немесе ұйым түсіндіріледі. Қазақстан мен Венгрия арасындағы келісімге сәйкес «заңды тұлға» ретінде әрбір келісуші-тараптардың заңдарына сәйкес құрылған кез келген кәсіпорын табылады. Бұл жерде де, инкорпорация қағидаты негізге алынған.
Енді сыртқыэкономикалық қатынастардағы қазақстандық ұйымдардың құқықтық мәртебесін қарастырған жөн.
1988 жылдың 12 мамырында Қазақстанда, Үкімет қаулысымен ҚазССР-дің Министрлер Кеңесінің жанынан «Қазақинторг» деген республикалық шаруашылық есептік сыртқы саудалық бірлестік құрылды. Қазақинторгтің құрамына келесі мамандандырылған фирмалар кірді: Қазақпроминторг, Қазақагроинторг, Қазақпригранторг, Қазақсервис.
«Қазақинтермед» республикалық сыртқыэкономикалық бірлестік туралы» 1992 жылдың 2 маусымында қабылданған Министрлер Кабинетінің № 487 Қаулысымен сыртқыэкономикалық бірлестік құрылды, бірлестік денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті басқару және шетелдік фирмалармен медицина және фармокология саласында өзара тиімді қатынастарды орнату мақсатында қызмет атқарады.
1992 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық байланыстар Министрлігі жанынан «Құрылыс» республикалық сыртқыэкономикалық бірлестігін құру туралы» Министрлер Кабинетінің № 505 Қаулысы қабылданды. Бұл бірлестік құрылыс материалдары мен заттарын экспорттау және импорттау, сондай-ақ шетел фирмаларымен сыртқыэкономикалық байланыстарды дамыту мақсатымен құрылған болатын.
Ары қарай, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық қызметтегі қосымша шаралар бойынша ұйымдастыру туралы» Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылдың 20 тамызындағы №717 қаулысымен Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық байланыстар министрлігіне 1993 жылдың 1 қазанына дейін, мемлекеттік маңызы бар өнімді экспорттауды ұйымдастыру және орталықтандырылған өнімді, тауарды мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған сыртқыэкономикалық компанияны құру жөнінде тапсырма берілді.
1993 жылдың 20 тамызындағы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің №717 қаулысын орындау мақсатында «Ұлан» республикалық сыртқы саудалық компаниясы құрылды.
1994 жылдың 5 қаңтарында қабылданған №64 Қазақстан Республикасының сыртқыэкономикалық байланыстар министрлігінің бұйрығына сәйкес келесі сыртқыэкономикалық компанияларға өнімді сату, сатып-алу құқығы берілген:
1. «Қазақстанимпекс» - минералды тыңайтқыштар, мақта, полистирол.
2. «Қазвнешмаш» базасындағы «Отырар» - мыс, глинозем, ферроқортпалар, феррофосфор.
3. «Қазақинторг» - хромдық қазба, тас көмір, мұнай, бензин, мазут.
4. «Қазметаллэкспорт» -цинк, қорғасын, магний, марганец, темір, бағалы тастар, өзге де қазбалар.
5. «Қазинтерметалл» - цинк, қорғасын, магний, бағалы тастар, өзге де қазбалар.
6. «Ұлан» - темір қазбалары, сирек кездесетін металлдар және өзге де радиациялық металлдар, полипропилен, уран, молибден, титан.
7. «Қазақстан сауда» - цинк, ферроқортпалар, қара металлдар, хромдық қазбалар, қара металлдар сынықтары.
8. «Қазмедимпорт» - медициналық жабдықтардың және дәрі-дәрмектердің импорты.
9. «Қазпищепромсырье» - мемлекеттік маңызы бар өнімнің экспроты және тамақ өнімдері мен азық-түліктің импорты.
10. «Қазыбек» - темір, қара метталдар, ақ қаңылтыр, көмір, стирол, мыс сынықтары.
11. «Қазагосауда» - дәнді-дақылдар, жұн, тері өімдері, маралдар мүйізі.
Мұндай моноплизм негізсіз болды, себебі басқа компаниялар осы делдал компаниялардан өнім алуға мәжбүр болған. Сондықтан, 1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыртқыэкономикалық қызметті либерализациялау туралы» №2021 Жарлығымен бұл тәртіп алынып тасталды. Бұл Жарлықта Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектілеріне, мемлекеттің жеке құзыретіне жататын мемлекеттік маңызы бар стратегиялық ресурстарды экспорттау мен импорттауды есептемегенде, сыртқы саудалық қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілген.
