
- •Лексика Замандас келбеті.
- •Отан отбасынан басталады
- •Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер
- •Тусытық атаулар
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.
- •Жас отбасы бюджеті.
- •Біздің үйіміз
- •Бір күндік жұмыс жоспары
- •Дені саудың-жаны сау.
- •Студенттің бос уақыты.
- •Адамның сәні.
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Ауру- астан
- •Тазалық-денсуалық кепілі
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •2. Емханада (сұхбат)
- •3. Мінез және келбет (сұхбат)
- •4. Адам сәні сұхбат
- •5. Қазіргі тұрғын үй сұхбат
- •6. 50 Минуттық дәріс және студент сұхбат
- •7. Замандас келебті сұхбат
- •8. Студенттің бос уақыты және қызығушылығы сұхбат
- •10. Салауатты өмір салты сұхбат
- •11. Танысу сұхбат
- •12. Досымның келбеті және мінезі сұхбат
- •13. Менің бөлмем сұхбат
- •14. Дәрігердің қабылдауында сұхбат
- •15. Тұрғын үй сұхбат
- •16. Уақыт және адам сұхбат
- •17. Досымның отбасы сұхбат
- •18. Біздің үйіміз сұхбат
- •19. Отбасы – шағын мемлекет сұхбат
- •20. Жас отбасы және дәстүр сұхбат
Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.
Қазақстан экономикасын көтеру, сондай-ақ халықтың басым бөлiгiнiң өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылысы республикада тұрғын үй құрылысының өзектiлігіне себепшi болды. Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басым бағыттарының бiрi болып танылды және ол жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыру орта мерзiмдi перспективада тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты талап етедi.Осыған байланысты Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрi - Бағдарлама) негізгi бағыттары тұрғын үйдiң құнын арзандату арқылы халықтың қалың жiгi үшін қолжетiмдi тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге несиелендіру мерзiмдерiн ұзарту, несиелендірудiң бастапқы жарнасы мен мөлшерлемелерін азайту болып табылады.
Жас отбасы бюджеті.
Мысалы екі адамнан тұратын, отбасылық бюджетті енді ғана бірлесіп жүргізе бастаған жас отбасының қаржы жоспарын қарастырайық. Сондай-ақ жас отбасында 200 000 теңге несие (кредит) бар десек, жас жұбайларда қосымша ақша жинау үшін қаржы мүлде қалмайды. Мұндай жағдайда бірінші кезекте барлық күшті берешекті жоюға салу қажет. Сондай-ақ отбасылық бюджетті қалыптастыруға арналған тәсілді өзгерту қажет. Егер қазіргі жағдайда оның пассиві көп болса және негізінен отбасының ағымдағы қажеттіліктерінен тұратын болса, болашақта бюджет кіріс әкелетін активтермен толықтырылуы тиіс.
Бюджетті қалыптастыру жолдары қандай?Бюджеті барынша шектелген жоғарыдағыдай отбасының шығыстарын қысқарту, әрине күрделі болады. Сондықтан негізгі күш несиені тезірек өтеуге аударылады. Несиеден құтылса, жас отбасына қаржылай қор жинау үшін “артық” ақша пайда болады. Екінші кеңес: отбасының тұрақты қорын қалыптастыру толық аяқталғанша қарызға ақша алмау және несиеге ірі тауарлар сатып алмау керек. Үшіншіден, отбасы шығын жұмсалатын жерде үнемдеу керек, бірақ ешқашан тұтынудан үнемдемеу қажет.
Кез келген компанияның жетістігі көбіне оның өз ресурстарын қалай жұмсайтынына қатысты болады. Отбасылық экономиканы кез келген кәсіпорынның экономикасымен салыстыруға болады. Қаржы жоспары неғұрлым айқын және жан-жақты болса, компания немесе жеке отбасы соғұрлым табысты болады. Сондықтан шығыстарыңыз бен кірістеріңізді нақты көре білсеңіз, өз ақша ағыныңызды инвестициялау мүмкіндігіңіз бойынша жоспар жасай аласыз. Осылайша сіз өз ақшаңызды тиімді басқара аласыз.
Досымның отбасы
Менің жақсы досым бар. Оның аты – Әділ. Ол 1994 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Оған 8 жас болғанда ол отбасымен Қостанай облысына көшті. Оның отбасы үлкен емес. Оның отбасы 4 адамнаң тұрады. Олар: әке,ана,аға және Әділ. Әділдің әкесінің аты - Айдарбек. Ол Қазақстан темір жолында жұмыс істейді. Оның келбеті: қараторы, шашы қалын, көзі қара және үлкен, құс мұрын, кең иықты және денелі. Анасының аты – Дариға. Мамандығы – мұғалім.Келбеті: дөңгелек жүзді, шашы ұзын, қара, қой көзді, құс мұрын, сымбатты. Әділдің ағасының аты – Талғат. Талғат 21 жаста. Ол университеттің үшінші курстың студентті. Болашақ мамандығы – юрист. Әділ биыл мектепті бітірді. Қазір ол «Астана медицина университетінде» бірінші курсте оқиды. Ал оның болашақ мамандығы – хирург. Әділдің отбасы өте жақсы және тату.