- •Лексика Замандас келбеті.
- •Отан отбасынан басталады
- •Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер
- •Тусытық атаулар
- •Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер
- •Қазіргі тұрғын үй. Тұрғын үй түрлері.
- •Жас отбасы бюджеті.
- •Біздің үйіміз
- •Бір күндік жұмыс жоспары
- •Дені саудың-жаны сау.
- •Студенттің бос уақыты.
- •Адамның сәні.
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Ауру- астан
- •Тазалық-денсуалық кепілі
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •2. Емханада (сұхбат)
- •3. Мінез және келбет (сұхбат)
- •4. Адам сәні сұхбат
- •5. Қазіргі тұрғын үй сұхбат
- •6. 50 Минуттық дәріс және студент сұхбат
- •7. Замандас келебті сұхбат
- •8. Студенттің бос уақыты және қызығушылығы сұхбат
- •10. Салауатты өмір салты сұхбат
- •11. Танысу сұхбат
- •12. Досымның келбеті және мінезі сұхбат
- •13. Менің бөлмем сұхбат
- •14. Дәрігердің қабылдауында сұхбат
- •15. Тұрғын үй сұхбат
- •16. Уақыт және адам сұхбат
- •17. Досымның отбасы сұхбат
- •18. Біздің үйіміз сұхбат
- •19. Отбасы – шағын мемлекет сұхбат
- •20. Жас отбасы және дәстүр сұхбат
Лексика Замандас келбеті.
Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап, өз тұлғасын қалыптастырады.
Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Қазіргі заманда адамның сыртқы келбеті тап-тұйнақтай киімі тап-таза болуы қажет. Сонда ол адам өз ортасында әріптестерінің арасында жүзі жарқын болып жүре алады.
Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті инженерлік-техникалық факультетінде бірінші курста оқимын. Менің тобымда 10 студент оқиды. Оның 4-еуі қыз, 6-ы ұл. Біз бәріміз құрдаспыз. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Біздің тобымызда әр түрлі ұлттың өкілдері оқиды.
Мысалы Асел, Гүлдана - қазақ, олар орта бойлы, шаштары қалың, ұзын, көздері үлкен, әдемі, сымбатты қыздар.
Ал, Оляныі ұлты – орыс, ол ұзын бойлы, аққұба, сымбатты, шаштары боялған.
Оляның көзі үлкен. Біздің топтың қыздары өте ұйымшыл, білімді және өте жақсы оқиды.
Тобымыздағы ұлдар байсалды, салмақты, ақжарқын. Қанат пен Рустам – қазақ, қараторы, шаштары қысқа қиылған. Рустам денелі, кең иықты,ал Қанат арық. Святослав, Дима, Сергей, Виктордың ұлты – орыс. Олар орта бойлы, денелі, көздері көкшіл, аққұба келген, шаштары қысқа қиылған, олар өте ұқыпты, тиянақты.
Отан отбасынан басталады
Менің отбасым туралы
Отбасы – шағын мемлекет. Біздің тәуелсіз елімізде кәмелетке толған әр қазақстан азаматы отбасын құруға құқылы. Отбасы – адам өмірінің ең негізгі бастауы. Әр адам өз отбасын құрметттеуге, жоғары бағалауға міндетті.
Қазіргі таңда отбасы құрушылардың саны қанша көп болса, ажырасушылардың саны одан да көп. Қазақ халқы шаңырақты, отбасын жоғары бағалап, артында үлгілі ұрпақ, сенімді мұрагер қалдыруға тырысқан.
Мен 1994жылы Қостанай облысыТаранауданында тудым. Менің атымЖанар. Біздің отбасымыз үлкен емес, отбасымызда4адам бар. Олар :анам,әжем және мен.Менің анамның аты Гүлнар. Ол оператор, Қазақстан темір жолында еңбек етеді. . Анамның жасы 51-де. Келбеті: дөңгелек жүзді, шашы қара, қысқа , қой көзді, кірпіктері ұзын, қыр мұрын және ол ең сымбатты, аяулы ана. Мен оны өте қатты сүйемін.
Әжем - зейнеткер. Мен кішкентай болғанда әжем мені тәрбиеледі, өйткені анам жұмыс істеді. Әжемді де мен өте қатты сүйемін. Оның жасы қазір 75-те.
Ал, өзім биыл мектепті бітіргенмін. Қазір А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бірінші курс студентімін. Менің болашақ мамандығым – инженер.
Біздің отбасымыз түрлі дәстүрлерді өткізуді өте жақсы көреді. Сондықтан біздің үйімізге үнемі қонақтар көп келеді. Отбасымыз өте қонақжай және тату – тәтті тұрады!
Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер
1. Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық
2. Денсаулық — зор байлық.
3. Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса, жан тәтті.
4. Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.
5. Бас ауырса жан қорқады.
6. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде
7. Жаман ауруға – жақсы ас.
8. Емнің алды - еңбек.
9. Басы аманның малы түгел.
10. Демі бардың емі бар.
11. Ауру аздырады,
Суық тоңдырады.
12. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.