Қайта құрылған жаңа сыртқыэкономикалық қызметтегі компанияларға 1994 жылдың 17 наурызында Министрлер Кабинетінің №282 қаулысымен құрылған «Разноимпорт» мемлекеттік акционерлік компаниясын жатқызуға болады. Компанияның негізгі міндеттері ретінде шетелдік фирмалармен сауда операцияларын жүзеге асыру және көтерме, бөлшектеп сатуды жүзеге асырады:
- мемлекеттің мұқтаждарына жеткізілетін тауарлардың тізбесіне жатпайтын тұтынатын және тұтынбайтын тауарлар;
- мемлекеттің мұқтаждарына жеткізілетін тауарлар;
- «Разноимпорт» акционерлік компаниясының құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың қызметін реттеуді басқару.
1994 жылдың 9 маусымында Министрлер Кабинетінің №607 қаулысымен «Қазэкспортастық» мемлекеттік сыртқы саудалық акционерлік компаниясы құрылды. Компанияға келесілерге тапсырма берілді:
- дәнді-дақылдар өнімдерін экспорттау, реэкспорттау және импорттауды жүзеге асыру, сондай-ақ өнімдерді, материалдарды, жабдықтарды және өзге де өнімдерді импорттау;
- әлемдік нарықта тиімді қатысуды қамтамасыз ету мақсатында нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың сыртқыэкономикалық қызметіне көмек жасау.
1994 жылдың 16 маусымында №1815 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Экспортты импортты банкі құрылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Экспортты импортты банкі Қазақстанның Әлем банкінің халықаралық міндеттемелері бойынша мирасқоры болып танылған. Оның негізгі функциялары:
- заемшы болу және Қазақстан Республикасының шетелдік несиелерінде агент ретінде қызмет көрсету;
- технологиялар, жабдықтар және өнімдер импортын ынталандыру мақсатында қазақстандық кәсіпорындарға несиелер беру;
- экспорттаушыларға несиелер беру;
- қазақстандық банктермен берілген экспортты несиелердің тәуекелдерін сақтандыру (кепілдендіру);
- өндірістің даму мақсатында кәсіпорындарды және жобаларды ұзақ және қысқа мерзімді қаржыландыру;
- Қазақстан Республикасының мүдделерін мамандандырылған халықаралық ұйымдарда білдіру.
Сыртқыэкономикалық қызметтің ерекше субъектілері ретінде шетелде құрылған қазақстандық құрылымдар табылады. Атасақ, Ұлыбританияда, Германияда және Түркияда Қазақстанның сауда үйлері бар. 1993 жылдың 5 қазанында Министрлер Кабинеті «АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының іскерлік байланыс Орталығы туралы» Қаулысын қабылдады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалар. Шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы ұлттық заңнамамен қатар, халықаралық келісім-шарттармен де анықталады. Сауда келісім-шарттарында және инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдерде заңды тұлғаларға жалпы режим белгіленген. Бұл режим не ең қолайлы режим, не ұлттық режим түрінде болады. Мәселен, Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестицияларды қорғау туралы Келісімінің 2-бабында, әрбір тарап екінші тарапқа өз аумағында үшінші мемлекеттің заңды тұлғаларына, азаматтарына берген режимнен төмен емес қолайлы режим беруге тиіс, - деп белгіленген. Бұл жерде, көріп тұрғанымыздай ең қолайлы жағдай режимі белгіленген.
Қазақстан мен Германия арасындағы инвестицияларды қорғау туралы Келісімде керісінше, ұлттық режим белгіленген. Осы Келісімнің 3-бабында былай деп жазылған: «Әрбір Келісуші тарап басқа Келісуші тараптың салымдарына өз аумағында осындай жағдайда үшінші мемлекетке берілген режимнен, төмен емес режим беруге тиіс».
Шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық режимін қарастыра отырып, шетел қатысатын кәсіпорын келесі нысандарда болатынын қарастырған жөн: шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
«Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында осы ұғымдар толығымен ашылған. Мәселен, «шетелдiк заңды тұлға» - шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (компания, фирма, кәсiпорын, ұйым, қауымдастық және т.б.). «Шетел қатысатын кәсiпорын» - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және шетелдiк кәсiпорын немесе бiрлескен кәсiпорын нысанында iс-қимыл жасайтын заңды тұлға. «Шетелдiк кәсiпорын» - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, толығымен шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. «Бiрлескен кәсiпорын» - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, мүлкiнiң (акциялардың, үлестiң) бiр бөлiгi шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын.
1998 жылдың 1 маусымына Қазақстанда Әділет органында 953 шетелдік кәсіпорын тіркелген, яғни 100% шетелдік қатысу. Шетелдік кәсіпорындар ішінде шетелдік іскерлі кәсіпорындар да көп: «Королевская Голландская авиакомпания КЛМ», «ВМВ Компани», «Испат Кармет» т.б. Ұсақ кәсіпорындар да бар. Мәселен, «Приключения в Центарльной Азии ЖШС» т.б.
