Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Бизнесті_ жол картасы 2020» ба_дарламасы.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
297.98 Кб
Скачать

Субсидияны қалай алуға болады?

    1. Алдымен жаңа кредит алу үшін өтінішпен Банкке баруыңыз қажет, немесе, егер Сіздің қолданыста кредитіңіз бар болса, онда субсидия алу ниетіңіз туралы өтініш жасайсыз, ал субсидиялау мақұлданған жағдайда кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін қажетті деңгейге дейін төмендету туралы өтініш жасайсыз. Өтінім беру нысаны Қордың: www.dkb2020.kz сайтында орналастырылған;

    2. ЖКС Банктен хат алғаннан кейін, Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне өтініш жасайды және келесі құжаттарды ұсынады:

Кұжаттар Тізімі

1.

Кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуден өткені жөніндегі куәлігі (мөр басылып/кәсіпкердің қолы арқылы куәландырылған көшірмесі);

2.

Лицензия – егер қызмет түрі лицензия алуы тиіс болса (мөр басылып/кәсіпкердің қолы арқылы куәландырылған көшірмесі);

3.

Жарғы, құрылтай шарты (егер құрылтайшы біреу болса, онда құрылтай шарты қажет емес). Акционерлiк қоғам акциялар эмиссиясының нобайы мен акционерлер реестрінен үзінді беруі керек (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы куәландырылған көшiрмесi);

4.

Бюджетке төленуi тиiс мiндеттi төлемдер бойынша қарыздың жоқтығы немесе көлемi туралы (өтiнiш қабылданардан 30 күннен кеш болмауы тиіс) салық органынан алынған анықтама қағазы;

5.

Кәсiпкердiң қаржылық декларациясының көшiрмесi оның соңғы қаржылық жылын қамтитын қаржылық есебiнiң көшiрмесiмен бiрге немесе/және Web сайттарда жарияланған кәсiпкердiң қаржылық ахуалы туралы сараптама жасауға мүмкiндiк беретiн, кәсiпкердiң дебиторлық және кредиторлық қарызы (борыштың көлемi, қордаланған мерзiмi және тауарлар мен қызмет түрi) ашық көрсетiлген ақпарат;

6.

Кәсiпкердiң жобаны жүзеге асыру талаптары мен болжамдық мерзiмi қамтылған бизнес-жоспары.

Экспортер

8

Банк

1

2

3 8 8

Әкімдік

Экономикалық даму және сауда министрлігі

6

7

4

Қор

9

АҮК

5

8

  1. Бағдарлама Үйлестірушісі барлық құжаттар мен қажетті ақпаратты алғаннан бастап 10 жұмыс күні ішінде Сіздің жобаңызды АҮК қарауына шығарады, ол, өз кезегінде, субсидиялау мүмкіндігі/ мүмкін еместігі жайлы шешім қабылдайды;

  2. Бағдарлама Үйлестірушісі, АҮК Сіздің жобаңызды мақұлдағаннан кейін, АҮК шешімін келісуге ЭДСМ-не жібереді.

  3. ЭДСМ АҮК шешімін алғаннан кейін Сіздің жобаңызды бекітеді я болмаса қабылдамайды, ол жөнінде Бағдарлама Үйлестірушісіне хабар береді.

  4. Бағдарлама Үйлестірушісі, ЭДСМ-нен жобаға келісімін алғаннан кейін, Сізді, Банк пен Қорды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

  5. После получения Банк ЭДСМ-нен Сіздің жобаңызды бекіткені жайлы хат алғаннан кейін Сіздің, Қор мен Банк арасында үшжақты Субсидиялау шарты жасалынады.

Үшжақты субсидиялау шарты

Экспорттаушы

Банк

Қор

    1. Экспортшы өнімді сыртқа шығару бойынша, растайтын тиісті құжаттарын бірге қосып, Қорға үш айда бір рет есеп жолдап отыруы тиіс.

    2. Қор ұсынылған деректердің растығын алу үшін, Экспортшылардың есептерін салық органдарына жолдайды.

Мемлекеттік қолдауға жүгіну үшін экспортшыға қандай құжаттар керек?

