Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Бизнесті_ жол картасы 2020» ба_дарламасы.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
297.98 Кб
Скачать

Жкс құқықтық мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын құжаттар

 

Егер ЖКС жеке кәсіпкер болған жағдайда:

 

Құжат атауы

нысаны

1

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

2

Қазақстан Республикасы салықтөлеушісінің куәлігі немесе ЖКС салықтөлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжат

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

3

Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі немесе Қазақстан Республикасының заң актілерімен қарастырылған патенті

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

4

Қойылған қолының үлгісі және мөр бедері бар құжат

Нотариалды куәландырылған көшірме

5

ЖКС кредит бюросына ақпарат беруге және кредитті есеп алуға келісімі

түпнұсқа

 

Егер ЖКС Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тіркелген заңды тұлға болған жағдайда.

 

Құжат атауы

нысаны

1

Жарғы, құрылтайшылық келiсiм (құрылтайшы бiреу болса, құрылтайшылық келiсiм қажет емес). Акционерлiк қоғаммен келiсiм жасауда акциялар эмиссияларының анықтамасы мен акционерлердiң реестрлерiнен көшiрме қосымша берiледi (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

Нотариалды куәландырылған көшірме

2

Кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

Нотариалды куәландырылған көшірме

3

Қазақстан Республикасы салықтөлеушісінің куәлігі;

Нотариалды куәландырылған көшірме

4

ЖКС уәкілетті органыныңбірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген түпнұсқасы немесе көшірмесі;

5

Банкте және Қаржы агентінде құжаттарға ЖКС атынан қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаны жеке куәландыратын құжат, сонымен қатар оның өкілеттілігін растайтын құжаттар

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

6

Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі

Нысан бойынша Қаржы агенті бекіткен түпнұсқа

7

Кредит тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі

Нысан бойынша банк бекіткен түпнұсқа

8

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар және ЖКС мөр бедері бар құжат

Нотариалды куәландырылған көшірме

9

ЖКС кредит бюросына ақпарат беруге және кредиттік есепті алуға келісім

түпнұсқа

Екінші бағыт: Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

Субсидиялау

Бағдарламаның бiрiншi бағытына арналған бөлiмде бiз банктiк несиелердiң пайыздық ставкаларын субсидиялаудың тетiктерiн қарастырдық. Дәл осы жағдайда да қолданылатын тетiк бiр. Айырмашылығы, субсидиялар кәсiпорынның бұрын алған несиесiн арзандату мақсатында берiледi. Экономикалық өрлеу кезеңiнде кәсiпорындар өндiрiстi дамыту үшiн аса iрi көлемде кредит алды. Олар түсетiн табыстың есебiнен қайтаруға үмiттi едi. Бiрақ дағдарыс кезiнде кәсiпорын кiрiсi күрт төмендеп кеткендiктен, бүгiнде кәсiпорындардың бiразы банктер алдындағы борышын өтеуге қауқарсыз. Мемлекет келешегi жарқын компанияларға көмек қолын созуға ниеттi. Сондықтан несие бойынша сыйақы ставкаларының бiр бөлiгiн төлеуге мемлекет дайын.

Қандай несиелер бойынша субсидия алуға мүмкiндiк бар?

Бағдарлама аясындағы субсидияны бұған дейiн алынған несиелер бойынша алуға болады:

  • стандартты

  • 1-санаттағы күмәнді

  • 2- санаттағы күмәнді

  • 3- санаттағы күмәнді

  • 4- санаттағы күмәнді

  • 5- санаттағы күмәнді

  • үмiтсiз.

Несиелердi топқа бөлудi Қаржылық бақылау агенттiгi тарапынан бекiтiлген ережелерге сәйкес банктер жүзеге асырады.

Сонымен қатар, егер кәсiпкердің қолында жұмыс iстеп тұрған кредит жүйесi болса, субсидиялау жоба мақұлданғаннан кейiн де аталған кредиттік жүйе аясындағы жаңа борышты да қамтиды.

Несиенiң ең жоғарғы сомасы қай мөлшерде болуы мүмкiн?