Енді шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің құқықтық мәртебесін қарастырайық. 1998 жылдың 1 маусымында респбуликада 416 филиалдар мен өкілдіктер тіркеу өткен. Мәселен, «Иран Эйр» авиакомпаниясының «Иран Эйр Алматы» филиалы, «Аджип Карачаганак Б.В.» ЖШС филиалы, Мицубиси Корпорейшн АҚ өкілдігі, Шеврон компаниясының өкілдігі т.б.
«Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабында шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің ұғымы берілген. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның филиалы оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, осы заңды тұлға мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн атқаратын оқшау бөлiмшесi болып табылады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғаның өкiлдiгi оның Қазақстан Республикасында орналасқан және тiркелген, шетелдiк заңды тұлғаның мүдделерiн қорғайтын және оған өкiлдiк ететiн оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық iс-әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi болып табылады.
Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болмайды. Оларға өздерiн құрған шетелдiк тұлға мүлiк бөледi және олар осы заңды тұлға бекiткен ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды. Филиалдар мен өкiлдiктердiң басшыларын шетелдiк заңды тұлға тағайындайды және олар өздерiне берiлген сенiмхат негiзiнде iс-қимыл жасайды.
Шетел қатысатын кәсіпорын қызметін лицензиялау «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі №2200 Заңымен реттеледі. Осы Заңның 8-бабына сәйкес «шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актiлерiнде басқадай көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына қойылатын шарттар бойынша және нақ сондай тәртiппен алады».
Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн, шетел қатысатын кәсiпорындар алуға мiндеттi лицензиялар жалпы және арнаулы лицензиялар болып бөлiнедi.
Жалпы лицензиялар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң меншiк нысандары мен мемлекеттiк бағынысына қарамастан шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер үшiн лицензия алу мiндеттi болып табылатын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiне қатысты.Шетел қатысатын кәсiпорындардың мұндай қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Арнаулы лицензиялар шетел қатысатын кәсiпорындар жөнiнде ғана лицензия алу қолданылатын қызмет түрлерiне қатысты. Мұндай қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен белгiленедi.
Заңның 5-бабында лицензиялауды жүзеге асырушы органдар белгіленген. Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн лицензиарлар жүргiзедi. Лицензиялау саласындағы тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Белгiлi бiр кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi. Лицензиарларға лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiктерiн лицензиялау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттiк емес ұйымдарға, оның ішінде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасында шетел қатысатын кәсіпорындардың қызметі белгілі бір салаларда шектелген. Мәселен, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсанындағы «Сақтандыру қызметі туралы» №126-ІІ Заңының 5-бабына сәйкес «шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның ішінде өз қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе олардың оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резиденті – уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады».
Банктік саланы да атаған дұрыс. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Заңының 3-бабының 5-тармағына сәйкес «шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы: а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң; б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының; в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк», - делінген. Осы аталған шектеулерді біздің пікірімізше алып тастаған жөн болады.
Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың құқықтық жағдайын қарастырайық.
Қазақстан Республикасы аумағында бірлескен кәсіпорындарды құру 1991 жылдан басталды. 1998 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 1388 бірлескен кәсіпорын қызмет атқарды. Ең көп бірлескен кәсіпорындар, Ресейдің қатысумен – 237, Түркияның қатысуымен – 228, Германияның қатысуымен – 117, АҚШ-тың қатысуымен – 115, Қытайдың қатысуымен – 79, Ұлыбританияның қатысуымен – 53 компания құрылды. Резидент еместердің бірлескен және шетелдік кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар мөлшері – 23061 млн. теңгені және 40,1% құрады.
Ірі бірлескен кәсіпорындарға келесілер жатады: «Казвино» Алматы қ. 262 млн. теңге, «Арман» Маңғыстау обл. 175 млн. теңге, «Веснет» Павлодар обл. 145 млн. теңге т.б.
Енді бірлескен кәсіпорындарды құрудың құқықтық сұрақтарын қарастырайық. Бірлескен кәсіпорындарды құру тәртібі Қазақстанда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен және өзге заң акттілермен реттеледі.
«Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес шетел қатысатын кәсiпорындар шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғам нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де нысандарда құрылуы мүмкiн. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, шетел қатысатын кәсiпорындар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары құрылатын тәртiп бойынша құрылады. Бұл тәртіп ҚР АК 2-параграфында көзделген.
Қазақстан Республикасында шетелдік заңды тұлғаларға қатысты жарғылық капитал мөлшері ұлттық заңды тұлғаларға белгіленген мөлшердей.
Осы сұраққа қатысты басқа мемлекеттердегі тәжірибені қарастырайық. Мәселен, бұрын Польшада шетелдік инвестор бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде салым салуға міндетті болған. Қазір 1 мың АҚШ доллары жеткілікті. Бірақ бұл жерде, бір ерекшелік бар. Бір мың АҚШ доллары ЖШС тіркеуге жеткілікті болады. Егер акционерлік қоғам құрылатын болса, онда шетелдік инвестор 22 мың АҚШ долларын салуға тиіс.
«Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес шетел қатысатын кәсiпорынның жарғылық капиталының қалыптастырудың мөлшерi, тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Жарғылық капиталға салымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша үйлер, ғимараттар, жабдықтар және басқа да материалдық қазыналар, жердi, суды және басқа да табиғи ресурстарды, сондай-ақ интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықты қоса алғанда, өзге де мүлiктiк құқықтарды пайдалану құқығы түрiнде енгiзiлуi мүмкiн. Жарғылық капитал кәсiпорындардың шаруашылық қызметiн алынатын пайда мен басқа да түсiмдер есебiнен, ал қажет болған жағдайда оған қатысушылардың қосымша салымдары есебiнен де толықтырылып отыруы мүмкiн. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс. Қазақстандық және шетелдiк қатысушылардың бiрлескен кәсiпорынның жарғылық капиталындағы мүлiктiк салымдарының үлестерi қатысушылар арасындағы уағдаластық бойынша заңды тұлға тiркелген күнгi дүниежүзiлiк рыноктың бағасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағаларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де, шетелдiк валютамен де белгiленедi. Жарғылық капиталға салымды бағалауды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Жарғылық капиталдың ақшасы Қазақстан Республикасында тiркелген уәкiлеттi банкiде сақталуға тиiс.
Кейде, шетелдік инвестор жарғыда, барлық жарғылық қордың салымдары құрылыс қоры ретінде пайдаланылады, - деген ережені көздеуі мүмкін. Бірақ, Қазақстанда бірлескен кәсіпорындарды құру тәжірибесі жарғыда келесі қорларды ғана көрсетеді: резервтік қор, тозу қоры, өндірістің даму қоры, жалақы қоры және тағы басқа даму және қызмет қорлары. Кейбір жарғыларда қорларды құру, оның мөлшері мен мақсаты көзделсе, екіншілерде осы сұрақтар Директорлар Кеңесімен шешіледі, - деген сілтеме жасалады.
Бірлескен кәсіпорынның органымен (басқарма, кеңес) шешім қабылдау практикада кейбір қиыншылықтар тудырады. Біріншіден, келесі сұрақтарды шешіп алған жөн: дауыстарды бөлу қағидасы, шешім қабылдайтын кворум, дауыс беру қағидасы. Жоғарғы органда (басқарма, кеңес) дауысты бөлу кезінде бірнеше жағдайлар болуы мүмкін. Олардың бірі – қатысушылардың әрбір дауысы олардың салымына сәйкес анықталады. «Өлшеп дауыс беру» қағидасы қатысушылардың салымдары бірдей болмағанда қолданылады.
Бірлескен кәсіпорынның жарғысында өкілдердердің сандық теңдігі қағидасы көзделсе, онда әрбір жоғарғы органның мүшесі бір ғана дауысқа ие болады. Бұл жерде, олардың салымдарының мөлшері есепке алынбайды.
Жоғарғы органда шешімдер көпшілік басым дауыспен қабылданады.
Жер қатынастарының сұрақтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ Жер кодексімен реттеледі. ҚР ЖК-нің 35-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.
Енді бізге осы тақырып ішінде өзекті тақырыптардың бірі болып халықаралық трансұлттық корпорациялардың (ары қарай - ТК) құқықтық мәртебесі табылады. Шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесін қарастыра отырып, әлемдік экономикаға трансұлттық корпорациялардың маңызды екенін есепке алған жөн. 1994 жылы БҰҰ-ның «Әлемдегі инвестициялар туралы» Баяндамасында 1990 жылы әлемде 37 мың аналық трансұлттық корпорациялар 206 мың шетелдік филиалдарды бақылаған. 100 жуық трансұлттық корпорациялар дамыған мемлекеттерде орналасқан: Еуропалық қоғамдастықта – 38, АҚШ-та – 29, Жапонияда – 16, ал қалған 17 Австралияда, Финляндияда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда және Швейцарияда орын алған. Кейде трансұлттық корпорациялардың ақша қаражаттарының көпшілігі шетелде орналасады. Мәселен, ТК «Солвэй» (Белгия), оның ақша қаражаттарының 90%, яғни 7,2 млрд. доллар Белгиядан тыс орналасқан.
