Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«Бизнесті_ жол картасы 2020» ба_дарламасы.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
297.98 Кб
Скачать

Бағдарламаға «Даму» Қорының қатысуы

«Бизнестің жол картасы» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Даму» Қоры қаржылық агент қызметін атқаратын болады. Ол:

  • пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау үшін банктерге қаражат аударумен;

  • кредиттер бойынша ішінара кепілдік берумен;

  • сауықтыру процедураларына қатысу үшін борышкер кәсіпорындар арасында іріктеу жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеумен;

  • Бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізумен шұғылданады.

Қордың басты міндеті – Бағдарлама аясында ақшаның айқын жолмен және жедел түрде айналымға түсуін қамтамасыз ету және мақсатты түрде тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізу.

Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары аясында кешендік қолдау көрсетілуі мүмкін.

Енді осы құралдардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып көрейік.

Бірінші бағыт: Жаңа жобаларды қолдау

Субсидиялау

Кәсіпкерлерден, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін не деп сұрасаңыз, көп жағдайда олар: «Банктік ставкалар тым жоғары» деп жауап береді. Десек те, мемлекет банктерден сыйақы ставкаларын төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені банктер – нарық құралдары болып табылады, олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді, сондықтан өз қызметінің бағасын өздері белгілейді. Атап айтқанда, банктік ставка, яғни, банктік мөлшерлеме – инфляция деңгейінен, банктің өзі тартқан ақшасының құнынан, сол сияқты банктердің кредиттеу барысында мойнына жүктейтін тәуекел көрсеткішінен тұрады. Бірақ мемлекет маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл шара – пайыздық мөлшерлемені субсидиялау деп аталады және де қазіргі күні әлемнің көптеген елдерінде экономиканың басымды секторындағы өнім өндірушілерге көмек көрсету барысында кеңінен қолданылуда. Қазақстанда субсидиялар қазір ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындар үшін бөлініп отыр. Енді кредит құнын өзге де өндіріс компаниялары төмендете алады.

Субсидия дегеніміз не?

Айталық, сіз, жылына 14%-дық ставкамен кредит алдыңыз. Оның 7%-ын өзіңіз төлейсіз де, қалған 7%-ын сіз үшін мемлекет тегін төлеп береді. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты аясындағы субсидия дегеніміз осы.

Субсидияны қандай кредиттер бойынша алуға болады?

Субсидияны өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған жаңа және қолданыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа банктік кредиттер бойынша алуға болады. Сонымен қатар бірінші бағыт бойынша айналым қаражатын толықтыруға берілген банктік кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін, алайда жобаның кемінде 30 % сомасын субсидиялауға рұқсат етіледі.

Жаңа кредиттер қатарына 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кредиттер де жатқызылады.

Субсидияны қандай кредиттер бойынша ала алмайсыз?

Субсидия төмендегі кредиттер бойынша берілмейді:

  • мемлекеттік даму институттары тікелей кредитор болып отырған, құнына қосымша салық (акциз) қосылатын тауарлар шығаруға берілген кредиттер бойынша;

  • сiздiң кәсiпорныңыз минералдық шикiзатты қайта өңдеуден өткiзетiн металлургиялық өндiрiс қатарына жатса және ҚР Үкiметiнiң 2008 жылдың 31 желтоқсанында қабылдаған №1344 қаулысына сәйкес iрi салық төлеушiлер тiзiмiнде болса несие бойынша кепiлдiк ала алмайсыз.

  • ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қаржы ұйымдары тарапынан субсидиялау берілген болса;

  • тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарына жатқызылатын кәсіпкерлерге.

Субсидия қандай мерзімге беріледі?

Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі аралықты қамтиды және де әрі қарай 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі ескерілген.

Кредит сомасы қандай болу керек?

Егер сіз бір жоба аясында 3 млрд теңгеге дейінгі мөлшерде кредит алатын болсаңыз, онда кредиттің барлық сомасының пайыздық ставкасы бойынша субсидия ала аласыз.

Егер кредит бұдан көп болса, онда дәл осындай жолмен 3 млрд теңгеге дейінгі кредит сомасының ставкасы бойынша субсидия ала аласыз. Ал, кредиттің қалған бөлігі бойынша төленетін сыйақы мөлшері түгелдей өз мойныңызда.

Мәселен, сіз жылына 14%-дық ставкамен 5 млрд теңге көлемінде кредит алдыңыз дейік. Егер мемлекет сіздің жобаңыздың ставкасын субсидиялауды мақұлдап берсе, онда:

  • кредиттің 3 млрд теңгесі үшін сіз жылына 7% төлейсіз (7% көлеміндегі мемлекеттік субсидиялауды ескере отырып)

  • ал, 2 млрд теңге үшін – жылына 14% төлейсіз.

Бұл арада кредит сомасы кәсiпкермен бiрiккен тұлғаның/компанияның кредиті бойынша қордаланған қарызды тiркеуге алмай есептелінедi.