Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_7.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
252.42 Кб
Скачать

2. Емханада (сұхбат)

  • Сәлетеметсіз бе, ата! Қай жеріңіз ауырады?

  • Барлық жерім ауырады: қолым, аяғым, тізем, кеудем, жүрегім, бүйрегім, бауырым, өтім, өкпем, асқазаным, ішім, белім, тамағым, басым, көзім, құлағым ...

  • Тоқтаңыз, ата, асықпаңыз. Біз Сізді тексерейік, содан кейін емделесіз де, жазылып кетесіз. Жөтеліңіз, тұмауыңыз бар ма?

  • Әрине, бар. Жөтелемін де, түшкіремін де, тұмауым да бар.

  • Кәне, тамағыңызды көрсетіңіз, тексерейін. Тамағыңыз қызарып тұр екен. Шешініңіз, өкпеңізді және жүрегіңізді тыңдайын, қызуыңызды өлшейін. Сізге қатты суық тиген екен.

  • Тұмау емес пе?

  • Тұмау да бар, баспа ауруы да бар. Қазір Сізге рецепт жазып беремін. Дәріні дәріханадан алып, күніне үш рет ішесіз. Төсекте жатып емделіңіз, бал қосан сүт ішіңіз. Енді емханаға жұма күні келіңіз.

  • Басқа жерімді тексермейсің бе?

  • Тексереміз. Әуелі мына ауруыңызды жазып алайық. Емделіңіз, жазылыңыз, ауырмаңыз. Өзіңіз білесіз денсаулық – зор байлық.

  • Рақмет, қалқам. Сау бол!

  • Сау болыңыз!

3. Мінез және келбет (сұхбат)

- Адамның жан дүниесі қандай?

- Адамның жан дүниесі өте күрделі.

- Адамның өз тұлғасын қалыптастыратын не?

- Адамның өз тұлғасын қалыптастыратын жамандық және жақсылық деп ойлаймын.

- Адам қандай болуы тиіс?

- Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс.

- Адамның сыртқы келбеті қандай болуы тиіс?

- Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет.

- Сіздің тобыңыздағы студенттердің келбеті қандай?

- Біз бәріміз құрдаспыз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.

- Тобыңыздағы ұлдардың келбеті қандай?

- Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын.

- Ал тобыңыздағы қыздардың келбеті қандай?

- Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.

4. Адам сәні сұхбат

-Сізге бүгін бір кісі келді. Аты- жөні есімде жоқ.

-Онда сыртқы түрін толық сипаттаңыз.

-Сізді орта бойлы, қараторы, дөңгелек жүзді, көзілдірік киген, жас қыз іздеп келді.

- Оның үстінде қандай киім болды?

- Оның үстінде қызыл көйлек болды.

- Ал шашы қандай болған?

- Шашы ұзын, қалың, тік, қара түсті

- Ал көзі қандай есіңізде ме?

- Иә, есімде. Көзі үлкен, қой көзді

- Мұрын ше?

- Қыр мұрын, ерні жұқа

- Рақмет. Бұл менің апам болды ғой.

- Сіздің апаңыз өте сымбатты қыз.

5. Қазіргі тұрғын үй сұхбат

  • Тұрғын үй бағдарламасының өзектілігі неде болды?

  • Тұрғын үй бағдарламасының өзектілігі Қазақстан экономикасын көтеру, халықтың басым бөлігінің өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуда болды.

  • Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыруда тұрғын үй құрылысының маңызы қаншалықты?

  • Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыруда тұрғын үй құрылысының маңызы бірі және неғұрлым маңызды деп табылады.

  • Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қай жылдарға арналған?

  • Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 2005-2007 жылдарға арналған.

  • Тұрғын үй бағдарламасымен кімдер үй ала алады?

  • Тұрғын үй бағдарламасымен халықтың қалың жiгi үй ала алады.

  • Сіздіңше, несиені қайтару мерзімі қанша жыл болу керек?

  • Меніңше, несиені қайтару мерзімі 5-7 жыл болу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]