ТК үшін Қазақстан Республикасы да үлкен қызығушылықты білдіреді. Мәселен, мұнай бизнесінде келесі компаниялар бар: Mobil (АҚШ) ақша салымдар мөлшері 1992 жылы – 22,6 млрд. доллар, шетелдік қызметкерлер 91 мың. адам, ELF Aquitaine (Франция) ақша салымдар мөлшері 1992 жылы – 45,1 млрд. доллар, шетелдік қызметкерлер 87,9 мың. адам, British Petroleum (Ұлыбритания) ақша салымдар мөлшері 1992 жылы – 31,5 млрд. доллар, шетелдік қызметкерлер 71,1 мың. адам т.б.
Қазақстанда қызмет істеуге бастаған шетелдік инвесторлар ішінен, тағам өнеркәсібінде «Phillip Morris» ТК атауға болады. Шетелдік ақша салымдары 1992 жылы – 13,8 млрд. доллар, ал қызметшілер саны – 70 мың адам болды.
Сонымен, көрсетілген сандар Қазақстандағы шетел инвестицияларының кең етек алғанын дәлелдейді.
Екінші жағынан, ТК құқықтық реттелуі үлкен және күрделі сұрақтардың бірі. Трансұлттық корпорациялардың жай компаниялардан айырмашылығы келесі: оның стратегиясын бас кәсіпорын әзірлейді және басқа мемлекеттерде орналасқан шетелдік кәсіпорындардың бөлімшелерінің қызметін басқарады.
Халықаралық құқықтың нормаларын әзірлеу және кодификациялау бойынша қызметті үйлестіретін, сондай-ақ Латын Америка мемлекеттерінде заң мәселелерінің интеграциясын зерттейтін Америка мемлекеттері Ұйымының Америкааралық заң комитеті ТК келесі анықтама берді: ««Трансұлттық» термині басқа мемлекеттерде операцияларды жүзеге асыру үшін корпоративтік техниканы, өзара байланысты мүдделері бар және жоспарлауға, мәміле таңдауға, экономикалық және әкімшілік саясатқа бірыңғай тұрғыны қолданатын корпорация түсіндіріледі». Бұл корпорацияның бақылау орталығы бір мемлекетте, штаб-квартирасы және фирмасы басқа мемлекеттерде орналасады.
ТК қызметі ішкі заңнамамен және екіжақты, көпжақты келісім-шарттармен реттеледі. Екіжақты келісім-шарттарда трансұлттық корпорацияны қабылдаушы мемлекет пен трансұлттық корпорация орналасқан мемлекет арасында келісім жасалады немесе қабылдаушы мемлекет пен трансұлттық корпорацияның өзімен жасалады.
Көпжақты келісім-шарттар қабылдаушы мемлекет пен бірнеше трансұлттық корпорация арасында жасалады немесе универсалдық, аймақтық және субаймақтық деңгейде жасалған келісім түрінде болады.
Ішкі заңнама қатарына «Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын атауға болады. Заң шетелдiк инвестицияларды Қазақстан Республикасының экономикасына тартудың басты құқықтық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, шетелдiк инвестицияларды қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн бекiтедi, оларды жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын, шетелдiк инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейдi.
Екіжақты келісім-шарттар қатарына Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттері арасындағы капитал салымдарын көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдер. Мәселен, қабылдаушы мемлекет пен трансұлттық корпорация арасындағы келісім: «Эльф-Нефтегаз» (Франция) фирмасымен өнімді тең бөлу шартында Ақтөбе облысындағы жобалау және іздеп-жобалау жұмыстары туралы шарт. Аталған келісім-шарттар халықаралық-құқықтық емес, азаматтық-құқықтық сипатта болды, себебі ол қабылдаушы мемлекетте инвестицияларын режимін анықтады.
Көпжақты келісім-шарттар қатарына, 1995 жылдың 2 наурызында Алматыда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Бритиш газ» (Ұлыбритания), «Аджип» (Италия), «ГазПром» АҚ (Ресей) және Мемлекеттік холдинг «Қазақгаз» арасында Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кең орнынан алынған өнімнің бөлу қағидасы туралы келісім жатқызуға болады.
Көпжақты халықаралық келісім-шарттар қатысушы мемлекеттер санына байланысты универсалдық, аймақтық және субаймақтық деп бөлінді.
Универсалдық реттелу БҰҰ-ның арнайы құрылған органдарының нұсқамасы негізінде жүзеге асады: ТК және ТК Орталығы бойынша БҰҰ-ның Үкіметаралық Комиссиясы. Бұл органның қызметі формалды қызмет, себебі реттеудің актілері әлі де қаралуда.
Мәселен, 1975 жылғы ТК қызмет Кодексі әлі талқылану процесінде. Негізінен, бұл акт ТК қызметін реттейтін ережелер жинағы болуға тиіс болатын. Бұл актінің қабылданбау себебі келесіде, дамушы мемлекеттердің пікірінше, кодекс нормалары ТК-ны қабылдаушы мемлекеттерге қатысты міндеттемелерге байланысты императивтік сипатта болуға тиіс, ал үлкен дамыған державалар үшін өзара міндеттемелер болу пайдалы.