1. Экспортшының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi (экспортшының мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

2. Лицензия – егер қызмет түрi лицензияланатын болса, (экспортшының мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

3. Жарғы, құрылтайшылық келiсiм (құрылтайшы бiреу болса, құрылтайшылық келiсiм қажет емес). Акционерлiк қоғаммен келiсiм жасауда акциялар эмиссияларының анықтамасы мен акционерлердiң реестрлерiнен көшiрме қосымша берiледi (экспортшының мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

4. Бюджетке төленуi тиiс мiндеттi төлемдер бойынша қарыздың жоқтығы немесе көлемi туралы (өтiнiш қабылданардан 30 күннен кеш болмауы тиіс) салық органынан алынған анықтама қағазы;

5. Экспортшының қаржылық декларациясының көшiрмесi оның соңғы қаржылық жылын қамтитын қаржылық есебiнiң көшiрмесiмен бiрге немесе/және Web сайттарда жарияланған экспортшының қаржылық ахуалы туралы сараптама жасауға мүмкiндiк беретiн, экспортшының дебиторлық және кредиторлық қарызы (борыштың көлемi, қордаланған мерзiмi және тауарлар мен қызмет түрi) ашық көрсетiлген ақпарат;

6. Аталған Тәртіптің 1-ші Қосымшасына сай жекелеген тауарлар/өнімдер бойынша экспорт ауқымы және бағыты бойынша ақпарат, бұған құжат тапсырылған күнге дейінгі есеп берілген соңғы екі тоқсан бойынша өндірілген өнім ауқымының 10%-нан жоғары болатын өнім экспортын растайтын құжаттар қосылуы тиіс (экспортшының мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

7. Экспортқа шығарылатын тауарлар/өнімдер бойынша келісімдер (келісім-шарттар);

экспорт режимінде тауар/өнім өткізуші кедендік органның белгісі соғылған кедендік жүк декларациясы;

8. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу бекетінде орналасқан кедендік органның белгісі соғылған тауардың жолдама құжаттары;

9. өндірілген тауар/өнімдердің жалпы ауқымын растайтын құжаттар, оның ішінде соңғы есеп кезеңінде статистика органдарына берілгендері де.

«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты төртінші бағыт

Республикамыздағы кәсіпкерлік ахуалына жасалынған талдау кәсіпкерлердің білім деңгейін арттыру және бизнес жүргізудің заманауи үлгілерін енгізу қажеттілігін көрсетеді. Осыны ескере отырып, «БЖК-2020» Бағдарламасы биылғы жылы «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты жаңа бағытпен толықтырылды.

Осы бағыт аясында кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі?

Кәсібін жаңадан бастайтын шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне (старт-ап жобаларға):

  1. жұмыс істеп жатқан бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;

  2. шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту;

  3. өндірісті шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату арқылы жаңғырту және ұлғайту;

  4. кадрларды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша әзірлеу және қайта дайындықтан өткізу сияқты мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге қолдау көрсету (старт-ап жобалар)

Қолдау кімдерге көрсетілетін болады?

Қолдау қызметін экономиканың басым секторларында жоспарлап, жүзеге асырып жүрген әлеуетті және кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге көрсетілетін болады.

Кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасына қалай қатысуға болады?

Оқуға әкімдіктерде немесе «Даму» Қорының аймақтық филиалдарында жазылуға болады. Оқуға жазылу кезінде қосымша құжат талап етілмейді.

Осы бағыт аясында қандай қолдау түрі көрсетілетін болады?

Кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерді қолдау мынадай стандарттандырылған қызметтер пакетін:

  1. кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне («Бизнес-Кеңесші» жобасы) қысқамерзімді оқытуды;

  2. кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға бизнесті бастау және жүргізу үшін қажетті стандартты құжаттар пакетін ұсынуды;

  3. кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға ақпараттық талдамалық қолдау көрсету және олардың кәсіпорындардың бірегей базасына Оператордың геоақпараттық жүйесі арқылы еркін қол жеткізулерін ұйымдастыруды;

  4. экономиканың басым салаларына жүргізілген маркетингтік зерттеулер қорытындыларын ұсынуды қарастырады.

«Бизнес-Кеңесші» жобасы» дегеніміз не?

Әлеуетті және кәсібін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерді бизнесті жүргізу негіздеріне екікүндік оқыту. Оқыту Қазақстанның барлық 209 ауданында тегін өткізіледі. Оқу барысында тыңдаушыларға кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу материалдары, сонымен қатар стандартты құжаттар пакеті ұсынылады. 2-күндік оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар курсты аяқтағаны жөнінде сертификат алады.

Бизнес-оқыту бағдарламасына қандай тақырыптар кіреді?

Оқу бағдарламасына:

  1. Кәсіпкерлік негіздері;

  2. Кәсіпкерлік психологиясы;

  3. Бизнес-жоспар;

  4. Кәсіпкерлік маркетингі;

  5. Кәсіпкер үшін қаржы;

  6. Банк кредитін қалай алуға болады;

  7. Қызметкерлерді басқару;

  8. Кәсіпкерліктің заңи аспектілері;

  9. Салық салу сияқты тақырыптар кіреді.

Оқу семинарлары қашан және қай жерде өткізіледі?