Субсидияланған кредит көлемi кәсiпкер-борышкердiң жекелеген жобасы бойынша 3 млрд теңгеден аспауы тиiс. Несие сомасы әр жоба бойынша борышкермен бiрiккен тұлға/компанияның несиесiне қатысты қарыздар қаперге алынбай, жеке есептеледi.

Тек ерекше жағдайда ғана Экономиканы модернизациялау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия борышкер-кәсiпкерге Бағдарламаның 3 млрд теңгеден астам несие алуына мүмкiндiк беретiн екiншi бағытына қатыстыруға шешiм қабылдауы мүмкiн.

Субсидиялар қанша мерзiмге берiледi?

Субсидиялау мерзiмi 3 жылдан аспайды.

Қаржылық көмек алуға қанша уақыт кетедi?

Жобаны қарастыруға және бекiтуге қатысты шараларға шамамен екi ай уақыт қажет. Жұмыс iстеп тұрған несиеге қатысты кредиторлық қарыз көлемi кредиторлар комитетiне өтiнiш бiлдiрiлген күннен бастап жазылады. Сауықтыруға қатысты көмек осы сомаға байланысты берiледi.

Пайыздық мөлшерлеменің қандай бөлігін мемлекет жабады?

кредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдығы кемінде 12% (теңгемен берілген кредит) және жылдығы кемінде 10% (валютамен берілген кредит) кредиттерге ғана субсидия бөлінеді, оның:

  • 7% (теңгемен берілген кредит болса) және 5% (валютамен берілген кредит болса) Борышкер төлейді;

  • 5% (теңгемен және валютамен берілген кредит болса) мемлекет өтейді.

Соның өзінде Банк:

  • Борышкер бастамашылық ететін кредиттеу шарттарының өзгеруімен байланысты;

  • Борышкердің кредит бойынша міндеттемені бузуына байланысты өндіріп алынатын кредитке байланысты комиссия, алым немесе өзге төлемдерден бөлек, ешқандай комиссия, алым немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды.

Бағдарламаға кiмдер қатыса алмайды?

  • минералдық шикiзаттарды өңдеумен айналысатын металлургиялық өндiрiс кәсiпорындары және iрi салық төлеушiлер тiзiмiне енгендер;

  • өзiнiң қаржылық-экономикалық ахуалы, несиелiк немесе басқа да қарыздары туралы ақпаратты толық көрсетуге келiспейтiн кәсiпорындар;

  • кредиторлық комитетте қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспарын мақұлдатпаған кәсiпкерлер Бағдарламаға қатыса алмайды.

Сауда саласындағы кәсіпкерлер Бағдарламаға қатыса алады ма?

Жоқ, қатыса алмайды, тек сауда желілерін салуға және пайдалануға бағытталған кредиті бар, қазақстандық тауарөндірушілердің мынадай қолдау бағдарламалары бар кәсіпкерлер болмаса:

- тауар жеткізуді жүзеге асырушы қазақстандық өндірушілермен кемінде 2 жылға шарт жасасу;

- қазақстандық өндірушілердің тауарларын іске асыру - кемінде 30% тауар ассортименті;

- қазақстандық тауарлардың тауарайналымы – өткен есепті жылдағы жалпы тауарайналымында кемінде 60% ;

- азық-түлік тауарларын, оның ішінде азық-түлік кәрзеңкесіне кіретіндерін, бөлшектеп сатуды жүзеге асыру;

- қызметін сауда нысаны аумағында жүзеге асырушы қазақстандық кәсіпкерлерге жалпы сауда көлемінің кемінде 60% көлемін беру;

- қазақстандық өндірушілер және/немесе өндірушілермен үлестес қазақстан өндірушілерінің тауарларын жеткізуді жүзеге асырушы кәсіпкерлер алдындағы тауарларды қабылдап алған күннен бастап, 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуді жүзеге асыру;

- қазақстан тауарларын сату сөрелерінде орналастыру бойынша барынша тиімді талаптар ұсыну

- қазақстандық өндірушілер үшін кіріс боеустарының күшін жою;

- сауда желілері есебінен сауда желілері өткізетін қазақстандық өндірушілердің жарнамалық акцияларын жүзеге асыру;

- жергілікті атқару органдары мен сауда кәсіпорындары арасында негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасу.