ТК қызметін шектеу мәселелеріне Латын Америка мемлекеттері үлкен көңіл бөлген. Бұл мемлекеттердің тұрғысы Панама қаласында 1981 жылы Латын Америка мен АҚШ арасындағы қатынастарды экономикалық зерттеу Латынамерикалық экономикалық жүйенің қатысушы-мемлекеттерінің кеңесінде анықталды және БҰҰ Экономикалық Кеңесінің XIX сессиясында қағида түрінде белгіленді. Бұл қағидаларды ТК қабылдаушы мемлекет аумағында сақтауға міндетті.
ТК қызметін субаймақтық реттеуге келесі мысалдар келтіруге болады: 1969 жылы Картахендік келісім негізінде субаймақтық ұйымның Анд пактісінің қатысушы-мемлекеттері. Анд тобының құрамына келесілер кірді: Колумбия, Венесуэла, Боливия, Эквадор, Перу және Чили. Анд пактісінің мүшелері шетелдік компаниялардың қызметін реттейтін екі акті қабылдады: «Шетел капиталын, тауарлық таңбаларды, патенттер мен лицензияларды пайдаланудың жалпы режимі» №220 шешім және «Көпұлттық кәсіпорындардың режимі және субаймақтық капиталды пайдалануды реттеу» №46 шешім.
Трансұлттық корпорацияларды құру процесі ТМД мемлекеттеріне де ықпал етті. Мәселен, 1998 жылдың 6 наурызында ТМД-ның жеті мемлекетінің (Армения, Беларуссия, Қырғыстан, Молдова, Ресей, Тәжікістан және Украина) үкіметінің басшыларымен Трансұлттық корпорациялар туралы Конвенцияға қол қойылды. Бұл акті осы корпорациялардың қызметін реттейтін бірден-бір құжат. Қазақстан Республикасы бұл актінің мүшесі әлі болған жоқ, бірақ интеграциялану процесін толық жүзеге асыру үшін ол оның мүшесі болуға тиіс.
3. Халықаралық байланыстардың, оның ішінде сыртқыэкономикалық байланыстардың терең дамуы мемлекеттің әртүрлі құқыққатынастарға белсенді қатысуына әкелді. Осы құқыққатынастар екі түрлі сипатта болады. Біріншіден, мемлекет билік субъектісі ретінде болады, яғни бұл қатынастар жария-құқықтық сипатта болады; екіншіден, мемлекет жеке-құқықтық қатынастар субъектісі болады. Жеке-құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысуына ашық мысал ретінде 1992 жылдың 18 мамырындағы Қазақстан Республикасы мен америкалық корпорация «Шеврон» арасындағы «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі құрылтай келісімі табылады. Мемлекет қызметінің шеңбері өте кең, сондықтан ол қатынастарға екі субъект ретінде қатыспайды, ол тұтастай қатысады. Егер мемлекетті азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде, яғни заңды тұлға ретінде қарастырсақ, онда оны басқа заңды тұлғаларға теңегеніміз, ол өз кезегінде егемендік қағидасына қарама-қайшы келеді.
Егемендік - әрбір мемлекеттің ажырамас қасиеті. 1975ж. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңесте Еуропаның даму жолдары туралы пікір-таласына белгілі бір қорытынды жасалды. Хельсинки Кеңесі мемлекеттердің қарым-қатынасы дербес теңдік, дербестікке тән құқықтарды қорғау қағидаларына негізделулері қажет екендіктерін растап берді.
Егеменді (дербес) теңдік қағидасы қарама-қайшы қоғамдық жүйелері бар мемлекеттердің тең құқықтарын мойындауды білдіреді. 1975ж. Қорытынды Актіде егемендікке тән құқықтардың толық тізімі берілмеген. Құжатта әлемдік бірлестіктің қауіпсіздігі үшін аса маңызы бар бірнешеуі ғана көрсетілген.
Ең алдымен, егеменді теңдік элементтерінің бірі - әрбір мемлекеттің заңи теңдік құқығы аталған. Егеменді теңдікті мойындау, мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтеу - мемлекеттердің әлемдік аренада бейбіт қатар өмір сүру саясатының басты элементі болып табылады. Осы қағиданы халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесіне енгізу бейбітшілікті сүйетін күштердің халықаралық қауіпсіздік үшін күресінің үлкен жетістігі болып есептеледі. Қазіргі заманның басты мақсаты - осы қағидалардың халықаралық проблемаларды шешу барысында сақталуын қамтамасыз ету. Бұл қағиданы халықаралық құқықта «тең алдында тең билік көрсете алмайды» деп атайды.
Егеменді (дербес) теңдік қағидасының негізі мемлекеттің иммунитеті. Әлемдік заң әдебиеттерінде және тәжірибеде мемлекет иммунитетін абсолюттік және шектеулік (функционалдық) деп бөледі. Абсолюттік иммунитет – бұл барлық егеменді мемлекеттерге және оның барлық қызметіне таралатын иммунитет. Мемлекет иммунитетінің бірнеше түрі бар. Ерекше атайтын иммунитет, заңнама күшіне бағынбау иммунитеті, яғни бір егеменді мемлекет екінші егеменді мемлекеттің заңнамасына бағынбайды, мемлекет өз қызметін ішкі заңнамаға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекет иммунитеті халықаралық құқықта көбінесе мемлекеттің және оның бағынышты органдарының басқа мемлекеттің билігіне бағынбауы түрінде түсіндіріледі. Осы жағдайда, мемлекет иммунитетіне сот иммунитеті, алдын ала қамтамасыз етуден иммунитет және орындаудан иммунитет кіреді.
Сот иммунитеті мемлекеттің басқа мемлекет соттарына сотты еместігін көрсетеді, яғни сотта шетел мемлекетіне қарсы талап берілмейді, ал егер мұндай талап қозғалса, ол қаралмай тасталуы керек. Осы себепке байланысты «Мұнай» бірлескен кәсіпорны туралы істі қарастырайық.
1991 жылдың көктемінде «Интеркаспий» қауымдастығы мен «Бидерман Интернешнл» (АҚШ) фирмасы арасында «Мұнай» қазақ-американдық бірлескен кәсіпорнын құру жөнінде құрылтай келісіміне қол қойылды. Осы шартқа сәйкес өндірілген және тасымдалдануға дайын мұнайдан нақты үлестер мөлшері келесі: ҚР – 20%; «Интеркаспий» қауымдастығы – 50,4%; «Бидерман Интернешнл» (АҚШ) – 29,6% болды. 1992 жылдың қаңтар-ақпай айларында «Интеркаспий» қауымдастығымен, қазу және технологиялық жабдықтарды «Мұнай» БК-на алу мақсатында, 70000 тонна мұнай экспортталанды. Бірақ 70000 тонна мұнай үшін ақша қаражаттары Бидерман мырзамен Қазақстанға аударылған жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің №756 қаулысымен шарт біржақты бұзылды. Осыдан кейін, АҚШ-тың Калифорния штатының Шығыс Аймағының аймақтық сотына «Харальд Бидерман энд Бидерман Интернешнл ИНК» компаниясымен Қазақстан Республикасына қарсы 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде материалдық және моралдық зиянды өтеу туралы талап берілді. Бірақ, Бидерман өзінің талап арызын кейіннен алып кетті, бірақ егер талап осы сотпен қанағаттандырылса, онда Қазақстан Республикасы өзінің сот иммунитетіне байланысты сот шешімін орындаудан бас тартуға мүмкіндігі бар.
Бұл мысалдан мемлекеттер осындай талап арыздарды қарамайтын сияқты, бірақ ол бұлай емес. Жеке тұлға өзінің мемлекетіне дипломатиялық келіссөздерді шетел мемлекетімен жүргізуге ынта білдіруі мүмкін. Бұл жағдайда дауды шешу халықаралық құқық қағидаларына сәйкес жүзеге асуы тиіс. Сонымен қатар, иммунитет қағидасының танылғанына қарамастан, мемлекет оған қарсы берілген талап арызды шетел мемлекетінің сотында қарастыруға келісімін бере алады.
Көбінесе жеке және заңды тұлғалар мемлекетпен келісім-шарт жасасқан кезде шартта аралық сот (арбитраж) жөнінде жағдайды көздейді (аралық сот (арбитраж) жөнінде ескерту). Бұл жерде де міндетті түрде нақты анықталған мемлекет келісімі қажет.
Алдын ала қамтамасыз етуден иммунитет деп шетел мемлекетіне талап болған кездің өзінде, мемлекет шетел мемлекетінің мүлкіне мәжбүрлеу шараларын (мүлкін арестке алуға, банктағы қаражаттарына қол жеткізуге тыйым салуға т.б.) қолдануға құқығы жоқтығын айтамыз. Тек шетел мемлекетінің нақты анықталған келісімі болған кезде ғана алдын қамтамасыз етудің шараларын қолдану мүмкін болады.
Орындаудан иммунитет деп мемлекетке қарсы шығарылған шешім оның келісімсіз мәжбүрлеп орындалмауын айтамыз. Мәжбүрлеп орындауды қолдану тек мемлекеттің нақты анықталған келісімі болған кезде ғана мүмкін болады.
Сонымен, иммунитеттің қарастырылған түрлерінің мазмұны процестің жеке сатыларымен байланыста және әртүрлі. Сонымен қатар, иммунитеттің үш түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың байланысы мемлекет егемендігінің қағидасынан шығады. Араларындағы теңдік және мемлекеттердің тәуелсіздігі – иммунитеттердің барлық түрлеріне негіз.
Мемлекет және оның органдарының иммунитетімен қатар, заң әдебиеттерінде иммунитеттің жеке түрі ретінде мемлекет меншігінің иммунитеті табылады. Мемлекет меншігіне ешкімнің қол сұғуына құқығы жоқ, яғни ол меншік иесінің келісімінсіз мәжбүрлеп алына алмайды (арестке т.б.), оны шетел аумақта мәжбүрлеп ұстауға болмайды; ол басқа мемлекеттің және оның органдары мен жеке тұлғалары тарапынан талан-таражға салынбауы тиіс.
XX ғасырда шетелдік заң әдебиеттері мен практикасында мемлекет иммунитетін шектеуге бағытталған пікір орын алған. Осы теорияға сәйкес «функционалдық иммунитет» деп – мемлекеттің кейбір функцияларына ғана таралатын иммунитетті айтамыз, яғни мемлекет иммунитеті тек саяси билік субъектісі ретінде әрекет жасаған кезде ғана танылады (тек мемлекет өзінің егемендігі атынан ғана қызмет атқарған кезде танылады). Егер шетел мемлекеті азаматтық айналымда сыртқы сауда мәмілелерін жасасу кезінде өзінің флотын сауда мақсатында пайдаланса, онда ол осы мәмілеге қатысты иммунитетті қолдана алмайды. Мұндай жағдайда мемлекетке мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Сонымен, бұл теория егеменді мемлекеттерді заңды тұлғалар жағдайына қояды. Шетел мемлекетінің әрекеттері заңды тұлғалардың әрекеттері сияқты сот қарауына жатады.
Бұл теория бірнеше халықаралық келісімдерде бекітілді, бірақ кеңінен қолданылмайды. 1926 жылдың 10 сәуірінде Брюссельде мемлекеттік теңіз кемелерінің иммунитетіне қатысты кейбір ережелерді унификациялау туралы конвенцияға қол қойылды. Брюссель конференциясына Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Голландия, Германия, Дания, Испания, Италия, Норвегия, Польша, Румыния, Франция, Швеция, Югославия, Жапония мемлекеттері қатысты. Бұл конвенцияның мағынасы мемлекеттің меншігіндегі кемелер жүк тасымалдағанда жеке тұлғалар сияқты жауапкершілік режимін және міндеттемелерді көтеретіндігінен көрінеді, ал әскери кемелерге, мемлекеттік яхталарға және жария қызметтерді жүзеге асыратын сауда емес, қорғау, қамтамасыз ету т.б. кемелерге мемлекет иммунитеті таралады. Бұл конвенция тек оған қосылған мемлекеттерге ғана заңды күшінде болады. 1926 жылғы конвенция 15 мемлекетпен 2 Дүниежүзілік соғысқа дейін ратификацияланды, ал 1955 жылы оған Греция мен Франция қосылды. 1953 жылы Польша конвенциядан бас тартты.
Халықаралық актілерде функционалдық иммунитет теориясын бекітудің келесі қадамы - Еуропалық Кеңестің шегінде мемлекеттік иммунитет туралы Еуропалық конвенцияның қабылдауы табылады. Бұл конвенция Базелде 1972 жылдың 5 мамырында қабылданып, 1976 жылдың 2 маусымында Австриямен, Бельгиямен және Кипрмен ратификацияланғанннан кейін күшіне енді. Конвенцияда мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушы бола тұра, сот иммунитетіне жүктелуге құқығы жоқ жағдайлар көзделген (1-14 баптар), ал басқа жағдайларда мемлекеттік иммунитет танылады (15 бап). Англияда 1978 жылы қабылданған мемлекеттік иммунитет туралы Заң осы конвенцияның негізгі ережелерін қайталайды.
Осыған ұқсас заңдар Канадада (1981 ж.), Пәкістанда (1981 ж.), Сингапурда (1979 ж.) және ОАР (1981 ж.) қабылданды. Қазақстан Республикасында осындай заң қабылдау қажеттігі өмірдің желісі. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан одақтық жартылай тәуелді мемлекеттен егеменді мемлекетке айналды. Осы уақыттан Қазақстан Республикасының толық халықаралық құқықсубъектілігі басталады. Қазақстан Республикасы кең сыртқыэкономикалық байланыстарды жүзеге асырып келеді, сондықтан мемлекеттік иммунитет туралы заңды қабылдау мемлекеттің халықаралық қатынастардағы тұрғысын толық бекітеді.
Сонымен, тағы бір атайтын жайт, мемлекетке тиесілі иммунитет оның органдарына да (министрліктерге, ведомстволарға, тағы басқа мемлекеттік мекемелерге) таратылады.