Оқу семинарлары жылына екі рет – көктемде және күзде өткізіледі. Оқу курстарын өткізу кестесі «Даму» Қорының: www.damu.kz, www.dkb2020.kz, сайтына орналастырылады. Кестені әкімдіктер аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Оқу курстары Әкімдіктер ұсынған жайларда өткізіледі.

Стандартты құжаттар пакетіне не кіреді?

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға қажетті стандартты құжаттар пакетіне мыналар:

құрылтай құжаттардың үлгі нысандары;

үлгі түріндегі бизнес-жоспарлар;

кредит алуға қажетті үлгі құжаттар;

экономиканың әртүрлі салалары бойынша жүргізілген маркетингтік зерттеулер жөніндегі есептер кіреді.

Стандартты құжаттар пакетін қалай алуға болады?

Стандартты құжаттар пакетін «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясындағы оқу барысында және «Даму» Қорының аймақтық филиалдарының немесе әкімдіктердің сұрау салуы бойынша қағаз және электронды жеткізушіде алуға болады. Аталмыш материалдарға www.dkb2020.kz. мекен-жайы бойынша Интернет желісінде де қолжеткізуге болады.

Бизнеске сервистік қолдау көрсету

Кез-келген компанияға өз штатында білікті заңгерлерді, маркетологтарды, сапа стандарттарын енгізу жөніндегі мамандарды және т.б. ұстау мүмкіндігі бола бермейді. Алайда осындай мамандарды кеңес алу үшін немесе жекелеген бизнес- мәселелерді шешу үшін сырттан тартуға болады. Бұндай тәжірибе экономикасы дамыған елдерде кең қолданылады және ол біздің елде де біртіндеп кең етек жая бастады. Аутсорсингке (мамандарды сырттан тартуға) біраз шығын жұмсап, компаниядағы көптеген бизнес-үдерістерді жолға қоюға немесе жақсартуға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер мемлекет есебінен көптеген сервистік қызметтерді тегін ала алады.

Мемлекет кәсіпорындар үшін қандай қызмет түрлерін төлеуге дайын?

Кәсіпкерге мемлекеттік қаржыландыру есебінен мынадай сервис түрлері бойынша қолдау көрсетілуі мүмкін:

  1. бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және есептілік құру;

  2. статистикалық есептілік құру;

  3. кедендік процедуралар бойынша қызмет көрсету;

  4. сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша кеңес беру;

  5. заң жағынан кеңес беру;

  6. маркетинг мәселелері бойынша кеңес беру;

  7. ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету.

Бұндай қызмет кімдерге арналған?

Сервистік қолдау қызметтерін экономиканың Бағдарламада белгіленген басым секторларында жүзеге асырушы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.

Бизнес жүргізуге қажет сервистік қолдауға қалайша қол жеткізуге болады?

Сервистік қолдауға қолжеткізу тәртібі мынадай:

1. Алдымен Әкімдік кәсіпкерлерден оларға қандай сервистік қызмет керектігі жөнінде ақпарат жинайды, содан кейін көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесін қалыптастырады.

2. Әкімдік мамандандырылған сервистік қызмет көрсетуі үшін сервистік компанияны конкурстық негізде анықтайды және олармен келісім жасайды;

4. Сіз сервистік қызмет алу үшін мамандандырылған сервистік қызмет көрсетілуі жөніндегі тиісті өтініміңізбен Әкімдікке және сервистік компанияға баруға тиіссіз.

5. Сервистік компания Сізбен қызмет көрсету шартын жасасқаннан кейін, Сізге тиісті қызметтерді көрсетеді, ал Әкімдік көрсетілген қызмет ақысын төлейді.

Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту

Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту бағдарламасына кімдер қатыса алады?

Қызметтерін экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту бағдарламасына қатыса алады.

Оқу қай оқу мекемесі базасында өткізіледі?

Оқу шетелдік оқытушылар мен оқу орталықтарын тарта отырып, «Назарбаев Университеті» бизнес-мектебі базасында өткізіледі.

Оқу бағдарламасына қалай қатысуға болады?

  1. Оқу үшін өтінімді Әкімдікке немесе Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне (ЭДСМ) беру қажет, олар іріктеу жұмысын жүргізіп, қатысушылар тізімін қалыптастырады және оны Жұмыс тобының қарауына жібереді.

  2. Жұмыс тобы өтінімдерді түпкілікті қарап шығып, мақұлдайды.

  3. ЭДСМ Жұмыс тобының қабылдаған шешімін әкімдіктерге хабарлайды. Әкімдіктер өз кезегінде Өтінімберушілерді Оқу бағдарламасына қатысушылар құрамына енгені жайлы хабардар етеді.

Оқытудың мақсаты не?