Банктердің бұрынғы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін сауда желілерін іріктеу критерийі:

- негізгі қызмет түрі бойынша кемінде құрамында 100 адам жұмыс істейтін бөлшек сауданы жүзеге асырушы;

- дүкендерінің жалпы көлемі - кемінде 2 000 шаршы.м;

- акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) Қазақстан Республикасының резидентіне (резиденттеріне) не болмаса Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке кәсіпкерлерге тиесілі заңды тұлғаның меншік құқығында болуы;

Кәсіпорынның сол салада жұмыс істеу кезеңі - кемінде 2 жыл;

2 және одан көбірек сауда объектілерінің болуы.

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша басқа да мемлекеттiк қолдау шаралары

Сауықтыру бойынша мемлекеттiк қолдаудың басқа да шаралары Мемлекеттiк комиссияның арнайы жұмыс тобы ұсынған кеңестердi ескере отырып, жеке-жеке қолданылады. Аталған жұмыс тобы кәсiпорындарды Бағдарлама талаптары мен жалпы мемлекеттiк саясат басымдықтарына қаншалықты сәйкес келетiнiне қарай iрiктеп алады. Сонымен қатар, кәсiпорындар қызметiнiң аймақтар үшiн қаншалықты маңызы екiндiгi де қаперге алынады.

Кәсiпорынды сауықтыру бағдарламасына қалай қатысуға болады?

1. Алдымен қарызыңыз көп банкке (егер бiрнеше банк-кредиторлардан алған борышыңыздың көлемi бiрдей болса, бiр банктi өз қалауыңыз бойынша таңдауыңызға болады) сауықтыру туралы өтiнiшпен барасыз.

Өтiнiшке:

а) үш жылға арналған сауықтыру жоспары, онда келесідей мәлімет көрсетілуі тиіс:

Жоба бойынша кредит сомасы (негіз борыш бойынша қалдық) 750,0 млн. теңгеге дейін:

Тарау І. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:

  • Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы;

  • Борышкер жобасының қысқаша мазмұны (несиенің міндетті түрде Бағдарлама бойынша басым бағыт саласына сәйкестігі);

  • - қызмет түрі, сонымен қатар борышкер қызметі саласының тармағын көрсету (ЭҚЖС кодын көрсету);

  • - борышкердің кредитті өтеу міндеттемесін орындамауының себебін ашып көрсету.

Борышкерді сауықтыру бойынша шаралар (өндіріс жоспары):

  • Борышкер тарпынан қолданылатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша шаралар.

  • Жұмыс орындарының санын, соның ішінде әйелдердің санын 3 жыл ішінде арттыру бойынша жоспар (әр жылға бөле отырып).

  • Бюджетке салықтық аударымдарды арттыру.

  • Мероприятия по оздоровлению должника со стороны Банка:

  • списание штрафов и пени;

  • предоставление отсрочки по погашению основного долга;

  • снижение ставки вознаграждения.

  • Прогнозная оценка результатов проекта:

  • - планируемые показатели роста в результате выполнения плана оздоровления (мощность, объем выпускаемой продукции, прибыль, отчисления в бюджет и т.д.);

  • прогнозный отчет о движении денежных средств (поквартально) на срок субсидирования;

  • размер и срок субсидирования на 2011 год и на 3 года.

Кредит сомасы 750,0 млн. теңгеден асатын жобалар бойынша:

Тарау І. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:

1.1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:

  • Борышкер жобасының қысқаша мазмұны (несиенің міндетті түрде Бағдарламаға бойынша басым бағыт саласына сәйкестігі);

  • Борышкер мәртебесі – кіші не орта кәсіпкерліктің субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі;

  • Борышкердің акционерлері/мүшелері жөніндегі мәлімет (үлестерін көрсете отырып);

  • Борышкердің бірінші басшысы туралы мәлімет;

  • Сауықтыру өтінішін берген күнге дейінгі Борышкердің активтері туралы мәлімет.

1.2. Бағдарлама басымдықтарына сәйкестігі. Қызмет түрлерінің қысқаша мазмұны (ЭҚЖЖ сәйкес Борышкердің қызмет түрін және саласын көрсете отырып).

    1. Қолданыстағы несие туралы ақпарат:

  • несиені беру мерзімі, несие сомасы, негізгі борыш бойынша қалдық қарыз, несие мерзімі, несие бойынша қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесі;

  • Сауықтыру өтінішін берген күнге дейінгі несиені өтеу бойынша өткізіп алған күндер саны (болған жағдайда);

  • өтінішті берген күнге дейінгі айыппұл, өсімпұл мөлшері (болған жағдайда);

  • Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі 2006 жылғы 25 желтоқсандағы №296 қаулысымен бекітілген «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережелеріне» сәйкес өтініш бергенге дейінгі соңғы есепті күндегі несиенің жіктемесі;

  • несиенің мақсаты туралы ақпарат;

  • айналым қаражатын толықтыру үшін берілген несиелерді қоспағанда, несиенің мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын құжаттар көшірмелері (несиені мақсатқа сай қолдану актісі);

  • Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізімін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 31.12.2008 жылғы №1344 Қаулысына сәйкес қарыз алушының атауы Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізімінде жоқтығын растайтын құжат;

  • несиенің акцизделетін тауарларды өндіруді көздемейтін жобаны жүзеге асыру үшін пайдаланылатынын растайтын құжат;

  • ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуге берілген несие бойынша субсидиялаудың болуын/болмауын растау (бар болған жағдайда);

  • тікелей несие беруші болып мемлекеттік даму институттары табылатын несиенің болу/болмауы туралы ақпарат.

Несие бойынша міндеттемелерді Борышкердің өтемеу себептерінің сипаттамасы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сипаттамасы:

  • еңбекақы бойынша қарыздарды қоса алғанда, үшінші тұлғалар (контрагенттер, басқа банктер мен қаржылық мекемелер, бағалы қағаз ұстаушылары және т.б.) алдындағы қарызы туралы ақпарат;

  • алдыңғы қаржылық жыл мен ағымдағы қаржылық жылдың есептік кезеңдегі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да мінетті төлемдер туралы ақпарат;

  • Борышкердің несие бойынша кепілзатпен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат. . Борышкерді сауықтыру бойынша шаралар (өндіріс жоспары).

  • Борышкер тарпынан қолданылатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша шаралар.

  • Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы.

  • Борышкердің өз қаражаты есебінен жобаны қосымша қаржыландыруға даярлығы.

  • Жоспарланған ұйымдастырушылық және құрылымдық өзгерістер.

  • табыстылықты арттырудың әдіс-тәсілдері.

  • Ұйым шығындарын қысқарту әдістері (әкімшілік шығыстарды қысқарту, операциялық шығыстарды оңтайландыру және т.б.).

  • Сауықтыру жоспарын орындаудың болжамды мерзімдері.

  • Жұмыс орындарының санын, соның ішінде әйелдердің санын 3 жыл ішінде арттыру бойынша жоспар (әр жылға бөле отырып).

  • Бюджетке салықтық аударымдарды арттыру.

  • Борышкер тарпынан талап етілетін сауықтыру шарлары.

  • Мерзімі мен көлемін көрсете отырып сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

  • Бюджетке салықты төлеу мерзімін ұзарту (егер қаласа).

  • Мемлекеттік қолдаудың өзге шаралары (егер қаласа).

Борышкерді Банк тарапынан сауықтыру шаралары:

- айыппұлдар мен төлемақы өсімін есептен шығару;

- негізгі борышты өтеу мерзімін кейінге қалдыру;

- сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

- өзге шаралар.

Жоба нәтижесін болжамды бағалау :

- сауықтыру жоспарын орындау нәтижесіндегі жоспарлы өсу көрсеткіштері (шығарылатын өнімнің қуаттылығы, көлемі, пайда, бюджетке аудару және т.б.);

- ақша қаражатының субсидиялау мерзіміне жылжуы (тоқсан бойынша) туралы болжамды есеп;

- 2011 жылға және 3 жылға субсидиялау мөлшері мен мерзімі.

б) Сауықтыруға арналған қосымша құжаттар тізімі:

- Борышкердің құрылтай құжаттарының көшірмелері (Жарғы, Статистикалық карта, Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ҚР салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік);

  • алдыңғы есептік жылдағы статистикалық есептілік бойынша құжаттар көшірмелері;

  • салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық борыштың бар-жоғы туралы салық органымен Сауықтыру өтінішін бергенге дейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде берілетін анықтама көшірмесі;

  • алдыңғы 12 күнтізбелік ай ішіндегі басқару есебінің көшірмесі;

  • Бухгалтерлік баланс, пайда және шығын туралы есеп пен ақша қаражатының алдыңғы есептік жылдағы айналымы туралы салық органымен расталған есептің көшірмесі (салықтық заңнамаға сәйкес бар болса);

- Сiздiң өтiнiшiңiз қолына тиген банк үш күннiң iшiнде өтiнiшiңiздiң келiп түскенi туралы Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы (ҚҚА) мен «Даму» Қорына хабарлауы тиiс.

2. ҚҚА сiздiң кәсiпорныңыздың барлық кредиторларынан комитет құрады (егер кәсiпорынның несиелер бойынша 100%-дық қарызы болса).

3. Кредиторлар комитетi сiздiң кәсiпорныңыздың қаржылық-экономикалық жағдайы және оның Бағдарлама талаптарына қаншалықты сай келетiндiгi туралы сараптама жасайды. Сондай-ақ, комитет сiзбен кәсiпорныңызға қатысты шынайы және толық ақпарат беру туралы келiсiмге отырады.

Қалауыңызға қарай, комитет құрамына сәйкес келетiн салалық ассоциация өкiлi мүшелiкке өте алады.

Егер сiздiң тек бiр ғана кредиторыңыз болса, жағдай әлдеқайда жеңiлдейдi. Комитет құру мұқтаждығы жойылады және кәсiпорныңыздың қаржылық-экономикалық ахуалы туралы толық ақпарат беру келiсiмi тек бiр банкпен ғана бекiтiледi. Кәсiпорныңызды сауықтыру жоспары да сол банк-кредитормен бiрге келiсiледi.

4. Сiздiң құжаттарыңыз қаралып бiткен соң, кредиторлар комитетi сiздiң Бағдарламаға қатысатындығыңыз (немесе қатыспайтындығыңыз) туралы шешiм қабылдайды да, қабылданған шешiмдi хаттама түрiнде рәсiмдейдi.

5. ҚКА (кредиторлар комитетi) хаттама мен сiздiң кәсiпорныңыз туралы барлық ақпаратты «Даму» Қорына жолдайды.

Кәсiпкер

Банк-кредитор

1

12

2 11

ҚҚА

Қор

2

6

3 7 10

Кредиторлар комитетi

4, 5

Экономикалық даму және сауда министрлігі

Жұмыс тобы

8

  1. Қор, өз кезегінде, субсидиялау бойынша кепілдеме береді және материалдарды одан әрі ҚР ЭДСМ-не жолдайды.

  2. ЭДСМ де өз кепілдемесін береді және материалды жедел түрде Жұмыс тобының қарауына шығарады.

  3. Жұмыс тобы, дұрыс шешім қабылданған жағдайда, Сіздің мынадай сауықтыру бағдарламасына қатысуыңыз туралы хаттамаға қол қояды:

  • Банктер-кредиторларкредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

  • салық пен бюджетке өзге міндетті төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру (төлеушіден ұсталып қалынатын ЖТС бөлек);

  • жоспар аясындағы өзе шаралар бойынша.

Жұмыс тобы хаттаманы ЭДСМ-не жолдайды.

  1. ЭДСМ хаттаманы назарға алады да оны Қорға жібереді.

  2. Қор қабылданған шешім туралы ҚҚА (Кредиторлар комитеті) мен Борышкерді хабардар етеді.

  3.  Жұмыс тобының хаттамасын қолыңызға алғаннан кейін, Сіз әрбір Банкпен- кредитормен борыштық міндеттемелер бойынша қайта шарт жасай аласыз. Жаңа шарттардағы кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме Бағдарламамен осы бағыт үшін белгіленген деңгейде тіркелуі тиіс, оның 7% сіз төлейсіз, ал қалған бөлігін мемлекет төлейді.

  4. Енді соңғы кезең: Сіз, Банк және Қор арасында Субсидиялау шарты жасалынады, соның шеңберінде Сіз және Қор Банкке сыйақы мөлшерінің тиісті бөлігін төлейсіздер.

Үшжақты субсидиялау шарты

Борышкер

Банк

Қор

Кәсiпорынды сауықтыру бағдарламасы бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк көмектi алу үшiн қандай құжаттар қажет?

1) Кредиторлар комитетiнiң хаттамасы;

2) үш жылға арналған сауықтыру жоспары. Онда даму мен өзгерудiң негiзгi бағыттарының жоспары (оның iшiнде болжанып отырған ұйымдастырушылық және құрылымдық өзгерiстер, табысты ұлғайтудың әдiс-тәсiлдерi, мекеменiң шығындарын қысқарту, өзгертудi/қайта қалпына келтiрудi жүзеге асырудың жоспарланып отырған мерзiмi, т.б.), жоспарланған өндiрiстiк бағдарлама (егер бар болса); қаржылық жоспар (инвестициялау мен қаржы көздерiн қалыптастыруға, т.б. деген мұқтаждық);

Үшінші бағыт:

Кәсіперлердің валюталық тәуекелдіктерін төмендету

Бүгiнде мұнай мен металл экспорты Қазақстанға келетiн валюталық кiрiстердiң тұрақты ағынын қамтамсыз етiп отыр. Ал бiз ертең сыртқы нарыққа не бере аламыз? Бұл шикiзаттық емес сала кәсiпорындарының қалай дамитындығына байланысты. Дамудың мемлекеттiк бағдарламалары осындай өнiдiрiстердi қолдаудың саналуан шараларын қарастыруда. Атап айтқанда, «Бизнестiң жол картасы 2020» экспортшыларға банк кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды қаржыландыруды ұсынады.

Көмек алуға қандай кәсiпорындардың мүмкiндiгi бар?

Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады:

  • тау-кен өнеркәсібі;

  • минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.

Кредит сомасы қай көлемде болуы тиiс?

Қаржыландыру бiр немесе бiрнеше кредит бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Бiрақ соманың жалпы көлемi 3 млрд теңгеден аспауы керек.

Субсидиялар қанша мерзiмге берiледi?

Қаржыландыру мерзiмi бiр жылдан үш жылға дейiн. Сондай-ақ, алдағы уақытта мерзiмдi 10 жылға дейiн ұзартуға мүмкiндiк бар.

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі қандай болуы тиіс?

14% (теңгемен берілген кредит болса) аспайтын және 12% аспайтын (валютамен берілген кредит болса) мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бар кредиттерге субсидия беріледі

Сонымен мемлекет 8% (теңгемен берілген кредит болса) және 7% (валютамен берілген кредит болса) төлейді, ал кәсіпкер Банкке-кредиторға қалған 6% (теңгемен берілген кредит болса) және 5% (валютамен берілген кредит болса) төлейді.

Банктердің комиссиясы қандай?

Банк несиеге қатысты ешқандай комиссия, алым немесе төлемдердi талап етпейдi. Тек:

  • қарыз алушының бастамасымен, кредиттеу шарттары өзгерген жағдайда;

  • борышкердiң кредит бойынша мiндеттерiн өтеу шарттары бұзылған жағдайда банк тарапынан төлемдер талап етiледi.

    1. Прежде всего, нужно обратиться в Банк с заявкой на предоставление нового кредита или, если у Вас уже есть действующий кредит, то с заявлением о намерении получить субсидию, а также с просьбой о понижении ставки вознаграждения по кредиту до необходимого уровня в случае одобрения субсидирования. Форма заявки представлена на сайте Фонда: www.dkb2020.kz;