Оқу үдерісі бизнес жүргізу барысында туындайтын мәселелерді өз бетімен шешу дағдысын қалыптастыру мақсатында бизнес құрудың ең жаңа үлгісін, нақты бизнес-жағдайларды үлгілеуді оқып үйренумен қорытындыланады. Оқу бағдарламасы қазақстандық тәжірибеге бейімделген бизнес-кейстерден тұрады, олар оқу бағдарламасының әлеуетті қатысушыларымен толтырылған сауалнама талдауы негізінде әзірленеді.

Бағдарламаға қатысу ақылы ма?

Оқу бағдарламасына қатысушылар оқу орнына барып-келу жолы мен тұрған орнына ғана төлейді. Оқу тегін өткізіледі.

Оқу кезінде көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесіне не кіреді?

«Назарбаев Университеті» АҚ оқу кезінде мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Шетел оқытушыларымен ынтымақтаса отырып, бизнес-курстар өткізу;

  2. Тереңдетілген он-лайн семинарларын өткізу;

  3. Ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету, атап айтқанда, бизнес-жоспар жазу кезінде, және де қатысушылардың оқытушылармен бірлесіп әзірлеген бизнес- жоспарларына көмектесу және оны үйлестіру;

  4. Оқығаны туралы сертификат беру;

  5. Оқуды ұйымдастыру, өткізу және оның тиімділігі жайлы талдамалы есеп беру.

Шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату

Іскерлік байланыстар» жобасы)

«Іскерлік байланыстар» жобасы өндірістерді халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскери байланыс орнату есебінен жаңарту бойынша қолдау көрсетуге бағытталған. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқу ел ішінде өткізіледі. Қатысушылар бизнес-тренингтер барысында шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің басшылығымен олардың кәсіпорындарының даму жоспарын әзірлеуге қажетті дағдыларға үйреніп, білім алады. Ең үздік бизнес-жоспар авторлары Жобаның екінші кезеңіне қатыса алады. Екінші кезеңде Жобаға қатысушылардың шетелде тақырыптық бизнес-машықтанудан өтуі, сонымен қатар шетелдік серіктестермен іскери байланыс орнатуы үшін де қажетті машықтанулар қарастырылады.

Жобаға кімдер қатыса алады?

Қызметтерін экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары Жобаға қатыса алады.

Жобаның бірінші кезеңіне қалай қатысуға болады?

    1. Қатысушы әкімдікке немесе жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігіне өтінім береді. Өтінім нысаны Бағдарламаның (www.dkb2020.kz), «Даму» Қорының (www.damu.kz), жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігінің сайттарына орналастырылады, сонымен қатар Әкімдіктер тарапынан ұсынылады.

    2. Әкімдіктер немесе жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестігі өтінімдерді қарастырып, оларды іріктейды, содан кейін қатысушылар тізімін түзеді және оны ЭДСМ жолдайды.

    3. ЭДСМ Халықаралық және шетелдік ұйымдармен және «Даму» Қорымен бірлесіп оқу бағдарламасын бір ай ішінде әзірлеп шығады да Жобаға қатысушылар үшін бизнес-тренингтер ұйымдастырады. Жоба аясында Жобаға қатысушылар өз кәсіпорнының даму бизнес-жоспарын әзірлейді.

    4. Бизнес-тренингтер аяқталғаннан кейін Жобаға қатысуды жалғастырғысы келетіндер, бір ай ішінде өз бизнес-жоспарын тікелей кәсіпорындарда пысықтайды, сосын пысықталған бизнес-жоспарларды Жобаның екінші кезеңіне қатысу үшін «Даму» Қорына, сонымен қатар Халықаралық және шетелдік ұйымдарға ұсынады.

Жобаның екінші кезеңіне кімдер қатыса алады?

Жобаның екінші кезеңіне «Назарбаев Университеті» АҚ бизнес-мектебі базасында оқудан өткен және Жобаның бірінші кезеңінде оқуын сәтті тәмамдаған кәсіпкерлер қатыса алады.

Кадрларды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша әзірлеу және қайта дайындықтан өткізу

Кадр дайындау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар білікті кадрлар жетіспеушілігі проблемасымен жиі ұшырасады. Еңбек нарығындағы жоғары ұсынысқа қарамастан, қажетті мамандарды табу өте қиын. 2011 жылдан бастап, мемлекеттік даму бағдарламалары аясында жергілікті жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша бүкіл ел көлемінде мамандарды қажетті мамандықтар бойынша әзірлеу және қайта дайындықтан өткізу жұмысы жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта өңірлер және мамандықтар тұрғысында осы жұмыстың егжей-тегжейлі жоспары әзірлену үстінде.

  1. Техника саласының мамандарын қайта әзірлеуге және шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыру жұмысына басты назар аударылуда. Бағдарлама үйлестірушісі жергілікті деңгейде кадрлардың біліктіліктерін арттырудың іске асырылу тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізуде.